Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дипломдық жұмыс 408.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
149 Кб
Скачать
☆
  1. Төтенше жағдайлардағы ішкі істер органдары әрекеттерінің негіздері

1.1 Төтенше жағдайдың ұғымы, сипаты және жіктелуі

Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және басқа да негідерін қазіргі кездегі түбірімен қайта құру, басқаруды жетілдіру түрлі әлеуметтік жүйе үшін, соның ішінде Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі жүйесінің әлеуметтік маңыздылығына, күрделілігіне және орындайтын міндеттердің жауапкершілігін есепке алғанда да ерекше өзекке ие болуда. Сонымен қатар, аталмыш жүйені ұйымдастыру мен қалыптастыруды жетілдірудегі ең негізгі проблемалардың бірі - төтенше жағдайлар ахуалындағы ішкі істер органдарының күштері мен құралдарын басқару проблемесы болып табылады.

Төтенше жағдай ахуалында криминогендік жағдай бірден нашарлайды, біршама материалдық зардап келтіріледі. Ішкі істер органдарына кері салдарлардың алдын алуға байланысты жұмыстардың бар ауыртпалығы мен негізгі көлемі жүктеледі. Бұл жұмыстың бұрынғы ұйымдастырылған құрылымы мен формасы ішкі істер органдарының оперативтік жағдайдың шұғыл шиеленісуіне байланысты туындаған міндеттерді орындауларын қамтамасыз ете алмайды. Жұмыс көлемінің өсуі ішкі істер органдарынан жеке құрамды арнайы және психологиялық дайындау әрекетінің ерекше амалдары мен тәсілдерін талап етеді.

Ішкі істер органдары төтенше жағдайлар ахуалында, олардың өткізілу сипаты мен әдістерін ескере отырып тиімді жұмыс жасау үшін кең кешенді ұйымдастыру, жедел-қызметтік, психологиялық, қылмыстық іс жүргізу, әкімшілік, материалды-техникалық және қалыпты жағдайға тән емес басқа да іс шаралар өткізуді талап етеді.

Кез келген әректтің негізінде ұғым жүйесі жатыр. Сондықтан ішкі істер органдарының ерекше жағдайлардағы басқару әрекетінің мәнін толық түсіну үшін «ерекше жағдайлар» ұғымының мағынасын анықтап алу қажет.Бұл сөз тіркесінің құрылысын «ерекше» және «жағдайлар» терминдері құрайды, олардың әрқайсысы өзіндік сематикалық мағынаға ие.

«Ерекшелік», «ерекше» басқалардан өзгеше деген мағынаны білдіреді, яғни өзіндік ерекшелік, сипаттық қасиеті бар. «Жағдайлар» белгілі бір нәрселерді шешетін шарт ретінде түсіндіріледі: ереже, бірдеме болатын жағдай, сондай-ақ орындалуға тиісті талаптар мен мәліметтер. Сондықтан бұл сөз тіркесін қолдану оның мағынасымен бірге ішкі істер органдары әрекет ететін жағдайдың ерекше белгілерін де көрсетеді.

«Ерекше жағдайлар» ұғымы ішкі істер органдары үшін бір шама кеңірек және ол мағынаны да, айту формасында қамтиды. Ол табиғи, техногендік және экологиялық құбылыстардың нәтижесінде туындаған жағдайларды сипаттаумен шектелмейді, керісінше әлеуметтік сипаттағы жағдайларды едәуір қамтиды. Сонымен қатар, берілген ұғым аталмыш жағдайдың басты ерекшелік белгілерін, яғни, мұндай жағдайда ішкі істер органдарына не тән екенін көрсетеді. Бұлар – ерекше құықтық режим, уақытша ұйымдастырылған штаттық құрылымдар жасақтау, қосымша күштер мен байланыстың жаңа жүйесін құру, кейбір арнайы операцияларды жүргізу [4, 12-б.].

Ішкі істер органдары әрекетінің ерекше жағдайына әлеуметтік, табиғи, техногендік және экологиялық сипаттағы құбылыстар қозғау салуы мүмкін.

Әлеуметтік сипаттағы құбылыстарды және криминалдық және криминалдық емес құбылыстар деп топтау қалыптасқан. Біріншіге – жаппай тәртіпсіздіктер, мемлекеттік коммуникацияларды қоршау, қылмыскерлердің бас бостандығынан айыру орындарынан, айдау барысында топпен және қарумен қашуы, аманат алу, әуе кемелерін, су көліктерін және темір жолдың жылжымалы құрамын басып алу мен ұрлап айдап кету, террорлық актілер және т.б. жатады.

Екінші топқа – бұқаралық саяси, спорттық, мәдени, діни және басқа да шаралар жатады.

Бұқаралық қоғамдық – саяси шараларға манифестациялар, митингілер, көшедегі салтанатты жүрістер, әскери шерулер, съездер, конференциялар, сайлаулар, референдумдар, пикеттер және т.б. жатады. Мұндай акцияларды өткізу барысында, әдетте ұйымдастырылған және белгіленген құзырлы органдар азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырады. Бұндай шараларды өткізу өте күрделі сипат алады, билік органдары тарапынан жоғары бақылауды талап етеді.

