Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МБТ жана(3)(1).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
268 Кб
Скачать
☆

12 Тақырып. Мемлекеттік басқару тиімділігін өлшеу

Жоспар

1.Мемлекеттік басқару жөніндегі қызметтің әлеуметтік-экономикалық тиімділік проблемасы.

2.Мемлекеттік басқарудың жалпы әлеуметтік тиімділігін бағалаудың мәні мен шарттры.

3.Мемлекеттік басқару нәтижелерін талдау әдістемесі және оларды бағалау. 4.Жалпымемлекеттік және аймақтық деңгейдегілердегі басқарушылық қызмет тиімділігінің экономиаклық астары.

5.Мемлекеттік басқару субъектілерін және экономиканы басқару органдарын ұйымдастыру мен қызмет етуінің тиімділігі

Дәріс тезисі

Элементтердің нақты белгіленуі, орналасуы мен өзара әрекеттері, олардың тігінен және көлденеңінен тәуелділігі, байланыс формалары мен олардың мүмкіндіктерін мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымы көптеген обьективтік және субьективтік жағдайлар мен факторлардың әсерімен алады. Олар әр түрлі мемлекеттерде мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымдарының ауқымды көп түрлілігі неге болатындығын есеп жүргізусіз қиынға соғатын өзіндік ерекшеліктерге ие.

Мемлекеттік басқарудан тыс орналасқан секілді көрінетін сыртқы жағдайлар мен факторлар арасында аталған мемлекет соның негізінде және шегінде тіршілік ететін бұрын аталған (1.3.1) объективті жағдайлар кешеніне тиесілі. Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, бұл жағдайларды ескермеу әрекеті және мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымының әлдеқайдан алған моделін «енгізу», сәтті сияқты болса да (тиісті ахуалда), көп ешнәрсе бере қоймайды. Өзіндік обьективтік жағдайларға бейімдеусіз кез-келген көшірме мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымының қажетті тиімділігін қамтамасыз етпейді.

Мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымына күшті, көп жағдайда анықтаушы әсер етуді басқарылатын нысандардың ахуалы мен орналасуы көрсетеді (I. 4.1, 4.2). Басқару субъектісі (мемлекеттік аппарат) қоғамдық жүйенің өзара байланыстары мен барлық элементтерін өзінде өндірмеуі тиіс. Актуалды басқарылатын нысандарды бөліп қарау және олардың басқарушылық өлшемдеріне ықпал етуді қамтамасыз ету жеткілікті. Егер бұл жасалса және мемлекет өзіне қандай да бір процестерді басқарудың функциясын өзіне алатын болса, онда ол өзінің басқаруының ұйымдық құрылымында аталған процестермен қажетті өзара байланыстарды және ол бойынша басқарушылық әсер етудің талап етілетін күшінің өтуін қарастыруға міндетті. Мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымында обьектілік негіздеме бойынша дәстүрлі түрде басқарудың органдарының «блоктарын» айырады: а) экономикалық процестерді; б) әлеуметтік-мәдени процестерді; в) әкімшілік-саяси процестерді. Бұл аспектіде барлығы да басқарылатын нысандардың басқарушылық қажеттігі құрылымдарына қатысты болады.

Мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымына қатынасы тұрғысынан обьективтік ретінде мемлекеттің қоғамдық функциялары (I. 2.3), олар жүргізетін мемлекеттік саясат (I. 2.4) және солардың негізінде туындайтын мемлекеттік басқарудың мақсаттары мен функциялары көрініс табады (II. 6). Шамасы, мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымында саяси, әлеуметтік, экономикалық және халықаралық — мемлекеттің қоғамдық осындай функцияларынан әрқайсысының ұтымды, толық және тиімді жүзеге асырылуы үшін қанша жеткілікті болса, сонда ұйымдастырушылық әлеует жинақталуы тиіс. Елеулі ұйымдастырушылық қамтамасыз етуде сондай-ақ мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының әрқайсысы қажетсінеді. Сондай-ақ әрине, белгілі бір ұйымдастыру мүмкіндіктеріне мемлекеттік басқарудың мақсаттары мен функциялары да арқа сүйеуі тиіс. Басқалай жағдайда саяси құжаттар мен заңдарда жай ғана жария етіліп қоймай, бекітілгендерден көбісі күн талабына ұран, құрағақ тілек болып қала береді.

