- •4Тақырып. Мемлекеттің функциялары және мемлекеттік басқару түрлері
- •6.4 Мемлекеттік басқарудың ұғымы мен функцияларының түрлері
- •6.5 Мемлекеттік басқарудың функционалдық құрылымы және оның заңдылық рәсімделуі
- •5 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың қағидалары мен әдістерін жүйелеу негіздері және оларды қолдану-
- •6 Тақырып.Мемлкеттік орган: құрылу тәртібі және және құзыреті
- •8.4 Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау рәсiмдерi
- •8.5 Мемлекет пен қоғамның; мемлекет пен оның азаматтарының құқықтық қатынастарын реттеу
- •8.6 Мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы басқарушылық қатынастарды құқықтық реттеудің мәні мен маңызы
- •8.7 Орталық және жергілікті атқарушы органдардың арасындағы басқарушылық қатынастарды құқықтық реттеудің мәні мен мазмұны.
- •9 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың персоналы: құрылымы, мазмұны
- •10 Тақырып. Мемлекеттік басқару стилінің элементтері мен қасиеттері
- •12 Тақырып. Мемлекеттік басқару тиімділігін өлшеу
8.6 Мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы басқарушылық қатынастарды құқықтық реттеудің мәні мен маңызы
Кәсіпкерлік – бұл қызметтің барлық қатысушылары үшін өзінің, қарызға алынған және басқа да қорлары есебінен өзара тиімді нәтижелер мен табыстарға қол жеткізу мақсатын көздейтін қолданыстағы заң аясында әрекет ететін шаруашылық және басқа ынталы қызметі.
Кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсетудің 4 бағыты ұсынылады. Олар:
- қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының екінші деңгейлі банктер алдындағы міндеттемелерін қаржыландыру;
- қайта өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта бизнес субъектілеріне арналған құрал - жабдықтардың лизингі;
- төмендетілген пайыздық ставкалар бойынша стресстік активтер қорының қаражаты есебінен Қазақстанның Даму банкі арқылы инвестициялық жобаларды несиелендіру;
- Астана мен Алматы қалаларындағы бірқатар үлескерлік құрылыс нысандарының құрылыстарын аяқтау.
Кәсіпкерлік іс мемлекеттік саясатпен тығыз байланысты. Мемлекет экономиканы реттеуге араласуы нарықтық экономикадағы еш уақытта аяғына дейін шешім таба алмайтын проблемалар: жұмыссыздық, инфляция, бюджеттік жетіспеушілік, экономиканың циклдық дамуы басты себептер болады.
Кәсіпкерліктің түрлері:
8.7 Орталық және жергілікті атқарушы органдардың арасындағы басқарушылық қатынастарды құқықтық реттеудің мәні мен мазмұны.
Мемлекеттік - басқарушылық процеске қатысушы адамдар арасындағы қатынастар, мемлекеттік қызметті атқаруға байланысты және өздерінің қандай да бір мәселелерін шешу үшін мемлекеттік органдарға жүгіну барысында қалыптасқан қатынастар. Жоғарыда аталып өткендей, мемлекеттік басқару басқарушылық қатынастарды орнатушылардың ерік қалауынан тәуелсіз болатын, міндеттілік сипаттағы құбылыс. Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеуде мемлекеттік органның құқықтық мәртебесіне басты мән беріледі. Құқықтық реттеудің әдістері басқарушы жүйенің әлеуметтік - құқықтық салаға әсер етуінің заңды тәсілдері мен құралдарының жиынтығынан тұрады. Олар:
1. Орталықтандырылған императивті реттеу (субординация) - мұнда реттеу жоғарыдан төмен биліктік - императивтік негізде мемлекеттік билік органдары арқылы жүргізіледі;
2. Орталықсыздандырылған диспозитивті реттеу - мұнда құқықтық реттеу пікір алмасу, келісім жасау, бірлескен актілер қабылдау арқылы жүргізіледі.
