- •Мазмұны
- •1.Төтенше жағдайлардағы ішкі істер органдары әрекеттерінің негіздері
- •2.Төтенше жағдайлардың әкімшілік құқықтық режимінде ішкі істер органдарын басқарудың ұйымдастырушылық негіздері
- •Төтенше жағдайлардағы ішкі істер органдары әрекеттерінің негіздері
- •1.1 Төтенше жағдайдың ұғымы, сипаты және жіктелуі
- •1.2 Төтенше ситуациялардағы ішкі істер органдары әректтерінің құқықтық аспектілері
- •Төтенше жағдайлардағы ішкі істер органдарын басқарудың қағидалары
- •Төтенше жағдайлардың әкімшілік құқықтық режимінде ішкі істер органдарын басқарудың ұйымдастырушылық негіздері
- •2.1 Төтенше жағдайларға ішкі істер органдарын ұйымдасқан түрде қамтамасыз ету
- •2.2 Төтенше жағдайлардағы басқару органдарының ұйымдастырушылық құрылымы, міндеттері мен қызметтері
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.2 Төтенше ситуациялардағы ішкі істер органдары әректтерінің құқықтық аспектілері
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында құқықтық жүйені дамытуға үлкен көңіл бөлініп келеді, өйткені құқықтық проблемаларды қазіргі заманға лайық және дұрыс шешуге біздің қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және басқа да процестерді басқару тиімділігі көп бағынышты. Қазақстан Республикасының Конститутциясын қабылдау, оның жарқын мысалы болып табылады. Ол конституциялық құрылымының негіздерін бекітеді, болашақтағы дамуының мақсаттары мен келешегін анықтайды, демократиялық құқықтық мемлекет орнатудың қуатты құралы болып табылады.
Республикамыздың Конституциясында басқарудың құқықтық негіздері көрініс тапты. Бұл құқықтың жалпы тұрақты рөлінің өскенін және басқаруды реттеуде оның салыстырмалы салаларының артқанын көрсетеді. Басқару, біздің қоғамымызда, құқықпен тұтас, оның салаларының барлық жүйелерімен тығыз өзара әрекеттесімде болады. Әлеуметтік басқару мен құқық өзара былайша әрекеттеседі, құқық басқарудың бүкіл процесін алып жүреді, оның мақсаты мен қызметінің құқықтық формасына ие болып, реттейді.
Басқару субъектілері нормативтік актілердің көмегімен және қатысуымен басқару процесі мен жүйесін ұйымдастыра, реттей алады, мақсатты тәртіптелген әсерін қамтамасыз етеді. Сондықтан, басқару процесін қамтамасыз ету үшін құқықтық, соның ішінде ведомствалық та реттеу қажет.
Күрделі оперативті жағдайлар шартында ішкі істер органдарының тиімді жасақтау үшін, олардың аталмыш жағдайларды бейтараптандыруға бағытталған әрекеттерін реттейтін нормативтік актілердің бар болуы зор мәнге ие.
Қандай нормативтік актілер бар және олардың сипаты қандай деген мәселені қарастырамыз. Қазіргі кезде Қазқстан Республикасында ондай актілердің бірнешеуі бар.Мысалы, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 199-V ҚРЗ «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» заңында кейбір жерлерде төтенше жағдай енгізілген жағдайда ішкі істер органдарының өз өкілеті шегінде: «төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету мен сақтауға заңдылыққа сәйкес қатысуға», - міндетті деп көрсетілген. Төтенше жағдайдың кейбір жерлерде ірі ауқымды, қыйратқыш стихиялық бақытсыздықтың туындауына байланыста енгізілген мәлім. Бұл төтенше жағдайлардың құқықтық режимі туралы заңында қарастырылған. Бұл төтенше жағдайларды енгізудің мақсаты анықталады. онда аталмыш жағдайды енгізудің мақсаты – жағдайды жылдам тұрақтандыру, заңдылық пен құқық қорғауды қалпына келтіру жұмыстары үшін қажетті жұмыстары үшін қажетті шарттар жасау болып табылады.