Бұқаралық мәдени ойын-сауық шаралары – бұлар фестивальдар, карнавалдар, көрмелер, дискотекалар, спектакльдер, концерттер және т.б. Бұларды көру барысында азаматтар өздерінің рухани қажетттілігін қанағаттандырады. Белгіленген іс-шараларды тоқтату немесе кейінге қалдыруға, музыка «фанаттарының» бұзықтық әрекеттеріне, спирттік ішімдіктерді шамадан тыс сатуға байланысты туындаған шұғыл жағдайлардың шиеленісуі – аталмыш шаралардың ерекшелігі болып табылады. Өздерінің таралу мен қайталану шамасына қарай олар жақсы зерттелген және оған ішкі істер органдарын дайындау дұрыс ұйымдастырылған.

Бұқаралық спорттық шаралар - олимпиадалар, универсиадалар, спартакиадалар, халықаралық, республикалық және басқа да спорттық жарыстар, матчтар, раллилер және тағы басқалары. Оларды өткізу барысында апаттар, террорлық актілер және басқа да төтенше оқиғалар тіркеледі.

Бұқаралық діни шаралар – азаматтармен діни ғибадаттар мен жораларды, тиісті мерейтой күндерін мерекелеу мақсатымен өткізледі. Мысалы, мұсылмандардың Оразасымен, христиандардың Пасхасымен, Рождествосымен, кешірім күнімен және т.б. байланысты жыл сайын өткізілетін мерекелер. Олар азаматтардың шектелген територияларда өте көп жиналуымен, қатысушылардың жас мөлшеріне қарай әр түрлі болуымен, дінге қатысты әлеуметтік және кәсіби белгілерімен өткізіледі. Мұндай іс-шаралар барысында қарама-қайшы әрекеттерге байланысты төтенше жағдайлар туындауы да мүмкін.

Бұқаралық арнайы шараларға басқа мемлекет басшыларының елімізге сапары кезін, олардың арнайы нысандары аралауын мемлекеттік қаралы процесстерді және т.б. жатқызуға болады.Бұл жерде экстримистер мен саяси қарсыластардың әрекеттері қауіп тудырады.

Бұқаралық коммерциялық шаралар – түрлі шоп-турлар, жәрмеңкелер, сауда-саттықты, майда базарларды қамтиды. Мұндай нысандар әдетте тұрақты жұмыс істейтін ойын-сауық және сауда кәсіпорындары сияқты адамдар ағымы үшін жақсы бейімделіп, жабдықталмаған орындарда көп кездеседі, ал бұл қолайсыздықтар төтенше жағдайлардың тууына мүмкіндік береді.

Бұқаралық аралас (кешенді) шаралар әр түрлі шаралардың элементін қамтиды. Оларды өткізу бағдарламасына митингілерді, театрландырылған көріністерді, концерттерді, би кештерін, спорттық жарыстар және т.б. кіреді. Ондай шараларға фестивальдар, қала күндері, газет мерекелері және т.б. жатады. Жергілікті шараларды аталған бұқаралық жалпы бағдарламасы бұқаралық жалпы бағдарламасы шеңберінде өткізу орындарының көптігі және территориясының кеңдігі құқық қорғау жағдайына әсер ететін осы шаралардың өзіндік ерекшелігі болып табылады. Мұндай бұқаралық шаралардың ұзақтығы бірнеше сағаттан бірнеше күндерге созылады, бұл оларға ішкі істер органдарының едәуір күштері мен құралдарын қатыстыруды талап етеді.

Бұқаралық әлеуметтік – тұрмыстық шаралар – бұлар: тойлар, мерейтойлар, өлікті жерлеу, көп адам қатысатын сот процестері, ұжыммен тоғайға саяхат жасау, жеміс-жидек жинауға бару және т.б. Олардың ішінде криминалға итермелеген жағдайлар бар болса, ондай бұқаралық шараларда төтенше жағдайлар аз кездеспейді. Бұқаралқ шараларды жіктеуде пайдалануға болатын басқада бір қатар белгілер бар.

Бұқаралық шаралар өзінің мағынасы мен мәртебесіне қарай халықарлық, республикалық, облыстық, жергілікті шаралар деп жіктеуге болады. Осыған сәйкес оларды ұйымдастырушы мен іске асырушы субъектілердің дәрежесі анықталады. Азаматтардың оған қатыса алу мүмкіндігіне қарай бұқаралық шараларды төмендегіше жіктеуге болады: жалпы бұқаралық (қала күндері, митингілер, салтанаттар жәрмеңкелер, карнавалдар және т.б.); қатысушылардың кіру шектеулі шаралар (спорттық матчтар,шерулер, концерттер, көрмелер, сессиялар және т.б.). Екінші жағдайда осы шараға қатысушылардың құрамы мен құқық қорғау күштерінің әрекет ету тактикасын анықтаудың оңай болатыны түсінікті.

Бұқарлық шараларға қатысушылардың құрамына қарай біртекті (мысалы, мүддесі, кәсібі, жасы мен жынысы бойынша саяси көз қарасы бойынша) және әр текті (оларды басқару мен болжау күрделілеу) болып бөлінеді.

