- •Мазмұны
- •1.1 Мемлекеттік айыптаудың қолдаудың ұғымы, мәні және маңызы
- •1.2 Қылмыстық іс - жүргізушілік функциялар жүйесіндегі мемлекеттік айыптаулардың маңызы және орны
- •1.3 Мемлекеттік айыптаудың субъектілері
- •2.1. Айыптау қорытындысын ресімдеудің негіздері
- •2.2. Қылмыстық істі прокурорға жіберу
- •2.3. Прокурордың сот тергеуіне қатысуы.
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Нормативтік құқықтық актілер
2.3. Прокурордың сот тергеуіне қатысуы.
Сот тергеуінің іс жүргізушілік мақсаты соттың бастамасымен қылмыстық іс бойынша жиналған алдын ала тергеуде жиналған құжаттарды тексеру және дәлелдемелерді зерттеу болып табылады. Сот тергеуінде қылмыстың оқиғасы және құрамы бекітіледі, оған кінәлі тұлғалар, жауапкершіліктің деңгейіне әсер ететін жағдайлар, залалдың көлемі анықталады. Үкімнің негізділігі мен заңдылығы сот тергеуінің толықтылығы мен объективтілігіне байланысты, өйткені, сот тергеуінде зерттелетін дәлелдемелер ғана үкімнің негізін құрайды. Сот отырысында келтірілмеген дәләлдемелерді үкімде көрсету, үкімнің жойылуына алып келеді. Соттың құрамы сот отырысында қылмыстық іс бойынша барлық дәлелдемелерді жеке дара зерттеуі тиіс. Сот тергеуінде соттың алдын ала тергеуге қарағанда аз уақыт ішінде дәлелдемелерді тексеруге, оларды бір-бірімен салыстыруға, сотталушылардан жауап алуға, тергеу экспериментін жүргізуге мүмкіндігі т.б. бар. Тергеу органдарымен келтірілген дәлелдемелердің дұрыстығын тексеру үшін, оларды сот тергеуінде зерттеу қажет.
ҚР ҚІЖК-нің 317-бабының 4 бөліміне сәкес, прокурор дәлелдерді ұсынады және оларды зерттеуге қатысады, сотқа айыптаудың мәні бойынша, сондай-ақ сот талқылауы кезінде туындаған басқа да мәселелер бойынша өзінің пікірін баяндайды, сотқа қылмыстық заңды қолдану және сотталушыға жаза қолдану туралы үсыныс айтады.
Үкімнің негізділігі және заңдылығы прокурордың процеске дайындығына, заңға негізделген позицияны таңдаудың кәсіби біліміне байланысты. Оның сот тергеуінде жіберіп алғандары сот үкімінің негізіне кірмейтіндігін прокурордың есте сақтауы қажет. Өйткені тек қана сот тергеуі ғана үкімнің негізін қалайды. “Соттың сөзі сот тергеуінің толықтамасы болып табылады, ал керісінше емес”,-деп жазды П.Сергеич.13
Сот тергеуі барысында прокурордың ақтайтын дәлелдемелердің және жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлардың алдында айыптау дәлелдемелеріне және жауапкершілікті ауырлататын жағдайларға оң қабақ танытпауы тиіс. Кейбір факторлардың әсерінен прокурор дәлелдемелердің бірбағытты бағалануын жіберіп алуы мүмкін. Бірнеше рет соттылығының болуы, сотталушының жаман мінездемесі, оның жауап беруден бас тартуы прокурордың айыптау позициясын ұстауына әсерін тигізеді. Ал, жақсы мінездеме, сотталушы өзінің кінәсін мойындауы, оның жауаптары прокурордың критикалық позициясын өзгертуі мүмкін. Прокурордың міндеті, істің жағдайларының барлық жиынтығына сүйене отырып сотталушыға қатысты бұл объективті емес қатынасты жеңе білу болып табылады.
ҚР ҚІЖК-нің 347-бабына саәкес, сот тергеуінде айыптаушы және қорғаушы тараптар ұсынған дәлелдемелер зерттеледі. Дәлелдемелерді алдымен айыптаушы тарап ұсынады. Дәлелдемелерді зерттеу тәртібін тараптар келісе отырып, сот белгілейді. Дәлелдемелерді зерттеу тәртібін белгілеу немесе өзгерту мәселелері бойынша сот қаулы шығарады.
Сот тергеуінің сәтті болуы белгілі бір жағдайларда дәлелдемелерді зерттеу тәртібінің прокурор ұсынысының дұрыстығына байланысты. Дәлелдемелерді зерттеу тәртібін таңдау, бұл жауап алудың кезектілігі ғана емес, дәлелдемелерді тексерудің де кезектілігі. Топтық көп эпизодты істер бойынша дәлелдемелерді зерттеудің тәртібін анықтау ерекше қиындықтар туындатады. Істің сипатына байланысты прокурор зерттеуді эпизодтар бойынша жүргізуді ұсынуы мүмкін (сотталушылардың жауабынан соң эпизодар бойынша куәлардан жауап алынады). Ал, кейбір жағдайларда, алғашында сотталушылардан жауап алып, одан соң куәлардан жауап алған тиімді болады. Прокурор айыптау эпизодтарын хронологиялық тәртіппен немесе жасалған қылмыстардың ауырлығына байланысты зерттеу тәртібін ұсынуы мүмкін. Зерттеудің мұндай тәртібі соттың қылмыс жағдайларын зерттеуге және әрбір сотталушының ролін және кінәсінің деңгейін анықтауына жеңіл болады. Күрделі және көп эпизодты істер бойынша мемлекеттік айыптауды бірнеше прокурор қолдауы мүмкін.
Тәжірибенің көрсетіп отырғанындай, айыптауда келтірілген кінәсін мойындамағанның өзінде сот жәбірленушіден және куәлардан жауап алғанға дейін, сотталушыдан жауап алу барысында кейбір маңызды дәлелдемелер алуы мүмкін және керісінші, соңынан жауап алынатын сотталушы куәлардың жауабындағы келіспеушіліктерді пайдаланып жауап бере бастайды. Істің соңына ең мүдделі тиұлғалардың бірі ретінде сотталушы бірінші жауап беру барысында, оның ойынша маңызды болып табылатын жағдайларды, аргументтерді келтіреді. Сотталушы келтірген жауаптар айыптауды қолдайтын прокурор үшін өте маңызды роль атқарады. Солардың негізінде сот және прокурор басқа дәлелдемелерді зерттейді.
Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 345-бабына сәйкес, сот тергеуі айыптаушының сотталушыға таққан айыбының мәнісін баяндаудан, ал жеке айыптау істері бойынша-арыз берген адамның немесе оның өкілінің, ал олар болмағанда - сот отырысы хатшысының шағымды баяндауынан басталады.
Айыптау ауырлығы төмендеу түріне өзгертілген жағдайда немесе айыптаудың бір бөлігінен бас тартылған кезде айыптаушы сотқа айыптаудың жаңа негізделген тұжырымын жазбаша түрде баяндауға міндетті.