Сонымен қатар, онда төтенше жағдай кезеңіндегі мемлекеттік басқарудың шарттары, негіздері, тәртібі мен формалары анықталған. Қазақстан Республикасының «Ішкі істер органдары туралы» заңның 3-бабы төтенше жағдайды азаматтардың қауіпсіздігіне нақты қатер төнгенде және оны жою шараларын қолданбай мүмкін болмағанда ғана енгізу қарастырылған.
Қазақстан Республикасының барлық территроиясында немесе оның кейбір аудандарында төтенше жағдайлар Қазақсатн Республикасының Үкіметін шұғыл ескерту арқылы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен енгізіледі немесе ұзартылады. Төтенше жағдайды енгізу немесе ұзарту туралы актілерді төтенше жағдайды енгізуге немесе ұзартуға негіз болған жағдайлар көрсетіледі: төтенше жағдай режимін жүзеге асыру үшін жауапты мемлекеттік органдар және бұл органдардың төтенше өкілдіктерінің дәл шектері, нормативтік актінің күшіне ену мерзімі сондай-ақ, төтенше жағдай енгізілетін немесе ұзартылатын дәл уақыт.
Төтенше жағдай енгізу туралы құқықтық акті,оның заңдық күшіне енуіне 6 сағат қалғанға дейін, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа хабарланады. Аталмыш жағдай Қазақстан Республикасының бүкіл территориясына 3 тәулікке дейін, ал территория бөліктеріне 6 тәулікке дейін енгізіледі. Төтенше жағдай мерзімі біткен соң Қазақстан Республикасының Президентінің Жарылығымен бұзылады. Егер төтенше жағдайды енгізуге негіз болған шарттар жойылмаса, Президент бұл құқықтық актінің күшін ұзартуға құқылы.
Президенттің жарлығымен төтенше жағдай енгізілген территорияларда басқарудың ерекше нормалары енгізілуі мүмкін. Атап айтсақ, жоғары тұрған уәкілдік және орындаушы органдар төтенше жағдай енгізілген территорияда әрекет ететін тиісті төменгі органдардың кез келген шешімдерін бұзуға құқылы;
Аталмыш жағдайларда басқаруды жүзеге асыратын мемлекттік органдар жағдайы жылдам тұрақтандыру, құқық тәртібінің заңдылығын қалпына келтіру және жою үшін қажетті шаралар қабылдау үшін төтенше өкілеттіктерін бөлісе алады. Бұл төтенше шаралар адам құқығы мен бостандығын уақытша шектеуді қарастыра алады.
Төтенше жағдайды енгізуге әкеп соқтырған шарттарды жою жұмыстарын үйлестіру үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен төтенше жағдай енгізілген территорияда атқарушы билік органдарының өз қызметтерін жүзеге асыруға тиісті жағдайда арнайы уақытша органдар құрылуы мүмкін. Бұл органдарда төтенше жағдай енгізілген территориялардағы орындаушы билік органдарының басқарушылық және орындаушылық өкілдіктері толығымен немесе жартылай берілуі мүмкін. Ондай органдарың төтенше жағдайлардың режимін қамтамасыз ету мәселелері бойынша берілген бұйрықтары мен өкімдері тиісті территорияларда орындауға міндетті.
Республикадан немесе оның кейбір территориялаарында басқарудың ерекше формаларын жүзеге асырушы органдар құқылы:
жергілікті өкілетті орындаушы органдардың қызметін тоқтатуға олардың қызметін уақытша атқаруға;
мемлекеттік билік пен республикалық басқарудың жоғары органдарына өз қарамғындағы территорияның мемлекеттік, шаруашылық және әлеуметтік –мәдени даму мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өзіне тиісті жерде орналасқан кез келген өнеркәсіптерді, мекемелерді және ұйымдарды өзінің қарамағына алуға.
Қоғамдық тәртіпті, азаматтардың өмірін, денсаулығын, қауіпсіздігін, құқығын, бостандығын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін ішкі істер органдарының, басқа да құқық қорғау органдарының, сондай-ақ Республикалық ұланның күштері мен құралдары пайдаланылады.
Президенттің төтенше жағдайды енгізу туралы жарлығында төтенше шаралардың тізімі мен шектері қоса көрсетіледі. Төмендегідей шаралардың көрсетілуі мүмкін: төтенше жағдай енгізілген территорияға кіру мен шығудың ерекше режимі мен осы территорияда қозғалу еркіндігін шектеу жиналысқа көшеде мерекелеу мен демонстрацияға шектеу және оларды тексеру.
Төтенше жағдай шарттарында басқаруды жүзеге асыратын мемлекттік органдарға жоғарыда көрсетілгендерден басқа, төмендегідей қосымша шараларды қолдануға құқық береді:
коменданттық сағат енгізгуге; баспасөз бен басқа да бұқаралық құралдарының еркіндігін шектеуге; төтенше жағдайды тоқтатқанға дейін, дыбыс күшейтіш техникалық құралдар мен көбейткіш аппаратураларға тыйым салуға; тиісті ескертулерден кейін, жағдайды тұрақтандандаруға кесірін тигізетін саяси партиялардың, басқа да қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық қозғалыстардың әрекеттерін тоқтатуға; қару-жарақ пен спирттік ішімдіктерді сатуға тиым салуға; аталмыш жерде тұрмайтын, сырттан келген қоғамдық тәртіпті бұзушыларды олардың өздерінің тұрақты мекен-жайларына немесе төтенше жағдай енгізілген территориялардан тыс жерлерге қуып шығуға; стихиялық күштердің нәтижесінде туындаған қауіпті аудандардан азаматтарды уақытша қоныс аударуға, алайда оларға стонционарлық немесе уақытша жай мен пана тауып беруге міндетті; азық-түлік пен алғашқы қажетті заттарды бөлуде ерекше тәртіп енгізуге; меншік формасына қарамастан өнеркәсіптердің, мекемелердің және ұйымдардың қорларын мобилизациялауға, олардың жұмыс істеу режимін өзгертуге, төтенше жағдай шарттарына қажетті өнімдерді өндіруге ынғайластыруға, сондай-ақ өндірістің қызметіне құтқару мен басқа да жұмыстарды жүргізу қажеттілігі мен байланысты ерекше жағдайларда, осы жұмыстарды жүргізу үшін азаматтардың көліктері мен еңбекке жарамды халықты құтқару жасақтарына мобилизациялауға жол беріледі [9].
Стихиялық бақытсыздықтың зардаптарын жою мен таратпаумен байланысты енгізілген төтенше жағдай барысында ішкі істер органдарының қызметінде – әкімшілік ұстаудан, әкімшілік санкцияда және басқа да кейбір әкімшілік ұстаудан, әкімшілік санкцияда және басқа да кейбір әкімшілік-құқықтың әрекеттерінде құықтық ерекшелік орын алады. Мысалы, коменданттық сағатты бұзған азаматтарды құқық қорғау органдары коменданттық сағат аяқталғанға дейін ұстап отыра алады, ал өзімен бірге құжаты жоқ тұлғаларды – олардың аты-жөні анықталғанға дейін, алайда коменданттық сағат аяқталғанға дейін,ұсталған тұлғалар мен олардың заттары тексеруге ұшырайды.
Төтенше жағдайдың белгілеген режимінің бұзылуы: құқық тәртібінің бұзылуына итермелейтін әрекеттер, заңды өкім мен қызметтік міндетін немесе қоғамдық тәртіпі қорғау бойынша қоғамдық парызын орындаушы ішкі істер органдарының қызметкерлерінің талаптарына өрескел бағынбау немесе төтенше бұзушылық құрамына жататын басқа да әрекеттер 30 тәулікке дейін қамалады. Жоғарыда көрсетілген құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды ішкі істер органдарының немесе жергілікті камендатура қызметкерлері толтырады.
