Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДСК оэсп каз кдс.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
465 Кб
Скачать
☆

Билет 1

Қадам 1. «Бизнес-жоспар» түсінігіне анықтама беріңіз және олардың түрлерін атаңыз.

Қадам 2. Гинекологиялық ауруларды емдейтін медициналық орталықтың бизнес-жоспарының резюмесін жасаңыз және жобаның стратегиялық мақсатын көрсетіңіз.

Қадам 3. Медициналық орталық жұмысында аутсорсингті қолдану мүмкіндігін ұсыныңыз.

Жауап:

Қадам 1. Бизнес-жоспар — бұл медициналық ұйым жұмысының негізгі аспектілерін оның құрылуынан проектіге шығуына дейін сипаттайтын нақты құрылымданған құжат; ол жоба мақсатын өңдеуден, медициналық ұйымның нақты экономикалық көрсеткішін бағалаудан, нарық пен клиенттер туралы ақпаратты талдаудан, алға қойылған мақсатқа жету үшін бәсекелкстік стартегиясын анықтаудан тұрады. Сапалы құрастырылған бизнес-жоспар ұйымның болжанған инвестордан қаржылық құралдарды алу мүмкіндігін жоғарылатады.

Мақсатына байланысты бизнес-жоспардың үш түрін ажыратуға болады:

- бизнес-жоспар формалық;

- бизнес-жоспар мәндік;

- бизнес-жоспар түсіндірмелі.

Қадам 2. Бизнес-жоспар резюмесі

Берілген жұмыста гинекологиялық ауруларды емдейтін медициналық орталықтың бизнес-жоспарлануы жүзеге асырылады.

Жобаның стратегиялық мақсаттары:

Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына күндізгі стационарымен бірге гинекологиялық көмекті көрсетуді ұйымдастыруды кезеңдік жоспарлау өңдеуіне негізделген білікті гинекологиялық көмекті ұсыну;

Қазақстанда берілген әдісті тарату бойынша эксклюзивті құқықты иелене отырып, гинекологиялық қызмет нарығының мүмкіндігінше көп бөлігін қамту.

Қадам 3. 1.Ақпараттық қамтамсыздандыру және жарнама.

  1. Құқықтық қамтамсыздандыру.

  2. Тұрмыстық қызметтер(төсек бұйымдарын, сүлгі және осы сияқты заттарды жуу).

  3. Ғимараттарға техникалық қызмет көрсету (ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу, жылуизоляция, жылуды жөндеу, сантехникалық қызметтер).

  4. Басқа ұйымдардың автокөлігін қолдану және қызметкерлерді-жүргізушілерді қолдану.

  5. Мезгілдік жұмыстар үшін уақытша қызметкерлер(жапырақтарды, қарды тазалау, гардероб қызметкерлерін жалдау).

  6. Лабораторлық зерттеулерді жүргізу.

Билет 2

Қадам 1. «Бизнес-жоспар формалық» түсінігіне анықтама беріңіз.

Қадам 2. Созылмалы тері ауруларын емдейтін медициналық орталықтың бизнес-жоспарына енгізу үшін «Медициналық қызмет тізімі» бөлімін құрастырыңыз.

Қадам 3. Медициналық орталық жұмысында аутсорсингті қолдану мүмкіндігін ұсыныңыз.

Жауап:

Қадам 1. Бизнес-жоспар формалық инвесторларға, акционерлерге немесе жетекшілікке бизнесті ұсынуды жүзеге асыруға арналған.Ол бизнес серіктестері немесе қатысушылары талаптарына сәйкес құрастырылады.

Қадам 2. Медициналық қызметтер тізімі

Құрылатын медициналық орталық келесі қызметтерді көрсетеді

Дәрігерлері кеңесі:

- дерматолог;

- гастроэнтеролог-диетолог;

- мануальді терапевт;

- аллерголог;

- психолог;

- пациент терісінің жағдайын фотодокументтеудәрігер-дерматологпен немесе процедуралық медбикемен жүргізіледі.

Диагностика (әртүрлі әдіспен жасалған УДЗ және/немесе талдаулар негізінде):

- гепатобилиарлық жүйенің;

- АІЖ-ның, оның ішінде тоқ ішектің жағдайын;

- ішек дисбиозын;

- аллерген өнімдерге;

- мүмкін болатын қосымша ауруларға.

Өткізілетін процедуралар:

- мануальді терапия;

- гидроколонотерапия;

- булық терапия.

Қадам 3. 1.Ақпараттық қамтамсыздандыру және жарнама.

  1. Құқықтық қамтамсыздандыру.

  2. Тұрмыстық қызметтер(төсек бұйымдарын, сүлгі және осы сияқты заттарды жуу).

  3. Ғимараттарға техникалық қызмет көрсету (ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу, жылуизоляция, жылуды жөндеу, сантехникалық қызметтер).

  4. Басқа ұйымдардың автокөлігін қолдану және қызметкерлерді-жүргізушілерді қолдану.

  5. Мезгілдік жұмыстар үшін уақытша қызметкерлер(жапырақтарды, қарды тазалау, гардероб қызметкерлерін жалдау).

  6. Лабораторлық зерттеулерді жүргізу.