Сонымен, мемлекеттік – басқарушылық ықпалдырды қалыптастыру және жүзеге асыруды қамтамасыз етумен байланысты болатын мемлекеттік -құқықтық институттар (элементтер), адамдардың сана - сезімі,тәртібі (мінез-құлқы) және қызметі мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің обьектілерін құрайды. Құқықтық мемлекетте басқару ісіндегі заңдылықты қамтамасыз етуде біріншіден, сот билігі, екіншіден, атқарушы билік, үшіншіден, халықтың саяси белсенділігі маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік басқаруды заңдылықты қамтамасыз ету құралы ретінде бақылау механизмдерін атауға болады. Олар арқылы басқару шешімдерінің заңға сәйкестігі анықталады.
Бақылау механизмдерінің түрлері:
1. Сыртқы бақылау - бұл атқарушы биліктің бір органының екіншісін бақылауы;
2. Жалпы бақылау - жоғары органның сәйкесінше төменгісін қадағалауы;
3. Мамандандырылған сыртқы бақылау - мысалы, кедендік бақылау, монополияға қарсы, сан - эпидемиологиялық бақылау, жол қозғалысын бақылау;
4. Ішкі бақылау - мемлекеттік органдарда жетекшілерінің, арнайы топ бөлімдерінің бақылау функциясын атқаруы.
Мемлекеттік басқаруды тиімді ету үшін заңдылық пен құқықтық реттіліктің сақталуын қамтамасыз ету қажет.Оған мәжбүр етуден гөрі әркімнің өзі түсініп, саналы түрде орындау арқылы қол жеткізген абзал. Ал бұл мемлекеттік басқарудағы тәртіпке байланысты.
Тәртіп - әр адамның келісілген ережелерді, нормаларды орындау, пікір алмасу, нақтылы бір тапсырмаларды атқару процедураларын мойындап, қатаң сақтауында тұратын қоғамдық байланыстар нысаны. Мемлекеттік басқарудағы тәртіп түрлері бағытталуы мен мазмұнына қарай: Жалпы жоспарлы, келісімді, қаржылық, қызмет тәртібі, есептік -статистикалық, еңбек тәртібі, штаттық тәртіп, оқу тәртібі болып бөлінеді.
Конституцияда Қазақстан мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым - қатынас жасау, бір - бірінің ішкі ісіне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді делінген. Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздіне сырттан тікелей қатер төнген жағдайда Президент республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізеді, ішінара немесе жалпы мобилизация жариялайды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» заң бойынша біздің мемлекет өз аумағының шекарасын құрлықта да, теңізде де, әуе кеңістігінде де Қарулы күштермен күзетеді. Шекаралық әскер аумақтың тұтастығына төнген кез келген қауіптерге, қаруланған баса - көктеп кіруге қарсы тұрып, халықты қылмыстық қауіптерден қорғауды қамтамасыз етуі тиіс.
Ұсынылатын әдебиеттер:
ҚР Конституциясы 1995 ж, 30 тамыз.
«ҚР тәуелсіздігі туралы» ҚР Конституциялық заңы 16.12.91.
Сапарғалиев Ғ. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы 2004 ж.
Сапарғалиев Ғ. ҚР құқығының негіздері. Алматы 2001 ж.
Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық, авторлар алқасы – Жоламанов К.Д., Тәукелев А.Н., Мұхтарова А.К. Алматы, 2004.
8-тақырып. Мемлекеттік басқару жүйесінде ақпаратты ұйымдастыру
Жоспар
1.Мемлекеттік басқаруды аумақтық ұйымдастыру.
2.Қазақстан Республикасындағы аймақтық басқарудың ерекшеліктері.
3. Мемлекеттік аймақтық саясат. Өкілеттіліктерді шектеу. Мемлекеттік және аймақтық басқару органдарының өзара әрекеттесуі.
4.Басқарудың аймақтық моделдері.
Дәріс тезисі
Қазіргі кезде бүкіл әлемде ақпараттың жеке және қоғамдық өмір аясын ұйымдастыру мен реттеуде аса қажетті құрал екені, бар және алынған білімді сақтау мен таратудың бір формасы екені, басқарудың нәтижелі құралы мен «материясы» екені мойындалып отыр. «Ақпараттық қоғамға» көшу үрдісі адам өміріндегі кез-келген мәселенің шешімін табудағы ақпараттың рөлін арттырып отыр.
