Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekzamen_Menedzhment сонгы.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
190 Кб
Скачать
☆

42.Бақылау мәнін ашыңыз. Бақылау үдерісінің этаптарын келтіріңіз, заманауи жағдайда бақылаудың даму тенденцияларын атап өтіңіз.

Басқару процесі СЧМСәрқашан сәтті бола бермеуі мүмкін. Жоспар да ойлағандай орындала бермейді. Адамдар да өзіне қатысты құқықтар мен міндеттерді қабылдай бермейді. Басшылар адамдарға қойылған мақсатты әрдайым дәлелдеп, түсіндіре алмауы мүмкін.

Ұйымдастыру қоршаған орта жағдайының өзгеруіне қарай бейімделуі тиіс.Ұйым басшысы өзінің алдына қойған мақсатына жеткенін анықтауы үшін өз қатесін және қызметшілерінің қатесін байқауы үшін бақылау қажет. Бақылау ұйымды да, қызметкерлерді өз шығынынан алдын-ала қорғауы тиіс.

Бақылау қызметі өндіріс процесінің нақты барысын ұдайы бақылаудан, талдаудан, бағалаудан және басқарудың келесі цикілінде қажетті іс әрекеттерді айқындау мақсатында оны белгіленген бағдарлама бойынша салғастырудан тұрады.

Бақылау-бұл ұйымның өз мақсатына жетуін қамтамассыз ету процесі. Бақылау бұл қолда не барын және де не болу керектігін ұдайы салыстыру.

Басшылар бақылау қызметін мақсат пен міндетті айқындап, ұйымды құрған сәттен бастап қолға ала бастайды. Ұйымның қалыпты жұмыс істеуі үшін бақылаудың маңызы зор. Бақылау- ұйымның өмір сүруінің негізгі элементі. Жоспардың жүзеге жетуі үшін көптеген жағдайлар кедергі келтіруі мүмкін. Мәселен, заңдардың, әлеуметтік құндылықтардың, технологияның, бәсекелесу жағдайының өзгеруі және қоршаған ортадағы басқа да шамалардың өзгеруі жоспардың орындалуына себепші болуы ықтимал.

Басқа бір факторға, кез келген ұйымдағы көпшілік жұмыстарды орындайтын адамдар жатады. Жаңа нұсқаулар мен бұйрықтардың енгізілуін, қосымша праволар мен міндеттердің жүктелуін жұмыскердің қалай қабылдайтындыгының менеджерлер әрдайым дәл біле бермеуі мүмкін.

Бақылаудың қажеттілігі дағдарыс жағдайының пайда болуын алдын ала сақтандыруға да байланысты. Ұйым ішіндегі жағдайды талдаған кезде пайда болатын қателіктер мен проблемаларды дер кезінде түзетіп дұрыс арнаға салмаса кейінен оны қалпына келтіру қиынға соғатыны сөзсіз.

Бақылау қызметі- бұл проблеманы айқындауға мүмкіндік беретін әрі туындаған проблемалар дағдарысқа ұшырамай тұрып ұйым қызметіне тиісті өзгерістер енгізетін басқару сипаты. Осыдан үш мындай жыл бұрын Қытайдын дана кітабы «И Цзинде» («Өзгеріс кітабында») басқару ғылымының алғашқы идеясы пайда болғанға дейін былайша жазылған болатын: «Ақылды адам табысқа қалай жеткенін білгеннен кейін, ол тағыда солай істеді. Егер өз қатесін сезінсе, оны ол қайталамайтын болады».

2. Бақылау басқарудың маңызды әрі күрделі қызметі, еңбек өнімділігін, қызметкерлердің ынта-жігерін арттырудың басты құралы.

