- •Екінші блок - Практика Емтихан билеттері
- •Ұлттық байлық
- •Қазақстан табиғаты
- •Астанаға сапар
- •Су астындағы қонақүйлер
- •«Байқоңыр» ғарыш айлағы
- •Адамның табиғатты тануы
- •Адам мен табиғат
- •Телефонның шығу тарихы
- •Ағайын-туыс
- •Ұлттық киімдер
- •Құтты болсын!
- •Қазақстан Республикасының рәміздері
- •Кәсіпкерлік
- •Бауыржан Момышұлы
- •Назарбаев университеті
- •Мамандығым – мәртебем
- •Әлем таныған Қазақстан
- •Қазақстандық коллекционерлер
- •Ұлттық тәрбие
- •Өнер түрлері
- •Отбасылық бюджетті жүргізу
- •Халықтық медицина еміне құлақ түрсек…
- •Шынықсаң шымыр боласың
- •Махаббатсыз дүние бос...
- •Отбасы және дәстүр
- •Достықтың алтын көпірі
- •Тыңдалымға арналған мәтіндер
- •Шарм Эль Шейх курорты
- •Қазақстан туризмі
- •Қазақстанның табиғи саябақтары, қорықтары оларды қорғау
- •Экологиялық мәдениет
- •Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктері
- •Мемлекеттік рәміздер тарихынан
- •Ұлттық валюта – теңге
- •Қазақ ғарышкерлері
- •Бейжіңдегі университетте оқитын отандасымыз «Жыл студенті» атанды
- •Әлемдегі ең таңдаулы мамандық
- •Іскерлік
- •Әлемдегі ең бай адамдар
- •Телефон және ұялы телефон арқылы байланысу
- •Кімде қандай коллекция бар?
- •Спорт жетістіктері
- •Денсаулық – зор байлық
- •Бисердің шығу тарихы
- •Сән және стиль түрлері
- •Тарихи тұлға
- •Достық деген не?
- •Бірлігі жарасқан ел
- •Аққу –махаббат символы
- •Сыйластық
- •Үйлену тойы
- •Әдептілік туралы
- •Нәресте мен періште
- •Отбасылық бюджет
Ағайын-туыс
Қазақ халқының салт-дәстүрлері ағайын-жекжатқа байланысты. Жігіттің үш жұрты болады: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты деген сөз туыстық қарым-қатынастың бағытын орынды көрсетеді. Қандас туыстар өз жұртын жеті ұрпаққа таратып айтады. Бір ата-анадан туылған ұлдар мен қыздар бірі аға, бірі іні, әпкелі-сіңлілі, қарындас болады.
Қазақ халқында туыстық атаулары өте көп. Адамның өзінің бел баласы – ұлы мен қызы. Ұлдан туған бала – немере, қыздан туған бала – жиен болады. Осы немере мен жиеннен туған ұрпақ шөбере және жиеннен туған жиеншар деп аталады. Бұл үшінші ұрпақ болып саналады. Төртінші ұрпақты немене (шөпшек) және туажат дейді. Жігіттің анасының шыққан тегі мен руының барлығы нағашыға жатады. Нағашы жұрты қанша жақсы болса да жігітке өз елі ыстық, әрі қымбат.
Жиын-тойларда ағайынның көмегі зор. Қазақ халқының салт-дәстүрлері ағайынсыз орындалмайды. Ағайын арасындағы татулық той-думандарда білінеді. Үлкен тойды ағайын-туыс көмегімен өткізеді. «Ырыс қашса да, туыс қашпайды» деген мақал ағайынның адам өміріндегі маңызды орнын көрсетеді. Ағайынның басын қосып, ұйытқы болып отыратын ұл балалар.
2-тапсырма. Мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға -3 мин., жауап беруге-1 мин.).
ЖАЗЫЛЫМ (14 минут)
1-тапсырма. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға -13 мин., тексеруге-1 мин.) - 60 сөз.
Менің оқу орным
№10 БИЛЕТ
ТЫҢДАЛЫМ (7минут)
1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз. №10 «Бейжіңдегі университетте оқитын отандасымыз «Жыл студенті» атанды» (тыңдауға – 2 мин.).
Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз (толтыруға 1 мин., жауап беруге-1 мин.).
№ |
|
дұрыс |
бұрыс |
1 |
«Жыл студенті» атағы тек Қазақстандық студенттерге беріледі. |
|
|
2 |
Ол Британ университетінде білім алып жатыр. |
|
|
3 |
Асланның ғылыми жетекшісі Хан Гуоцин оның болашағынан зор үміт күтеді. |
|
|
4 |
Қазақстандық студент Аслан Жанұзақов «Жыл студенті» атағына ие болды. |
|
|
2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге -1 мин.).
СӨЙЛЕСІМ (10 минут)
1-тапсырма. Берілген жағдаят/тақырып бойынша пікірталастырыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге-2 мин.).
Қазақстан халықтарының татулығы. Бірлік, ынтымақ туралы мақал-мәтелдер
2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз (дайындалуға -5 мин., жауап беруге-1 мин.).
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы
ОҚЫЛЫМ (9 минут)
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға-1 мин., дауыстап оқуға-2 мин.).
Мәтін бойынша жоспар құрыңыз (дайындалуға -1 мин., жауап беруге-1 мин.).
Ұлттық киімдер
Қазақ халқының ұлттық киімдері үш түрге бөлінеді. Олар: бір киер киім, күнделікті киім, жұмыс киімі.
Бір киер киімге жиындарға, той-думанға барғанда киетін сәнді киімдерді жатқызған. Олардың түстері ашық, киімдері көрнекті болады. Олар – көйлек, қамзол, шапан, аң терісінен тігілген ішіктер, тақия, сәукеле, бөрік т.б.
Сәукеле – қызды ұзатқанда киетін бас киім. Оны ақ киізден жасайды. Шеті құндыз, кәмшат терісімен айналдыра тігіледі. Сәукеле алтын жібек жіппен зерленеді. Сәукеленің төбесіне үкі қадалады, сыртына жаулық жабады.
Қысқы киім – тон, ішік. Тон әрі жылы, әрі ыңғайлы. Оны қатты аязда, боранда киеді.
Ішік – қасқырдың, түлкінің, қарсақтың, күзеннің, қоянның терісінен тігілетін жылы киім. Сыртын матамен тыстайды.
Шапандар қазақ жерінде әр түрлі болған: мерекелік шапандар, күнделікті шапандар, қыз-келіншектерге арналған шапандар. Мерекелік шапандар әдемі матадан тігіледі. Олар асыл тастармен әшекейленген.
2-тапсырма. Мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға -3 мин., жауап беруге-1 мин.).
ЖАЗЫЛЫМ (14 минут)
1-тапсырма. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға -13 мин., тексеруге-1 мин.) - 60 сөз.
Менің сүйікті спортшым
№11 БИЛЕТ
ТЫҢДАЛЫМ (7минут)
1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз. №11 «Әлемдегі ең таңдаулы мамандық» (тыңдауға – 2 мин.).
Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз (толтыруға 1 мин., жауап беруге-1 мин.).
№ |
|
дұрыс |
бұрыс |
1 |
Қазіргі таңда экономикалық мамандықтар қажет емес. |
|
|
2 |
Адам екі нәрсені таңдауда жаңылыспауы керек. |
|
|
3 |
Елімізде техникалық мамандарға сұраныс өте жоғары. |
|
|
4 |
Заңгер мамандығы талапкерлер арасында «танымал» мамандықтардың қатарында емес. |
|
|
2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге -1 мин.).
СӨЙЛЕСІМ (10 минут)
1-тапсырма. Берілген жағдаят/тақырып бойынша пікірталастырыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге-2 мин.).
Ақшасы көп адам – сыйлы адам. Келісесіз бе?
2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз (дайындалуға -5 мин., жауап беруге-1 мин.).
Қазақстан спортшылары
ОҚЫЛЫМ (9 минут)
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға-1 мин., дауыстап оқуға-2 мин.).
Мәтін бойынша жоспар құрыңыз (дайындалуға -1 мин., жауап беруге-1 мин.).
