- •4Тақырып. Мемлекеттің функциялары және мемлекеттік басқару түрлері
- •6.4 Мемлекеттік басқарудың ұғымы мен функцияларының түрлері
- •6.5 Мемлекеттік басқарудың функционалдық құрылымы және оның заңдылық рәсімделуі
- •5 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың қағидалары мен әдістерін жүйелеу негіздері және оларды қолдану-
- •6 Тақырып.Мемлкеттік орган: құрылу тәртібі және және құзыреті
- •8.4 Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау рәсiмдерi
- •8.5 Мемлекет пен қоғамның; мемлекет пен оның азаматтарының құқықтық қатынастарын реттеу
- •8.6 Мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы басқарушылық қатынастарды құқықтық реттеудің мәні мен маңызы
- •8.7 Орталық және жергілікті атқарушы органдардың арасындағы басқарушылық қатынастарды құқықтық реттеудің мәні мен мазмұны.
- •9 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың персоналы: құрылымы, мазмұны
- •10 Тақырып. Мемлекеттік басқару стилінің элементтері мен қасиеттері
- •12 Тақырып. Мемлекеттік басқару тиімділігін өлшеу
10 Тақырып. Мемлекеттік басқару стилінің элементтері мен қасиеттері
Жоспар
1.Басқарушылық қызмет стилін жетілдіру және оны жүзеге асырудағы жауапкершілік. 2.Басқарушылық қызмет стилі түсінігі және оның өсіңкілігі.
3.Мемлекеттік басқару стилінің элементтері мен өзіне тән белгілері.
4.Басқарушылық қызмет белгілері, нысандары мен кезеңдері.
5.Басқарушылық қызмет стилінің мемлекеттік басқарудағы жауапкершілікпен өзара байланысы және оны жетілдіру қажеттілігі.
6.Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі оның заңдық-құқықтық астары.
7.Мемлекеттік басқарудағы жауапкершілік деңгейінің басқарушылық негізі.
Дәріс тезисі
Жауапкершілік деп анықталған талаптардың, ережелердің, нормалардың орындалуымен іске асыруын талап ету деп түсінейік. Бұндай талаптармен нормалар орнатылған болуы мүмкін:
• Мемлкетпен (заңмен) – онда сөз құқықтық жауапкершілікте.
• Белгілі бір кәсіпорын басшлығымен – бұл кезде жауапкершлікті корпоративтік деп айтуға болады.
• Азаматтық қоғаммен – онда жуапкершлік әлеуметтік болып табылады.
• Топтар арасындағы тұлғааралық қарым-қатынас – бұндай жауапкершілік моралдық болып табылады.
Жетекшінің кімге жауапты екенін анықтау үшін оның кімге және қалай есепті екендігін білу керек.
Жоғарыда қарастырылған жауапкершілік түрлеріне сай анықталған бақылау механизмдер:
Жауапкершілік түрі Бақылау механизмі
Құқықтық: Соттық жүйе
• Қылмыстық
• Азаматтық
Әкімшілік: Иерархиялық бақылау
• Тәртіптік
• Материалдық
Әлеуметтік Қоғамдық пікір
Моралдық Корпоративтік мәдиниет
Құқықтық жауапкершілік қылмыстық, азаматтық және әкімшілік мінезге ие болады.
Қылмыстық жауапкершілік жеке тұлғаның қылмыс жасағаны үшін сот шешімі анықтаған жазаны Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі сай жүргізіледі.
Азаматтық жауапкершілік заңды және жеке тұлғаның белгілі бір міндеттерді орындама заңды және жеке тұлғаның белгілі бір міндеттерді орындамағаны үшін оған матриалдық жаза қолданылады. Бұларға: айыппұлдар, қоымша төлемдер, зазалды қайтару және т.с.с. жатады. Бұлар Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі сай жүргізіледі.
Әкімшілік жауапкершілік заңды және жеке тұлғалар әкімшілік құқықты бұзған жағдайда туындайды және әкімшілік жаза қолданылады (әрине, айыппұлдар). Бұлар Қазақстан Республикасының әкімшілік кодексі сай жүргізіледі.
Құқықтық жауапкершіліктің туындауының алғышарттары:
• Заңға қайшы іс-әрекет жасау;
• Зардаптың болуы;
• Зардап келтірілгеннің кінәсін дәлелдеу.