Бұқаралық шаралар қатысушылардың әрекеттерінің сипатына қарай динамикалық (демонцтрациялар, марштар, веложарыстар және т.б.) болуы мүмкін. Көрсетілген бұқарлық шараларда құқық тәртібі күштерін орналастыру мен оларды тиісті әрекеттерге дайындау тактикасы анықтауға себепші болады.

Бұқарлақ шараларды бұдан басқа да топтарға жіктеуге болады:

  1. өткізудің қайталануы бойынша – бір жолғы (көрмелердің, ескерткіштердің ашылуы, спектакльдардың премералары мен белгілі бір артистерінің бенефистері, кезектен тыс съездер және т.б.); біршама жүйелі қайталанатын (демонстрациялар, сапарлар, сайлаулар, жыл сайынғы сауда жәрмеңкелері және т.б.); жиі қайталанатын (футбол матчтары, рок концерттері, би кештері және т.б.) – шаралар. Қайталанатын бұқаралық шаралар барысында ішкі істер органдарын оларға дайындауда белгісіздік аз болады, бұл әрекеттің типтік жоспарын жасауға мүмкіндік береді;

  2. өткізу орындары бойынша – ғимараттарда, үйлерде ашық территорияларда, қолайлы немесе қолайсыз орындарда өткізілген шаралар (соңғы жағдай төтенше жағдайлардың туу мүмкіндігін арттырады);

  3. ұйымдастыру тәсілі бойынша – ұйыдастырылған және ішкі себептермен пайда болған;

  4. жағдай мен қатысушылардың әрекеттерін болжай білу дәрежесі бойынша – болжауға болатын және болжауға болмайтын;

  5. төтенше жағдайлардың туу қаупі бойынша – төтенше жағдайдың туу мүмкіндігінің төменгі және жоғарғы дәрежесі.

Ұйымдастырылған және қайталанатын бұқаралық шаралар, әдетте болжауға оңай және төтенше жағдайлардың туу қаупі төмен болып келеді. Олар алдын ала дайындалып, іс жүзіндегі заңдылықтарға, ережелер мен осы шараның бағдарламасына сай жүргізіліп, әкімшілік тарапына бақылауда болады.

Көпшілік акцияларға ұйымдастырылмаған жалпының қатысу өзін-өзі бақылау сезімін жоғалтады, ал аноним элементтері кері эмоциялардың тууы мен дамуына мүмкіндік береді. Бұл бұқаралық шараларға есірткілік немесе алкогольдік мас болу жағдайындағы тұлғалардың қатысуымен жиі күшейе түседі, және қоғамдық тәртіпті сақтауды біршама қиындатады. Сондай-ақ, бұқаралық шараларға қатысушылардың мінез-құлқы әлеуметтік-психологиялық факторлардың (ішкі және сыртқы) әсерінен ғана емес, сонымен бірге неформальді лидерлердің әсерінен де қатысатын ескеру керек.

Бұқарлық шаралардың ауқымды топтары үлкен мәнге ие. Ол шараның ұзақтылығымен, оны өткізетін территорияның немесе объектінің көлемімен, ал ең бастысы – қатысушылардың мөлшерімен анықталады. Шараның ауқымдылыған қарай ондағы құқық тәртібін қорғауға жіберілетін ішкі істер органдары күштерінің саны мен құралдарының мөлшері анықталады. Осы өлшем бойынша бұқаралық шараларды – кіші (1 мың адамға дейін), орташа (1 мыңнан 5 мыңға дейін) және ірі (5 мың адамнан жоғары) деп бөлу орынды.

Біздің ойымызша, бұқаралық шаралардың тағы бір категориясын – аса ірі бұқаралық шараларды бөлу керек. Оған қатысушылардың саны он және жүз мыңдаған адамдарды қамтиды. Ондай шаралардың негізгі ерекшеліктері мыналар:

  1. басқаруға көбейтетін топ жасауға қабілетті және олардың әрекеттерін реттейтін жергілікті ішкі істер органдарының күштерінен басым қатысушылар мен көрермендердің аса көп болуы;

  2. қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз етуді қиындатанын техникалық құралдарды көп мөлшерде тарту;

  3. төтенше жағдайларды тудыру қаупі жоғары. Бұлардың барлығы қатысушылар мен көрермендерге кейбір шектеулер қою, ікі істер органдарының едәуір күштері мен құралдарын тарту, оларды ба қару мен байланыс жүйесіне құрылымдық өзгерістер енгізу қажеттілігін тудырады.

Сондай-ақ ірі бұқаралық шаралардың ерекшелігіне оларды дайындау мен өткізуге өте көп субъектілердің қатысуында жатқызуға болады.

Табиғи сипаттағы құбылыстарға геологиялық, гидрологиялық және метерологиялық төркіндес құбылыстар жатады. Қазақстанда бұлардың ішінен жер сілкінісі, су тасқыны, шөккіндер мен опырлып құалу, борандар мен құйындар, қар басып қалу мен көшкіндер, сеңдер, табиғат өрттері, құрғақшылық біршама қауіп тудырса, ал жаппай эпидемиялар, эпизоотиялар және эпифитомиялар аса қауіпті болып табылады [5, 23-б.].

Техногендік сипаттағы құбылыстарға көліктегі, өндірістік нысандардағы (қоршаған ортаны былғамайтын да, химиялық және биологиялық қауіп тудыратын да сондай-ақ, радиктивті заттар шығаратын) апаттар мен катастрофалар жатады.

