- •Екінші блок - Практика Емтихан билеттері
- •Ұлттық байлық
- •Қазақстан табиғаты
- •Астанаға сапар
- •Су астындағы қонақүйлер
- •«Байқоңыр» ғарыш айлағы
- •Адамның табиғатты тануы
- •Адам мен табиғат
- •Телефонның шығу тарихы
- •Ағайын-туыс
- •Ұлттық киімдер
- •Құтты болсын!
- •Қазақстан Республикасының рәміздері
- •Кәсіпкерлік
- •Бауыржан Момышұлы
- •Назарбаев университеті
- •Мамандығым – мәртебем
- •Әлем таныған Қазақстан
- •Қазақстандық коллекционерлер
- •Ұлттық тәрбие
- •Өнер түрлері
- •Отбасылық бюджетті жүргізу
- •Халықтық медицина еміне құлақ түрсек…
- •Шынықсаң шымыр боласың
- •Махаббатсыз дүние бос...
- •Отбасы және дәстүр
- •Достықтың алтын көпірі
- •Тыңдалымға арналған мәтіндер
- •Шарм Эль Шейх курорты
- •Қазақстан туризмі
- •Қазақстанның табиғи саябақтары, қорықтары оларды қорғау
- •Экологиялық мәдениет
- •Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктері
- •Мемлекеттік рәміздер тарихынан
- •Ұлттық валюта – теңге
- •Қазақ ғарышкерлері
- •Бейжіңдегі университетте оқитын отандасымыз «Жыл студенті» атанды
- •Әлемдегі ең таңдаулы мамандық
- •Іскерлік
- •Әлемдегі ең бай адамдар
- •Телефон және ұялы телефон арқылы байланысу
- •Кімде қандай коллекция бар?
- •Спорт жетістіктері
- •Денсаулық – зор байлық
- •Бисердің шығу тарихы
- •Сән және стиль түрлері
- •Тарихи тұлға
- •Достық деген не?
- •Бірлігі жарасқан ел
- •Аққу –махаббат символы
- •Сыйластық
- •Үйлену тойы
- •Әдептілік туралы
- •Нәресте мен періште
- •Отбасылық бюджет
Қазақстан табиғаты
Бурабай көлі – емдік қасиетімен әрі әсем табиғатымен ерекшеленеді. Көл – теңіз деңгейінен 320,6 м биіктікте. Көлдің суы таза, тұщы, жұмсақ, тұнық болғандықтан түбі және ондағы жәндіктер анық көрінеді. Қарағайлы, қайыңды орман, Көкшенің шоқылары, аңыз болған Жұмбақтас, бір-біріне жақын жатқан Көкшетаудың сексен көлі бар. Осы төңіректегі атаулар Бурабай көлінің даңқымен көпке танымал болған.
Шарын ұлттық табиғи саябағы – Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Райымбек және Ұйғыр аудандарында орналасқан мемлекеттік саябақ. Саябақ 1964 жылдан бері республикалық маңызы бар табиғат ескерткіші ретінде қорғалып келді. Ондағы өсімдіктердің 21 түрі қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген. Дәл осындай табиғаты ерекше шатқал дүние жүзінде Шарыннан басқа тек АҚШ-тағы Колорода штатында ғана кездеседі.
Әнші құм – Талдықорған жерінде Үлкен Қалқан, Кіші Қалқан деп аталатын таулардың етегіне орналасқан құмды төбе. Мұнда Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп отырады. Жел тұрған кезде сырнайдың үніне ұқсас таза, әдемі әуен естіледі. Осындай ғажап әнді есту үшін адамдар әдейі ат басын бұратын болған. Әнші құмның бұлай аталуының өз сыры бар. Табиғаттың мұндай ғажайып әншісі Қазақстаннан басқа ешбір елде жоқ.
2-тапсырма. Мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға -3 мин., жауап беруге-1 мин.).
ЖАЗЫЛЫМ (14 минут)
1-тапсырма. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға -13 мин., тексеруге-1 мин.) - 60 сөз.
Менің сүйікті қалам
№3 БИЛЕТ
ТЫҢДАЛЫМ (7минут)
1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз. №3 «Қазақстан туризмі» (тыңдауға – 2 мин.).
Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз (толтыруға 1 мин., жауап беруге-1 мин.).
