Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
30.Айыптау актісін жасау және қылмыстық істі прокуротураға жіберу.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
58 Кб
Скачать
☆

1.3 Мемлекеттік айыптаудың субъектілері

Мемлекеттік айыптау қылмыстық іс - жүргізушілік функция ретінде тек мемлекеттің арнайы органдарымен - прокуратурамен жүзеге асырылады. Мемлекеттік айыптаудың субъектісі прокурор (аудандық прокурор, оның көмекшісі, жоғарғы тұрған прокурор) болып табылады.

Аудандық (қалалық) прокурор - сотта мемлекеттік айыптауды қолдайтын негізгі лауазымды тұлға. Прокурордың қылмыстық істерді сотта қарауда қатысуын анықтайтын барлық заң ережелері бірінші кезекте соларға қолданылады.

Аудандық прокурорларға бірінші кезекте сот органдары актілері негізділігін және заңдылығын қадағалауға байланысты Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрықтары мен нұсқаулары жүктеледі және де солардан бірінші кезекте қылмыстық істі сотта қарауда жәберілген қателер үшін жауап алынады. Алайда, бұл жоғарғы тұрған прокурорлар соттың қылмыстық істі дұрыс қарауына қадағалау жүргізбейтіндігін білдірмейді. Бірақ, аудандық прокуратура – бұл прокурорлық жүйенің негізгі саласы және аудандық прокурор қадағалау жұмыстарының елеулі бөлігін атқарады. Қылмыстылықпен күресудегі жақсы нәтижелер аудандық прокурордың мемлекеттік айыптаушы ретіндегі белсенді және бастамашылық қызметіне байланысты.

Аудандық және қалалық соттар мен қылмыстық істерді қарағанда іске қатысуды ол үшін арнайы белгіленген аудандық немесе қалалық прокурордың орынбасары немесе көмекшісі жүзеге асырады.8 мемлекеттік айыптау сотта прокурордың көмекшісімен жүргізілетіндігін Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 62-бабынан көре аламыз. Оған сәйкес прокурор - өз құзіреті шегінде жедел іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің және сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық процестің барлық сатыларында қылмыстық ізге түсуді өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын лауазымды тұлға, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Бас әскери прокурор, облыстардың прокурорлары және соларға теңестірілген прокурорлар, аудандық, қалалық прокурорлар, әскери прокурорлар, көлік прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары мен көмекшілері, прокуратуралардың қадағалау саласы жөніндегі прокурорлары, аға прокурорлары және прокуратура басқармалары мен бөлімдерінің прокурорлары. Соттың қылмыстық істі қарауына қатысушы прокурор айыптауды қолдау жолымен мемлекеттің мүддесін білдіреді және мемлекеттік айыптаушы болып табылады. Әрине, аудандық прокурордың өзі кез-келген қылмыстық іс бойынша сотта мемлекеттік айыптауды қолдай алады. Бірақ, егерде ол айыптауды қолдауды өзінің көмекшісіне жүктесе, соңғысы заң мемлекеттік айыптаушыға беретін барлық іс–жүргізушілік құқықтарды иеленеді.

Прокурордың көмекшісі ешқандай шектеулерсіз қылмыстық іс бойынша сотқа және дәлелдемелерді зертеуге қатысуға, қорытынды беруге, сот жарыс сөздеріне қатысуға т.б. құқылы.

Сотта мемлекеттік айыптауды қолдайтын прокурордың көмекшісі анықтау немесе алдын-ала тергеу органдарының заңдылықты сақтауын қадағалайтын прокурордың көмекшісіне қарағанда іс жүргізушілік жеке тұрақтылығы кеңірек болады. Бұл мынамен түсіндіріледі: анықтау және алдын-ала тергеу органдарының заңдылықты сақтауын қадағалауда прокурордың көмекшілері үнемі, өзінің қызметінің әрбір уақытында прокурордың әкімшілік және іс-жүргізушілік тәуелділігінде болады. Ал, сотта жағдай басқаша. Онда прокурордың көмекшісі іс-жүргізушілік жағынан алғанда толық жеке тұрақты және прокурорға тәуелді емес. Сот өндірісінің барсында ол өзінің қызметтерін жүзеге асыруда прокурормен келісуге міндетті емес және оның бекітілуі қажет емес. Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 62-бабының 4 бөліміне сәйкес, прокурор өзінің іс-жүргізушілік өкілеттігін жүзеге асыру кезінде тіуелсіз болады және заңға ғана бағынады. Прокурордың көмекшісі сотқа қатысуда, оны үнемі прокурормен байланыстыратын әкімшілік тәуелділіктен босайды.