Бұған, сондай-ақ жарылу қаупі бар өндірістік нысандардағы апаттар мен халықтың тұрмысын қамтамасыз ету жүйелеріндегі, су шаруашылықтарындағы катастрофалар жатады.

Экологиялық сипаттағы құбылыстарға құрғақ жердің қасиеті мен жағдайындағы (жер қыртысының, қазба байлықтардың, ландшафтың), атмосфередағы, жердің биосферасындағы қаупті өзгерістер жатады. Олар экологиялық апаттар – қоршаған табиғи ортадағы қайта қалпына келмейтін, халықтың денсаулығына зор зиян тигізетін, терең өзгерістер, табиғи теп-теңдіктің бұзылуын, табиғат экологиялық жүйенің бұзылуын, флора мен фаунаның нашарлауын туғызуы мүмкін.

Әскери жағдай енгізілгенде, яғни ішкі істер органдарын мобилизациялау жұмыстары, территориялық және азаматтық қорғаныс жүйесінде арнайы міндеттер жүктелгенде, сондай-ақ төтенше жағдай режимін енгізгенде, ішкі әскери қайшылықтарды ерекше жағдайлар туындайды.

Әскери жағдай – бұл құқық пен бостандықты шектеуді қарайтын мемлекеттік билік органдары, басқа мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару мен ұйымдастыру органдары әректтерінің ерекше құқық жүйесі: Қазақстан Республикасына қарсы аргессия немесе тікелей агрессия қаупі бар жағдайда Қазақстан Республикасының барлық территориясына немесе жекелеген территорияларына енгізіледі.

Төтенше жағдай - мемлекетке төнген түрлі қауіпке байланысты елбасы немесе парламент жариялайтын уақытша режим. Ол табиғат апаты, соғыс қаупі, техногендік апат, халық ішіндегі толқу, тағы басқа жағдайларда жарияланады. Мұндай уақытта азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саналы түрде шектеледі, бейбіт кездегі заңдар күшін тоқтатып, төтенше заңдар шығарылады. Төтенше жағдай жариялай отырып мемлекет басшысы өзіне көптеген абсолютті өкілдіктер алады. Түрлі мемлекеттік органдар өз қызметтерін өзгертеді. Олар жаңа заңдық кеңістікте қатаң тәртіпке бағына отырып қызмет жасауға мәжбүр болады. Төтенше жағдай жариялау уақыты, мерзімі, сол кездегі билікке берілетін өкілеттіктер дәрежесі ел Конституциясында анықталады.

Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдай – табиғат немесе өндіріс аппаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдай – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны, қатты жел және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауыл шаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын төтенше жағдайлар.

Зілзала — бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғат құбылысы.

Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар. Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40% келеді,20%-тропикалық циклондары, 15%-жер сілкінісі, ал қалған 25%-зілзаланың басқа түрлері. Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен ауыртпашылық, келтірер залалы мол төтенше оқиға.

Дүлей зілзала – төтенше жағдайдың пайда болуына әкеп соғатын зілзала.

Жер сілінісі – жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі.Қазіргі кезде табиғи ортаға әсер етуіне ( кентас, мұнай, газ бен жер асты суларын көп мөлшерде алуы, ядролық жарылыстар, ірі су қоймаларын жасау, тағы басқаларына) байланысты техногендік жерсілкіну мүмкіндігі де арта түсуде.

Сел – таулы аудандарда мұздықтардың мөлшерден артық еруінен, нөсерлі жауын-шашындардан, жер сілкінуден, тау өзендері арнасынан асып тасуынан пайда болатын табиғаттың жойқын құбылысы.

Сел жолындағы борпылдақ шөгінділерді шайып, ағаштарды түбімен қопарып, салмағы ондаған тонналық үй тастарды ағызып әкетеді. Сел Қазақстанның Іле Алатауы, Жетісу Алатауы, Сауыр, Тарбағатай, Алтай тауларындағы Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Қаскелең, Есік, Талғар, Текелі, Сарқант тағы басқа өзендердің алаптарында жиі болып тұрады.

Көшкін – таудың құлама беткейімен төмен қарай орасан жылдамдықпен сырғитын қар немесе мұз массасы. Қар көшкіні қалың қар жаууының, қардың қарқынды еруінің, жаңбыр жауудың, тереңдік қылаудың борпылдақ түзілімі бар қар қабатының қайта кристалдануының әсерінен беткейдегі қар беріктігі бұзылғанда пайда болады.

Су тасқыны – бұл қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған дене кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мн теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жерді айтарлықтай су басу.

Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы.

Індет – жұпал ауру қоздырғышының ауру ағзадан сау ағзаға жұғып, үздіксіз таралуы.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар дегеніміз- адамдардың өз қолдарымен жасалып жаткан апаттар мен қирауларды айтады.