№ |
|
дұрыс |
бұрыс |
1 |
Мемлекетімізде туризм саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. |
|
|
2 |
Елімізде ішкі және сыртқы туризм бірдей дамып жатқан жоқ. |
|
|
3 |
Туристік сапарға шықпас бұрын туристік бағдарламамен танысу керек. |
|
|
4 |
Ол өзі тандаған «Саятшы» туристік фирмаға барып келді. |
|
|
2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге -1 мин.).
СӨЙЛЕСІМ (10 минут)
1-тапсырма. Берілген жағдаят/тақырып бойынша пікірталастырыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге-2 мин).
Отбасындағы бала тәрбиесі
2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз (дайындалуға -5 мин., жауап беруге-1 мин.).
Алматы әуежайы
ОҚЫЛЫМ (9 минут)
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға-1 мин., дауыстап оқуға-2 мин.).
Мәтін бойынша жоспар құрыңыз (дайындалуға -1 мин., жауап беруге-1 мин.).
Астанаға сапар
Адамдар басқа қалаларға, елдерге ұшақ немесе пойыз арқылы қатынайды. Ұшақпен кез келген жерге тез жетуге болады. Пойыз ұшаққа қарағанда қауіпсіз және жайлы. Пойыз билетіне қарағанда, ұшақ билеті қымбат.
Кейбіреулер Астанаға қыдырып барса, кейбір адамдар жұмыс бабымен барады. Дәурен жазғы демалысын Астанада өткізбекші болды. Ол жолға жиналды. Оны ата-анасы шығарып салды. Астанаға жүрдек пойызбен жетті. Оны вокзалдан досы күтіп алды. Екеуі досының үйіне келді. Біраз тынығып алғаннан кейін, олар Астананы аралауға шықпақшы. Мұхитбаққа барып балықтарды тамашалады. Ертесіне Ханшатырға барып, суға түсті жақсылап демалды. Дәурен апта бойы Астана қаласын армансыз аралады.
Байкен Астанаға іссапармен баратын болды. Астанаға тез жету үшін ұшақпен бармақшы. Ол бару және қайту билеттеріне алдын-ала тапсырыс беріп қойған. Әуежайға таксимен келді. Ұшаққа отырып, Астанаға жетті. Қонақүйге орналасып, жұмыс орнына барды. Уақыты өте тығыз. Жұмыс өте көп. Іссапар мерзімі екі күн. Жұмыстарын бүгін бітіріп, ертең Алматыға қайтпақшы. Әріптестерімен кездесіп, жиналыс өткізді. Жұмысы ұзаққа созылып, шаһарды аралауға уақыты жетпеді.
2-тапсырма. Мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға -3 мин., жауап беруге-1 мин.).
ЖАЗЫЛЫМ (14 минут)
1-тапсырма. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға -13 мин., тексеруге-1 мин.) - 60 сөз.
Өнер түрлері
№4 БИЛЕТ
ТЫҢДАЛЫМ (7минут)
1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз. №4 «Қазақстанның табиғи саябақтары, қорықтары оларды қорғау» (тыңдауға – 2 мин.).
Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз (толтыруға 1 мин., жауап беруге-1 мин.).
№ |
|
дұрыс |
бұрыс |
1 |
Ұлттық саябақтардың қорықтардан айырмасы бар. |
|
|
2 |
Қорық – ерекше қорғауды қажет етпейтін жер. |
|
|
3 |
Көптеген ғалымдардың еңбектерінде VІ-VП ғасырларда қазақ жерінде ерекше қорғалатын жерлер болғанын жазады |
|
|
4 |
Табиғат ескерткіштерін қорғау – бұл жанды табиғатқа тән затты құрту деген сөз |
|
|
2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге -1 мин.).
СӨЙЛЕСІМ (10 минут)
1-тапсырма. Берілген жағдаят/тақырып бойынша пікірталастырыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге-2 мин.).
Үйлену тойына дайындық – қиын да қызықты
2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз (дайындалуға -5 мин., жауап беруге-1 мин.).
Сүйікті ісім
ОҚЫЛЫМ (9 минут)
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға-1 мин., дауыстап оқуға-2 мин.).
Мәтін бойынша жоспар құрыңыз (дайындалуға -1 мин., жауап беруге-1 мин.).