Ішкі істер органдары қызметкерлері төтенше жағдай тоқтатылған кезде әкімшілік іс жүргізумен, әкімшілік жазамен және т.б. әрекеттермен не істеу керек? Онда төтенше жағдай режимін бұзу туралы іс өндірістен шұғыл қысқартылады, төтенше жағдай режимін бұзумен байланысты түрлі әкімшілік жаза алған және әкімшілік қамауға алынған адамдар босатылады.
Ішкі істер министрлігінің Қазақстан Республикасындағы ішкі істер органдарының басқару әрекеттерін одан әрі жетілдіру туралы»бұйрығында ішкі істер басқармасы, көліктегі ішкі істер басқармасы жетекшілеріне арнайы типтік жоспарлы жасау ұсынылады. Осы арнайы типтік жоспар жасау, ішкі істер басқармасы, көліктегі ішкі істер басқармасы және қалалық ішкі істер органдарының штабтарына жүктелген. Мұндай типтік жоспарлар барлық дәрежедегі ішкі істер органдарының кезекші бөлімдерінде сақтаулы тұр. Мысалы, «Аудандық (қалалық) басқарманың, ішкі істер бөлімінің, көліктегі ішкі істер бөлімінің (бөлімшесінің) кезекші бөлімінің жұмысын ұйымдастыру бойынша» Нұсқауында жарияланған) стихиялық бақытсыздықтың туындауы кезінде оперативті кезекшінің міндеті көрсетілген, ол ішкі істер жетекшілеріне стихиялық бақытсыздықтың уақыты, орны мен зардабы туралы баяндауға, прокурор мен ұлттық қауыпсіздік органы бойынша кезекшіге хабарлауға міндетті. Тиісті бастықтың нұсқауымен «Стихия» арнайы жоспарын енгізуге міндетті. Бұл жоспарда кезекшінің, қызмет жетекшісі мен жеке құрамының төніп келе жатқан стихиялық бақытсыздық (табиғаттың күшін болжау арқылы пайда болған жағдайда) туралы хабар алған кездегі стихия күшіне енген кездегіде әрекеттердің алгоритмі берілген. Сонымен, бұл нұсқау, заңдар мен заңдық нормативтік актілерге негізделеді және ол кезекші қызметтер мен олар басқаратын ішкі істер органдарының күштері мен құралдарын стихиялық бақытсыздық шарттарындағы әрекеттерге дайындықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазіргі кезде ішкі істер органдарын стихия дайындық кезеңінде де және оның зардаптарын жою мен тараптау уақытында да ұйымдастыру қамтамасыз етуді реттейтін негізгі құқықтық норматив Қазақстан Республикасынының «Төтенше жағдай туралы» Заңы болып табылады. Бұл жағдайда енгізудегі мақсат: «жағдайды шұғыл тұрақтандыру, заңдылық пен құқық тәртібін қалпына келтіру, сондай-ақ, шұғыл құтқару және апаттан қалпына келтіру жұмыстары үшін қажетті шарттарды жасау болып табылады.
Мақсатты талдау, оның аралас сипатта екенін, демек жаппай тәртіпсіздік, ұлтаралық шиеленістер мен сол сияқты әрекеттер жағдайындағы әрекет ретінде, стихиялық бақытсыздық уақытындағы әрекет ретінде көрсетті. Яғни, бірінші құбылыс – әлеуметтік шиеленістер (әр түрлі нұсқауларда), ал екінші құбылыс – табиғи сипаттағы әлеуметтік бақытсыздық. Тиісінше бірінші құбылысқа бір-бірне қарама-қарсы әр түрлі әлеуметтік топтар, ұлттық және басқа ерекшеліктеріне орай түрлі бұқаралық топтар тән болса, ал екінші құбылыста керісінше – халықтың басым көпшілігі билік органдарын қолдайды және стихия зардаптарын тоқтату мен жою барысында оларға көмектеседі. Сондықтан негізгі мақсаттар мен міндеттер, қызметтер мен құқықтық логика тұрғысынан келгенде құқықтық режимнің бірдей қатаң құқықтық нормаларын екі есе ұқсас емес ситуацияға (әлеуметтік шиеліністер мен табиғи сипаттағы әлеуметтік бақытсыздық) бөлу әділетсіз және дұрыс емес, өйткені талдау оның негізінде табиғаттың аса ауқымды әлеуметтік күштерін жеңуге арналғанын көрсетті.