Оның түрлері:

  • Өндіріс орындарында болатын апаттар (зауыттарда, шахталарда және т.с.с);

  • Күшті әсер ететін улы, радиоактивті, биологиялық жағынан қауіпті заттар (тарату қаупі бар) авария;

  • Көлік жүйесіндегі апаттар;

  • Түрлі жарылыстар мен өрттер (өндіріс орындарында, мұнай, газ құбырларында, энергия жүйесінде, коммуналдық жүйеде және т.с.с).Себептері: Бүгінде ғылыми-техникалық прогрестің шапшаң дамуынан өндіріс, құрылыс, тау-кен байлығын өндіру, жаңа химиялық заттарды өндіріске енгізу сияқты іс-әрекеттер жүргізіліп жатыр. Бұндай қарқынды даму экономикаға әсер еткенімен, экологиялық апатқа әкеліп соғу қауіпі де туындап отырады. Кей жерлерде жаңа техниканы және технологияны, материалдарды пайдалану ережелері сақталмайды, қауіпсіздік шаралары орындалмайды. Міне, осы сияқты қателіктердің салдарынан апаттың болу қауіпі туындайды.

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасы.

Егер авария, табиғи зiлзала немесе апат салдарында төтенше жағдай аймағы объектi аумағының шегiнен шықпаса, бұл ретте мынадай салдардың бiрi туындаса немесе туындауы мүмкiн болса:

1) 5-тен астам, бiрақ 10-нан көп емес адам қаза болса;

2) 50-ден астам, бiрақ 100-ден көп емес адамның тiршiлiк әрекеті жағдайлары бұзылса;

3) адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзу объектiлерiне келтiрiлген материалдық залалдың мөлшерi бес мыңнан он бес мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiштi құраса, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай объектiлiкке жатады.

Егер авария, табиғи зiлзала немесе апат салдарында төтенше жағдай аймағы өндiрiстiк немесе әлеуметтiк мақсаттағы объектiнiң аумағы шегiнен шықса және облыстың екi ауданының шегiнен шықпаса, бұл ретте мынадай салдардың бiрi туындаса немесе туындауы мүмкiн болса:

1)10-нан астам, бiрақ 50-ден көп емес адам қаза болса;

2)100-ден астам, бiрақ 500-ден көп емес адамның тiршiлiк әрекеті жағдайлары бұзылса;

3)адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзу объектiлерiне келтiрiлген материалдық залалдың мөлшерi он бес мыңнан жүз мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiштi құраса, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай жергiлiктiге жатады.

Егер авария, табиғи зiлзала немесе апат салдарында төтенше жағдай аймағы бiр облыстың кемiнде үш ауданының аумағын қамтыса не төтенше жағдай Қазақстан Республикасының екi облысының аумағында болса, бұл ретте мынадай салдардың бiрi туындаса немесе туындауы мүмкiн болса:

1)50-ден астам, бiрақ 200-ден көп емес адам қаза болса;

2)500-ден астам, бiрақ 1500-ден көп емес адамның тiршiлiк әрекеті жағдайлары бұзылса;

3)адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзу объектiлерiне келтiрiлген материалдық залалдың мөлшерi жүз мыңнан екi жүз мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiштi құраса, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай өңiрлiкке жатады.

Егер авария, табиғи зiлзала немесе апат салдарында төтенше жағдай Қазақстан Республикасының үш және одан да көп облысының аумағында болса не шектес мемлекеттердiң аумағын қамтыса, бұл ретте мынадай салдардың бiрi туындаса немесе туындауы мүмкiн болса:

1)200-ден астам адам қаза болса;

2)1500-ден астам адамның тiршiлiк әрекеті жағдайлары бұзылса;

3)адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзу объектiлерiне келтiрiлген материалдық залалдың мөлшерi екi жүз мыңнан аса айлық есептiк көрсеткiштi құраса, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай жаһандыққа жатады .

Апаттың тағы бір себептері — улы, тез тұтанғыш, жарылғыш заттарды сақтау, тасымалдау ережелердің сақталу-сақталмауы, олармен жұмыс істеудегі қателіктерге жол берілуі жатады.

Апаттың болуы, адамдардың еңбек тәртібін сақтамаушылығына, жұмыс істеуші адамдардың салақтығына, олардың тиісті дәрежеде білімінің жетіспеушілігіне, техниканы және оның қауіпсіздік сақтау ережелерін жете меңгермегендігіне көп байланысты.

Міне, осылар жұмыс орнындағы апатқа, жарылыстарға, өртке, қирауға, қоршаған ортаны улы не радио-активті заттармен ластауға әкеліп соқтырады. Мысалы: 1971 жылы Минск теле-радио заводында жарылыс болып, өндіріс орны қирап, адам шығынына ұшыратты. 1986 жылы Чернобыль атомдық станцияда ірі жарылыс болып, үлкен апат болғаны белгілі. Мұндай жағдай Атырау химия, мұнай айыру заводтарында да болып тұратындығы ықтимал.

Апаттың тағы бір өте қауіптілігі — күшті улы заттардың ауаға тарап кетуі. Осындай өрттен шыққан қалың түтіндегі улы заттар ауаға көтерілі де жерге жайылып қонады. Әсіресе полиэтилен, полистирол түрпаттас материалдардың жануы адам, жан-жануар, құстар және т.б. өміріне өте қауіпті.

Төтенше жағдай аймағы – бұл төтенше жағдай туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді. Туындаған төтенше жағдай жіктемесі ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген «Табиғи және техногендіксипаттағы төтенше жағдайлар жіктемесіне» сәйкес объектілік және жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды ОҚО төтенше жағдайлар департаменті тарапынан құрылған комиссия зерттейді.

Комиссия құрамына орталық атқарушы органдардың аумақтық органдары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, мүдделі органдардың басшылары кіреді. Комиссия тексеру барысында оқиғаны көргендерден, лауазымды және басқа адамдардан жазбаша және ауызша түсініктемелер алуға, сараптамалық қадағалау органдарының мамандары, ғалымдар қатарынан белгіленген тәртіппен кіші сараптама комиссияларын құруға құқығы бар. Кіші сараптама комиссиясы және оның төрағасы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай себептерін тексеру жөніндегі комиссия төрағасының өкімімен тағайындалады. Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелер жазбаша түрде беріледі. Кіші сараптама комиссиясының барлық мүшелері қол қойған материалдар комиссия төрағасы белгіленген мерзімге комиссияға тапсырылуы және тексеру материалдарына қоса берілуі тиіс. Комиссия тексеру барысында болған оғиғаның жағдайларын анықтайды, оның себептерін, нормативтік құқықтық кесімдердің жіберілген бұзушылық сипатын, жауапты адамдар құрамын белгілейді және оларды жазаға тарту шараларын ұсынады, зардаптарды жою және осындай жағдайлардың қайталануын болдырмау жөнінде іс-шаралар белгілейді, қирау және зиян мөлшерін анықтайды. Комиссия 10 күн ішінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың және апаттардың себептерін тексеру актісін жасайды.

Ал, өңірлік және жаһандық ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы ттенше жағдайларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылатын комиссия тексереді. Авария бұл технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың бұзылуы. Авариялық ғимараттар бойынша зерттеу жұмыстарын авариялық ғимараттардың техникалық жағдайын зерттейтін тұрақты жұмыс атқару облыстық комиссиясы жүргізеді. Аталған комиссияның зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша шешімді облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия төрағасы қабылдайды. Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың себептерін тексеру тәртібін «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуіріндегі Заңына сәйкес өнеркәсіптік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесіп өздерінің құзыреті шегінде белгілейді.

Авария бұл ғимараттардың, құрылыстардың және техникалық құрылғылардың қирауы, бақыланбайтын жарылыс және қауіпті заттардың шығарындысы. Авариялық ғимараттар бойынша зерттеу жұмыстарын авариялық ғимараттардың техникалық жағдайын зерттейтін тұрақты жұмыс атқару облыстық комиссиясы жүргізеді. Аталған комиссияның зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша шешімді облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия төрағасы қабылдайды. Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың себептерін тексеру тәртібін «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңына сәйкес өнеркәсіптік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесіп өздерінің құзыреті шегінде белгілейді.

Апат аймақтық және ірі ауқымды төтенше жағдай пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс[6].

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасы егер авария, табиғи зiлзала немесе апат салдарында төтенше жағдай аймағы объектi аумағының шегiнен шықпаса, бұл ретте мынадай салдардың бiрi туындаса немесе туындауы мүмкiн болса:

1) 5-тен астам, бiрақ 10-нан көп емес адам қаза болса;

2) 50-ден астам, бiрақ 100-ден көп емес адамның тiршiлiк әрекеті жағдайлары бұзылса;

3) адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзу объектiлерiне келтiрiлген материалдық залалдың мөлшерi бес мыңнан он бес мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiштi құраса, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай объектiлiкке жатады.

Егер авария, табиғи зiлзала немесе апат салдарында төтенше жағдай аймағы өндiрiстiк немесе әлеуметтiк мақсаттағы объектiнiң аумағы шегiнен шықса және облыстың екi ауданының шегiнен шықпаса, бұл ретте мынадай салдардың бiрi туындаса немесе туындауы мүмкiн болса:

1) 10-нан астам, бiрақ 50-ден көп емес адам қаза болса;

2) 100-ден астам, бiрақ 500-ден көп емес адамның тiршiлiк әрекеті жағдайлары бұзылса;

3) адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзу объектiлерiне келтiрiлген материалдық залалдың мөлшерi он бес мыңнан жүз мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiштi құраса, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай жергiлiктiге жатады.

Егер авария, табиғи зiлзала немесе апат салдарында төтенше жағдай аймағы бiр облыстың кемiнде үш ауданының аумағын қамтыса не төтенше жағдай Қазақстан Республикасының екi облысының аумағында болса, бұл ретте мынадай салдардың бiрi туындаса немесе туындауы мүмкiн болса:

1) 50-ден астам, бiрақ 200-ден көп емес адам қаза болса;

2) 500-ден астам, бiрақ 1500-ден көп емес адамның тiршiлiк әрекеті жағдайлары бұзылса;

3) адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзу объектiлерiне келтiрiлген материалдық залалдың мөлшерi жүз мыңнан екi жүз мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiштi құраса, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай өңiрлiкке жатады.

