- •1.Қазақ тілін коммуникативтік-танымдық тұрғыдан оқыту
- •2.Омонимдес аффикстерді меңгертудің тәсілдері
- •3.Төмендегі сөйлемдерден буын түрлерін анықтаңыз:
- •Интонема және оның сөйлемдерді ажыратудағы қызметі
- •Дыбыстық еліктеуіш сөздердің қолданылуы
- •Морфонологиялық заңдылықтар: үнем принципі, морфонологиялық дыбыс алмасу
- •Орфографиялық норма және орфографиялық принцип түрлері
- •1 Интонацияның бірліктері мен компоненттері
- •Фонетика мен фонологияның зерттеу объектісі
- •1 Орфографиялық заңдылықтар
- •Педагогикалық біліктілік және шешендік қасиет
- •Төмендегі диалогтан орфоэпиялық норма талаптарын көрсетіп, дұрыс айту заңдылықтарын анықтаңыз.
- •7 Билет
- •1.Қазақ тілін сапалы оқытуда бағалау әдісінің алатын орны
- •2.Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін оқытудағы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі
- •2. Морфонологиялық дыбыс алмасу заңдылықтары
- •9 Билет
- •10Билет
- •1.Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін оқытудағы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі
- •2,Ресми стильдің белгілері
- •1.Септік категориясын сыни тұрғыдан оқытудағы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі
- •2. Білім алушыларға морфологиялық талдау жасауды меңгерту
- •4 Кәсіби білім берудің дидактикалық мақсаты
- •6. Дыбыстық еліктеуіш сөздердің қолданылуы
- •11. Педагогикалық біліктілік және интеллектуалдық қасиет
- •12. Сөйлеу кезіндегі дыбыс тіркесіміне тән ерекшеліктер
- •13.Кәсіби қазақ тілі пәнінің мақсаты
- •21. Жазылым әрекетін қолдануға тиімді лингвистикалық білім көздері
- •19. Қазақ тілі және этностық мәдениет сабақтастығы
- •31. Түсіндірме және қайта жасау (репродуктивті) əдістер, оқу процесіндегі маңызы
- •33. Проблемалық әдіс оның педагогика-психологиялық қырлары
- •40. Кәсіби қазақ тілінен базалық түсінік қалыптастыратын кәсіби терминдер жүйесін анықтау мен қолданудың жолдары
- •41.Сөз мағынасының кеңеюі мен тарылу жолдары
1 Орфографиялық заңдылықтар
Орфография-сөздердің дұрыс жазылу заңдылығы.
Орфографиялық заңдылық принциптері: а) Фонетикалық принцип (сөз бөлшектері қалай айтылса, солай жазылады). ә) Дәстүрлі принцип (қазақтың байырғы сөздері бұрын қалай жазылса, қазір де сол қалыптасқан күйінде жазылады.) б) Морфологиялық принцип (түбірдің сақталып жазылуы).
Педагогикалық біліктілік және шешендік қасиет
Ұстаздың шеберлігі - талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ, ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл ғұмыры мен қажыр-қайратын және бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға болады.
Ұлы ғұлама Әл- Фараби: "Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің барлығын жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсесін ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., меніңше шешен, өнер-білімге құштар қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ ..., жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізеттілік көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек" дейді.
Абай атамыздың: «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегін кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» - деп айтқанындай, мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінеміз және өмір бойы ізденішулікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жетуге болады. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Әрбір ұстаз үшін оқу – тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді.
Төмендегі диалогтан орфоэпиялық норма талаптарын көрсетіп, дұрыс айту заңдылықтарын анықтаңыз.
Мынау біздің прайс-парақ.
Бағалар теңгемен бе, доллармен бе?
Доллармен.
Төлем түрі қандай қолма-қол ма, әлде қолма-қол ақшасыз ба?
Сіз өзіңізге қолайлы түрде төлей аласыз.
6-билет
Педагогикалық біліктілік және интеллектуалдық қасиет
Біліктілік – адамның қандай да бір кәсіби- еңбек қызметін орындауға деген дайындық деңгейі немесе біліктілік – кәсіпті меңгеру деңгейі. Біліктілік мінездемесі – қандай да бір біліктілік деңгейі бар нақты бір кәсіп маманы оны игеруге қажет білім, білік және дағдыларға қойылған талаптар тізімі белгіленген мемлекеттік құжат
Кәсіби оқытушы педагогының құзырлығы жоғары, әлеуметтік тұрғыдан жетілген, әдіс-тәсілдерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге ұмтылған маман. Мұғалім, Педагог мамандығы, зиялылар ішіндегі көп топтасқан мамандықтардың ірі тобына жатады. Білім беру жүйесінде педагогтар мемлекеттік қызметкерлер болып табылады. Педагог өз мамандығының сапасын, біліктілігін арттыруды психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуі үлкен роль атқарады. Педагогтың іс-әрекеті көбінде оның кәсіби шеберлігінің кеңістігіне қатысты, педагогикалық қарым-қатынас механизмдеріне, оқушылардың (студенттердің) психологиялық ерекшеліктерінің табиғатына да байланысты. Педагогикалық іс-әрекеттің дамуының жоғары деңгейі мынада – педагог өзін-өзі дамыту механизмдерін қалыптастыруға мақсат қояды және оқушыларға (студенттерге) өз қабілет-қарымы бойынша даму бағыттарын ұштайды.
2.Қазақ тілінің артикуляциялық базасы және фонетикалық ережелер
ТАППАДЫМ
3.Төмендегі сөйлемнің коммуникативтік мағынасын анықтайтын интонемалық ерекшеліктерді анықтаңыз. Ұласпалы интонациямен айтылатын сөздерді, интонациялық кідіріспен айтылатын сөздерді сызба түрінде көрсетіңіз:
Осы жылы «евро аумағы» елдері тауарларды импортқа қарағанда, экспортқа көп шығарды, ол 63, 9 млрд долларды құрады. Бұл бұдан алдыңғы жылмен салыстырғанда 800 млн евроға артық. Мұндай нәтижелер Еуропа мен Азия елдеріндегі экономиканы дамыту беталыстарының өзара әрекеттерін көрсетеді.
