- •Тақырып 1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және мағынасы.
- •1 Мемлекеттік бюджет ұғымы, оның функциялары
- •2.Бюджет құрылымы
- •3.Түсімдер мен шығыстар құрамы
- •Тақырып 2. Бюджет жүйесі.
- •1. Бюджет жүйесі ұғымы, құрылу принциптері
- •2. Қр бюджет жүйесінің құрылымы. Шоғырландырылған бюджет ұғымы.
- •3. Республикалық бюджеттің мазмұны
- •5. Бюджетаралық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу нысандары
- •4. Жергілікті бюджеттер ұғымы
- •Тақырып 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
- •1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының ұғымы, қажеттілігі
- •2. Қр Ұлттық қорының құрылу көздері мен пайдалану бағыттары
- •Тақырып 4. Бюджеттік сыныптама
- •1.Бюджеттік сыныптама ұғымы, оның құрамы
- •2 Бюджет түсімдерінің жіктелуі
- •3 Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы
- •4 Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы
- •Тақырып 5. Мемлекеттік бюджет түсімдерінің экономикалық мазмұны
- •1.Бюджет кірістері ұғымы, олардың құрамы
- •2. Бюджет кірістерін бюджет деңгейлері арасында тарату
- •Тақырып 6 Мемлекеттік бюджеттің шығыстар жүйесі.
- •1. Бюджет шығындарының ұғымы, нысандары
- •2. Бюджет шығыстарын бюджет деңгейлері арасында тарату
- •3.Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне еңбекақы төлеу тәртібі
- •4. Мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру
- •Тақырып 7. Білім беруге арналған бюджет шығыстары.
- •1. Мектепке дейінгі мекемелердің шығындарын жоспарлау
- •2. Жалпы орта білім беруді қаржыландыру.
- •3.Жоғары білім беруді қаржыландыру ерекшеліктері
- •Тақырып 8. Денсаулық сақтауға арналған бюджет шығыстары
- •1 Денсаулық сақтау мекемелерінің шығындарын жоспарлау көрсеткіштері
- •2. Мемлекеттік тапсырысты орындайтын денсаулық сақтау мекемелерінің шығындарын қаржыландыру тәртібі
- •Тақырып 9. Бюджеттің әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған шығындары
- •1. Әлеуметтік қамтамасыз етудің экономикалық мазмұны
- •2. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар
- •3. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
- •4. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі
- •5. Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау
- •6. Зейнетақымен қамсыздандыру тәртібі.
- •Тақырып 10. Бюджеттік процесті ұйымдастыру
- •1. Бюджетті жоспарлау принциптері.
- •2. Республикалық бюджетті құру, қарау, бекіту тәртібі
- •3. Жергілікті бюджеттерді құру, қарау, бекіту тәртібі
- •Тақырып 11. Қазынашылықтың бюджетті атқарудағы рөлі
- •1. Қазынашылықтың функциялары, оның құрылымы.
- •2. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі қаржылық рәсімдер.
- •3.Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы.
- •4. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы.
- •5. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың үлгілері, түрлері, принциптері.
1.Бюджет кірістері ұғымы, олардың құрамы
Бюджет кірістері - салық және басқа да міндетті төлемдер, ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, кайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатуға байланысты емес бюджетке есептелуге тиісті ақша болып табылады.
Салықтық түсімдер - ҚР Салық кодексінде белгіленген салықтар және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер.
Салықтық емес түсімдер - ҚР Салық кодексінде белгіленген, негізгі капиталды, гранттарды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтындардан басқа, басқа да заң актілерінде белгіленген бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ, ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша.
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады:
1) мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша;
2) мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды сатудан түсетін ақша;
3) мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұракты немесе уақытша жер пайдалануға беруден немесе халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда жер учаскелерін өзге құқықтық нысандарда өткізуден түсетін акша;
4) мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақша.
2. Бюджет кірістерін бюджет деңгейлері арасында тарату
Республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер:
1) мұнай секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердi қоспағанда, корпоративтiк табыс салығы; 2) қосылған құн салығы; 3) Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға акциздер; 4) шикi мұнайға, газ конденсатына акциздер; 5) ойын бизнесi салығы; 6) мұнай секторы ұйымдарынан түсiмдердi қоспағанда, үстеме пайда салығы; 7) тарихи шығындарды өтеу жөнiндегi төлемақы; 8) мұнай секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердi қоспағанда, бонустар, пайдалы қазбаларды өндiруден алынатын салық, экспортқа рента салығы, Қазақстан Республикасының жасалған келiсiмшарттар бойынша өнiмдi бөлу жөнiндегi үлесi; өнiмдi бөлу туралы келiсiмшарт бойынша қызметiн жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi; 9) жергiлiктi маңызы бар ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдары бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алымнан басқа, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алым; 10) телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат берiлгенi үшiн алым; 11) бұқаралық ақпарат құралының мемлекеттiк тiркелгенi үшiн алым; 12) дәрiлiк заттардың мемлекеттiк тiркелгенi үшiн алым; 13) радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы; 14) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы; жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы; 15) әкелiнетiн және әкетiлетiн тауарларға кеден баждары; 16) кеден бақылауын және кеден рәсiмдерiн жүзеге асырудан түсетiн түсiмдер; 17) отандық тауар өндiрушiлердi қорғау шаралары ретiнде алынатын баждар; 18) консулдық алым; 19) жүргiзушi куәлiктерiнiң берiлгенi үшiн алынатын мемлекеттiк баж; 20) нотариаттық iс-әрекеттер жасалғаны үшiн алынатын мемлекеттiк баж.
Облыстық бюджетке түсетiн түсiмдер:
1) облыстық мәслихат белгiлеген кiрiстердi бөлу нормативтерi бойынша жеке табыс салығы; 2) облыстық мәслихат белгiлеген кiрiстердi бөлу нормативтерi бойынша әлеуметтiк салық 3) қоршаған ортаға эмиссия төлемақысы; 4) облыстық маңызы бар мемлекеттiк ақылы автомобиль жолдарымен жүргенi үшiн алым; 5) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы; 6) жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы; 7) орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы; 8) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы облыстық бюджетке түсетiн салық түсiмдерi болып табылады.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне түсетiн түсiмдер:
1) облыстық мәслихат белгiлеген кiрiстердi бөлу нормативтерi бойынша жеке табыс салығы; 2) облыстық мәслихат белгiлеген кiрiстердi бөлу нормативтерi бойынша әлеуметтiк салық; 3) жеке және заңды тұлғалар, дара кәсiпкерлер мүлкiне салық; 4) жер салығы; 5) бiрыңғай жер салығы; 6) көлiк құралдарына салық; 7) тiркелген салық; 8) акциздер мыналарға. Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген спирттiң барлық түрiне; алкоголь өнiмiне; этил спиртiнiң көлемi 0,5 проценттен аспайтын сыраға; темекi бұйымдарына; жеңiл автомобильдерге (мүгедектер үшiн арнайы арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқаруға бейiмделген автомобильдерден басқа); бензинге және дизель отынына; 9) жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы; 10) дара кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым; 11) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым; 12) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркегенi, сондай-ақ оларды қайта тiркегенi үшiн алым; 13) аукциондардан алым; 14) көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркегенi, сондай-ақ оларды қайта тiркегенi үшiн алым; 15) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым; 16) жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым; 17) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде және елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы; 18) республикалық бюджет есебiне жазылатын консулдық алымнан және мемлекеттiк баждардан басқа, мемлекеттiк баж аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне түсетiн салық түсiмдерi болып табылады.