Көп нәрсе сондай-ақ мемлекеттік басқарудың өзінде мазмұндалатын ішкі жағдайлармен және факторлармен анықталады. Бұл — саяси және әкімшілік мемлекеттік лауазымдарды алмастыратын, мемлекеттік аппаратта айырықша орналасқан адами әлеует. Басқарушылық кадрлардың нашар дайындығы және біліктілігінің аздығы әдетте бұл құбылыстың өтелуі қажеттігі салдарынан мемлекеттік басқарудың шамадан артық көбейіп кетуіне және күрделіленуіне әкеліп соғады. Бұл — бір жағынан, басқарылатын нысандардың басқарушылық тұтынушылығы мен мүдделерінің барабар көрсетілуімен, ал екінші жағынан — мемлекеттік басқарудың мақсаттары мен функцияларын практикалық жүзеге асыруға басқару субьектілерінің басқарушылық ресурстарының жинақталуымен бағытымен байланысты мемлекеттік басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету. Ақпарат басқаруда обьективті және субьективті жағдайларды біріктіруге, кез-келген басқарушылық процесті обьективтендіру және обьективтендіру туралы анықталған мәліметтерді шығаруға бейімделген. Мұндай ақпарат болмаса не жеткіліксіз болған жағдайда, мемлекеттік басқару не бос немесе үлкен кедергімен қызмет етеді. Бұл — қоғамға мемлекеттің (оның аппаратының) алдында өзінің проблемалары мен сұраныстарын еркін және ұдайы ұсынуға, басқаруға өзінің интеллектуалдық әлеуетін енгізуге, ал мемлекеттік органдарға өзінің басқарушылық ықпалдарының қоғамдық пайдасын тікелей сезінуге мүмкіндік беретін мемлекеттік басқару демократизмі.

Ақырында, бұл — басқарудың заманауи ғылыми әдістері мен техникалық құралдарын игеру мен оларды қоғамдық процестерді неғұрлым оңтайлы және тиімді басқару мақсатында пайдалануда басқарушылық кадрлардың қабілеттері іске асырылатын мемлекеттік басқару стилі. Аталған құбылыстың мәні тиісті тақарыптарда нақтыланып ашылатын болады.

Мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымын және оған жауап беретін ұйымдық негіздемелерді құрылымдау моделін таңдау үшін ұйымды белгілі бір қоғамдық құбылыстың ерекшелігі және сонымен бір мезгілде сол қоғамдық құбылыстың мүмкіндіктердің көзі («генератор») ретінде түсінудің маңызды мәніне ие.

Көптеген зерттеулерді жинақтап қарастыра келе, бір тұста ұйымның "біріншіден, мақсаты, міндеті (немесе міндеттері); екіншіден, ұйымның ішіндегі жекелеген мүшелерге тапсырылуы мүмкін жұмыстардың жекелеген түрлеріне міндеттерді бөлу және мақсаттарды жүзеге асыру үшін шаралар жүйесін жасау; үшіншіден, мұнда форамльды түрдегі иерархиялық құрылымды қоса отырып, әр түрлі құралдармен реттеуге болатындай тиісті бөлімшелерде жекелеген жұмыстарды интеграциялау; төртіншіден, кейде оның мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған шаралармен анықталатын, кейде жеке, кездейсоқ сипатқа ие болатын ұйымдардың мүшелерінің уәждемесі, өзара әрекеттері, тәртібі, көзқарастары; бесіншіден, ұйымның мақсаттарын орындауды қамтамасыз ету үшін шешуші мәнге ие — шешімдер қабылдау, коммуникация, ақпараттық ағындар, бақылау, марапаттау мен жазалау секілді процестер; алтыншыдан, ерекше қосымша белгі ретінде емес, қайта ұйымның жоғарыда көрсетілген барлық элементтері арасындағы қол жеткізілуі тиіс ішкі келісушілік ретінде ұғынылатын бірыңғай ұйымдық жүйелер» жататын өзара байланысты элементтердің кешені екендігі белгіленген.

Демек, құрылымдау моделін таңдау жасалып және мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымдарының құрылу немесе жаңғырту процестері жүрген кезде, бұл ретте көптеген шарттар мен факторлар, сондай-ақ ұйымға егізілетін элементтер де ескеріледі,

Функциональдық негіздеме басқарудың нақты функцияларын жүргізуге арнайы бейімделген мемлекеттік органдарды құрылымдауға алып келеді. Бұл басқарудың жүзеге асырылатын функцияларының әрқайсысына мамандардың жоғары кәсібилендірілген аппаратын іріктеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл негіздеме басқарудың жекелеген функцияларын мамандандырылған жүргізудің артықшылықтарын шектейтін функционалды аралық үйлестірудің өте күрделі проблемасын туындатады.

Желілік-функциональдық негіздеме желілік және функциональдық негіздеменің артықшылықтарын біріктіруді қамтамасыз етеді және бір органдары басқарушылық шешімдер қабылдап және өмірге өктемдікпен енгізетін, ал басқалары кеңес берушілік, статистикалық, жоспарлаушы, үйлестіруші және басқа ерекшеліктегі ақпараттармен қамтамасыз ететін құрылымдар жасауға жағдай жасайды. Нәтижесінде мемлекеттік басқарудың деңгейі көтеріледі.

Мемлекеттік басқарудың немесе оның жекелеген қосалқы жүйелерінің ұйымдық құрылымдарын жобалаушылардың иелігінде олардың объективті және субъективті жағдайлары мен факторларына қажетті «таңылымда» бұл құрылымды үйлесімді және әрекетті жағдайда ұстап тұруға қабілетті көптеген ұйымдық негіздемелер (типтік модульдер) бар.барлығы да оларды пайдалана білуді қалау мен қолдана білуге қатысты.

