Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мемл бюджет кит.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133 Кб
Скачать
☆

3 Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы

     Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы - мемлекет функцияларының орындалуын, республикада мемлекеттік саясатты iске асыруды бейнелейтiн функционалдық және ведомстволық белгiлер бойынша бюджет қаражатының жұмсалу бағыттарын айқындайтын барлық деңгейлердегi бюджеттер шығыстарының топтамасы болып табылады. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының топтамасы мынадай деңгейлерден тұрады:

- функционалдық топтар;

- функционалдық iшкi топтар;

- бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi;

- бюджеттік бағдарламалар және кiшi бағдарламалар.

         Функционалдық топ - бюджет шығыстарын салалық белгiлері мен функционалдық бағыты бойынша бiрiктiру. Сыныптамалық коды 2 белгiден тұрады.

         Функционалдық топтар:

      01- Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

      02- Қорғаныс

      03- Қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк, құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметi

      04- Бiлiм беру

      05- Денсаулық сақтау

      06- әлеуметтік көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру

      07- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

      08- Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк

      09- Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану

      10- Ауыл, cу, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

      11- өнеркәсiп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi

      12- Көлiк және коммуникациялар

      13- өзгелерi

      14- Борышқа қызмет көрсету

      15- Ресми трансферттер

      16- Қарыздарды өтеу

      Функционалдық ішкi топ (ішкі функция) бюджет қаражатының функционалдық топ iшiнде жұмсалу бағытын нақтылайды. Сыныптамалық коды 1 белгiден тұрады.  Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi оларға жүктелген функциялар мен өкiлеттiктерге сәйкес айқындалады. Бюджеттік бағдарлама - бюджеттің мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекеттік саясатты iске асыру жөнiндегi шығыстары.

      Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы

 

4 Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы

        

     Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы - бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру үшін мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын операцияларды бейнелейтін экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет шығыстарын топтастыру болып табылады.

      Экономикалық сыныптама мынадай санаттардан тұрады:

  •       ағымдағы шығындар - мемлекеттік мекемелердің өз функцияларын жүзеге асыруға байланысты шығындары;

  •       күрделi шығындар - негiзгi капиталды құруға, қалпына келтіруге немесе сатып алуға байланысты шығындар;

  •       бюджеттік кредиттер - қайтарымды, мерзімді және ақылы негізде бюджеттен бөлiнетiн ақша;

  •       қаржы активтерiн сатып алу - мемлекеттiк меншiкке заңды тұлғалардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерiн, бағалы қағаздарын сатып алу жөнiндегi операциялармен байланысты шығыстар;

      қарыздарды өтеу - қарыздар бойынша негізгi борышты өтеуге жұмсалатын шығыстар.

Тақырып 5. Мемлекеттік бюджет түсімдерінің экономикалық мазмұны

Дәріс сұрақтары:

 

1. Бюджет кірістері ұғымы, олардың құрамы

2. Бюджет кірістерін бюджет деңгейлері арасында тарату