Құқықтық жауапкершілікті қамтамасыз етудің негізгі әдісі – басшының шешімі мен іс-әрекетіне байланысты сотқа жүгену құқығы. Әр бір лауазымды тұлға өзінің қызметін асыр пйдаланғаны үшінөзінің іс-әрекетіне жауап беруі керек.
Айта кететін жайт, жауапкершілік механизмін соттық бақылау жүйесінде біршама кемшіліктер бар. Олардың негізгілері мыналар:
• Іс-әрекетсіздік үшін жауапкершіліктің болмауы. Соттық бақылау заңға сәйкес жасалған іс-әрекетке шара қолданады, ал жасалынбаған іс-әрекетке шара жоқ. Бұл әрине билікті асыра пайдаланғаны үшін негіз болады, ал билікке мәжбүрлей алмайды, тек қана заңның орындалуын талап етеді.
• Жай қимылдау. Сот процедурасы өте жай, ал әкімшілік шешімдер өте көлемді, сондықтан да аз ғана соттық бақылау бүкіл басқару процесін тежейді.
• Шығынның көп болуы. Сотпен адвокатқа кететін шығындар ауқымды, және де ешкім істің қашан аяқталатының және шешімнің қорытындысы қандай болатыны белгісіз.
• Техникалық сұрақтарды қарастыру. Көптеген шешімдер техникалық сипатқа ие болып, мамандардың қатысумен жүзеге асырылады. Сондықтан да сот бұндай шешімдерде маман болмағандықтан, эксперттердің қатысуын талап етеді. Бұндай жағдайда бір мамандар тобы басқаша айтып, екіншісі өзгеше айтады, ал сотқа осы сұрақты қайсысы жақсы білетінің шешу керек.
Жоғарыда айтылған мәселе бойынша соттық бақылау әдісі басқару шешімінің тек қана аз ғана бөлігін қамтыйды.
Басқару шешімдері әкімшілік құқықтық реттеудің пәні және де ол атқарушы билік органдарымен бақыланады. Сондықтан әкімшілік жауапкершілік еректшеліктеріне тоқталайық.
Әкімшілік құқықтың негізі атқарушы биліктің орындалуы кезінде қоғаммен қарым-қатынасты реттеу болып табылды, сондықтан оны жие басқару құқығы деп те атайды. Әкімшілік құқық көбінесе жеке тұлға мен мемлекет арасындағы, азамат пен атқарушы билік арасындағы қарым-қатынасты реттейді.
Бұндай қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының әкімшіл құқық бұзушылық кодексінде жеткілікті. Бұл қарым-қатынастар денсаулықты қорғау, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы, меншікті қорғау, қоршаған ортаны және табиғатты пайдалану, өндірістік қауіпсіздікпен байланысты. Сонымен қатар құрылыс және энергетика саласында, өндірістік және темір жол көлігінің қозғалысы мен оны пайдалану,жол қауіпсіздігі,байланыс және ақпарат, кәсіпкерлік қызмет саласында, қаржы, салықтар мен алымдар, бағалы қағаздар нарығы, кедендік іс және т.б.
Әкімшілік жауапкершілікке басшының ұйымдастыру-тарату немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларын орындау кезінде әкімшілік құқық бұзушылыққа тартылуы мүмкін.
Басшы жауапкершлігінің ішіндегі ең бастысы – бұл корпоративтік жауапкершік. Бұны іске асыру иерархиялық механизмдік бақылау негізінде жүзеге асырылады. Кәсіпорындағы жауапкершілік басшының беделіне де байланысты. Бұл яғни басқару бұйрықтары жоғарыдан төмен болатындығында. Егер жоғары басшы өзінің орынбасарларын қойып оны қайтып алып тастай алса, және де оларда осындай құқыққа ие болса, онда менеджерлер жоғары тұрған адамдарға жауапты екендіктерін сезінеді. «Төмендегілерге» әрқашанда жоғары тұрған деңгеймен қабылданған шешімдерді орындауға міндетті болады және өзінің шешіміне басшылар алдында жауап беруі тиіс.
Қандай да бір стильді дұрыс тандау басқарушылардың оларға тән қасиеггері мен жеке ерекшеліктері, бағыныштьшардың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері сияқты көптеген факторларға байланысты. Ғалымдардың зертгеулерінің нәтижесінде басқарушының әр түрлі бағыныштылармен өзара қарым-қатынас орнату барысында бірнеше басқару стильдерін ұстанатындығы анықталған. Ал ол басқару ісіндегі бағыныштылардың жауапкершілігіне байланысты болған.
Жалпы түрде жауапкершілік өзара байланысты жақтардың мүдделері мен бостандықтарын қамтамасыз ететін қатынасты, адам бойындағы қасиетті білдіреді. Ол үш құрамдас бөліктердің өзара байланысының нәтижесінде қалыптасады: а) борыштық сезім;) іс-әрекетті бағалау; б) шектеу қою, жазалау шараларын қолдану.
Жауапкершілік алғышарттардан, объектіден, мазмұны мен өлшемнен тұрады. Алғышартгар қоғамдық қатынастардың, адамдардың жүріс-тұрысының және қызметінің нақты деңгейін және сапасын қамтамасыз етуге деген қоғамның (мемлекеттің), азаматгардың қажеттіліктерінен туындайды. Мұндай қажеттіліктер қоғамның нормативтік жүйесінде көрініс тауып, бекітіледі. Жауапкершіліктің маңызды элементін оның объектісі қүрайды, себебі үнемі бір нәрсеге жауап беруте тұра келеді, мысалы, материалдық, моральдық, құқықтық, саяси, жеке, ұжымдық жауапкершілік болады. Жауапкершіліктің мазмұны міндетті және мақсатты әлеуметтік байланыстарды қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттерде көрініс табады. Осьщан жауапкершілікті барлық аспектісі тұрғысынан жүзеге асырмайынша азамат та, қоғам да, мемлекетте канағаггана алмайтынын білдіретін оның кешенді сипаты туындайды. Жауапкершіліктің өлшемі субъектінің өз іс-әрекетінің әлеуметтік салдарларын немесе нәтижесін түсінумен байланысты. Ол қорғалатын қоғамдық қатынастардың әлеуметтік мәнділігіне, қоғамның адамға артатын сеніміне, түлғаның даму деңгейіне, өзінің жасаған іс-әрекеттерінің әлеу-меттік маңыздылығын сезінумен анықталады. Басқару ісіндегі жауапкершілікті қамтамасыз ету үшін мәжбүр ету, шара қолдану, жазалау, ынталандыру шаралары қолданылып, басқару қызметкерлерінің жауапкершілігі басқару стилін айқындайды.
Осыған байлансты өткен ғасырдың 60-шы жылдары американдьқ профессор Дуглас Мак Грегор адамдардың тұрпатын ажырататын «X» теориясы мен «У» теориясына негізделген, басқаруды үйымдастырудың екі тұжырымдамасын ұсынған.
«X» теориясы бойынша қатардағы адамның жұмыс істеуге ынтасының болмауы және одан жалтару жолдарын іздеуі тән, сондықтан белгіленген мақсаттарға жету үшін адамдардың көшпілігін мэжбұр ету, бақылау, бағытгау қажет; қатардағы адам көбінесе оны бақылап отыруды қалайды, жауапкершіліктен аулақ болуға, өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұмтылады, атаққұмарлыққа талпынбайды; адамдар көбінесе қауіпсіздікті қажет етеді. Д.Мак Грегордың пікірінше мұндай адамдарға қатысты басшы авторитарлық стильді және формальды емес әдістерді қолдануды ұйғарады. Ол осыларды ескере отырып, қарамағындағыларға психологиялық әсер етеді, өкілеттіктерді орталықтандырып, бір жерден шешім қабылдайды. Авторитарлық лидер билік арқылы өзінің еркін қарамағындағыларға жүктейді, мойындатады.