Бұндай жағдайда жаңа ақпаратты алу, сақтау және құрылған ақпаратты іздеу, ақпаратты дәйекті түсіну мен оны өзекті қолдану көп уақытты, күш пен ресурсты, арнайы жүйені құру мен жаңа техника, технологияны қолдануды қажетсінетін ауыр іс болып отыр. Ақпаратпен жұмыс істеу адамдардың кең ауқымды және бұқаралық кәсібіне айналып, ал ақпараттың өзі қоғамдық дамудың интенсификациясы мен гармонизациясының негізгі көзіне айналды. Қоғам алдында ақпаратпен қамтамасыз етілу, оны ұйымдастыру, жылжу каналдарын таңдау, түсіну мен бағалау әдістері, тәжірибеде тиімді пайдалану механизмі мәселелері тұр. Егер бұл жерде реттеуші шаралар қолданылмаса, онда қоғам ақпаратқа «батып», онсызда ақпараттық кеңістікте көп тараған «шумен» жұмыс істеу қаупі бар.Сөйтіп, келесідей парадокс пайда болады: ақпараттың тым көп болуы ақпараттың көзбояушылық тудырып, адамдардың ақиқатқа жанасатын және қажетті болатын ақпарат алуға кедергі келтіреді.
Әрине, ақпарат қолдануға жарамды формаға лайықты етіліп жиналған және жүйеленген сәйкесінше пәндердің, құбылыстардың, үрдістердің, қарым-қатынастардың, оқиғалардың және т.б. белгілі-бір мәліметтері, ақпарлары, фактілері мемлекеттік басқарудың негізін құрайды. Негізінде, барлық басқару үрдісі – әлеуметтік ақпараттарды іздеу, бекіту, анализдеу, бағалау, тарату, яғни адамдар өмірінің әртүрлі формаларының бейнеленуіне, ұғынылуына, түрленуіне байланысты ақпараттар.
Ең қажеттісі, жалпы басқаруда, оның ішінде нақты мемлекеттік басқаруда барлық ақпаратпен емес, тек қана мемлекеттік-басқарушылық әсерді жасақтау мен іске асыруға қажетті ақпаратпен жұмыс жасалынады. Бұл жерде сөз басқарушылық ақпарат туралы болып отыр.
Басқарушылық ақпарат – мемлекеттік-құқықтық үрдістерге қызмет етуге жарамды басқарушылық әсерді қалыптастыру және іске асыру критерийлері бойынша жалпы жиыннан бөлініп алынған әлеуметтік ақпараттың бөлігі.Ол өзінің «түбірімен» әлеуметтік ақпаратқа енгенімен, оның ішінен тек қана басқарушылық қажеттіліктері, адамдардың қызығушылықтары мен мақсаттары, олардың жалпылама биліктік еркі, олардың мінез-құлқы мен қызметін ұйымдастыру мен реттеу механизмдері және әдістері бейнеленгенақпарат қаға алынады.
Бұндай ақпарат ең болмағанда келесі бағыттар бойынша бағдарлануы тиіс: біріншіден, адам өмір аясының жеке бастылық және қоғамдық жүйесіндегі мемлекеттік рөлі мен орны бойынша, және сәйкесінше, нақты мемлекеттік орган құзыреті бойынша; екіншіден, басқару үрдісінде міндетті түрде іске асырылуға жататын заңдар мен басқа да нормативті құқықтық актілердің сипаттамасы мен иерархиясы бойынша; үшіншіден, әртүрлі мемлекеттік органдардың басқарушылық әсерін дифференциялайтын және нақтылайтын, сонымен қатар, құқықтық қатынастардың ерекше түрлерін қалыптастыратын басқарушылық объектілердің қасиеті, формасы және заңдылығы бойынша.
