- •1.Педагогикалық ғылымның құрамдас бөлігі ретінде этнопедагогиканың мәнін ашыңыз.
- •2.Этникалық педагогиканың құрылымдық-логикалық моделінің мәнін түсіндіріңіз.
- •3.Этникалық, әлеуметтік және халық педагогиканың өзара байланысын көрсетіңіз.
- •4.Этникалық педагогиканың нысаны мен пәнін негіздеңіз.
- •5. Этникалық педагогиканың негізгі категориялары мен міндетіне сипаттама беріңіз.
- •6. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі этнопедагогика орнын негіздеңіз.
- •7. Этникалық педагогиканың ғылым ретіндегі ұстанымдарының мәнін ашыңыз.
- •8. Этникалық педагогиканың тәжірибелік іс-әрекет ретіндегі ұстанымдарының мәнін ашыңыз.
- •10.Этнопедагогиканың дамуындағы м.Жұмабаев, ж.Аймауытов, м.Дулатов еңбектерінің мәнін ашып, мысалдармен негіздеңіз.
- •9.Этнопедагогиканың дамуындағы л.Н.Гумилевтің этнос теориясын түсіндіріңіз.
- •11. Этнопедагогиканың дамындағы ю.В.Бромлейдің көзқарасын түсіндіріңіз.
- •12.Этнопедагогиканың дамындағы этностық ақпараттық теориясының мәнін ашыңыз.
- •13.Этнопедагогика және этнопсихологияның дамуындағы б.Момышұлы, қ.Жарықбаев, н.Елікбаев еңбектерінің мәнін ашып түсіндіріңіз.
- •14.Этнос субъектісінің қалыптасуында этнопедагогикалық процестің мәнін түсіндіріңіз. Өзіндік мысалдар келтіріңіз.
- •15.Этнопедагогиканың дамуында компоненттік теорияның маңызын негіздеңіз.
- •16.Қазақ мәдениетіндегі қыздар тәрбиесінің ерекшелігін көрсетіңіз. Өзіндік мысалдар келтіріңіз.
- •18.Этникалық тәрбиенің ерекшелігін түсіндіріп, адамгершілік тәрбиесінің мәні мен мағынасын негіздеңіз.
- •20. Қазақ мәдениетіндегі ұлдар тәрбиесінің ерекшелігін көрсетіңіз.Өзіндік мысал келтіріңіз.
- •21.Өзіңіздің этникалық мәдениетіңіздің мысалымен этнопедагогикалық процестің мәнін ашыңыз.
- •23.Тұлға дамуы мен тәрбиесінің этномәдениеттік ортасы ретіндегі отбасы мәнін негіздеңіз. Мысалдар келтіріңіз.
- •24. Этникалық тәрбие мазмұнының этнопедагогикалық негізін
- •25. Этникалық тәрбие мазмұнының этнопсихологиялық негізін ашып көрсетіңіз.
- •28. Этникалық тәрбие құралы ретінде ұлттық мейрамдар мен ойындарға сипаттама беріңіз.
- •29. Мектептің оқу тәрбие процесінің этнопедагогизациялануының мәнін ашыңыз. Өз ұсынысыңызды білдіріңіз.
- •30. Этникалық тәрбиенің формалары мен әдістерін классификациялаңыз.Мысал келтіріңіз.
- •31.Ойын этникалық тәрбиенің формасы мен әдісі. Біздің халқымыздың ұлттық ойындарына мысал келтіріңіз.
- •32.Қазақ және орыс этносының отбасы тәрбиесіндегі этнопедагогикалық дәстүрлерді салыстырыңыз, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, тәрбиелік құндылықтарын анықтаңыз.
- •33. Кез келген этнос пен (өз таңдауыңыз бойынша) қазақтың балаларға арналған ұлттық ойындарын салыстырыңыз. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, тәрбиелік мәнін анықтаңыз.
- •34.Сіздің және қазақтың этникалық мәдениетіндегі адамның этноәлеуметтік рөлін салыстырыңыз
- •35. «Қазіргі тәрбие процесін этнопедагогикалық тұрғыдан ұғыну » тақырыбына эссе жазыңыз.