Біздің ойымызша, бұл мәселені шешу үшін екі ең тиімді тәсілді назарда алу орынды. Біріншісі – төтенше жағдай режим әлеуметтік шиеліністер кезінде де, табиғи, техногендік және биологиялық тектес әлеуметтік бақытсыздық кезінде де енгізіледі. Бұл үшін «Төтенше жағдайдың құқықтық режимі туралы» республикалық Заңды үш бөлімде баяндау қажет.
Бірінші бөлім әлеуметтік шиелініске де тән жалпы мазмұнды қамтуға тиіс. Екінші бөлімде әлеуметтік шиелініс кезінде енгізілген төтенше жағдайға тән ерекшеліктер (шарттар, негіздер, төтенше жағдай енгізу тәртібі және тағы басқа) баяндалуы тиіс. Үшінші бөлімде әлеуметтік бақытсыздық шартында енгізілген төтенше жағдайдың құқықтық режиміне тән ерекшеліктер (стихиялық бақытсыздықтар, ісі катастрофалар, эпидемиялар, эпизодиялар) баяндалуы тиіс.
Сонымен іс жүзіндегі Заңның құрлымы мен соның негізінде жатқан концепция төтенше жағдайды енгізудің тіпті әр түрлі негіздерін біріктіруге тырысады. Оған қоса, Қазқстан Республикасының Үкіметі жақында қабылдаған құқықтық нормаларына сәйкес мемлекеттік басқару органдары, соның ішінде ішкі істер министрлігі де, стихиялық бақытсыздық барысында азаматтық қорғаныс желісі бойынша әрекет етуге тиіс, алайда ол туралы аталмыш Заңда еш нәрсе айтылмаған.
Концепцияның екінші варианты әлеуметтік шиеліністер мен әлеуметтік бақытсыздықтарды құқықтық реттеуге арналған. Бір пакетте құқықтық норма қабылдау ұсынылады. Біріншісі әлеуметтік шиеленіске, яғни жаппай тәртіпсіздік, ұлтаралық шиеленістер, кейбір жерді оқшаулау және басқа да құбылыстарға байланысты енгізілген төтенше жағдайдың құқықтық режимін реттер еді. Екіншісі әлеуметтік бақытсыздық, яғни стихиялық бақытсыздық (жер сілкінісі, су тасқыны, селдер, тағы басқа) кезіндегі төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз етуге тиіс:
Техногендік катастрофалар кезінде (халықтың жаппай қаралуына әкеліп соқтыратын атомдық электр станцияларындағы катастрофалар, заводтардағы, фабрикалардағы ірі апаттар, күшті улы және уландырғыш заттардың таралуы және тағы басқа);
Биологиялық катаклизмалар кезінде (эпидемиялар, шегіртке мен басқа зиянды жәндіктердің қаптауы).
Бұның бәрі қарастырылмаған жағдайлардағы әрекеттерге ішкі істер органдарын дайындау деңгейін көтеруге мүмкіндік береді
Азаматтық қорғаудың күштері мен құралдары;
байланыс, құлақтандыру және ақпараттық қамтамасыз ету жүйелері кіреді.
Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесіне басшылықты:
республикалық деңгейде – Қазақстан Республикасының Үкіметі;
аумақтық деңгейде – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері;
объектілік деңгейде – ұйымдардың басшылары;
салалық кіші жүйелерде – орталық атқарушы органдардың басшылары жүзеге асырады.
Азаматтық қорғаудың басқару органдары:
республикалық деңгейде:
уәкілетті орган;
салалық кіші жүйелерде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары;
аумақтық деңгейде:
жергілікті атқарушы органдар;
уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері;
салалық кіші жүйелерде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының аумақтық бөлімшелері;
объектілік деңгейде – ұйым басшылары болып табылады.
