Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
etnopedagogika_emtikhan.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
160 Кб
Скачать
☆

9.Этнопедагогиканың дамуындағы л.Н.Гумилевтің этнос теориясын түсіндіріңіз.

Этнос термині XIX ғасырдың соңынан бастап қана ғылыми айналымға енгізіле басталған. Бірақ бұл терминнің мазмұнын ашып беруде осы күнге шейін ғалымдардың пікірлерінде бірізділік жоқ. Л.Н.Гумилевтің пікірінше, этникалық жағынан араласулар оңды нәтиже береді. «Біз, – деп жазады ол, – араласып болғаннан кейін ғана барып басқаларды бағындыра алдық». Әрине, дәл осындай жағдайда дәйім сондай күш-қуат молая береді деп ой қорыту дұрысырақ болар ма екен? Ол әрбір этностың ақыры болады деп көрсетеді. Бұл жерде мәселені оның жабық, тұйық және финалдық өркениеттік теориялар мен келістер тұрғысынан қарастырып отырғандығы күмән туғызбайды. Орыс этносы XX ғасырдан бастау алатынын ескерсек, – дейді ол, – орыс ұлтының көрер күні әлі алда (себебі ол Батыс Еуропа халықтарымен салыстырып қарағанда 500 жылға жас екен). Қазіргі таңда орыстар терең дағдарыс стадиясын бастан кешіруде, мұнда олар өздерін қайта құра алса ғана дағдарыстан шығып кетуіне жол ашылып, онда да тек қана мүмкіндік алады. Орыстар – евразиялықтардың ұрпақтары, бірақ олар ең басты нәрсеге — пассионарлыққа әлі қол жеткізе алған жоқ.

Сонымен, Гумилев этностың дамуын түсіндіретін концепцияны жасады. «Пассионарность» терминін ұсынады. Мұның өзі адам болмысындағы күшті сезімдерден бастау алатын құмарлық. Ал дүниедегінің бәрі өтпелі, бәрі-бәрі өліп-өшіп ынтыға, қанжоса болып дүниеге келеді, өсіп-өнеді, өркендейді, содан барып қазан болып жатады.

10.Этнопедагогиканың дамуындағы м.Жұмабаев, ж.Аймауытов, м.Дулатов еңбектерінің мәнін ашып, мысалдармен негіздеңіз.

Мағжан Жұмабаев жеке тұлғаны тәрбиелеудің мақсатын, ұлттың өкілін тәрбиелеу мақсатымен бірлікте қарастырады.Осыған орай, әрбәр тәрбиеші ұлттық тәрбиемен таныс болуы керек.М.Жұмабаев «педагогика» оқу құралының авторы ретінде, педагогиканың психология және физиологиямен ғылымаралық байланыстарының қажеттілігін негіздеді.Ол ана тілінің рөліне үлкен мән берді.М.Жұмабаевтың терең сезімі бойынша, ұлттың өзіндік бейнесін сақтауға ұлттық мектептер ықпал етеді. Республикадағы орта білім беру жүйесін қайта құрумен байланысты,білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында, қазақтың ұлттық мектебінің негіздері туралы М.Жұмабаев идеялары осы күнге дейін өзекті болып саналады: »Біз дәл қазір мектептің берік қалауымыз керек.Соңғы кездері біз соқыр еліктеу ауруына шалдыққанымызды ескеруіміз керек.Бұл дерт жаңа мектептің негіздерін құруға ғана емес, шаруашылық және саяси өмірдегі қайта құруда да байқалады.Біз қазақтың жанына жаңа бейне беруіміз керек.Қазақтың жанын басқа үлгіге қарай ауыстыру қорқыныш тудырады.Жаңа мектептің негізін қалай отырып, осы соқыр еліктеу жолына тағы да түсіп кетпегеніміз дұрыс болар еді»

Міржақып Дулатов білім алушылардың психологиясын ескеретін, барлық оқулықтардың ана тілінде жазылған жағдайда, бастауыш мектепте оқыту қызықты, қолжетерлік, эмоционалды болады деп санады. Балаларды туылғаннан бастап ана тіліне үйретудің ғана емес, сонымен бірге олардың бойында ұлттық рухты оятудың, салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыптарға баулудың қажеттілігі туралы айта отырып, М.Дулатов кез келген мектептің оқыту тілінен тәуелсіз,бастауыш мектептегі оқыту ана тілінде жүргізілуін атап көрсетті.Бастауыш мектепте алынған тәрбие тиімді болуы үшін, оқулықтардың бәрі ана тілінде жазылуы керек.Баланың өзінің алғашқы білімдерін ана тілінде алғанда ғана, өзінің ана тілін тану жағдайында ғана, ұлттық рухты тәрбиелеуге, ұлттық өзіндік сананы оятуға болады.Бұндай балалар бастауыш мектепті бітіргеннен кейін, қай жерде болса да, өздерінің ұлттық рухын жоғалтпайды.Олардың өміріндегі ең қиын сәттерде, ұлттың ұлылығы, ұлттық рухтың мәні өшпейді.М.Дулатов оқыту үрдісінде « тек қана білім беріп қоймай, сонымен бірге тәрбиелеу қажет» деп санады.

Жүсіпбек Аймауытов еңбектерінде, аса толыққанды түрде халықтық принципі қарастырылады.Оның бейнелі көрсетуі бойынша, тіл – бұл халықтың рухының мықты болатын , дамитын және байитын қуатты дінгегі болып табылады.Оның ойынша, тілді оқыту барысындасөздер мен ережелерді жаттауға емес, сөздердің көптеген мағынасын және оның мәнін түсіндіруге ерекше зейін аудару қажет.Ол пән бойынша білім мен тілді оқытуды бөліп қарастырудың дұрыс еместігіне сенімді болды.Оның пікірінше, халықтың өзіндік бейнесін сақтауға, балаларды туған халқының әдеп-ғұрыптарымен, салт-дәстүрәмен, жергілікті жетістерімен таныстыру арқылы, туған жерге деген махаббат сезімін қалыптастыруға ықпал етуге болады.Ғалым педагогиканың рөлі мен оның перспективалары туралы айта отырып: «Егер тәрбие мәселесіне аса жауапкершілікпен келетін болса, онда педагог – тәрбиешілердің саны дірігерлерге қарағанда көп болар еді.Егер дәрігер физиологиялық ауруларды емдейтін болса және денеге денсаулық беретін болса, онда педагог адамның жаны мен ақыл-ойын емдейді.Ал егер саналы эжәне мықты қорғаушыларының саны да көп болады»,-деді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]