Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekzamen_Menedzhment сонгы.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
190 Кб
Скачать
☆

46. Өзіңіз оқитын университетте ақпаратпен алмасу үдерісіне ықпал жасайтын факторлар.

Мен әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Универсиететінің магистрантымын. Бұл мен оқитын жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үдерісі – белгілі бір мемлекеттік және бүкіл әлемдік кеңістіктегі құжаттар мен ресми бұйрықтар, нұсқаулықтарды іске асырушы білім беретін шаңырақ. Соның ішінде, Қазақстан Республикасының Конституция заңдары мен қағидаларына, ел Президентінің халыққа арнаған Жолдауларына, ЮНЕСКО-ның, ОЭСР-дің халықаралық білім саясатының материалдарына негізделеді. Қазақстан Республикасындағы жоғары білім мемлекеттің ұзақ мерзімдік басымдықтары арасында ерекше орын алады және ол шын мәнінде ұлттық қауіпсіздік проблемасы болып табылады.

Жоғары білім мемлекет қызметінің барлық жақтарына экономикалық, әскери, экологиялық, технологиялық, мәдени, басқару және басқа салаларына түгел дерлік ықпал етеді.

Рухани өндірістің аса маңызды бұл саласы қоғамның қызмет етуінің интеллектуалдық және экономикалық базасын құрайды. Ол мәдениетті сақтаудың және оны болашақ ұрпаққа жеткізудің басты құралы болып табылады.

Қазіргі заманның аса өткір проблемасы - ғылымға, білімге және ар-ождан бостандығына дүниетанымдық синтез жасау проблемасынан тыс қала отырып, өзінің аса маңызды болжаушылық қызметін – мәдениеті түзу және ділді (менталитет) қалыптастыру қызметін толық дәрежеде жүзеге асыра алмауда.

Дүниеге этикалық жауапкершілікпен қарайтын, инновациялық, шығармашылық ойлауға дағдыланған, дүниетанымдық мәдениеті жетілген, адамгершілігі мол және білікті мамандардың жаңа ұрпағын қалыптастыру идеясы дамудың стратегиялық бағдары болады.

Рухани және материалдық дүниелердің үйлеспеушілігі ұдайы байқалып отыратын бұл қоғамды өзін-өзі ұйымдастыратын, үздіксіз дамып отыратын жүйе ретінде түсіну көзделеді.

Жеке адамның рухани әлемінің дамуы оның материалдық мұқтаждықтарынан әлдеқайда озып кеткен тұста тарихтағы бақытты кезеңдері, қоғамның, оның мәдениетінің, білімінің, экономикасының бақытты даму дәуірі басталды. Қайта өрлеу дәуірі және одан кейінгі Ағарту дәуірі дәл осындай кезеңдер болса керек.

Гуманитарлы бағыттағы жоғары білімнің жаңа үлгісінің басты мақсаттары (стратегиялық):

- студенттердің бойында шешімдердің әр түрлілігіне, көп өлшемділігіне, басқаша ойлауға, төзімділікке, табандылыққа және өзінің іс-әрекеттері үшін адамгершілік жауаптылыққа негізделген нұрлы, ізгілікті көзқарасты дарыту;

- оқыту барысында оқытылатын, меңгерілетін ғылыми-біліми нысандарды қабылдаушы контингенттің интеллектуалдық іс-әрекетінің үйлесімділігіне, оның біртұтас жүйеде меңгеруіне қолайлы жағдай туғызу.

47. Өз магистрлік тобыңа тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік туғызатын жоспар құрыңыз.«Жоспарлау»   ұғымына мақсатты  айқындау  және  оған   жету  жолдары  енеді: батыста  кәсіпорынның  әрекетін  жоспарлау, өткізу, қаржы, өндіріс  және  сатып  алу   секілді  маңызды  бағыттар бойынша  жүзеге  асырылады. Мұндайда, әрине, барлық  жоспарлар бір-бірімен  тығыз  байланыста  болады.

Мәселен, жоспралаудың мынадай  кезеңдері  ажыратылады: - бар мүмкіндікті  бағалау; - басты  міндет немесе  мақсат; - жоспарлы  ұсыныстар; - баламалар (альтернативтер); - баламаларды  қойылған мақсаттармен  салыстыру; - баламаларды  таңдау; - қосалқы  жоспарлауды  тұжырымдау; - жоспарды  цифр  түрінде  көрсету.

Жоспар жасағанда бірнеше әдісті бірден қолдана аламыз. Бұл әдістер бірін-бірі толықтырылып, байланыстырылып тұруы керек. Кең қолданылатын маңызды әдістердің бірі болып баланстық әдісті қарастырамыз. Бұл әдісте материялдық және ақшалай ресурстардың қорлары мен қажеттіліктері және жоспар элементтерімен байланыстары қарастырылады. Баланстық әдісті дұрыс қолдана білу республикалық, кәсіпорындық әртүрлі салалармен қарым қатынасты, ресурстардың тиімді жұмсалуын, дамуды дұрыс жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл әдісте көбінесе материалдық ресурстар балансы, жұмыс күші, жер көлемі, т.б, баланстық өлшемдер есепке толығымен алынады.Жеке баланстық есептерді және халық шаруашылық балансын есемтеуде экономикалық математикалық модельдеу әдісі мен есептеуіш техника кеңінен қолданылуда.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]