- •1.Педагогикалық ғылымның құрамдас бөлігі ретінде этнопедагогиканың мәнін ашыңыз.
- •2.Этникалық педагогиканың құрылымдық-логикалық моделінің мәнін түсіндіріңіз.
- •3.Этникалық, әлеуметтік және халық педагогиканың өзара байланысын көрсетіңіз.
- •4.Этникалық педагогиканың нысаны мен пәнін негіздеңіз.
- •5. Этникалық педагогиканың негізгі категориялары мен міндетіне сипаттама беріңіз.
- •6. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі этнопедагогика орнын негіздеңіз.
- •7. Этникалық педагогиканың ғылым ретіндегі ұстанымдарының мәнін ашыңыз.
- •8. Этникалық педагогиканың тәжірибелік іс-әрекет ретіндегі ұстанымдарының мәнін ашыңыз.
- •10.Этнопедагогиканың дамуындағы м.Жұмабаев, ж.Аймауытов, м.Дулатов еңбектерінің мәнін ашып, мысалдармен негіздеңіз.
- •9.Этнопедагогиканың дамуындағы л.Н.Гумилевтің этнос теориясын түсіндіріңіз.
- •11. Этнопедагогиканың дамындағы ю.В.Бромлейдің көзқарасын түсіндіріңіз.
- •12.Этнопедагогиканың дамындағы этностық ақпараттық теориясының мәнін ашыңыз.
- •13.Этнопедагогика және этнопсихологияның дамуындағы б.Момышұлы, қ.Жарықбаев, н.Елікбаев еңбектерінің мәнін ашып түсіндіріңіз.
- •14.Этнос субъектісінің қалыптасуында этнопедагогикалық процестің мәнін түсіндіріңіз. Өзіндік мысалдар келтіріңіз.
- •15.Этнопедагогиканың дамуында компоненттік теорияның маңызын негіздеңіз.
- •16.Қазақ мәдениетіндегі қыздар тәрбиесінің ерекшелігін көрсетіңіз. Өзіндік мысалдар келтіріңіз.
- •18.Этникалық тәрбиенің ерекшелігін түсіндіріп, адамгершілік тәрбиесінің мәні мен мағынасын негіздеңіз.
- •20. Қазақ мәдениетіндегі ұлдар тәрбиесінің ерекшелігін көрсетіңіз.Өзіндік мысал келтіріңіз.
- •21.Өзіңіздің этникалық мәдениетіңіздің мысалымен этнопедагогикалық процестің мәнін ашыңыз.
- •23.Тұлға дамуы мен тәрбиесінің этномәдениеттік ортасы ретіндегі отбасы мәнін негіздеңіз. Мысалдар келтіріңіз.
- •24. Этникалық тәрбие мазмұнының этнопедагогикалық негізін
- •25. Этникалық тәрбие мазмұнының этнопсихологиялық негізін ашып көрсетіңіз.
- •28. Этникалық тәрбие құралы ретінде ұлттық мейрамдар мен ойындарға сипаттама беріңіз.
- •29. Мектептің оқу тәрбие процесінің этнопедагогизациялануының мәнін ашыңыз. Өз ұсынысыңызды білдіріңіз.
- •30. Этникалық тәрбиенің формалары мен әдістерін классификациялаңыз.Мысал келтіріңіз.
- •31.Ойын этникалық тәрбиенің формасы мен әдісі. Біздің халқымыздың ұлттық ойындарына мысал келтіріңіз.
- •32.Қазақ және орыс этносының отбасы тәрбиесіндегі этнопедагогикалық дәстүрлерді салыстырыңыз, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, тәрбиелік құндылықтарын анықтаңыз.
- •33. Кез келген этнос пен (өз таңдауыңыз бойынша) қазақтың балаларға арналған ұлттық ойындарын салыстырыңыз. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, тәрбиелік мәнін анықтаңыз.