Егер авария, табиғи зiлзала немесе апат салдарында төтенше жағдай Қазақстан Республикасының үш және одан да көп облысының аумағында болса не шектес мемлекеттердiң аумағын қамтыса, бұл ретте мынадай салдардың бiрi туындаса немесе туындауы мүмкiн болса:

1) 200-ден астам адам қаза болса;

2) 1500-ден астам адамның тiршiлiк әрекеті жағдайлары бұзылса;

3) адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзу объектiлерiне келтiрiлген материалдық залалдың мөлшерi екi жүз мыңнан аса айлық есептiк көрсеткiштi құраса, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай жаһандыққа жатады [7].

Төтенше жағдайдың алдын алу – алдын ала жүргізілетін және төтенше жағдай пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге арналған шаралар кешені.

Төтенше жағдай режимі – бұл азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын және заңды тұлғалардың құқықтарын ішінара шектеуге, сондай-ақ оларға қосымша міндеттер жүктеуге заң жүзінде құқық берілген мемлекеттік билік органдары, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар әректтерінің, уақытша енгізілген ерекше құқықтық режимі.

«Ішкі істер органдары әрекетінің ерекше жағдайы» ұғым ретінде адам өмірі мен денсаулығы үшін, мемлекттік институттарды қалыпты жүргізуге жоғары қауіп төндіретін әлеуметтік, табиғи, техногендік және экологиялық сипаттағы құбылыстар туғызған жағдай мен ішкі істер органдарынан оларды қалыпты жайға келтіру үшін арнайы ұйымдастырлған, құқық шаралар мен оларды қормен қамтамасыз етуді талап ететін жағдайды түсенеді.

«Ерекше жағдай» ұғымы ішкі істер органының теориясы мен практикасына кең қолданылатын және ведомствалық нормативтік актілерде таралған «төтенше жағдай», «төтенше оқиға», «төтенше ситуация» сияқты ұғымдармен сәйкес. Жоғарыда айтылған ұғымдарды тереңдетіп қарастырайық.

Қарастырылып отырған аспектіде төтенше жағдай мемлекеттік билік пен басқару органдарының кәсіпорын, мекеме, ұйымдардың сонымен қатар адамдардың өміршеңдігін локализациялау мен жойылу процестеріне және құбылыстардың әлеуметтік, техногендік салада, табиғи ортада қоғамның қалыпты өмір сүр ырғағына маңызды әсері бар. Сондай-ақ, өмірді, денсаулықты, азаматтардың құқықтар мен бостандықтарын өмір, сүру ортасын материалды және басқа да құндылықтарды жойылып кетуден, зақымданудан, талан-тараждан қорғауға әлеуметтік шараларды және өмірлік мәні бар объектілердің қалыпты жұмысын қалыпқа келітуді қажет ететін шарттарды қарастырады.

«Төтенше ситуация» ұғымы кісі өліміне, адам денсаулығы мен қоршаған ортаның зардап шегуіне, көптеген материалдық шығын мен адамдардың өмір сүру шартының бұзылуына әекліп соқтырған немесе соқтыратын апаттар, қауіпті табиғи құбылыстар,катастрофалар, стихиялық және басқа да бақытсыздықтар нәтижесінде белгілі бір территорияда туындаға жағдай ретінде түсіндіріледі. Сондай-ақ төтенше ситуация қарсыластар қазіргі талқандау құраладарын қолданған кезде туындауы мүмкін, төтенше ситуациялардың іс жүзіндегі категорияларын тереңірек қарастырайық.

Олардың туындауының сипатын ескере отырып, типтері бойынша әдейі абайсыз ситуация деп бөлуге болады.

Төтенше ситуациялар соңғысына сәйкес келесі топтарға жіктеледі: техногендік (өндірістік-технологиялық), апаттардан, катастрофалардан, өндірістік көліктегі және басқа да шаруашылық нысандарындағы өрттерден туындайды; геологиялық, гидрологиялық және метерологиялық сипаттағы құбылыстардан туындайтын табиғи ситуациялар (стихиялық бақытсыздықтар) (техногендік катастрофалар- жер сілкінісі, гидрометеогендік катастрофалар- су тасқыны, құйындар, қарлы боранда, көшкіндер, сеңдер, құрғақшылық, шөккіндер); табиғи техногендік және әлеуметтік факторлардан құралған себептер жинағынан тұратын кешенді ситуациялар.

Табиғи мен техногендік сипаттағы төтенше ситуацияларды таралу ауқымы мен зардаптардың ауырлығына қарай іс жүргізудегі заңдарға сәйкес бірнеше топқа жіктеледі: шектелген, таралуы өндірістік немесе әлеуметтік мақсаттағы объектілердің территориясымен шектелген; территорияльды түрде – тұтқиыл (мысалы, жарылыстар, көлік апаттары, ғимараттардың кенеттен опырылып құлауы), тез тарайтын қауіп (мысалы, күшті улы заттарды тастаумен байланысты апаттар), орташа тарайтын қауіп ( мысалы, коммуналдық жүйедегі апаттар),жай тарайтын қауіп деп жіктеуге болады.

Бұдан басқа төтенше ситуацияларды зардаптардың ұзақтығына қарай ажыратады, өйткені олар шығу көздеріне қарамастан әр түрлі ұзақтығымен ерекшеленеді – бірнеше минуттан (қар көшкіндері) бірнеше сағатқа (сеңдер), күндерге ( шөккіндер), айларға (су тасқыны), жылдарға ( жер сілкінісі), ондаған жылдарға ( радиоактивті заттардың таралуы) созылады.