«У» теориясы бойынша қатардағы адамға атқаратын жұмысынан жалтару міндет емес, себебі ол еңбек белгілі жағдайларға байланысты тиісті жаза алу немесе табыс көзі болуы мүмкін; қызметкерлердің қызметіне сыртқы бақылау орнату олардың күш-жігерін жұмылдырудың жалғыз құралы емес, егер адам мақсатының орындалуына мүдделі болса өзін-өзі басқару мен бақылауды жүзеге асыра алады; ынталы қызметкер үшін ең жоғары марапат — оның өзін-өзі көрсетуін жүзеге асыру; қызметкердің өзін-өзі көрсетуін жүзеге асыру барысында ұжымның мақсаттарына қол жеткізіледі; қатардағы адам тиісті жағдайларда жауапкершілікті өз мойнына алуға үйренеді; көптеген адамдар ұйымның мәселелерін шешуге елеулі үлестерін қоса алады. Осындай қызметкерлерге қатысты басшы басқарудың демократиялық стилін және формальды емес әдістерін қолданады. Басшы-демократ өз еркін қол астындағыларға міндеттемейді, орындаушылардың өзін-өзі көрсетуге деген үлмтылыстарын жоғары мақсаттарға жету жолының басты кепілі деп біледі. Ол ұйымның мақсаты мен топ мақсаты арасында байланыс орнатып, кейін аткарылған жұмыстарға баға береді. Бұл басқару стилінің ашық түрі, мұнда сенімділік орын алып, адамдар мәселені өздері шешіп, басшыға тек керек кезде ғана барады.
Мак Грегордың пайымдауынша «X» теориясына сәйкес әкімшілік қызметкерлер тек «сызықтық» қызметкерлерді бақылау үшін қолданылса, онда олардың өзара байланыстарында түсінбеушілік туындауы мүмкін. Ал «У» теориясына байланысты әкімшілік қызметкерлердің рөлі қалған басқару деңгейлеріне тек қана кәсіби көмек көрсетумен шектеледі.
Қазіргі кезде басшыға қабылданған стильдердің тек біреуін ғана ұстану міндет емес, әр уақытта оның әрекеті нақты қалыптасқан жағдайға қарай анықталады. Орын алып отырған жағдайды дұрыс қолдана алса ғана ол жақсы көшбасшы бола алады. Ол үшін қарамағындағылардың қабілетін, олардың қойылған мәселені шешу мүмкіндігін, өз өкілеттігін жақсы білуі қажет.
Міндеттерді атқару барысында қалыптасқан жағдай өзгеруі мүмкін, ал бұл қол астындағыларға ықпал ету тәсілдерін, яғни басқару стилін өзгертуді талап етеді. Жалпы басқару сияқты көшбасшьшық та (лидерлік) өнер, сондықтан керек кезінде басқару стилін өзгерте алатын, яғни өндіріс пен сыртқы ортада орын алған жағдайға бейімделе алатын адам тиімді басшы болып табылады. Ал бұл өз кезегінде бейімделген басқару стилі туралы сөз етуге мүмкіндік береді. Ол көп жағдайда басқару стилін жетілдіру қажеттілігін тудырады.
Мемлекеттік басқару стилін жетілдіру көптеген мәселелерді талдап, шешуді көздейді. Бірақ осы мәселелерді жинақтай, зерделей келе ең алдымен, қызметтің дүрыс, тиімді ұйымдастырылуына басты мән берілуі қажет екендігін аңғаруға болады. Себебі басқару жүйесінің дұрыс ұйымдастырылуы мемлекеттік басқарудың ұтымдылығы мен тиімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретіні мәлім. Бұл процес біріншіден, билік органдарындағы мемлекеттік лауазым мен жұмыс орнын ұйымдастырудан басталады. Лауазымның мемлекеттік орган қүрылымындағы орны мен рөлі анықталып, ол атқаратын жұмыстың мазмұны (қызмет ауқымы, нысаны, әдістері, өкілеттігі, ынталандыру мен санкция және т.б) көрсетіледі, басқа лауазымдармен сыртқы өзара байланысы (қарым-қатынас тәртібі, ақпараттық, техникалық және тағы басқа қызмет көрсету) ұйымдастырылады. Осыған қоса мемлекеттік органдағы әрбір лауазым праксеологиялық (кабинетпен, жұмыс орнына қажет құрал-жабдықпен, жарықпен жабдықтау және т.