Мемлекеттік органдар тәжірибесінде бұлар көбінесе ұмытылып, басқарушылық ақпаратқа көптеген саясатты, идеологияны, үгіт-насихатты, әр түрлі тұжырымдамалар мен бағдарламаларды, сөз берулер мен болжамдарды енгізеді. Нәтижесінде, қарапайым басқарушылық талаптар көп сөздедің арасында қалып, оларды іске асыру былай тұрсын, тіпті оны табудың, ұғынудың өзі қиынға соғады. Осындай қажет емес ақпараттық «шу» мемлекеттік басқаруды қиындатады.
Объективті басқарушылық ақпарат тудыратын келесі ақпарат көздерін белгілеуге болады:
а) мемлекеттік органдардың және мемлекеттік қызметшілердің қызметіне байланысты заң шығарушылық және басқа да актілер нормасы; ә) өздерінің заңды мүдделері мен субъективті құқықтарына байланысты азаматтардың мемлекеттік органдарға жолдаған өтініштері; б) төмен тұрған мемлекеттік орган міндетті орындауына жататын және мемлекеттік басқарудың шынайылығын қамтамасыз ететін жоғары тұрған мемлекеттік органның міндетті нұсқаулары; в) басқарылатын объектілердің жағдайын бейнелейтін, сонымен қатар басқарушы компоненттердің қызмет ету деңгейін көрсететін бақылау және қадағалау үрдісінде анықталған қарым-қатынас фактілері; г) мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың белсенді де жедел араласуын қажетсінетін проблемалық, конфликттік, экстремальдық және басқа да қиын жағдайлар.
Сонымен бірге, оның шығу көзіне және формасына байланыссыз барлық басқарушылық ақпараттар міндеттік түрде өзектілік, ақиқаттылық, жеткіліктілік, қолжетімділік және түпнұсқалық талаптарына сай болуы тиіс.
Өзектілік жиналған ақпараттың жаңа екендігін білдіреді, ол ақпаратты жинақтаудың және таратудың жеделдігімен, жаңалығымен ерекшеленеді, бүгінгі күнгі мәселелерге сәйкес келіп, олардың шешілуіне мүмкіндік жасай алады.
Ақпараттың ақиқаттылығы оның фактілерді, оқиғаларды және әсіресе, олардың себебі мен қарым-қатынасын меңгеру және бейнелей алу қабілетімен айқындалады. Оған қол жеткізу мамандарды шақырту және заманауи ғылыми үрдістерді пайдалануды талап ететін өте күрделі іздемпаздық пен талдау үрдістері арқылы ғана мүмкін болып отыр.
Жеткіліктілік ақпарат жүйелі байланысқан мәселелер қатары бойынша алынғанын білдіреді, зерттеу үрдісін терең және жан-жақты көрсетеді, әсіресе, оның ішкі көздерін, қоздырушы механизмдерін және сыртқы детерминанттарын бейнелейді, үрдіске жалпылай сипаттама береді, берілген үрдістің мүмкін болатын жаңа ақуалын болжамдау мен үлгілеу үшін алғышарттарды қамтиды.
Ақпараттық қолжетімділігі оның ашықтығымен, жариялылығымен, оны жедел және қажетті көлемде алу мүмкіндігімен байланысты. Жиі бар ақпараттар жабық болады және лауазымды тұлғалардың тар ауқымында қолданылады. Бұндай жағдайда ақпараттың тиімділік коэффиценті өте төмен.
Түпнұсқалық адамдарға түсінікті формасында және тіл меңгеру дәрежесіне сәйкес берілген ақпараттың текстті және сөздік көрінісі. Ақпараттың әртүрлі арнайы терминдермен немесе шетел тіліндегі, сонымен қатар өте сирек қолданылатын сөздермен ластануы оны ұғынуды және қолдануды қиындатады.
Әдебиеттер тізімі
Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. Курс лекции. М.,
Зеркин Д.П., Игнатов В.Г. Основы теории государственного управления. Курс лекции Ростов-на-Дону, 2000 г.
Пикулькин А.В. Система государственного управления: Учебник для вузов. – М., 2004 г.
Чиркин Е.В. Государственное управление.- М.,2001.
Чиркин Е.В. Государствоведение.М.:1999
