Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мемл бюджет кит.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133 Кб
Скачать
☆

Тақырып 6 Мемлекеттік бюджеттің шығыстар жүйесі.

Дәріс сұрақтары:

 

1. Бюджет шығындарының ұғымы, нысандары

2. Бюджет шығыстарын бюджет деңгейлері арасында тарату

3. Қаржыландыру жоспарларының түрлері, құрылу  тәртібі

4. Мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру

1. Бюджет шығындарының ұғымы, нысандары

Бюджет шығындары - қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаты бюджет шығындары болып табылады. Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:

1) мемлекеттік мекемелердің кызметін қамтамасыз ететін шығындар;

2) тұракты сипаты жоқ іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар;

3) мемлекеттік тапсырысқа арналған шығындар - мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында (мемлекеттік органдардың өздерінің тұтынуына арналмаған) өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) мемлекеттік органдардың ақы төлемі;

4) жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер - қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жеке тұлғаларға ақшалай нысандағы төлемдермен байланысты шығындар;

5) заңды тұлғаларға субсидиялар - мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын заңды тұлғаларды өтеусіз және қайтарылмайтын негізде қаржыландыру.

6) ресми трансферттер - бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына трансферттер төлеу;

7) өзге  де түрлері.      

 

2. Бюджет шығыстарын бюджет деңгейлері арасында тарату

 Республикалық бюджеттiң шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады: - Қазақстан Республикасы Президентiн және оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және күзету; - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң жұмыс iстеуi; - сайлаулар мен референдумдар өткiзу; - салық қызметi органдарының қызметi; - мемлекеттiк қаржы бақылауы және қаржы мониторингi; - кеден қызметi; - мемлекеттiң сыртқы саяси қызметi; - iргелi ғылыми зерттеулер жүргiзу;

- мемлекеттiң қорғанысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету; - терроризмге және экстремизм мен сепаратизм көрiнiстерiне қарсы күрес;

- сот жүйесiнiң жұмыс iстеуi; - қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметiн ұйымдастыру және қамтамасыз ету; - бiлiм беру: - республикалық бiлiм беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы бiлiм беру; - республикалық маңызы бар мектептен тыс iс-шаралар өткiзу; - республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бiлiм беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейiнгi, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмдi мамандар даярлау;

- жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету; - республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының мамандандырылған медициналық көмек көрсетуi; - зейнетақы төлемдерi; - мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар; - мемлекеттiк арнайы жәрдемақылар; - арнайы мемлекеттiк жәрдемақылар; - зейнеткерлердi, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiн, жерлеуге жәрдемақы; - бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетiн бiржолғы мемлекеттiк жәрдемақы; - баланы бiр жасқа толғанға дейiн бағу-күту бойынша оларға тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы;

- мемлекеттiк инновациялық саясат; - облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiне трансферттер; - үкiметтiк борышқа қызмет көрсету және өтеу, т.б.

Облыстық бюджеттiң шығыстары:

- техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi кәсiптiк оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар және оқу-әдiстемелiк кешендер сатып алу және жеткiзу; - облыстық деңгейде жүзеге асырылатын балаларға қосымша бiлiм беру; - республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарды қоспағанда, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлау; - балаларды арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша оқыту; - мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында дарынды балаларды оқыту; - техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм; - жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыру; - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнен қаржыландырылатын әлеуметтiк көмек түрлерiн қоспағанда, мүгедек балаларды қоса алғанда, қарттар мен мүгедектердi әлеуметтiк қамсыздандыру.

Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң  шығыстары

- мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту; - бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiмнiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiндегi бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз ету; - кешкi (ауысымдық) оқу нысанын және интернат үлгiсiндегi ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта бiлiм берудi қоса алғанда, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм беру; - аудандық (қалалық) ауқымда мектеп олимпиадаларын өткiзу; - мектепалды дайындық, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiмнiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендер сатып алу және жеткiзу; - балалар үшiн қосымша бiлiм беру;жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттiк қамтамасыз ету, оларды мiндеттi түрде жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету; - тұрғын үй көмегi; - үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету; - он сегiз жасқа дейiнгi балаларға тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы; - жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектер үшiн жеке көмекшi, құлағы естiмейтiн мүгедектер үшiн - ымдау тiлiнiң мамандарын ұсыну; - мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету; - белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ адамдарды әлеуметтiк бейiмдеу; - халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету; - мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек; - жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек.