Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekzamen_Menedzhment сонгы.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
190 Кб
Скачать
☆

34. Заманауи жағдайда адам ресурстарын пайдаланудың негізгі мәселелерін атап өтіңіз.

Адам ресурстарын басқару дегеніміз — кәсіпорынның, мекеменің адам ресурстарын басқаруы және жоспарлауы болып табылады. Қазіргі аманғы еңбек түрлерінде «адам ресурстарын басқару» ұғымы кең мағынада, нақтырақ айтқанда, кәсіпорынның, мекеменің адам ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған стратегиялық және оперативтік іс-әрекеттері ұғымында қолданылады.  Түрлі кәсіпорындарда, әртүрлі елдерде, түрліше басқарушылық және корпоративті қоғамдарда, көзқарастардың өзара айырмашылықтарына қарамастан, озық кәсіпорындарда біршама ұқсас ортақ көзқарастарды ұстанады.  Өзінің басқару деңгейіне қарамастан, қызметкерді басқару тежірибесінде әрбір менеджер мына аксиомаларды білуі тиіс: кәсіпорынның кез-келген мәселесі адам рссурстарын басқару мәселесі болып табылады; кәсіпорын қызметкері — бұл тек кәсіпорын қызметкерлері ғана емес, сонымен бірге кәсіпорынға қызметке келушілер және қызметтен кетушілер; қызмет беруші мен қызметкерлердің мақсаттарында мен түсіністік пен жақындықтың болуы, — кәсіпорынның еңбек тиімділігін арттырудың ең қысқа жолы; адам ресурстарын басқару мәселесі — бұл салалық және кадрлық менеджерлер үшін ортақ мәселе; қызметкерлерді басқарудың әр уақытта стратегиялық (адам ресурстарын басқару) және оперативтік (қызметшілерді басқару) жақтары болады. Басқарудың қазіргі заманғы тәжірибесінде адам ресурстарын басқару саласында менеджерлерге бірдей түсінікті негізгі ұғымдар қалыптасқан. Кәсіпорынды басқару қызметінің бір түрі болып табылатын қызметкерлерді басқару жұмысының мазмұнына келесі мәселелер енеді:

1. кәсіпорынның әрбір қызметкерінің қызмет мазмұнына талдау жасау; 2. қызметшіге қажеттілікті жоспарлау; 3. қызметшілерді тандау, іріктеу, кандидаттар жайында мәлімет жинастыру; 4. қызметкерлерді жалдау және жұмыстан босату; 5. жаңа қызметкерлерді оқыту, бейімдеу және бағыт беру; 6. ақы төлеу және қызметкерлерді ынталандыру; 7. қызметкерді бағалау; 8. ұйымдағы қарым-қатынас; 9. оқыту, дамыту және қызметкер мансабын жоспарлау; 10. техника қауіпсіздігі.

Зерттеулер нөтижесінде қазіргі кадрлық бөлімшелердің сәйкессіздіктерінің бірнеше себептерін атап өтуге болады: меншік иелері мен кәсіпорын басшылығының бизнесті өркендетуде адам ресурстарын жетілдірудің маңызын жеткілікті дәрежеде түсінбеуі. Көптеген кәсіпорындарда қызметшілермен жұмыс жүргізудің арнайы құрылымы жоқ. Кіші және орта кәсіпорындарда кадр мәселесімен тек кәсіпорынның бірінші адамы ғана айналысады. Әрине, оларда басқа да мәселелердің көптігінен персоналмен жұмыс жүргізуге өте аз көңіл бөлінеді. Кадрлық мәселелерді ұғыну әлеуметтік кәсіпорындарды басқару деңгейінде ғана. Көптеген басшылар үшін қызметшілермен жұмыс жүргізу — тек қызметкерлерді тұрақты басқаруға бағытталган іс-әрекеттер. Бұл дегеніміз — адам ресми құрылым элементтерінің бірі ретінде ғана қарастырылады деген сөз, ал ол — адам ресурстарын басқарудың қазіргі заманғы тұжырымдамаларымен таныс емес екендігін көрсетеді. Адам ресурстарын дамыту үшін оперативті басшылар мен кадрлық жұмысшылар арасында жауапкершіліктің ұтымды түрде бөлінбеуі. Зерттеу жүргізілген кәсіпорындардың басым көпшілігінде, персоналмен жұмыс жүргізуші бөлімшелеріне кадрлық қызметке тек тіркеу, есепке алу, кадрларға құжат толтыру, қызметшілердің орын ауыстыруына тіркеу жүргізу, қызметшілерді талдау, оқыту міндеттері жүктелген. 

Іс жүзінде зертгелген кәсіпорындардың бірде-біреуінде кадрлық қызметтің құзырына кәсіпорынның стратегиялық өркендеуі бағытында адам ресурстарын жоспарлау, қызметшілер резервін құру, кәсіби бағыттау және қызметкерлерді жаңа қызметке бейімдеу, еңбек ақы мен жеңілдіктерді анықтау, тәртіпті басқару мәселелері және адам ресурстарын стратегиялық басқару негіздері енгізілмеген. Сауал жүргізілген басшылардың көпшілігі барлық деңгейдегі қызметшілермен жұмыс жүргізуде салалық басшылар мен кадрлық қызмет арасындағы жауапкершілікті тиімді бөлуді дұрыс түсінбейді.

35. Көшбасшылық мәнін ашыңыз. Менеджмент мен көшбасшылық арасындағы айырмашықтарды негіздеңіз. Көшбасшыға тән келбеттерді атаңыз.

Менеджмент (ағылш. мanage – басқару, меңгеру, ұйымдастыру, ) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы.

Ғылым ретінде менеджмент кәсіпорын жобасы, ұйым, жоспар, тізгіндеу, ресурстарды ыңғайлау секілді өзара байланысты істердің біртұтастығы, ол мақсатқа өнімді жетуді көздейді.Осы заманда менеджменттің төрт қызметі аталады: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивациялау, бақылау. Яғни менеджмент атты үлкен саласынының бір тармағы мотивация(ыңталандыру), ал осы ыңталандыру көшбасшылық қасиеттер арқылы дамиды.

Көшбасшы-алға қойған мақсатқа жету үшін белгілі бір әлеуметтік ортада адамдардың күш-жігерін біріктіріп, іс-әрекетін қоғам мүддесіне сай жүргізеді. Көшбасшыға алғырлық, ақылдылық, қажырлылық, ұйымдастырушылық, жұртқа жағымдылық, сондай-ақ өзіне жауапкершілік ала білу және іскерлілік таныта білушілік қасиеттер мен қабілеттер тән. Әдетте,мұндай адамдар өзгелерден ерекшеленіп көзге түсіп  тұрады. Сөйлеген сөзі,іс-әрекеті,адамдармен қарым-қатынасы,тіпті ойға алған ойы ерекше. Мұндай  көшбасшылық қасиеттер әр адамның бойынан табылады. Тек осы ерекше қасиетті сыртқа шығару, қоғамды хабардар ету әркімнің өзіне байланысты.

Біздің мемлекетіміз даму үстінде, жаңа мамандар, жаңа салалар пайда болу үстіндеміз, енді осы маман иелерінен тиімді көшбасшы шығаруға әбден мүмкін. Осы көшбасылық қасиеттерді ашып, дамытуға еліміз көптеген мүмкіндіктер жасайды, ол жастар арасындағы көшбасшылықтан бастап үлкен жобаларға дейінгі жағдайларды оңтайландырған. Әсіресе әйелдердің және жастардың көшбасшылық мүмкіндіктерін, жағдайларын дамыту үшін алғышарттар жасалып жатыр.

көшбасшылыққа тән қасиеттер: 1 Мінез-құлық 2 Харизма 3. Ісіңізге мұқият қарау 4. Дұрыс қарым- қатынас жасай білу 5. Біліктілік 6.  Ерлік 7. болашақты көре білу 8. үйренуге қабілеттілік 9. өзін-өзі ұстай білу 10. жауапкершілік 11. позитивтік көзқарас 12. жинақтылық 13. жігерлік 14. тыңдай білу 15. жинақтылық 16. тыңдай білу 17. проблеманы түсіну 18. шындықты қабылдау 18. қызығушылық

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]