- •36.Этнопедагогиканың ғылым ретіндегі перспективалық дамуы мен мәселелеріне сипаттама беріңіз.
- •37.Этникалық тәрбиедегі әдет-ғұрыптар мен жөн-жоралғылардың қызметін анықтаңыз.Өзіндік мысал келтіріңіз.
- •38.Ғылымға «этнопедагогика»терминін алғаш енгізген ғалымды атап,оның ғылыми еңбектерін мысалмен баяндаңыз.
- •39. «Қазіргі отбасының этномәдениеттік әлеуеті» тақырыбына эссе жаз.
- •40. Қазақтардың ежелгі этнопедагогикалық бастауларына сипаттама беріңіз.
- •41.Этнопедагогикалық зерттеулердің ерекшеліктерін сипаттаңыз. Нақты мысалдар келтіріңіз.
- •44. Еңбек тәрбиесі, бейнелеп айтсақ, «қажет», «қиын» және «керемет» ұғымдарының үйлесімі. Осыған этнопедагогикалық негіздеме беріңіз.
- •46. Дәстүрлер мен салттардың айырмашылықтарын салыстырыңыз. Олардың тәрбиелік мәнін ашыңыз.
- •48. Өзіңіздің тәрбиеңіздегі халықтық педагогиканың ықпалын мысалдар арқылы көрсетіңіз: әженің өсиеті, әкенің сендіруі, ананың кеңесі, жасы үлкендердің тілектері
- •49. «Рухани тұлғаның қалыптасу факторлары» тақырыбына эссе дайындаңыз.
- •50. Отбасы, еңбек тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың көзқарастарын меңзейтін, мақал-мәтелдерді жазыңыз.
- •51. Жұмбақтардың ерекшеліктерін айқындаңыз. Жұмбақтың әртүрлі формасына сипаттама беріңіз. Жұмбақ-мақалдарға мысал келтіріңіз.
- •52. Халық ертегілерінің дидактикалық сипатына мысал келтіріп, дәлелдеңіз.
- •53.Этнопедагогикада мақал-мәтелдерді «тәрбие моделі» ретінде қабылдайды.Осы анықтамаға сәйкес келетін бірнеше халықтық мақалдарды таңдап көріңіз.
- •55.Кез келген ұлттық ойын өзіндік таңдау бойынша мазмұнын қысқаша ашып, оның мақсаты мен ұйымдастыру әдістемесін жазып көрсетіңіз.
- •56.Тұлғаның дамуына тәрбие факторларының ықпалын түсіндіріңіз .Өз мысалдарыңызды келтіріңіз.
- •58.Өз өміріңізде басшылық ретінде қабылдайтын, ұран ретінде болатын мақал-мәтелдер ұсыныңыз.
- •59.«Еңбек – халықтық тәрибенің негізі» тақырыбында эссе жазыңыз.
- •60.«Мен - этнопедагогпін» тақырыбына эссе жазыңыз.
14.Этнос субъектісінің қалыптасуында этнопедагогикалық процестің мәнін түсіндіріңіз. Өзіндік мысалдар келтіріңіз.
Этнос туралы білім ол – ұлттық немесе этностық тәрбие мәселелері жөніндегі эмпирикалық мәліметтер мен білімдер жынтығы; кең мағынада алғанда халық бұқарасының тәрбие мәселелері жөніндегі көзқарастарының, идеяларының, мәдени ойлау жүйесінің, әдет-ғұрыптарының, дәстүрлерінің жиынтығы туралы көзқарас.
Этнос субъектісі – халық бұқарасының тәжірибесін меңгерген, мемлекет, Отан, ұлт, халық, отбасы, ру, тайпа, ұлыс туралы объективті көзқарасы бар, өзіндік ұлттық ерекшелігін бейнелей алатын жеке адам. Этнос субъектісі – халықтың тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылай алатын адам.