Мемлекеттік айыптаудың құқықсубъектілігін аудандық прокурордан жоғары тұрған кез-келген прокурор иеленеді (облыстық және оған теңестірілген прокурорлар, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оның орынбасарлары). Мемлекеттік айыптаушы ретінде жоғары тұрған прокурор өзінің жағдайына ұқсас соттарда (облыстық және оған теңестірілген соттар және Жоғарғы Сот) бірінші инстанцияда қылмыстық істі қарауда қатысады.

Прокурор мемлекеттік айыптаушы ретінде сотқа фактілік және зыңдық алғы шарттар болған жағдайда қатысады. Фактілік алғы шарттар дегеніміз – прокурордың тергеу жұмыстарының және сот өндірісінің талаптарын жақсы білуі. Осы жағдайда ғана прокурор істің материалдарын терең зерттей алады және сотқа ақиқатты орнатуды көмек көрсете алады. Прокурордың сотқа қатысудағы фактілік маңызды элементтерінің бірі – прокурорда сотталушының кінәлілігі туралы ішкі сенімділігінің болуы. ҚР ҚІЖК-нің 317-бабының 6 бөліміне сәйкес, айыптауды қолдай отырып прокурор заң талаптарын және істің барлық жағдайларын қарау нәтижелеріне негізделген өзінің ішкі көз қарасын басшылыққа алады. Ішкі сенімділіксіз прокурор сотта өзінің мемлекеттік айыптаушы ретіндегі іс-жүргізушілік функциясын атқара алмайды. Заңдық фактілер дегеніміз – прокурордың сотқа қатысу мүмкіндігінің нормативтік – құқықтық актілерде орын алуы. Қазақстан Республикасының Президентінің "прокуратура туралы" Заң күші бар Жарлығының 30-бабына сәйкес прокурор қылмыстық азаматтық немесе өзгеде сот ісін жүргізу барысында сотта мемлекеттік мүддесін білдіреді. Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 62-бабына сәйкес, соттың қылмыстық істі қарауына қатысушы прокурор айыптауды қолдау жолымен мемлекеттік мүддесін білдіреді және мемлекеттік айыптаушы болып табылады. ҚР ҚІЖК-нің 317-бабының 1 бөліміне сәйкес, прокурордың жеке айыптау істерін қоспағанда мемлекеттік айыптаушы ретінде бас сот талқылауына қатысуы міндетті.

Прокурордың қылмыстық іске қатысуына қарсылық білдіру негіздері ҚР ҚІЖК-нің 91-бабына сәйкес, прокурор осы Кодекстің 90-бабында көзделген мән жайлардың кез-келгені болған кезде қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатыса алмайды. ҚР ҚІЖК-нің 90-бабына сәйкес, судьяға қарсылық білдіру егер ол:

1) осы Кодекске сәйкес қылмыстық істі соттай алуға жатқызылған судья болып табылмаса;

2) прокурордың шешіміне жасалған шағымды қараса;

3) аталған іс бойынша жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер болып табылса, куә ретінде шақырылса не шақырылуы, қорғаушы, айыпталушының заңды өкілі, жәбірленушінің, азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердің мүмкін болса;

4) осы қылмыстық іс бойынша сарапшы, маман, аудармашы, куәгер, сот отырысының хатшысы, анықтаушы, тергеуші, прокурор өкілі ретінде іс жүргізуге қатысса;

5) жәбірленушідің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің немесе олардың өкілдерінің туысы, айыпталушының немесе оның заңды өкілінің туысы, прокурордың, қорғаушының, тергеушінің немесе анықтаушының туысы болса;

6) егер судья жеке, тікелей немесе жанама осы іске мүдделі деп санауға негіз беретін өзге де мән жайлар болса, ол істі қарауға қатыса алмайды.

Прокурордың алдын-ала тергеу немесе анықтау жүргізуге қатысуы, сонымен бірге оның сотты айыптауды қолдауы оның іске одан әрі қатысуына кедергі болып табылмайды ( ҚР ҚІЖК-нің 91-бабының 2 бөлімі).

Қылмыстық іс жүргізудің субъектілері сот талқылауында белгілі бір құқықтық жағдайды иеленеді. Сот өндірісінің кез-келген қатысушысының құқықтық жағдайы қылмыстық іс жүргізудің бұл сатысының мәні мен құрылысымен анықталады. Айыптау және қорғау функциялары өздерінің дәлелдерін дәлелдеу мүмкіндіктерінің теңдей сот өндірісінің қатысушыларының арасында бөлінген және бұл жағдайда соттың істі шешу функциясын атқару мен қатар, қылмысты жасаудың толық, жан-жақты және обьективті зерттелуіне көмек беруі қылмыстық процестің негізінде жарыспалылық қағидасы жатқандығын көрсетеді. Қылмыстық процестің жарыспалылық қағидасы негізінде құрылады делік. Ол мынаны білдіреді:

-айыптаушы сотта айыптауды қолдайды, бірақ өзі істі шешпейді. Сотталушының кінәлігін және сот отырысында туындайтын басқа да сұрақтарды шешу сот төрелігі орган ретінде жұмыс істейтін тек сотқа ғана тиесілі.

