Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билеты + аудиотекст 3 ур.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189 Кб
Скачать
☆

Кәсіпкерлік

Елімізде шағын кәсіпкерлікті дамыту қолға алынды. Бизнесті дамыту жолдары жан-жақты қарастырылуда. Ол үшін нақты шаралар жасалып жатыр. Әрбір азаматтың бизнеспен айналысуына мүмкіндік бар. Бизнесті ашу үшін банктер төмен деңгейде несие береді. Бизнес заңына сәйкес жұмыс жасау керек. Бизнесті бастамас бұрын адамның өзінде сенім болу керек. Ең алдымен адамға батылдық қажет. Бизнесті басқару оңай емес. Бәсекелестікте адамдар шығынға ұшырап зиян шегіп жатады. Серіктес ретінде де бірлесіп жұмыс жасауға болады. Бастысы іске нақтылық қажет. Бастаған істі тастамау керек. Алдағы жоспарың дұрыс болса, жұмысың да нәтижелі болады. Әрбір адамда іске икемділік пен қабілет болу керек.

Қазіргі заманның іскер адамы үшін әрбір минут қымбат. Жұмыс күнінің барлық сағатын дұрыс жоспарлай білген адамның ісі де өнеді, табысы да көбейеді. Бұндай адам бос уақытын да дұрыс пайдалана алады. Өз кәсібін шын сүйетін адам уақытты ұтымды пайдалауға тырысады. Мәселен, шетелдерде бизнеспен айналыса бастаған кәсіпкер ертеңгі күннің жоспарын бір күн бұрын жоспарлайды екен. Жоспар қағазға түсіріледі. Олардың ішінде ең маңыздысы, екінші кезекте орындалатындары белгіленеді. Іскер адам үшін ең маңыздысы – табысты молайтудың көзін іздеу, іскер әріптестер табу.

2-тапсырма. Мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға -3 мин., жауап беруге-1 мин.).

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут)

1-тапсырма. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға -13 мин., тексеруге-1 мин.) - 60 сөз.

Үлгілі отбасы

№15 БИЛЕТ

ТЫҢДАЛЫМ (7минут)

1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз. №15 «Кімде қандай коллекция бар?» (тыңдауға – 2 мин.).

Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз (толтыруға 1 мин., жауап беруге-1 мин.).

№

дұрыс

бұрыс

1

Димитрис Пистолас Санта Клаус қуыршақтарын жинаумен әуестенеді.

2

Қытайлық коллекционер Вонг Гуохуа шылым қораптарын жинаумен айналысады.

3

Памның коллекциясы 28 мыңнан асып жығылады.

4

Резеңкеден жасалған ойыншық үйректі Валли Хаммер жинайды.

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге -1 мин.).

СӨЙЛЕСІМ (10 минут)

1-тапсырма. Берілген жағдаят/тақырып бойынша пікірталастырыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге-2 мин).

Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы

2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз (дайындалуға -5 мин., жауап беруге-1 мин.).

Танымал өнер иесі

ОҚЫЛЫМ (9 минут)

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға-1 мин., дауыстап оқуға-2 мин.).

Мәтін бойынша жоспар құрыңыз (дайындалуға -1 мин., жауап беруге-1 мин.).

Бауыржан Момышұлы

Кез келген халық – өзінің ұлы ұл- қыздарымен даңқты. Осындай тарих толқынында есімі елге танымал болған қайраткерлердің бірі – Бауыржан Момышұлы.

Момышұлы Бауыржан (1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Ол Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы Көлбастау мекенінде туған.

Бауыржан біраз уақыт мұғалім болған. 1941ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, ол даңқты генерал-майор И.В. Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады.

Бауыржан Момышұлы – тарихи дара тұлға. Оның атақ, даңқы, батырлығы А. Бектің «Волоколамск тас жолы» атты кітабында суреттелді. Соғыстан кейін ол Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіріп, педагогикалық жұмыспен айналасып, Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шығады да, шығармашылық жұмыспен айналысады.

Бауыржан бірнеше орден, медальдармен марапатталды, Кеңестер Одағының Батыры атағын алады. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен оған «Халық Қаһарманы» деген атақ берілді.

2-тапсырма. Мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға -3 мин., жауап беруге-1 мин.).

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут)

1-тапсырма. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға -13 мин., тексеруге-1 мин.) - 60 сөз.

Табиғатты қорғау

№16 БИЛЕТ

ТЫҢДАЛЫМ (7минут)

1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз. №16 «Спорт жетістіктері» (тыңдауға – 2 мин.).

Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз (толтыруға 1 мин., жауап беруге-1 мин.).

№

дұрыс

бұрыс

1

Спорттың көптеген түрлерінен спортшыларымыз әлемге танылған жоқ.

2

Тәуелсіз Қазақстан 1994 жылы Дүниежүзілік Олимпиада комитетінің мүшесі болды.

3

ХХХ жазғы олимпиада ойындары қазақ спортшылары үшін сәтті болды.

4

Боксшы Серік Қонақбаевтың шеберлігін дүниежүзі мойындаған жоқ.

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге -1 мин.).

СӨЙЛЕСІМ (10 минут)

1-тапсырма. Берілген жағдаят/тақырып бойынша пікірталастырыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге-2 мин).

Қазақстан – бай өлке

2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз (дайындалуға -5 мин., жауап беруге-1 мин.).

Білім саласындағы жетістіктер

ОҚЫЛЫМ (9 минут)

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға-1 мин., дауыстап оқуға-2 мин.).

Мәтін бойынша жоспар құрыңыз (дайындалуға -1 мин., жауап беруге-1 мин.).