- •4Тақырып. Мемлекеттің функциялары және мемлекеттік басқару түрлері
- •6.4 Мемлекеттік басқарудың ұғымы мен функцияларының түрлері
- •6.5 Мемлекеттік басқарудың функционалдық құрылымы және оның заңдылық рәсімделуі
- •5 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың қағидалары мен әдістерін жүйелеу негіздері және оларды қолдану-
- •6 Тақырып.Мемлкеттік орган: құрылу тәртібі және және құзыреті
- •8.4 Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау рәсiмдерi
- •8.5 Мемлекет пен қоғамның; мемлекет пен оның азаматтарының құқықтық қатынастарын реттеу
- •8.6 Мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы басқарушылық қатынастарды құқықтық реттеудің мәні мен маңызы
- •8.7 Орталық және жергілікті атқарушы органдардың арасындағы басқарушылық қатынастарды құқықтық реттеудің мәні мен мазмұны.
- •9 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың персоналы: құрылымы, мазмұны
- •10 Тақырып. Мемлекеттік басқару стилінің элементтері мен қасиеттері
- •12 Тақырып. Мемлекеттік басқару тиімділігін өлшеу
8.4 Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау рәсiмдерi
Азаматтардың құқықтарын iске асыру рәсiмдерiнде:
1) азаматтар мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға заңдық маңызы бар фактiлердi растайтын құжаттардың ең аз санын беруге мiндеттi болатын құқықтарды iске асыру тәртiбi;
2) азаматтардың құқықтарын iске асырудың және олардың заңды мүдделерiн қамтамасыз етудiң ең қысқа мерзiмi;
3) азаматтардың құқықтарын iске асыру жөнiндегі шешiмнiң жобасы келiсiлетiн орындардың ең аз саны;
4) тиiстi адамның немесе органның iстi қарайтын орны мен уақыты туралы азаматтарға алдын-ала хабарлануы;
5) азаматтың өтiнiшiн қарауға байланысты iстiң материалдарымен оның танысу мүмкiндiгi, азаматтың өз өтiнiшi бойынша талқылауға жеке қатысу мүмкiндiгi;
6) азаматтың өтiнiшiне байланысты iс материалдарының басқа лауазымды адамға негiзсiз берiлуiне жол бермей, азаматтың өтiнiшi жөнiндегi iстi бiр ғана лауазымды адамның жүргiзуi;
7) азаматтың өтiнiшiн қарауды мәселенiң объективтi шешiлуiне мүдделi емес деп ойлауға негiз бар адамға жүктеу жағдайларына жол берiлмеуi көзделуге тиiс.
Азаматтардың құқықтарын iске асыру рәсiмдерiнде:
1) шағымды берген немесе шағымда мүддесi көзделген адамға зияны тиетiндей етiп шағымның өңiн айналдыруға;
2) өтiнiште iс-әрекеттерiне шағым айтылған лауазымды адамдарға өтiнiштi жiберуге;
3) азаматтардың жеке өмiрi, жеке және отбасылық құпиялары туралы мәлiметтердi олардың келiсiмiнсiз жария ету мүмкiндiгiне;
4) азаматтың өтiнiшке қатысы жоқ жеке басы туралы деректердi анықтауға жол берiлмеуге тиiс.
Мемлекеттік органдар жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық қызметтер ұсыну үшін интернет-ресурстар құрады. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары:
1) мемлекеттік органның қызметі туралы жалпы ақпаратты;
2) мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының тізбесін, сондай-ақ олардың басшылары туралы мәліметтерді;
3) аумақтық органдардың (олар болған кезде) тізбесін, олардың міндеттері мен функцияларын, сондай-ақ олардың басшылары туралы мәліметтерді;
4) мемлекеттік органның қарамағындағы тізілімдердің, тіркелімдердің, кадастрлардың тізбелерін;
5) жалпыға қол жетімді электрондық ақпараттық ресурстар мен жеке және заңды тұлғаларға ұсынылатын электрондық қызметтердің тізбелерін;
6) мемлекеттік орган қабылдаған және қолданысқа енгізілген нормативтік құқықтық актілерді;
7) мемлекеттік орган заңдарға және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қарауға қабылдайтын өтініш құжаттарының үлгілерін;
8) ашық конкурстық сауда-саттықтар (тендерлер, аукциондар), сараптамалар мен басқа да іс-шаралар туралы мәліметтерді және оларды өткізу шарттарын, сондай-ақ оларға жеке және заңды тұлғалардың қатысу шарттарын;
9) мемлекеттік органда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың тәртібі туралы ақпаратты, азаматтарды қабылдау кестесін, өтініштерге шолуларды, оларды қараудың нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы ақпаратты;
10) мемлекеттік органның жарияланған бос лауазымдары туралы мәліметтерді, мемлекеттік қызметтің бос лауазымдарына орналасу үшін
кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптарын;
11) мемлекеттік органдар басшыларының және олардың
орынбасарларының ресми сөйлеген сөздері мен мәлімдемелерінің мәтіндерін;
12) "Сұрақ-жауап" сервисінің болуын;
13) азаматтарға интерактивті сұрақтар қоюды;
14) жаңалықтар тізбегін;
15) мемлекеттік органның құзыретіне қатысты бөлікте саланың даму жай-күйін және серпінін сипаттайтын ресми статистикалық ақпаратты және (немесе) көрсеткіштерді;
16) мемлекеттік органның қызметі туралы талдамалық баяндамаларды және ақпараттық сипаттағы шолуларды;
17) мемлекеттік органның, оның құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдарының және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының почталық мекен-жайларын, электрондық почтасы мекен-жайларын, анықтама қызметтерінің телефондарын;
18) өзге де бөлімдерді қамтуға тиіс.
Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстары мыналарды да:
1) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайға немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайға мұқтаждарды есепке алудың бөлек тізімдерін;
2) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай алған адамдардың тізімдерін тұрғын үй беруге мұқтаждарды есепке алу тізімдерінде белгіленген олардың кезектілігін көрсете отырып, қамтуға тиіс.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсын дағы жаңалықтар тізбегін өзектілік орайында жаңарту күн сайын жүзеге асырылуға тиіс, өзге де бөлімдерді өзектілік орайында жаңарту қажеттілігіне қарай, бірақ аптасына кемінде бір рет жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу үшін белгіленген талаптарға сәйкестікті растау өтініш берушінің мәліметтер нысанын ұсынуы арқылы жүзеге асырылады.
Азаматтардың өтінiштер беру, оларды тiркеу тәртiбi, олардың мемлекеттiк органдарда қаралу мерзiмдерi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленедi. Iстi қарау барысында:
1) мемлекеттiк орган мен лауазымды адам өтiнiшке байланысты нақты мән-жайларды анықтайды және зерттейдi, өтiнiш бойынша шешiм қабылдау кезiнде басшылыққа алынуы керек құқық нормаларын айқындайды және қажет болған жағдайда шешiм қабылдау үшiн қажеттi құжаттар мен материалдарды белгiленген тәртiппен сұратады және алады;
2) азамат өзiнiң өтiнiшiн қарайтын лауазымды адамға дәлелдерiн жеке баяндауға, сондай-ақ өз өтiнiшiнiң негiздiлiгiн растайтын қосымша материалдарды табыс етуге құқылы.
Азаматтардың мемлекеттiк орган бөлiмшелерiне жiберiлген өтiнiштерiн қарау барысын бақылауды осы бөлiмшелердiң басшылары жүзеге асырады. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам өтiнiштердi қарау нәтижелерi туралы арыз берушiлерге жазбаша түрде дәлелдi жауап қайтарады.Азаматтардың өтiнiштерi оларда қойылған мәселелер қаралып, олар бойынша қажеттi шаралар қолданылған және арыз берушiлерге заңдарда белгiленген тәртiппен жауап қайтарылған жағдайда шешiлген болып есептеледi.Егер мәселелердiң шешiлуi ұзақ мерзiмге қалдырылса, өтiнiш ол түпкiлiктi орындалғанға дейiн қосымша бақылауға қойылады.Егер жаңа дәлелдер немесе жаңадан ашылған мән-жайлар болса, арыз берушi мемлекеттiк орган (мемлекеттiк органның лауазымды адамы) заңдарда белгiленген тәртiппен қарап қойған мәселе бойынша қайта арыз беруге құқылы. Егер өтiнiштер бойынша тексеру материалдары толық болса және арыз берушiлерге белгiленген тәртiппен жауап қайтарылса, жаңа дәлелдер немесе жаңадан ашылған мән-жайлар көрсетiлмей, қайта берiлген арыздар тексеруге жатпайды.Мемлекеттiк органның басшысы немесе оның орынбасары азаматтардың өтiнiштерi бойынша iс жүргiзудi тоқтату және осы iстердi бақылаудан алу туралы шешiм қабылдауға құқылы.Келiп түскен өтiнiштi бақылаудан алуға тексеру материалдары қоса берiлген өтiнiштi қарау нәтижелерi туралы белгiленген нысандағы құжат (қызметтік жазбахат, анықтама) немесе мемлекеттiк органның толық жауабы негiз болып табылады.Өтiнiш бойынша қабылданған шешiмге арыз берушi жоғары тұрған мемлекеттiк органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе сотқа шағымдана алады.Лауазымды адамдардың әрекетiне (немесе әрекетсiздiгiне), сондай-ақ мемлекеттiк органдардың шешiмдерiне шағым жоғары тұрған лауазымды адамға немесе органға не сотқа iс-әрекеттiң жасалғаны немесе тиiстi лауазымды адам немесе орган шешiм қабылдағаны туралы азаматқа белгiлi болғаннан кейiн үш айдан кешiктiрмей берiледi. Шағымдану үшiн өтiп кеткен мерзiм мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам не сот үшiн шағымды қабылдамауға негiз болмайды. Мерзiмнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және ол шағымды қанағаттандырудан бас тарту негiздерiнiң бiрi болып табылуы мүмкiн.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өтiнiштердi қараудың өзгеше ережелерi көзделмесе, шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың өтiнiштерi заңдарда белгiленген тәртiппен қаралады.
Мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшылары мен олардың орынбасарлары тиiстi мемлекеттiк органның басшысы бекiтетiн қабылдау кестесiне сәйкес азаматтарды, соның iшiнде сол органдардың қызметкерлерiн айына кемiнде бiр рет жеке қабылдауға мiндеттi. Азаматтарды қабылдау белгiленген және азаматтардың назарына жеткiзiлген күндер мен сағаттарда жүргiзiледi.Егер арызды немесе шағымды лауазымды адам қабылдау кезiнде шеше алмайтын болса, олар жазбаша нысанда баяндалады және олармен жазбаша өтiнiштер ретiнде жұмыс жүргiзiледi.
Азаматтардың өтiнiштерi бойынша iс қағаздарын жүргiзу заңдарда белгіленген тәртiппен iс қағаздарын жүргізудiң басқа түрлерiнен бөлек жүргiзiледi. Азаматтардың өтiнiштерiмен жұмысты ұйымдастыруға, iс қағаздарын жүргiзудiң жай-күйiне органдардың басшылары жеке жауапты болады.
