- •1.Қазақ тілін коммуникативтік-танымдық тұрғыдан оқыту
- •2.Омонимдес аффикстерді меңгертудің тәсілдері
- •3.Төмендегі сөйлемдерден буын түрлерін анықтаңыз:
- •Интонема және оның сөйлемдерді ажыратудағы қызметі
- •Дыбыстық еліктеуіш сөздердің қолданылуы
- •Морфонологиялық заңдылықтар: үнем принципі, морфонологиялық дыбыс алмасу
- •Орфографиялық норма және орфографиялық принцип түрлері
- •1 Интонацияның бірліктері мен компоненттері
- •Фонетика мен фонологияның зерттеу объектісі
- •1 Орфографиялық заңдылықтар
- •Педагогикалық біліктілік және шешендік қасиет
- •Төмендегі диалогтан орфоэпиялық норма талаптарын көрсетіп, дұрыс айту заңдылықтарын анықтаңыз.
- •7 Билет
- •1.Қазақ тілін сапалы оқытуда бағалау әдісінің алатын орны
- •2.Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін оқытудағы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі
- •2. Морфонологиялық дыбыс алмасу заңдылықтары
- •9 Билет
- •10Билет
- •1.Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін оқытудағы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі
- •2,Ресми стильдің белгілері
- •1.Септік категориясын сыни тұрғыдан оқытудағы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі
- •2. Білім алушыларға морфологиялық талдау жасауды меңгерту
- •4 Кәсіби білім берудің дидактикалық мақсаты
- •6. Дыбыстық еліктеуіш сөздердің қолданылуы
- •11. Педагогикалық біліктілік және интеллектуалдық қасиет
- •12. Сөйлеу кезіндегі дыбыс тіркесіміне тән ерекшеліктер
- •13.Кәсіби қазақ тілі пәнінің мақсаты
- •21. Жазылым әрекетін қолдануға тиімді лингвистикалық білім көздері
- •19. Қазақ тілі және этностық мәдениет сабақтастығы
- •31. Түсіндірме және қайта жасау (репродуктивті) əдістер, оқу процесіндегі маңызы
- •33. Проблемалық әдіс оның педагогика-психологиялық қырлары
- •40. Кәсіби қазақ тілінен базалық түсінік қалыптастыратын кәсіби терминдер жүйесін анықтау мен қолданудың жолдары
- •41.Сөз мағынасының кеңеюі мен тарылу жолдары
1 Интонацияның бірліктері мен компоненттері
Қай халықтың болса да, оның сөйлеу тілінің өзіне тән интонациясы бар екені анық. Ол интонацияның өзінің ішкі сипаты мен ерекшеліктері бар. Ол ерекшеліктер мынадай төмендегі компонентерден тұрады: әуені (мелодикасы), қарқыны (темпы), ұзақтылығы (длительность), паузасы, интенсивтілігі, тембрі. Интонацияның компоненттерін кейде просодикалық тәсілдер (просодические средства) деп атайды. Сөйлеу тілінде интонацияның аталған компоненттері бірімен-бірі тығыз байланысты болатыны сөзсіз. Бірақ олар сөйлемнің барлық түрлерінде әр уақытта бәрі бірдей орын алады және бәрі бірдей тыңдаушыға анық естіледі деп айту қиын. Себебі олар өзара түрлі қарым-қатынасқа түсіп, сөйлемнің әр алуан түрлерін түзуде, оларды бірінен-бірін ажыратуда қызмет атқарады.
Барлық тілдердегі интонацияның ең басты да универсалды компоненті әуен (мелодика) деп есептеуге болады. Себебі қай тілдің болса да басқа тілдерден айырмашылығын білдіруде сол тілдің өзіне ғана тән әуені үлкен роль атқарады да, ол тілдің бірден-бір өзгешелік белгісі бола алады. Жалпы әуеннің сөйлемдегі атқаратын қызметі әр алуан. Біріншіден, сөйлеу тілінің ағысын неше түрлі бөлшектерге мүшелеп жіктейтін де, олардың басын қосатын да әуен және онымен қоса пауза. Екіншіден, сөйлемдердің коммуникативтік түрлерін анықтауда, яғни олардың айтылу мақсатына қарай (хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті) бөлінуінде үлкен қызмет атқарады. Үшіншіден, грамматикалық және лексикалық тәсілдермен қосылып сөйлемдердің жалпы мағынасын беруге, оның нюанстарын анықтауға қатысады. Төртіншіден, оның сөз тізбектерінің синтагмалық акценттелуімен қосылып, сөйлемнің логикалық және эмоциялық мазмұнын жеткізуде үлкен орын алады.
Фонетика мен фонологияның зерттеу объектісі
Фонетика - (грек. phônçtіkуs – дыбыстық, дауыстық) – тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы. Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, яғни айтылым базасын, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады. Осыған байланысты қазіргі Фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық), жасалымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан қарастырылады.[1][2]
Дыбысты зерттейтін бейтілдік ғылыми пәндермен салыстырғанда фонетика дыбыстық құбылыстарды тілдік қарым-қатынас үшін қажетті сөздер мен сөйлемдердің материалдық тұрпатын жасаушы тілдік жүйенің элементі ретінде қарастырады. Тілдің дыбыстық жағы мұндай қызметтен ажырап қалса, түсініксіз болады. Тіпті сөз ағымындағы жекелеген дыбыстардың өзі тілдің мазмұндық бірліктерімен байланыста, яғни фонеманың өкілі (варианты, аллофоны) ретінде ажыратылады. Мысалы, майсөк сөзі мәйсөк түрінде берілгенмен, алғашқы буындағы фонема а болады, себебі қазақ тілінде май деген түбір бар да, мәй деген түбір жоқ.
3 Интонологияның компоненттері мен бірліктеріне талдау жасаңыз.
Біздің бас кеңсеміз Алматы қаласы, Мамыр кенті, Таугүл шағын ауданы, 13-үйде орналасқан.
5-билет
