Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билеты + аудиотекст 3 ур.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189 Кб
Скачать
☆

Бірлігі жарасқан ел

Қазақстан көп ұлтты мемлекет екені баршамызға мәлім. Қазақстан – ежелден береке-бірлігі жарасқан ел. Қазақстанда жүз отыздан астам ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында өмір сүріп отыр. Олар бір отбасының баласындай тату-тәтті. Әр адамның өз туған жері, өз Отаны болады. Қазақстан кейбір азаматтарға тарихи Отан болған. Олар Қазақстанды ортақ «Отанымыз» деп санайды.

Әр халықтың өзіне тән мәдениеті мен салт-дәстүрі болады. Олар өз салт-дәстүрлерін, мәдениетін үнемі ұрпақтан-ұқпаққа жеткізіп отырады. Әр ұлт өкілдері өз тарихын жақсы біледі. Өз тарихын білу – парыз. Өзге ұлттардың тілін, салт-дәстүрін ұмытпауға елімізде барлық жағдай жасалған. Қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтейтін, қазақ тілінде еркін сөйлейтін өзге ұлт өкілдері де көптеп саналады. Қазақ тілін еркін меңгерген азаматтар жақсы жұмыстарға орналасады.

Қазақстан халқы арасында қарым-қатынас, достық жақсы дамып жатыр. Басқа елдер бізге қызыға қарайды. Қазақстанда мекен ететін халықтар арасында келіспеушілік жоқ. Халықтар арасындағы бейбітшілік пен тұрақтылық сақталған. Келешекте де халықтар достастығы нығая береді. Бұндай мейірімділік – ұлт болашағын, ұлт тағдырын, ұрпақтардың келешегін ойлайтын мемлекетке ғана тән қасиет.

№23 мәтін

Аққу –махаббат символы

Аққу – өте ірі және күшті құстардың бірі. Ол көне заманнан бері сұлулық пен махаббаттың, тазалық пен нәзіктіктің белгісі болып саналады. Оны көп халықтар киелі құс санап, ерекше құрметтеген. Аққулар қазақ халқының аңыздары мен ертегілерінде жырланады. Олар – ерекше сезгіш және сақ құс. Балапандарын ата-енесі бірлікте тәрбиелеп өсіреді. Аққу – сұлулықтың, асқақ ананың, айрылмас жардың символы. Құстардың ішінен жұптасып өмір сүретін бірден-бір құс. Егер жұп аққудың бір сыңары өліп қалса, енді бір сыңары басқа бір жұпқа қосылмайды. Өмірден қайғырған қалпында жалғыз өтеді екен. Бұл айнымас адал махаббаттың символы екенін көрсетеді. Бір-бірін шын сүйген жас жұбайлар махаббаттарын аққудың махаббатындай болса деп армандайды.

Қазақ халқы ұзақ ғасырлар бойында аққуды ерекше қастерлеген. Халық қазақтың әдемі қыздарын аққуға теңеген. Аққудың қауырсынын бесіктің басына және балалардың омырауына ырымдап тағады. Қазақ халқы "Аққуды атуға болмайды", "Махаббаттарың айдында жүзген қос аққудай болсын" - деген дана сөздер қалдырған. Аққу – табиғаттың аса ғажап және қазір сирек кездесетін туындысы. Біздің елімізде оларды аулауға тыйым салынған.

№24 мәтін

Сыйластық

Өзiңдi сыйлау дегенiмiз ол – адамның жүрiс тұрысы, жан тазалығы және тән тазалығы. Егер адам алдымен өз өзiне карап, таза жүрсе, киiмдi де жарасымды кисе, өзi үшiн әрқашан iзденiп бiлiмдi болса, әрине ол жан-жағындағыларға сыйлы болады. Сол үшiн әр адам өз орнын бiлiп өз жолымен жүрсе адамдардың бәрi оны сырттай да iштей де сыйлайтын болады. Өзiн өзi сыйлау деген – осы. Ал өзiмшiлдiк дегенiмiз ол мүлдем басқа, яғни бiреудi менсiнбеу, тек өзiнiкiн дұрыс санау өзiмшiлдiкке жатады. Адам өзін сыйлату үшін, өзгеге паңдана қарау міндет емес. Өзін сыйлату үшін, өзін де, өзгені де сыйлай білу керек. Ол сыйластық әке, жәке, көке деген сияқты жылпылдақ жағымпаздықтар емес, қарапайым шыншылдық. Әділ болу. Қай жерде жүрсек те бәріміз сыйлы болғымыз келеді. Бірақ біреудің сізді сыйлауына материалдық табыстар негіз болса, біреуге кішіпейілдігіңіз, өзгелерге талантыңыз маңызды болуы мүмкін. Ал, шын мәнінде сыйлы болу үшін адам нені білуі керек? Сыйласаң ғана сыйлы боласың. Алдымен басқаларды шын жүрегіңмен сыйлауың керек. Сыйластық ең алдымен басқаларды түсіне білуден басталады.

№25 мәтін

Асар

Асар көпшіліктің көмегін пайдалану дәстүрі. Бұл дәстүр күні бүгінге дейін сақталған. Асар жасау қазақ халқының ұйымшылдығын көрсетеді. Үлкен күш пен көп қолды қажет ететін ауыр жұмыс атқарылғанда жақындарының немесе көрші-қолаңдар мен жора-жолдастарының көрсеткен көмектері асар деп аталады. Асар әсіресе үлкен үй тұрғызғанда ұйымдастырылады. Себебі жұмыс ауқымы үлкен және қиын. Асар жасайтын жұмыс иелері бір күнді белгілеп, ақылдасып, алдын-ала көмектесушілерді шақырады. Көмекке туған-туысқандар, көрші-қолаңдар жиналады. Көмекке келген асаршыларға ақы төленбейді. Олар көмектерін тегін көрсетеді. Асарға келе алмағандар өздерінің көмектерін қаржылай немесе істелініп жатқан жұмысқа қажетті затты беру арқылы көмектеседі. Жұмыс иелері жұмысшыларға жақсылап дастарқан жайып, құрметпен қызмет көрсетеді. Бұндай асар бір-бірін сыйлауды, жанашырлықты, бірлікті, туысқандықты білдіреді. Әйел адамдары жұмысшыларға ас дайындайды. Дастарқан басында әңгіме-думан құрып, ән айтылады. Асарға жас балалар да қатысады. Үлкендер оларға жеңіл-желпі жұмыстар беріп, еңбекке баулиды. Үлкендердің осындай бірігіп істеген жұмыстары балаларына жақсы үлгі бола алады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бірлесіп жасалған жұмыс тез бітеді. Осындай асар туысқандар арасындағы қарым-қатынасты нығайтады, береке-бірлігін арттырады.

№26 мәтін