Мемлекеттік органның құрылымы ретінде әдетте оның бөлімшелерінің жиынтығы, ал онда лауазымдар, олардың арасындағы органға жүктелген функциялар мен өкілеттіліктерді бөлу схемасы, осы бөлімшелер мен лауазымдардың өзара қарым-қатынасының жүйесі ұғынылады. Мемлекеттік органның құрылымы мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымындағы органның орнына, оның құзіретінің көлемі мен мазмұнына, соған сәйкес қоғамдық процестерді басқарудағы роліне байланысты. Ол тұтасымен мемлекеттік органның құзіретін жүзеге асыруға бағындырылған және жоғарыдан төменге қарай құрылады. Ол үшін «штаттық кесте» синонимі жиі пайдаланылады.

1. Тапсырылған міндеттермен анықталатын факторлар: орындау үшін мамандар тобына тапсырылған міндеттер мәнділігі; тапсырмалардың қиындығы; тапсырмалардың әрқилылығы; үйлестіру; кері қайтарылмайтын салдарлар тудыратын тапсырмалар.

2. Басшының жеке басына қатысты факторлар: басшының дербестігі дәрежесі; қызметі басшылықпен қатысты емес қосалқы қызметкер; басқару әдісі; жоспарлау.

3. Қызметкерге қатысты факторлар: қызметкерлердің біліктілігі; еңбек шоғырлануы; формальды емес топтардың қызметі; қарым-қатынас мәдениеті; кадрлардың тұрақтылығы.

4. Техникалық сипаттағы факторлар: басшылықтың вертикальды диапазоны.

Екінші бір міндет, біріншіден туындай отырып, олар өзінің мемлекеттік органының құзіреттілігін жүзеге асыруда басшылық етуші буынға толығымен және сапалы жағдай туғыза алатындай бөлімшелерді құрылымдаудан тұрады. Басқарушылық қызметтің оларға бекітілген көлемі мен түрлері аясында бөлімшелер нақ сол бөлімшелер ретінде көрініс беретін қажетті басқарушылық әрекеттерді орындауды табиғи жәйт. Бөлімшелерді құрылымдауға әр түрлі ұстанымдар бар: көлдеенеңді құрылымда бір басқарушы жетекшілік ететін (мәселен, алты бағыныштыға бір басшы) лауазымдардың ірі тобы құрылады; тігінен құрылымда бірнеше басшыға бағыныштылықпен лауазымдардың шағын топтары құрылады (сол жеті лауазымнан екі сектор екі лауазымнан бір сектор жетекшісі басшылығымен және оларға — бөлімше басқарушысы).

Үшінші шешілетін міндетке мемлекеттік органда лауазымдар мен жұмыс орындарын бөлу және сипаттау жатады.

Мемлекеттік лауазым мен жұмыс орны арасындағы айырмашылық мынада: лауазым бойынша қандай да бір ауқымда, бірақ басқарушылық буынның биліктік өкілеттіктеріне қызмет көрсетумен мемлекеттік органның құзіретін жүзеге асырумен тікелей байланысты қызмет орындалады.

Мемлекеттік лауазым — бұл соңғысының құзіретін жүзеге асыру бойынша қызметтің көлемін, мазмұнын және ресурстарын сипаттайтын, мемлекеттік органдағы тұрақты заңдылық белгілеу.

Мемлекеттік органның құрылымдарын жасақтауда органның желілік, функционалдық, желілік-функционалдық, бағдарламалық-мақсаттық ерекшеліктеріне қолданымды үлгілеумен ұқсас келетін мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымын жасаудағыдай реттегі негіздер пайдаланылады. Органда басқарушылық буында оны интеллектуалдық-ақпараттық қамтамасыз ету үшін құрылатын арнаулы бөлімше арқылы желілік-штабтық қосылады.

Мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымының анықтаушы проблемасы — мемлекетті және оның аппаратын (барлыұ органдар мен лауазымдардың жиынтығын) әрбір элемент және әрбір өзара байланыс қоғамға, адамға қажеттіні жүзеге асыратындай ұтымды, динамикалық және тиімді қызмет етуші жүйеге айналдыру.

Әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.Алматы,Юрист,2003.

2. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. (23 қаңтар 2001 жыл №148-11).-Алматы, 2001.

3. Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. Курс лекции. М.,

4. Зеркин Д.П., Игнатов В.Г. Основы теории государственного управления. Курс лекции Ростов-на-Дону, 2000 г.

5. Пикулькин А.В. Система государственного управления: Учебник для вузов. – М., 2004 г.

6. Чиркин Е.В. Государственное управление.- М.,2001.

7. Чиркин Е.В. Государствоведение.М.:1999

Қосымша әдебиеттер

8. Атаманчук Г.В. Как найти формулу разделения областей?// Российские вести.1992г.11 ноября.

9. Атаманчук Г.В. Современная концепция государственного управления Россей // Государственное управление: проблемы теории, истории, практики преподавания. Ростов-на-Дону, 1993г.

10. Атаманчук Г.В. Государственное управления: рациональность и эффективность его в период структурных перемен // Ракурс. Управление: теория, практика, поиск. Минск,, 1993г.