Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
etnopedagogika_emtikhan.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
160 Кб
Скачать
☆

7. Этникалық педагогиканың ғылым ретіндегі ұстанымдарының мәнін ашыңыз.

Мақсаты: Этнопедагогика ұғымына анықтама беру, түсіндіру. Халықтық педагогиканың мазмұнын және негізгі қызметтерін айқындау.

Негізгі ұғымдар : Этнопедагогика, халықтық педагогика, этникалық қауым, этнос, тәрбиелік мәдени мұра.

Жоспары: Халық педагогикасының мазмұны және негізгі қызметі. Этнопедагогиканың басқа ғылыми салаларымен байланысы. Этнопедагогика - белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік мәдени мұрасы, халықтық ғылым болып табылады.

Этнопедагогика-халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы. Этнопедагогика - этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы.

Педагогиканың дамуын халықтың педагогикалық дәстүрлерімен бірге қарастыру тек қызығушылық туғызып қана қоймайды,сондай-ақ тарихи -педагогикалық зерттеулердің нәтижелірек болуының , ғылыми педагогикалық теориялардың өмірге икемділігін оларды келешекте зертеудің қажетті екендігін тексерудің де айғағы.

Сонымен қатар этнопедагогика өзіндік ішкі тарихи педагогикалық даму заңдылықтарына ие.Осыған орай оларды жалпы және даралық тәртіптегі элементтер құрайтынын; жалпы заңдылық этностық тәрбиенің қоғамдық болмыс,өмір саят, қоғамдағы өндірістік ққатынастардың дамуы,оның қайта құрылуына тәуелділігімен анықталса; даралық заңдылық этнопедагогиканың ұлттық «адамшылық табиғаттың» адамгершілік тұрғыдан қорғалуын, генефондты сақтау және оның табиғи дамуын қамтамасыз етуге қабілеттілігінде екенін көрсету басты міндет болып табылады.

Этнопедагогиканың халыққа білім беру саласында қолданылу жағдайларымен байланысты мәселелер проблеманың өзіне және оның шешілу жолдарына толық түсіндірме беру арқылы баяндалғаны тиімді.

8. Этникалық педагогиканың тәжірибелік іс-әрекет ретіндегі ұстанымдарының мәнін ашыңыз.

Халық педагогикасымен ұзақ жылдар бойы айналысып, келелі үлес қосқан көрнекті ғалым Г.Н. Волков педагогикалық әдебиеттерге тұңңғыш рет «этнопедагогика» деген ұғымды енгңзген. « Этнопедагогика халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесі туралы, олардың педагогикалық көзқарастары туралы ғылым.» дейді Г.Н. Волков.

Халықтық тәрбиенің түрлі аспектілері сөз болған бірқатар зерттеулерде (Битиева Н.Б, Қыдырәлиева К.Н, Насруллаева Н.Н, Байман Ф.Е, т.б.) халықтық педагогикалық білімдерінің жиынтығы ішінде, әсіресе патриоттық тенденциялардың, отбасы тәрбиесі және адамгершілік жайлы қағидалардың, эстетикалық, еңбек және ақыл ой мәселелеріне қатысты түсініктердің орнын бөліп атайды.

Халықтық педагогикалық білімдері комплексті және синтетикалық сипатта деп бағалауға әбден болады. Себебі аса ауқымды педагогикалық мәліметті қабылдап, оны жадында сақтау және келер ұрпаққа дәлме дәл жеткізе алу үшін ойды жинақтап айтудың тиімді жолдары мен түрлері қарастырылған.

Халқымыз ғасырлар бойы өз ұрпағын адамгершілікке, елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеп келеді. Осы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрдің өзегі, алтын діңгегі халықтық педагогика болды деуге болады.

Халықтық педагогика салт дәстүр, жол жора, қонақ күту рәсімдері, ел жұрт, ру тайпа, қала берді бүкіл халықтық қарым қатынастан берік орын алған тәлім тәрбиенің түрі, адам мінезі, іс әрекетін қалыптастырудың белгілі нормасы болып табылады. Этнопедагогиканың зерттеу әдістері жиі сөз болған жекелеген авторлар еңбектерінде әдет ғұрыптар мен дәстүрлер халықтық сенімдер, ойындар мен ойыншықтар жөніндегі ээтнографиялық материалдардың халықтық тәлім тәрбие мазмұнын ашып көрсетудегі маңыздылығы атап көрсетіледі.

Этнопедагогика кең теориялық қорытындылауды талап ететін проблемалармен қатар, фактілік материалдар жинақтау, тереңдеп зерттеу мен талдауды қажет ететінг жекелеген мәселелер де аз емес.Оның алдында шешілуі ең қиын алдымен педагогика мен этнографияға мәнді жәрдемін тигізетін өзекті міндеттер тұр. Диалектикалық ілімге сүйене отыра этнопедагогика ұдайы мұрагер болу жаңару және жаңаны тудыру процесінде өмір сүретін қозіалысты жүйе деп әбден қарастыруға болады.Мұнымен байланысты этнопедагогикада жаңа құбылыстардың пайда болуы және алға басуы; XX ғасырдың басына дейінгі және одан кейінгі кезеңдерді этностық педагогиканың даму тенденцияларын ашып көрсетуге елеулі орын берілуі қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]