Төтенше ситуацияларды жіктеу барысында тағы да типтерге бөлінеді: әлеуметтік-экономикалық, яғни кісі өлімін есептейтін (эпидемияла, мутагенездер, эпизоотиялар,эпифиотиялар); әлеуметтік-психологиялық, дағдарыстан кейінгі кездегі стрестік күйді ( қорқу, депрессия), халықтың психолоиялық орынқтылығын тұрақтандыруды назарға алады; әлеуметтік саяси, өткір қайшылықтарды, жарылғыш қауіпті, ішкі саяси және халықаралық резонанстарды қамтиды; ұйымдастыру-басқару, ситуацияның екі ұштылығын, шешім, болжам қабылдаудың күрделілігін, тез әсер етудің көптеген әр түрлі ұйымдар мен мамандардың таралуын қоса, сондай-ақ, эвакуциялық және апаттық-құтқару жұмыстарның ауқымын қамтиды; ерекше зардаптардың көптігі мен әр түрлілігін және олардың тізбектік сипатын қамтиды [8,26-б.].

Төтенше оқиғалар заттардың қалыпты күйін бұзған, өзіндік мағынасы бойынша ерекше маңызды оқиғаларды айтады. Ол криминалдық немесе криминалдық емес сипатта болуы мүмкін, сондай-ақ, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипатта болады. Криминалдық сипаттағы төтенше оқиғалардың адам өміріне, денсаулығына, ары мен намысына, меншіктің кез келген формасына қауіп төндіретін және арнайы шаралар өткізуді талап ететін кейбір ауыр қылмыстарды жасауда көрінетінін атап өтуі керек.

Сонымен, төтенше ситуациялар, төтенше жағдайлар мен төтенше оқиғалар ішкі істер органдары әрекеттері үшін ерекше шарттар туғызады, ол кезде ішкі істер органдарының жұмыстарының мазмұны едәуір дәрежеде, ал кейбіреулері тіпті түбірімен өзгерістерге ұшырайды, арнайы ұйымдастырылған формаларды қолдану, басқарудың тактикалық тәсілдері мен әдістерін өзгерту қажеттілігі туындайды.

Еркше жағдайларда ішкі істер органдарына күрделі оперативті жағдайларда әреет етуге тура келеді. Ерекше жағдайлардан тұратын күрделі оперативті жағдай дегеніміз не?

Ішкі істер органдарының теориялық та, практикалық та әрекеттерінде «оперативті жағдай» термині пайда болғаннан бастап, ол әр түрлі ұғымдарда қолданыла бастады. Қазірігі кездегі зерттеулердің басым көпшілігі «оперативті жағдай» ұғымының мазмұнына төмендегі негізгі элементтерді жатқызады:

  • ішкі істер органдары әрекет ететін шарттар (географиялық, әлеуметтік-экономикалық);

  • ішкі істерторгандар қызмет ететін территориядағы қылмыстылық пен қоғамдық тәртіптітің жай-күйі;

  • күш пен құралдың болуы және олардың қызметтерінің нәтижелігі.

Оперативті жағдайларды жүйелік тәсіл тұрғысынан талдау оның пайда болу механизімін ашуға және күрделі оперативті жағдайлар ұғымын қалптастыруға мүмкіндік береді.

Кез келген жүйе өзіндік ерекшелікке, яғни белгілі қасиеттерге ие. Ерекше жағдайларға негізделетін күрделі оперативті жағдай сияқты жүйенің өзіндік қасиеттері төмендегілер болып табылады:

  • мемлекеттік және қоғамдық мүдделерге, адамдардың өмірі мен денсаулығына, олардың мүліктеріне қауіп туғызу, ұйымдар мен мекемелердің қалыпты жұмысын бұзу;

  • ішкі істер органдарының жұмыс істеуіндегі ішкі шарттардың, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қоғамдық құрылымдардың ішкі шарттарының шиеленісуі.

Сонымен ішкі шарттардан туындайтын күрделі оперативті жағдай – бұл әлеуметтік, табиғи, техногендік және эклогиялық құбылыстар салдарынан болатын қауіптен, қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылықтардын, ішкі істер органдарының жұмыстарындағы шиеленістің өсуінен туындайтын объективті шындықтың көрінуі.

Қорытындылай келе, төтенше жағдай – белгілі бір аумақтағы апаттан адамдардың өлімі, олардың денсаулығына тигізген әсері қоршаған ортаға және халық шаруашылығы объектісі мен материалдық шығын және елді-мекен жағдайының нашарлауы

Төтенше жағдайлар себеп-салдарына байланысты мынадай классификацияға бөлінеді:

Табиғи (жер сілкіну, сел, көшкін, су тасқыны, табиғи өрт, эпидемия, ауылшаруашылық өсімдіктер мен орманның зиянкестермен аурумен бүлінуі).

Техногендік (өнеркәсіптік, транспорттық т.,б. апаттар, өрт, жарылыс, СДЯВ, РВ,БОВ тастандылары, ғымаратта мен құрылыстардың бүлінуі, өмірді қамтамасыз етіп отырған объектілердегі апаттар, плотиналардың бүлінуі).