б.) және эргономикалық (байланыс құралдары, қол астындағылармен байланыс жүйесі, компьютер және т.б.) тұрғыдан жабдықтауды қажет етеді. Қазіргі таңда әрбір адамның өзін толықтай көрсете білуіне, қабілет мүмкіндігін қолдана алуына жағдай жасау арқылы лауазымдық қызметтің тиімділігін арттыруға көңіл бөлінуде. Келесі атқаратын міндет органдардың буындары (звенолары) мен құрылымдарын ұйымдастырумен байланысты. Бұл жерде сөз басқару функцияларын көлденеңнен құрылымдық бөлімшелерге шоғырландыру туралы болып отыр. Мұндай шоғырландырудың өзіндік артықшылықтары бар: басқару ісіне мазмұнды, мәнді сипат береді, ақпараттармен өзара алмасуға мүмкіндік береді, басқарушылар мен орындаушылардың арасында байланысты нығайтады, мемлекеттік басқару стилін жетілдірудің көптеген мәселелерін шешуге ықпалын тигізеді. Бұдан кейін жетекші қызметін атқару барысын ұйымдық қамтамасыз ету міндеті туындайды. Жетекшінің қызметін ұйымдастыру басқарылатын органның қызмет ету стилін қалыптастыруда шешуші рөл атқарады және ол басқару қызметінің стратегиясын әзірлеуге, қарастырылатын мәселелердің тәртібін белгілеуге, қоршаған ортамен байланыс орнатуға, жиналыс, пікір алмасулар өткізуге мүмкіндік беретіндей ұйымдастырылуы қажет.
Басқару қызметімен айналысатын жеке адамдардың бойынан ьнталандыру мен жауапкершілік іспетті қасиеттердің үнемі табылуы бұл процесте қажетті нәтижелерге қол жеткізудің басты негізін құрайды. Дегенмен тек жеке адамдардың ізденгіштігіне, өзін-өзі дамытуға ұмтылыс жасауына ғана үміт артпай, басқару тәжірибесін игеру ұйымдасқан түрде жүргізіліп, ол өз кезегінде басқару стилінің ажырағысыз бөлігіне айналғаны дұрыс. Осыған байланысты мемлекеттік басқару стилін жетілдірудің төменгідей негізгі бағыттарына тоқталып өткен жөн. Алдымен басқару қызметінің басқару әсеріне бағытгалуын қарастырайық. Басқарудын нақты сипаты, болмысы тек тиісті үрдістерге оның тигізетін ықпалында көрініс табады. Басқару ықпалы қоғамдық даму үрдістерінде бір қалыпты, тиімді жағдайды қалыптастырып, дамытқан, өзгерткен жағдайда ғана орын алады. Егер басқару ықпалы қабылданған шешімдерге, жүргізілген ұйымдастырушылық шараларға, басшының жұмсаған күш-жігеріне қарамастан объектіге жетіп, жүзеге асырылмаса, онда басқару да болмайды.
Қорытынды. Директивті стильге биліктің шектен тыс орталықгандырылуы, көпшілікпен және бағыныштылармен санаспаушылық тән, мүлда нені қалай істеу керектігін басшы өзі шешеді. Демократиялық стильде - бағыныштыларға еркіндік беру арқылы, олардың белсенді түрде араласуы нәтижесінде шешімдер әзірленіп, қабылданады. Либералдық стиль—басшының бағыныштылардың іс-әрекеттеріне араласпауымен сипатталады. Ол жауапкершіліктен қашқақтап, тіпті ұжым қызметінің ең күрделі мәселелерін шешуге де қатыспайды.
Мемлекеттік-басқарушылық қызметте әкімшілік әдістер ерекше орын алады. Бұл әдістер мемлекеттің басқарушылық құрылымдары адамдардың тәртібін, қызметін тікелей және міндетті түрде анықтайтын амалдарынан, тәсілдерінен, әрекеттерінен тұрады. Олардың белгілері: а) мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның орындаушының міндеттерін тәртіп нормаларын белгілеу және оған нақты бұйрық беру арқылы тікелей әсер етуі; ә) алдыға қойылған міндеттердің, іс-әрекеттерді шешудің бір жақты тәсілін таңдау, орындалуға міндетті жағдайларды шешудің бір жақты жолын таңдау; б)өкімдер мен нұсқаулардың міндетті түрде орындалуы, орындалмаған жағдайда әр түрлі заңдық жауапкершілікке әкелу мүмкіндігі.