- •34.Сіздің және қазақтың этникалық мәдениетіндегі адамның этноәлеуметтік рөлін салыстырыңыз
- •35. «Қазіргі тәрбие процесін этнопедагогикалық тұрғыдан ұғыну » тақырыбына эссе жазыңыз.
- •36.Этнопедагогиканың ғылым ретіндегі перспективалық дамуы мен мәселелеріне сипаттама беріңіз.
- •37.Этникалық тәрбиедегі әдет-ғұрыптар мен жөн-жоралғылардың қызметін анықтаңыз.Өзіндік мысал келтіріңіз.
- •38.Ғылымға «этнопедагогика»терминін алғаш енгізген ғалымды атап,оның ғылыми еңбектерін мысалмен баяндаңыз.
- •39. «Қазіргі отбасының этномәдениеттік әлеуеті» тақырыбына эссе жаз.
- •40. Қазақтардың ежелгі этнопедагогикалық бастауларына сипаттама беріңіз.
- •41.Этнопедагогикалық зерттеулердің ерекшеліктерін сипаттаңыз. Нақты мысалдар келтіріңіз.
- •44. Еңбек тәрбиесі, бейнелеп айтсақ, «қажет», «қиын» және «керемет» ұғымдарының үйлесімі. Осыған этнопедагогикалық негіздеме беріңіз.
- •46. Дәстүрлер мен салттардың айырмашылықтарын салыстырыңыз. Олардың тәрбиелік мәнін ашыңыз.
- •48. Өзіңіздің тәрбиеңіздегі халықтық педагогиканың ықпалын мысалдар арқылы көрсетіңіз: әженің өсиеті, әкенің сендіруі, ананың кеңесі, жасы үлкендердің тілектері
- •49. «Рухани тұлғаның қалыптасу факторлары» тақырыбына эссе дайындаңыз.
- •50. Отбасы, еңбек тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың көзқарастарын меңзейтін, мақал-мәтелдерді жазыңыз.
- •51. Жұмбақтардың ерекшеліктерін айқындаңыз. Жұмбақтың әртүрлі формасына сипаттама беріңіз. Жұмбақ-мақалдарға мысал келтіріңіз.
- •52. Халық ертегілерінің дидактикалық сипатына мысал келтіріп, дәлелдеңіз.
- •53.Этнопедагогикада мақал-мәтелдерді «тәрбие моделі» ретінде қабылдайды.Осы анықтамаға сәйкес келетін бірнеше халықтық мақалдарды таңдап көріңіз.
- •55.Кез келген ұлттық ойын өзіндік таңдау бойынша мазмұнын қысқаша ашып, оның мақсаты мен ұйымдастыру әдістемесін жазып көрсетіңіз.
- •56.Тұлғаның дамуына тәрбие факторларының ықпалын түсіндіріңіз .Өз мысалдарыңызды келтіріңіз.
- •58.Өз өміріңізде басшылық ретінде қабылдайтын, ұран ретінде болатын мақал-мәтелдер ұсыныңыз.
- •59.«Еңбек – халықтық тәрибенің негізі» тақырыбында эссе жазыңыз.
- •60.«Мен - этнопедагогпін» тақырыбына эссе жазыңыз.
13.Этнопедагогика және этнопсихологияның дамуындағы б.Момышұлы, қ.Жарықбаев, н.Елікбаев еңбектерінің мәнін ашып түсіндіріңіз.
Этнопедагогиканың даму тарихының жүйесі 3 кезеңнен тұрады: ежелгі дәуірдегі, XV-XIX ғасырлардағы, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы және кейінгі дәуірдегі этнопедагогикалық ойлар. Соның ішінде ХХ ғасыр, яғни 1970-1995 жылдардағы қазақ этнопедагогикасы ғылымының дамуына және оған өз үлесін қосқан ғалымдардың еңбектеріне шолу жасасам. 70 жылдары КСРО халықтарының көне мәдениетін қайта жинау, зерттеу ісі басталды. Ғалымдар осы кезде этнопедагогика мәселелерімен айналысты. Елімізде Б.Момышұлы, Қ.Жарықбаев, Н.Елікбев сынды біртуар ғалымдарымыз еңбектерімен, этнопедагогикалық ойларымен алға шықты.