Азаматтық қорғау жүйесінде мемлекеттік басқару азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің барлық деңгейлерін тарту арқылы жүзеге асырылады.
Бейбіт уақытта азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің мынадай жұмыс істеу режимдері белгіленеді:
күнделікті қызмет режимі – төтенше жағдайлардың туындау қатерінің болмауымен сипатталатын, ведомстволық бағынысты аумақта азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің, оның аумақтық және салалық кіші жүйелерінің жұмыс істеу тәртібі.
Күнделікті қызмет режимінде азаматтық қорғаудың басқару органдары мынадай іс-шаралар жүргізеді:
төтенше жағдайларды болжау;
халықты, объектілерді және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау туралы ақпарат жинау, өңдеу және алмасу;
төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу;
төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру;
азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің іс-қимылдарын жоспарлау, дайындығын ұйымдастыру және олардың қызметін қамтамасыз ету;
халықты төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға дайындау;
азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттау;
төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жою үшін материалдық ресурстардың резервтерін құру, орналастыру, сақтау және орнын толтыру;
өз өкілеттіктері шегінде азаматтық қорғау саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу;
жоғары әзірлік режимі – төтенше жағдайлардың туындау қатері төнген кезде енгізілетін азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің, оның жекелеген кіші жүйелерінің жұмыс істеу тәртібі.
Жоғары әзірлік режимінде азаматтық қорғаудың басқару органдары мынадай іс-шараларды жүргізеді:
төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының туындауын болжау;
төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын түзету;
қажет болған кезде азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшылары мен лауазымды адамдарының басқару пункттерінде тәулік бойы кезекшілік етуін енгізу;
болжанатын төтенше жағдайлар туралы деректерді жинау, өңдеу және азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштеріне беру, мемлекеттік органдар мен халыққа олардан қорғану тәсілдері туралы хабар беру;
төтенше жағдайлар туындауының алдын алу және оларды жою, олар туындаған жағдайда нұқсан мен шығындар мөлшерін азайту, сондай-ақ төтенше жағдайларда объектілердің жұмыс істеу орнықтылығы мен қауіпсіздігін арттыру жөнінде жедел шаралар қолдану;
төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жою үшін құрылған материалдық ресурстардың қажетті резервтерінің орнын толтыру;
қажет болған кезде эвакуациялау іс-шараларын жүргізу;
төтенше жағдай режимі – төтенше жағдай туындаған кезде және оны жою кезінде енгізілетін, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің, оның жекелеген кіші жүйелерінің жұмыс істеу тәртібі.
Төтенше жағдай режимінде азаматтық қорғаудың басқару органдары мынадай іс-шараларды жүргізеді:
төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын қолданысқа енгізу (іске асыру, орындау) және оларды түзету;
туындаған төтенше жағдайлардың өршуін және олардың салдарларын болжау;
орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар басшыларын, сондай-ақ халықты төтенше жағдайлардың туындауы және олардың салдарлары туралы құлақтандыру;
төтенше жағдайларды жою, азаматтық қорғау күштері мен құралдарының іс-қимылдарын жан-жақты қамтамасыз ету, оларды жүргізу барысында қоғамдық тәртіпті ұстап тұру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ туындаған төтенше жағдайларды жою үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен ішкі істер органдарының, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың күштері мен құралдарын, қоғамдық бірлестіктер мен халықты тарту, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану;
төтенше жағдай аймағындағы жағдай мен оны жою жөніндегі жұмыстардың жүргізілу барысы туралы ақпарат жинау, талдау және алмасу;
орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жою мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыру және қолдау;
төтенше жағдайларда халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу [10].
Қорытындылай келе, төтенше ситуациялар кезінде ішкі істер органдары нормативтік актілерге сүйене отырып өз өкілеттіктер шегінде міндеттерді атқарады. Сонымен қатар, онда төтенше жағдай кезіндегі мемлекеттік басқарудың шарттары, негіздері, тәртібі мен формалары анықталады.
