Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билеты + аудиотекст 3 ур.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189 Кб
Скачать
☆

Сән және стиль түрлері

Сән – қоғамдық өмірдің бір бөлшегі, әлеуметтік құбылыс. «Сән» (мода) – латын сөзі, «өлшем», «әдіс», «іс-әрекет» деген ұғымды білдіреді. Қазіргі таңда әр адамның өз талғамына, қажетіне сай сәнді киіну мүмкіндігі бар.

Сәнді арнайы көркемдеуші адамды «сәнгер» деп атаймыз. Ол сәнқой адамның талғамын ескере отырып, тұтынушы халықтың талғамына сай келетіндей етіп орындайды. Оларды «стилистер» деп атаймыз.

Стиль – грек сөзі, өнерде авторлық туындының мәнерін, мазмұнын, көркемдік ерекшеліктерін білдіреді. Киімде бірнеше стиль қалыптасқан. Олар: классикалық, фольклорлық, романтикалық, спорттық және т.б.

Классикалық стильге салыстырмалы түрде тұрақты, сән әлеміндегі өзгерістерге онша беріле бермейтін барлық киім түрлері кіреді. Ерлердің классикалық киімдеріне – костюм, шалбар немесе тек шалбардың өзі, жакет-костюм, ағылшын пальтосы, ал әйелдердің классикалық киіміне жеңді көйлек, жеңді көйлек жакетімен, белдемше кіреді.

Спорттық стиль – демалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда киюге ыңғайлы киімдер. Спорттық киімдер ассортименттері – күртеше, жейде, әртүрлі ұзындықтағы түрліше әрленген белдемшелер, комбинезондар, джинсы киімдер.

Романтикалық стильде әдемілік, ерекшелік, сүйкімділік, нәзіктік әдеттегіден тыс көрінеді.

Фольклорлық стиль (этникалық) – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер.

№20 мәтін

Тарихи тұлға

Тарихи тұлға дегеніміз – жағдайға байланысты және жеке басының сапасына орай танылғандар. Қазақтың шежірелік зердесінде адам – тарихтың негізгі тұлғасы. Тарихи дамуға халық болмысы негіз болады. Жеке тұлғаның өзі халық арасынан шығады. Қандай да бір айбынды әмірші болса да, ол халықпен бірге көтеріліп, халықпен бірге төмендейді деген ойды орыс халқының жазушысы, философ А.И. Герцен айтқан. Әбубәкір Кердері де: «Жігітке бақыт та оңай, дәулет те оңай, егер қабырғалы халқы болса»,- деген. Яғни, тарихи тұлға қаншалықты данышпан болса да, оның барша болмысы қоғамдық өмірмен байланыста болады.

Иә, қоғамның қайшылықты даму жолында өздерінің күрделі қырларымен өшпес із қалдырған тұлғалар бар.

Ұлы тұлғалар – өздерінің саяси немесе рухани еңбегі арқылы қоғам қажеттіліктерін анағұрлым толық қанағаттандыра алып, оның дамуына айтарлықтай әсер еткен, атқарған қызметі өз мемлекетінің аясынан шығып, сол елге пайдасын тигізіп, баршаға әйгілі болған адамдар. Сондықтан кез келген мемлекет тарихы ұлы тұлғалар ісі арқылы анағұрлым айқын, әрі әсерлі көрінетіні тегін емес. Оның үстіне, тарихтың өзі де кейде осы тұлғалармен сәйкестендіріледі.

№21 мәтін

Достық деген не?

Қазақта: «Көзден таса – көңілден болады ұмыт» деген нақыл сөз бар. Адал дос досын ғана ойында сақтайды. Қиыр шет, қиын алыста жүргенде де көкейінде ұстайды. Кейбір адамдар, тіпті қайтыс болған достарын да ұмытпайды.

Досыңның көңілінде кірбіңі болса, соны кетіруге асық. Ол бақытсыздыққа ұшыраса – барыңмен бөліс. Ауруға шалдықса – көңіліңмен демеу бол. Ол ашулы отырса, ақылыңды айтып, алдын теже. Адал достың бір-бірімен қарым-қатынасы тек қана осылай болуы абзал. Досты қинағаның – өзіңді қинағаның, оны сыйлағаның – өзіңді сыйлағаның.

Адал дос аңқау болады. Оны ақылсыздығы емес, сенім артқан достықтың күші аңқау етеді. Ендеше ешқашанда адал досты алдама. Алдаған дос аяусыз үкім шығарады. Данышпан Абайдың: «Досыңа достық – қарыз іс» деген сөзі бар. Бұл сөздің мәнісі адам досына достық көрсетіп, бір-біріне қызмет қылуға міндетті дегенді білдіреді. Егер сен досым маған қызмет етсін деп шіреніп жатып алсаң, онда достық бұзылады. Себебі шын дос адамдар бір-біріне жалшыдай қызмет етеді: айтқызбай жақсылық жасайды, айтқанының бәрін де орындайды. Бірақ бұған ешқайсысы бір-бірінен ақы дәметпейді. Өйткені достықты міндет қылған адам – дос бола алмайды.

№22 мәтін