Бақылаудың басты принциптерінің бірі-бақылау тұтастай қамтылуы тиіс. Бақылау ісі тек менеджлердің және оның көмекшілерінің ғана міндеті емес, әр бір басшы, қызмет лауазымына қарамастан өзінің тікелей жауапты міндеті ретінде бақылауды жүзеге асыруы тиіс

43. Әлеуметтік-мәдени факторларының ұйымға ықпал жасау мысалын келтіріңіз.Әлеуметтік-мәдени фактор – құрамына өмірлік құндылықтар, дәстүрлер ережелер жатады. Мысалы, АҚШта контрактіге отыру үшін пара беру, бәсекелестерге кір келтіретін лақаптың таралуы заңға қарсы іс-әрекеттер деп саналады. Бұлай саналмағанның өзінде де бұл іс-әрекеттер этикалық емес алаяқтық деп танылады.

Төмендегі мысалда мектеп ұйым ретінде қарастырылған.

Мектеп басқаруына әсер жасайтын қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайларды анықтау мақсатында мен факторлардың келесі жіктелуіне сүйендім:

мегадеңгей – барша адамзатты әлеуметтендіруге ықпал етуші ғарыштық және планетарлық факторлар;

мезодеңгей – қоғамдағы ұлттық, әлеуметтік топтар, түрлі жүйелердің қызметі мен өзара іс-әрекетінің нәтижесін (ақша айналымы, нормалар, дәстүрлер, заңнама, мораль, тәрбие және білім жүйелері) көрсететін факторлар; олар ірі әлеуметтік және этникалық топтарды тәрбиелеу мен білім беруге ықпал етеді;

микродеңгей – мекен тұрағы, отбасы және жеке тұлғалардың өзара қатынасымен айқмакродеңгей – мемлекет пен оның институттарының іс-әрекетімен (саясат, мәдениет, экономиықтық жүйе, тәрбие, білім беру және т.б.) анықталатын факторлар, олар мемлекеттің барлық азаматтарына білім беру мен тәрбиелеуге ықпал етеді;

ындалатын факторлар; олар мектеп ұжымы іс-әрекетінің нәтижесіне ықпал етеді.

Микродеңгейдегі факторлар қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдың келесі ерекшеліктерін анықтайды: көпбалалы отбасылардың аздығы; толық емес, аралас және жалғыз балалы отбасының көбеюі, ата -аналардың өз міндеттерін ұмытып бала тәрбиесін толығымен мұғалімге жүктеп қоюлары, бала тәрбиесіне немқұрайлылығы .Бұған қосымша мұғалімнің әлеуметтік мәртебесінің жеткіліксіздігі, мұғалімге қатысты емес басқа да қоғамдық міндеттерді міндеттелгендігі т. б. себептер.

Мен қызмет ететін М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінде осы факторлардың көпшілігі орын алып отыр, әсіресе мектеп оқушыларының контингенті өте нашар,әлеуметтік жағдайлары төмен, толық емес, жартылай отбасылар саны өте көп.Алайда соған қарамастан мектептің білім сапасы ауданның орташа көрсеткішімен тең дәрежеде, оқушыларымыз көптеген аудандық, облыстық, республикалық білім, өнер, спорт сайыстарында жүлделі орындарға ие болып,мектеп мерейін асқақтатуда.Ата-аналардың балаларының сабағына немқұрайлы қарап,қызықпауларын біз әр түрлі қызықты шаралар өткізу арқылы жеңіп, оларды қалай да қызықтырып,олардың өздерін осы процесске тартуға тырысамыз. Осы мақсатта біздер ең әуелі оқушының бос уақытын тиімді пайдалануына жағдайын жасауға тырысамыз.Яғни,әр түрлі үйірмелер ашып,баланы қызықтырып,сосын баласы арқылы ата-ананы да өзімізге тартамыз.Атап айтсам, мектебімізде «Фотоәуесқой», «Сазгер» сияқты үйірмелер өте нәтижелі жұмыс жасауда.Осы үйірмелерге балалар аса үлкен қызығушылықпен қатысады.Нәтижелері де мақтанарлықтай.Мысалы,

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]