- •4Тақырып. Мемлекеттің функциялары және мемлекеттік басқару түрлері
- •6.4 Мемлекеттік басқарудың ұғымы мен функцияларының түрлері
- •6.5 Мемлекеттік басқарудың функционалдық құрылымы және оның заңдылық рәсімделуі
- •5 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың қағидалары мен әдістерін жүйелеу негіздері және оларды қолдану-
- •6 Тақырып.Мемлкеттік орган: құрылу тәртібі және және құзыреті
- •8.4 Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау рәсiмдерi
- •8.5 Мемлекет пен қоғамның; мемлекет пен оның азаматтарының құқықтық қатынастарын реттеу
- •8.6 Мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы басқарушылық қатынастарды құқықтық реттеудің мәні мен маңызы
- •8.7 Орталық және жергілікті атқарушы органдардың арасындағы басқарушылық қатынастарды құқықтық реттеудің мәні мен мазмұны.
- •9 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың персоналы: құрылымы, мазмұны
- •10 Тақырып. Мемлекеттік басқару стилінің элементтері мен қасиеттері
- •12 Тақырып. Мемлекеттік басқару тиімділігін өлшеу
5 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың қағидалары мен әдістерін жүйелеу негіздері және оларды қолдану-
Жоспар
1.Мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқару: қарым-қатынасы мен өзара әрекеттесу механизмі.
2.Мемлекеттік билік түсінігі. Мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқарудың өзара байланысы.
3.Қазақстан Республикасының мемлкеттік билік жүйесінің біртұтастығы.
4.Мемлекеттік басқару мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәсілі ретінде.
Дәріс тезисі
Мемлекет – бір жағынан рулық қауымның басқару жүйесінің қайта құру негізінде қалыптасса, екіншіден жаңадан басқару жүйесінің арқасында пайда болды.
Мемлекеттің рулық қауым құрылымынан айырмашылығын мына белгілерден ажырата аламыз.
мемлекеттің егемендігі болады;
мемлекеттің халқы әкімшілік жүйеге бөлінеді;
мемлекеттің әкімшілік билік органы және басқару ісімен шұғылданатын адамдары болады;
мемлекет заңдар шығарып, солардың күшімен қоғамдық қатынастарды реттейді.
Құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі обьективтік заңдары;
қосымша өнімнің пайда болуы;
жеке меншіктің қалыптасуы;
топтар мен таптардың арасында күрестің басталуы;
қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекеттің өмірге келуі.
Мемлекеттің қоғамдағы басқада ұйымдардан айырмашылық белгілері:
мемлекет қоғамдық көлемде бірден-бір билік жүргізуші ұйым;
мемлекет жалпы заңдылықты, тәртіпті бақылаушы;
мемлекеттің ішкі-сыртқы істердегі тәуелсіздігі, басым үстемдігі.
Мемлекет қоғамдық- саяси (халықтық) билігінің ерекше ұйымы. Оның ортақ істерді басқаруға бағытталған арнаулы аппараты болады.
Мемлекеттің мәні және тағайындау түріне сәйкес мемлекет формасы анықталады. Мемлекет формасын үш элемент сипаттайды; басқару формасы, мемлекеттік құрылыс формасы және саяси режим. Басқару формасы деп сол немесе басқа мемлекетте биліктің жоғарғы органдарын құру және ұйымдастыру ұғынылады. Мемлекет басқару формасы бойынша монархияға және республикаға бөлінеді. Монархида жоғарғы билік монархтың-мемлекеттің дара басшының қолына жинақталған. Республикада биліктің жоғарғы органдары сайланбалы болып табылады және белгілі бір мерзімге құрылады. Егер монархиялар абсалютті және шектелген болатын болса, ал республикалар парламенттік және президенттік болып бөлінеді.
Мемлекеттік құрылыс формасы мемлекеттің аумақтық құрылымынан, мемлекет және оның құрамдас бөліктері мен арақатынасынан көрінеді. Мемлекеттік құрылыс формасына қарай мемлекеттер біртұтас, федеративтік, конфедеративтік болып бөлінеді. Біртұтас мемлекет - өз құрамында ұлттық мемлекеттік құрылымдар жоқ бірыңғай мемлекет. Тұтас мемлекеттер тек қана әкімшілік-жергілікті аудандарға бөлінеді. Қазақстанда әкімшілік-аумақтық құрылысы облыстардан тұрады, облыстар аудандарға, ауылдарға, селолар мен поселкілерге бөлінеді. Федеративтік - өз құрамында басқада ұлттық-мемлекеттік құрылымдары күрделі мемлекет (АҚШ, Ресей федерациясы). Федерацияда конституция, астана, азаматтық, заңдар, сот және қаржы жүйесі бәрі екіге бөлінеді. Конфедерация - өз тәуелсіздігін толықтай сақтаған, белгілі бір мақсатқа жету үшін біріккен мемлекеттердің одағы. Қонфедерация мүшелері өздерінің тәуелсіздігін, азаматтығын, заңдарын, мемлекеттік аппаратты, сот және қаржы жүйесін, өздерінің ақшасын толық сақтайды.
Саяси режим деп мемлекеттік билікті жүзеге асырудың тәсілдері, құралдары және әдістерінің жүйесі ұғынылады. Мемелекеттің саяси құқықтық режиміне сәйкес оларды демократиялық және антидемократиялық деп бөлуге болады. Демократиялық жүйе бұл халықтың құқықтарына кепілдік берген, демократиялық әдістердің көбін мемлекет басқару процесінде қолданған жүйе. Антидемократиялық жүйе бұл халық басқару процесіне қатыспайтын және оның еркімен санаспайтын жүйе осы түрлерге жатады. Күш көрсету әдістерін пайдаланады, өте күшті жазалаушы органдардың болуымен және азаматтардың құқықтарымен бостандықтарының әлсіз қорғалуымен сипатталады.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.ҚР Конституциясы 1995 ж, 30 тамыз.
2.«ҚР тәуелсіздігі туралы» ҚР Конституциялық заңы 16.12.91.
3.Сапарғалиев Ғ. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы 2000 ж.
4.Сапарғалиев Ғ. ҚР құқығының негіздері. Алматы 2001 ж.
5.Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық, авторлар алқасы – Жоламанов К.Д., Тәукелев А.Н., Мұхтарова А.К. Алматы, 1998.
6. Правоведение. Учебник./ Под ред. О.Е. Кутафина. М., Юристъ,2001