-Айыптаушы және айыпталушы іс жүргізуде тараптар ретінде қатысады. Яғни, сот отырысының мұндай қатысушыларында іс-жүргізушілік мүдде болады және заң оларға өздерінің дәлелдерін дәлелдеуге бірдей құқықтыр берген.

-Сот тараптар келтірілген дәлелдерге байланысты емес және олар келтірілген дәлелдерді зерттеумен ғана шектелмейді. Ол істің жағдайларын анықтау үшін іс-жүргізушілік әрекеттерді таңдауда толық тәуелсіз.

Осыған сәйкес жарыспалылық процестің мәні айыптау, қорғау және істі шешу функцияларын сот және тараптардың арасында бөлу болып табылады. Нақ осы жағдай, яғни қылмыстық іс жүргізудің жарыспалылық қағидасының мәні сот және тараптар арасында функцияларды бөлу прокурордың процестегі орны туралы қызу пікірталастар тұғызады.

Мемлекеттік айыптауды қолдайтын прокурор сотта тарап болып табылады деген сұрақ пікір таластың негізі. Прокурор сотта тарап па әлде тарап емес пе деген сұраққа жауап бермес үшін, "тарап" терминінің мазмұнын және мағынасын ашып алу қажет. "Тарап" ұғымы зыңмен қорғалатын белгілі бір мүддені қорғайтын және бұл үшін сот отырысы қатысушыларының барлық құқықтарын иеленетін, қарсы позицияны қорғайтын сот отырысының қатысушысын білдіреді.

Айыптауды қолдайтын прокурорда да белгілі бір жүргізушілік мүдде болады. Мұндай мүдденің болуы прокурор қылмыстық заңының бұзылуын анықтап және кінәліні анықтап, айыптау қорытындысын шығарып, істі соттың қарауына беруімен байланысты. Айыптау қорытындысының негізділігін танып және оны бекітіп, прокурор әрине соттың бұл қорытындысымен келісуіне және айыптау үкімін шығаруына мүдделі болады. Прокурордың іс-жүргізушілік мүддесі басынан аяғына дейін заңдылықты сақтауды қадағалау жүргізетін орган ретіндегі жағдаймен түсіндіріледі. Сот отырысында прокурор айыптау ретіндегі іс-жүргізушілік жағдайын иеленетіндігі сөзсіз. ҚР ҚІЖК-нің 62-бабының 1 бөліміне сәйкес, соттың қылмыстық істі қарауына қатысушы прокурор айыптауды қолдау жолымен мемлекеттің мүддесін білдіреді және мемлекеттік айыптаушы болып табылады.

Белгілі бір іс-жүргізушілік мүддені иелене отырып, тараптардың әрқайсысы өздерінің дәлелдерін қорғау үшін басқа тараптармен теңдей болу қажет. Тараптардың теңдігі – жарыспалылық процесінің негізгі талабы болып табылады. Бұл талап қазақстандық қылмыстық іс жүргізу заңында сақталған ба? Осыған байланысты мынадай көзқарас қалыптасқан. Заңдардың орындалуына қадағалау жүргізетін органның өкілі ретінде прокурордың ерекше жағдайды иеленуіне байланысты мемлекеттік айыптаушы мен сот отырысының басқа қатысушылары арасындағы теңдігі туралы айтуға болмайды және де прокурор тарап болып табылмайды, бұл оның қылмыстық процестегі фактілік жағдайына сәйкес келмейді. В.А. Болдыревтің ойынша: "Қылмыстық процстегі мемлекеттік айыптаушы мен басқа тараптың арасында теңдік белгісін қою дұрыс болмас еді. Мемлекеттік айыптаушының жағдайы басқа тараптың жағдайынан мүлдем ерекше. " В.И. Басковтің ойынша, "Прокурордың іс-жүргізушілік жағдайы және сотталушының іс-жүргізушілік жағдайы бірдей емес."

Жоғарыда келтірілген авторлардың пікірлері әртүрлі уақытта жазылған. Бірақ, оларды бір ғана ой біріктіреді: прокурордың іс-жүргізушілік жағдайын сот отырысының басқа қатысушыларының іс-жүргізушілік жағдайымен теңдей алып қарауға болмайды. Осыған, яғни жоғарыдағы авторлардың пікіріне сәйкес, сот отырысындағы прокурордың фактілік және заңдық жағдайы басқа тұлғалардың жағдайымен бірдей емес. Бұл жалпы танылған және ешкіммен дауланбайды.

ІІ. Айыптау актісін жасау және қылмыстық істі прокуротураға жіберу