Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мемл бюджет кит.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133 Кб
Скачать
☆

2. Қр Ұлттық қорының құрылу көздері мен пайдалану бағыттары

Үкімет жүргізген бюджеттік реформаға сәйкес барлық мұнай табысы 2006 жылғы 1 шілдеден бастап Ұлттық қорға түседі, бұл мұнайға деген жоғары бағаның арқасында ғана қаржыландырылатын бюджет шығысының ақталмаған өсімін ұстап тұруды қамтамасыз етуі тиіс.

 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсiмдер:

1) мұнай секторы ұйымдарының тiкелей салықтарынан (жергiлiктi бюджеттерге есептелетiн салықтарды қоспағанда) тұрады, оларға: корпоративтiк табыс салығы, үстеме пайда салығы; пайдалы қазбаларды өндiру салығы, бонустар, өнiмдi бөлу жөнiндегi үлестер; экспортқа рента салығы; өнiмдi бөлу туралы келiсiмшарт бойынша қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi жатады;      2) мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетiн басқа да түсiмдерден (жергiлiктi бюджеттерге есептелетiн түсiмдердi қоспағанда), соның iшiнде мұнай келiсiмшарттары талаптарының бұзылғаны үшiн түсiмдерден (жергiлiктi бюджеттерге есептелетiн түсiмдердi қоспағанда);     3) республикалық меншiктегi және тау-кен өндiру және өңдеу салаларына жататын мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден түсетiн түсiмдерден;     4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан түсетiн түсiмдерден тұрады.

Тақырып 4. Бюджеттік сыныптама

Дәріс сұрақтары:

 

1. Бюджеттік сыныптама ұғымы, оның құрамы

2. Бюджет түсімдерінің жіктелуі.

3. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы.

4. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы.

 

1.Бюджеттік сыныптама ұғымы, оның құрамы

    Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасы (Бюджеттік сыныптама) бюджет түсiмдерi мен шығыстарын сыныптама объектілерiне топтамалық кодтар бере отырып, функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыру болып табылады. Бюджеттiк сыныптама Қазақстан Республикасы бюджет жүйесiнiң барлық деңгейдегi бюджеттерi көрсеткiштерiнiң салыстырмалығын қамтамасыз етедi. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманы мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi және бекiтедi.

         Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманың құрамы:

1) бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы;

2) бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы;

3) бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы.

   

2 Бюджет түсімдерінің жіктелуі

         Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына негiзделген белгiлi бiр сипаттамалар бойынша барлық деңгейдегi бюджеттер түсiмдерiнiң топтамасы бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы болып табылады. Бюджет түсiмдерi сыныптамасының келесі топтамадан тұрады:

- санат

- сынып

- кiшi сыныптан

- өзiндiк ерекшелiк

 Сыныптамалық код - түсiмнiң әрбiр түрi, бюджет шығыстарының әрбiр түрлерi және бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бойынша, олардың белгiлi бiр сипаттамалары бойынша, түсiмдер сыныптамасының, шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасының деңгейлерi бойынша жеке бекiтiлетiн цифрлық белгі (топтамалық код).

Бюджет түсімдерінің сыныптамасы

    Санаттар түсiмдердi экономикалық белгiлер бойынша топтастыруды көрсетедi. Сыныптар мен кiшi сыныптарда түсiмдер олардың көздерi мен түрлерi бойынша топтастырылады. Өзiндiк ерекшелiк бюджетке төлем немесе түсiм түрiн айқындайды. Түсiмдердiң әрбiр түрiнiң түсiмдер сыныптамасының барлық деңгейлерiнiң кодтарынан қалыптасатын алты белгілi коды болады.

Бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы өзiне мынадай негізгі санаттарды қамтиды:

      1 - салықтық түсiмдер;

      2 - салықтық емес түсiмдер;

      3 - негізгі капиталды сатудан түсетiн түсiмдер;

      4 - ресми трансферттерден түсетiн түсiмдер;

      5 - бюджеттік кредиттерді өтеу;

      6 - мемлекеттің қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер;

      7 - қарыздардың түсiмi;

      8 - бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.