Б.Момышұлы «Соғыс психологиясы» еңбегінде өзінің әскери-теориялық көзқарастарын жан-жақты талдап, панфиловшылардың қаһармандыққа толы өнегелерін дәріптейді. Б.Момышұлы бұл кітапты жазуда майданда қаза тапқан, қасірет көрген, соғыс алапатының неше түрлі ауыртпалықтарын мойнымен көтеріп жүрген қарапайым соғыс сарбаздарының ерліктерін қағаз бетіне қалдыру, олардың рухына тағзым ете отырып, болашақ ұрпақ бойына дәл осындай отансүйгіштік сезімін сіңіру мақсатын көздеді. Соғыс куәгерінің еңбегі патриоттық рух, қайтпас жігер, табандылық пен ерлік, аға ұрпақтың батырлық өнегесіне тәрбиелейді, соның лайықты жалғастырушысы болып, қасиетті әскери дәстүрді арттыра түсуге жетелейді.
«Аталар сөзі – ақылдың көзі» атты монографиялы еңбекпен этнопедагогика және этнопсихология ғылымына елеулі үлес қосып, С.Қалиевпен бірігіп «Қазақ тәлім-тәрбиесі» атты оқу құралын шығарған Қ.Жарықбаевтың сіңірген еңбегі мол. Ол «Аталар сөзі – ақылдың көзі» атты монографиясының екінші бөлімінде XV ғасырда қоғам дамуына түбегейлі, жаңа бетбұрыс жасаған ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі үлкен аралықтың есепсіз мол, тәлім-тәрбиелік мұраның жекелеген беттерін талдауға алады. Дәлірек айтсам – осы бөлімнің алғашқы тарауында XV-XVII ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулардың (Асан Қайғы, Шалкиіз, Жиембет) өр рухты, жауынгерлік пафосқа толы толғауларынан туындайтын көшпенді ата-бабаларымыздың өзіндік психологиясы, тәлімдік мәні зор дана сөздері жайлы сыр шертіледі. Бөлімнің келесі тарауларында XVIII ғасырдағы қазақтың қоғамдық өмірінің өкілдері Ақтамберді, Шал, Бұқар жырау шығармашылықтарында көтеріліп отырған көзқарастарға сол кезең тұрғысынан баға беріліп, бұлардың қай-қайсысының да қазіргі заман талабымен үндес жақтары жұртшылық назарына ұсынылады. Қ.Жарықбаев, сонымен қатар педагогикалық ойдың 14 ғасырлық Антологиясының көп томдығының шығуына өз үлесін қосты.
Философия ғылымдарының докторы, профессор Н.Елікбаев қазақ этнопедагогикасы мен этнопсихологиясына өз үлесін қосып, тарих беттерінен орын алды. Оның 1978 жылы «Социализм және ұлттық психология», 1991 жылы «О национальной психологии казахской нации», 1992 жылы «Ұлттық психология» көмекші оқу құралы, 1999 жылы «Қазақстан-2030: Қазақ Ұлты психологиясының методологиялық мәселелері» атты оқу құралы, 2000 жылы «Дәуір тынысы: Қазақ ұлтының психологиясы» атты монографиясы жарық көрді. Бұл еңбектерінде ол қазақ этнопедагогикасы мен этнопсихологиясына аса көңіл бөліп, ұлт психологиясының ерекшеліктерін атап өтті. Қазақ этнопсихологиясы ғылымының тарихы мен теориясының негіздеріне Қ.Жарықбаев, ал қазақ этнопсихологиясының ғылыми сипаты мен мазмұнына Н.Елікбаев үлес қосты.