Кейде әкімшілік әдістер әкімшілдік түсінігімен байланыстырылады, бірақ олар әр түрлі ұғымды білдіреді. Әкімшілдік саяси режимді сипаттайды, басқарушылық процестерде күшпен бағындыру, ырықсыз көндіру, бұйрық беру секілді құралдарды қолданудан тұратын мемлекеттік басқару стилін анықтайды. Әкімшілік жүргізуде кез келген әдістерді әсіресе, экономикалық және әкімшілік әдістерді қолдануға болады. Әкімшілік әдіс¬тердің қолданылуы табиғат, қоғам, адам мүддесі тұрғысынан көптеген қауіпті технологияларды және қызмет түрлерін реттеу қажеттілігінен туындаған. Бірақ оларды қолдану да апатты жағдайлардың және төтенше оқиғалардың үнемі алдын алуға мүмкіндік бере бермейді.
Басқарушылық қызмет әдістерін жеке түрде емес, кешенді, талғамалы түрде, қоғамда орын алған жағдайға байланысты, болған оқиғаның сипатына және адамдардың тәртібінің деңгейіне қарай қолданған жөн. Сонымен бірге әрбір әдістің өзінің қолдану шегі бар, осыған байланысты мемлекеттік басқару органдары өздерінің басқарушылық қызметтерінде аталған әдістердің қолдану шегінен ауытқымағаны дұрыс.
Негізгі әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.Алматы,Юрист,2003.
2. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. (23 қаңтар 2001 жыл №148-11).-Алматы, 2001.
3. Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. Курс лекции. М.,
4. Зеркин Д.П., Игнатов В.Г. Основы теории государственного управления. Курс лекции Ростов-на-Дону, 2000 г.
5. Пикулькин А.В. Система государственного управления: Учебник для вузов. – М., 2004 г.
6. Чиркин Е.В. Государственное управление.- М.,2001.
7. Чиркин Е.В. Государствоведение.М.:1999
Қосымша әдебиеттер
8. Атаманчук Г.В. Как найти формулу разделения областей?// Российские вести.1992г.11 ноября.
9. Атаманчук Г.В. Современная концепция государственного управления Россей // Государственное управление: проблемы теории, истории, практики преподавания. Ростов-на-Дону, 1993г.
10. Атаманчук Г.В. Государственное управления: рациональность и эффективность его в период структурных перемен // Ракурс. Управление: теория, практика, поиск. Минск,, 1993г.
11-тақырып.Мемлекеттік басқарушылық шешімдерді қабылдау үрдісі
Жоспар
1.Мемлкеттік басқару үрдісіне мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
2.Мемлекеттік саясатты жақсақтау негіздері.
3.Мелекеттік саясатты жүзеге асыру механизмі.
3.Мемлекеттік шешімдердің түрлері мен нысандары.
4.Басқарушылық шешімдерді жасақтаудың әдістемелік негіздері.
5.Мемлекеттік басқарушылық шешімдерді қабылдау үрдісіндегі талдау.
Экономикалық саясат субъектісіне мемлекеттің өзі және мемлекеттік емес қоғамдық одақтармен бірлестіктер жатады. Осы саяси экономикалық субъектінің іс әрекеттік сипаттары әр түрлі. Мемлекеттің саяси және экономикалық билігі бар, қоғамдық одақтардың бірінен текөздерінің мүмкіндігіне ғана сүйене алады. Олардың заң қабылдау билігі жоқ. Мемлекеттің билігі елдегі әртүрлі өндірушілерден тұрғындар топтарының мүдделерін келістіріп олардың еңбек пен іскерлік экономиканың белсенділерін белгілеген бір жақты мақсаттағы қол жеткізуі үшін қажет. Экономиканың мемлекет реттуі кейін де ирархиялық жүйе реттеуде құралды. Ең жоғары мемлекеттік деңгейде заң шығарушы және оны атқарушы билік тармақтары ажыратып, олардың қызмет атқару шектері айқындалады.
Парламеттте экономикалық саясаттың негізгі бағытты талқыланады және қабылданып бекітіледі немесе қайта қаралады. Қабылданған экономикалық саясаттың өмірге негізделіп оның іске асырып атқарушы билік тармағы өкімет жауап береді. Өкімет өз кезегінде саяси мақсатының іске асыру құқығының мемлекеттің әртүрлі мемлекеттеріне бөліп береді.
Мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаттары:
Азаматтарды және олардың жеке меншігімен салаларын қорғау;
Әлеуметтік белсенділікпен қамтамасыз ету;
Халыққа қажетті тауарлар мен қызметтерге жағдай жасау.
Экономикалық саясаттың кезеңдері:
Қоғамдық мәселелерді және саясат мақсаттарын анықтау (иницияцияланған саясат);
Мемлекеттік саясаттың іске асырылуы (саясаттың қалыптасуы);
Мемлекеттік саясаттың мониторингі;
Мемлекеттік саясаттың бағалануы мен реттелуі (саясатты бағалау).
Мемлекеттік саясаттың жүзеге асуына тікелей атсалысатын салалар: заң шығарушы органдар, атқарушы органдар, қызығушылар тобы.
Мемлекеттік саясатты үш түрлі топқа бөлуге болады:
« Жоғарыдан төмен » үлгісі, шешімді басқарудың жоғарғы дәрежесінде қабылдайды, сосын төменгі дәрежеге дейін түсіріп және нақты орындаушылармен, бұлар пассивті рөл адамдары, яғни қарапайым орындаушылар.
« Төменнен жоғарыға » үлгісі, бұл кезде саясатты форматтау төменгі мемлекеттік басқару құрылымдарымен, қоғамдық топтар мен ұйымдарды қатыстыра отырып жоғарыға қарай көтерілу.
« Аралас » үлгі, алдыңғы екі топты біріктіру арқылы іске асады, саясатты дамыту кезінде азаматтар мен мемлекеттік қызметкерлердің бірігуі күштірек болған жағдайда іске асады.
Мемлекеттік саясаттың сипаттамаларының маңыздысы келесілер:
мемлекетте және қоғамда болып жатқан өзгерістерді қадағалау;
кешенді келбетке ие болуы керек, әртүрлі бір бірімен байланысқан мәселелерді шешу;
нәтижелі және тиімді болу;
тұрғындардың сеніміне ие болуы керек.
Мемлекеттік саясатты іске асырудың механизімі:
- ұйымдық басқару;
- нормативтік – құқықтық;
- қаржылық – экономикалық;
- әлеуметтік – психологиялық.
Саясатты іске асыруда мемлекеттік билік органдарының рөлінің маңыздылығы мынада:
Қажетті ресурстарды алу;
Сәйкесінше жоспарлар мен бағдарламалар құру;
Қатысушылар саласын ұйымдастыру;
Қойылған мақсатқа жетуге байланысты іс шараларды ұйымдастыру.
Мақсатты бағдарламалар – бұл мемлекеттік басқарудың құралы. Олар ресурстармен, орындаушыларымен, ғылыми зерттеулік, тәжірибелі құрылымдық, өндірістік, әлеуметтік экономикалық, ұйымдық шаруашылықтық, т.б. іс шараларды уақытында іске асыруына негізделген. Мемлекеттік араласуды талап ететін әртүрлі қарым−қатынастар көптеген мемлекеттік шешімдердің түрлерін тудырады. Басқару қызметінде екі типті мәселе шешіледі: түпкі (түпкі емес) біртипті және қайталанба типті.
Әдебиеттер тізмі
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.Алматы,Юрист,2003.
2. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. (23 қаңтар 2001 жыл №148-11).-Алматы, 2001.
3. Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. Курс лекции. М.,
4. Зеркин Д.П., Игнатов В.Г. Основы теории государственного управления. Курс лекции Ростов-на-Дону, 2000 г.
5. Пикулькин А.В. Система государственного управления: Учебник для вузов. – М., 2004 г.
6. Чиркин Е.В. Государственное управление.- М.,2001.
7. Чиркин Е.В. Государствоведение.М.:1999
Қосымша әдебиеттер
8. Атаманчук Г.В. Как найти формулу разделения областей?// Российские вести.1992г.11 ноября.
9. Атаманчук Г.В. Современная концепция государственного управления Россей // Государственное управление: проблемы теории, истории, практики преподавания. Ростов-на-Дону, 1993г.
10. Атаманчук Г.В. Государственное управления: рациональность и эффективность его в период структурных перемен // Ракурс. Управление: теория, практика, поиск. Минск,, 1993г.