Этнос субъектісі – халықтың мәдениетінің, өнерінің, фольклорлық шығармалары мен ұлттық салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік мән-мағынасын меңгеріп, оны өз өмірінде қолдану жолын білетін адам. Адамгершілік бағдарын жоғалтқан қоғам болашақтан үміт күтпеуі керек, оның алға басуы неғайбыл. Сондықтан проблеманың шешімін этнос субъектісін қалыптастыру жолын іздестіру мен бекітуден, адамгершіліктің бастамасын нығайтудан және қоғамдық өмірдің барлық саласындағы іс-әрекет бойынша жауапкершілікті арттырудан бастау керек. Өйткені, адамзаттың даму процесі адамгершілік негізінде жүзеге асса, күш-қуаты мол, іргесі мықты болады.
Көптеген ғалымдар жас ұрпақты өткен ата-бабаларымыздың ерлік дәстүрлері арқылы тәрбиелеу этнос субъектісін қалыптастырудың басты да негізгі жолдарының бірі екендігін орынды дәлелдеген. Расында да, Абылай, Алпамыс, Ағыбай, Амангелді, Махамбет, Райымбек сынды батырларымыздың ерлік стилі – қаһармандық символы. Батырлардың отаншылдық сезімі, туған халқының азаттығы жолындағы күрестерін жырға қосқан батырлық эпостар («Қобыланды батыр», «Алпамыс», т.б) халық арасына кең тарап, сүйікті шығармасына айналған, жастардың адал махабаты мен олардың алмағайып тағдыры жырланған лиро-эпикалық дастандар («Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», т.б) да патриоттық тәрбие туралы мол мұра болып саналады.
15.Этнопедагогиканың дамуында компоненттік теорияның маңызын негіздеңіз.
Этнопедагогика ғылымының дамуында пассиондық, дуалистік, ақпараттық, компоненттік сынды бірнеше этнос теориялары маңызды орын алады. Соның бірі – этностың компоненттік теориясы. Бұл теорияның негізін салғандар – В.В.Пименов пен Г.Е.Маркова. Бұл этнос теориясында тұлғаны өзін-өзі реттейтін және өзін-өзі жаңғыртатын көпқұрылымды әлеуметтік жүйе ретінде қарастырады. Оның негізгі компоненттеріне этностың қоныс аударуы, оның демографиялық жағдайы, этностың экономикалық жағдайы, қатынастар мен институттардың әлеуметтік жүйесі, тілі, өмір сүру салты, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі жатады. Этнос өзін адамдар қауымының биоәлеуметтік құрылымы ретінде көрсетеді. Ол төмендегідей этнодифференциялы қасиеттермен сипатталады:
Этноним – этностың өзіндік атауы;
Тілі, діні, салт-дәстүрлері, өнері мен ұлттық фольклоры және этика нормаларында көрініс табатын этномәдениет ерекшеліктер;
Антропсихологиялық белгілер, яғни сыртқы физиологиялық және мінез-құлқындағы психологиялық ерекшеліктер;
Этногенез кезінде маңызды рөл атқаратын жеке шекарасы.
Этностық топтың анықтауға байланысты оның әрбір теориясы, оның мәні мен құрылымы анықталады. Бұған қатысты көптеген зерттеулер этностың иерархиялық құрылымы өзіндік иерархиялық бағыныштылығы мен келесі деңгейлерді қамтиды:
Этникалық қауымдастық пен этноәлеуметтік организмнен тұратын нақты этникалық, яғни этникалық қасиеттері мен міндетін атқарушы болып есептелетін тәуелсіз бірлік этникалық процестердің ең үлкен қарқындылығы бар адамдардың жиынтығы;
Микроэтникалық деңгейлерден тұратын микродеңгей, яғни этникалық қауымдастықтың шағын бірліктері (мысалы, отбасы);
Этникалық ерекшеліктері бір-бірінен ерекшеленетін субэтностарды біріктіретін макродейгей;
Суперэтностардың жиынтығын құрайтын метадеңгей, яғни этникалық қауымдастықтың негізінің бірі – этникалық білім.
