Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кас жауап.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
170 Кб
Скачать
☆

3.Төмендегі сөйлемдерден буын түрлерін анықтаңыз:

Құрметті ханымдар мен мырзалар! Бүгінгі тұсаукесерімізге қош келдіңіздер. Мен Алматы қаласындағы «Tea House» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің менеджерімін.

2-билет

  1. Интонема және оның сөйлемдерді ажыратудағы қызметі

Дәптерде бар

  1. Дыбыстық еліктеуіш сөздердің қолданылуы

Еліктеуіш сөздер деп табиғатта ұшырасатын сан алуан құбылыстар мен заттардың бір-біріне қақтығысу-соқтығысуларынан туатын дыбыстарды, сондай-ақ, жан-жануарлардың дыбысталу мүшелерінен шығатын әр түрлі дыбыстарды есіту қабілеті арқылы белгілі-белгілі түсініктер ретінде қабылдаудан болған және сол түсініктердің атаулары есебінде қалыптасқан сөздерді айтамыз. Мысалы: Мылтық тарс етті; қарға қарқ еттідеген сөйлемдерді алсақ, ондағы тарс деген сөз мылтықтың атылуынан туған дыбыстың атын білдірсе, қарқ деген сөз қарғаның дыбыстау мүшесінен (қарқылдауынан) шыққан дыбыстың атын білдіреді.

Еліктеуіш сөздердің дыбыстық ерекшеліктерін сөз еткенде, үш түрлі мәселе ескерілуге тиіс:

дыбыстық құрамы,

буын жүгі,

айтылу ырғағы.

Еліктеу сөздердің дыбыстық құрамында, демек, олардың дыбыстарының тіркесуінде белгілі бір ізге түсіп қалыптасқан әрі орнықты, әрі жүйелі заң бар деуге болады. Оған еліктеу сөздердің, мысалы, мынадай үлгілері айғақ.

Арс, борс, гүрс, дүрс, мырс, тарс, тырс т. б.

Борт, бырт, күрт, кірт, морт, сарт, сырт, шарт, шырт т. б.

Жап, жып, лап, лып, сап, сып, тап, топ, тып, шап т. б.

Барқ, бырқ, жарқ, зырқ, зірк, күрк, қорқ, ірк т. б.

Аңқ, еңк, дөңк, дүңк, діңк, күңк, қаңқ, қоңқ, саңқ, сұңқ, шаңқ, шіңк, ыңқ т. б.

Былқ, кілк, қолқ, қылқ, солқ, селк т. б.

Балп, болп, былп, елп, жалп, желп, жылп, салп, сылп, шалп, шолп, шылп, үлп т. б.

Жамп, күмп, қомп, томп, тымп, сымп т. б.

Даң, дүң, тың, қаң, құң, маң, шаң, шұң, шың т. б.

Ар, быр, дар, дыр, дір, күр, қор, қыр, сыр, шар, шыр т. б.

Баж, быж, бұж, гүж, күж, қыж, шаж, шыж т. б.

Ақ, бақ, бық, қақ, қық, сақ, тық, шақ, шық т. б.

Жалт, жылт, кілт, қылт, мылт, сылт, талт, тылт т. б.

Гу, ду, зу, лау, сау, су т. б.

Барп, борп, қорп, сарп, тарп, тырп т. б.

3 Төмендегі сөйлемдерден айтылуы мен жазылуы бір-біріне сай келмейтін сөздерді тауып, олардың орфоэпиялық нормаға сай қолданылу үлгісін көрсетіңіз.

Алдағы күндері аймақта бұлтты ауа райы болжануда,кейбір жерлерде

қар, бұрқасын,екпінді жел,түнде кейбір жерлерде көктайғақ болады деп болжануда. Синоптиктердің айтуынша, түнге қарай шығыстан соққан жел.

3-билет

  1. Морфонологиялық заңдылықтар: үнем принципі, морфонологиялық дыбыс алмасу

Морфонологиялық дыбыс алмасу

Дыбыс алмасуы дегеніміз- /альтернация/дыбысстардың парадигмалық қатынасқа түсіп, бірінің орнына екіншісінің қолданылуы. Дыбыстардың алмасуын фонетикалық және грамматикалық дыбыс алмасу деп екіге бөлуге болады. Фонетикалық дыбыс алмасуларда альтернант немесе алмасатын дыбыстар алдында не артында тұрған дыбыстың әсерінен ( ілгерінді және кейінгі ықпал жолымен ) пайда болады. Сондықтан фонетикалық дыбыс алмасулар фонетикалық жағдаймен түсіндіріледі. Мысалы, басшы, он бір деген сөздердің башшы, омбір болып айтылуы сш, нб дыбыстарының тіркесе алмауына байланысты түсіндірілуі керек. Ал грамматикалық дыбыс алмасуларды бұлайша тұрған орнына алдындағы не артындағы дыбысқа байланыстырып түсіндіру мүмкін емес. Мысалы, мұнда – бұнда, түгелде -түгенде, бәйге- бәйгі сияқты тілімізде жарыса қолданылатын сөздердегі б -м, л -н, е-і дыбыстарының алмасу жайын түсіндіре алмаймыз. Бірақ грамматикалық ( морфонологиялық) дыбыс алмасулардың бәрі бірдей дәл осылай бір ізбен келіп, басы ашық тұра бермейді. Кейде морфонологиялық дыбыс алмасуларды фонетикалық дыбыс алмасудан ажырату қиынға соғғады. Мысалы, дауысты дыбысқа біткен сөзге барыс септік жалғауы тек – ға, -ге түрінде ғана жалғанады. Балаға, терезеге дегендегі ұяңнан басталатын қосымшалар артикуляциялық мүмкіндікке байланысты емес, қазақ тілінің дәстүрлі айтылу нормасымен байланысты. Сондай –ақ қазақ тіліндегі дыбыс алмасу сингорманизм заңына да байланысты іске асады. Мысалы, сөздің жуан не жіңішке естілуіне байланысты – лар, - лер көптік жалғауы жалғанғанда а –е дыбыстарының алмасатыны белгілі. Морфонологиялық дыбыс алмасудан кейде морфологиялық жағдаймен ұқсас болып көрінетін кездері де болады. Мысалы, түзіліс – түзілім, тілік –тілім, тұрақталды- тұрақтанды сияқты сөздердің мағыналарын салыстырсақ, бұл жұптардың мағыналары алыс емес. Морфонологиялық дыбыс алмасу құбылыстары арқылы пайда болған сөз нұсқалары сияқты с –м, н –м, л- н дыбыстары ғана алмасып тұрған сияқты. Морфонологиялық дыбыс алмаулар таза фонетикалық жағдаймен де, морфонологиялық өзгерістермен де түсіндіруге келмейтін, сөйлеу барысында нормаға айналған дәстүрлі құбылыстар. Қазақ тіліндегі дыбыстардың алмасуын екі топқа бөліп А.Айғабылұлы позициялық дыбыс алмасулардың көпшілігі фонетикалық заңд. Сәйкес өзгеретіндіктен оларды фонетикалық дыбыс алмасуларға жатқызып, ал позициялық емес дыб, алмасуларды морфологияның объектісіне жатқызады қарастыруға болады: 1. Дауысты дыбыстардың алмасуы. 2. Дауыссыз дыбыстардың алмасуы.