Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дипломдық жұмыс 408.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
149 Кб
Скачать
☆
    1. Төтенше жағдайлардағы ішкі істер органдарын басқарудың қағидалары

Принциптерідің белгілі бір теорияның, ілімінің, ғылымының негізгі басты ережелерін білдіретіні белгілі. Бұл бағыттан ішкі істер органдарын басқарудың принциптері де ерекшеленбейді. Ішкі істер органдарының басқару әрекеттерінің тиімділігін басты ережеден, барлық басқару жүйесін жөндеу талаптарынан тұратын және қатаң белгіленген, ғылыми негізделген, өзара байланысты, өзара қатысты принциптер негізінде ғана қамтамасыз етуге болады. Басқарудың субъектілері, осыларды басшылыққа ала отырып, басқару әрекетінің кейбір түрлерінің түрлерінің элементерінің (жүйе бөлімшелері) қажетті интеграциясын, өзара келісімін және қойылған мақсатты іске асырудың жалпы бағытын қамтамасыз етеді. Біздің зерттеу пәнімізге сәйкес басқару мақсаты мынадай – принциптердің процеске әсер ету формалары мен әдістерінің, байланыстың ерекше шарттар кезінде ішкі істер органдарының басқару жүйесінің ішінде ғана емес, одан тыс жерде де туындаған қатынастың мазмұнын қамтиды.

Ішкі істер органдарының практикалық әрекетінде басқару принциптерін ішкі істер органдарының әрекеті мен құрылымдық сапы принциптерінен бөлек алып қарау мүмкін емес. Сонымен бірге, басқару принциптерін басты назарға ала отырып, ал басқарудың құрылымын жасау принциптері мен әрекет принциптерін ескермей ішкі істер органдарын ерекше шарттарда бкасқару жүйесін талдау ғана емес, сондай-ақ басқару принциптерінің өзіне толық сипаттама беру мүмкін емес.

Соған байланысты ішкі істер органдары әрекеттерінің принциптері мен басқару жүйесін құру принциптерін, ең болмағанда, жалпы түрде қарап шығу қажеттілігі туындайды, тек содан кейін ғана ерекше шарттарда басқарудың принциптерін зерттеу керек.

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» заңының 3-бабына сәйкес ішкі істер органдарының әрекетті заңдылық, бір ауыздылық, ішкі істер органдары жүйесінің бірлігі, жариялылық, құқық қорғау мен өзге де мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалар мен азаматтар мен өзара әрекеттесім принциптері негізінде құралады.

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» заңының 21-бабының 3-тармағында «Ішкі істер органдары қызметкерлері партияларда кәсіподақтарда болмауы, қандайда болмасын саяси партияларды қолдап сөйлемеуі тиіс»,- деп көрсетілсе, осы баптың 2- тармағында «Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне ереуілдер ұйымдастыруға және оларды өткізуге қатысуға» тиым салынуы.

«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарыны қатардағы және басқарушы құрамында азаматтардың қызмет етуі туралы» Ереженің 36-бабында: «Ішкі істер органдар жүйесінде саяси мақсат көздейтін қоғамдық бірлестіктер құруға жол берілмейді»,-деп көрсетілген.

Сонымен, ішкі істер органдары әрекетінің арнайы принциптерімен қатар, жалпы принциптеріде бар: басқарудың ғылымилық, саяси нейтралитет, халықпен, ұйымдармен өзара әрекеттесу принциптері, гуманизм, адамдардың құқықтырын сайлау және басқада принциптер.

Бұл принциптер практикада кешенде, өзара бакйланысты түрде қолданылады, бұл олардың объективті негізін көрсетеді.

Заңдық принциптері құқықтың әрекетті, ішкі істер органдары жұмысшыларының құқытық нормаларын нақты орындауын сипаттайды. Бұл принципте құқық қорғау әрекеттерінің кейбір ерекшеліктері көрінеді. Құқықтың жалпы міндеттілігі басты болып табылады. Ол өмірде нақты жүргізілгенде ғана жүзеге асады, яғни, ол мәлімет түрінде ғана емес, іс жүзіндегі заңдылық болуы тиіс, құқық қорғау қызметінің жұмысшылар нормативтік бұйрықтарды орындамауға мүмкіндігі болмағанда әрекетке ие болатын тәртіп, ішкі істер органдары әрекетінің ерекше режимінің міндеттілігі, белгіленген құқық нормаларының бұзылғаны үшін жауапкершілікке тарту екінші маңызды жағдай болып табылады.

Бұл принциптерді жүзеге асыру нақты шаралар мен әрекет тәсілдері тұрғысынан полициейлердің мақсаттары мен міндеттері атқарудан басталады. Бұл позициядан келгенде типтік жоспарлар, жетекшілердің нақты өкімдері бағалануы тиіс.

Бұл принцип өте маңызды, өйткені оны орындамау азаматтар үшін де ауыр зардаптар әкеледі, қайшылықтың әрі қарай дамуына итермелейді, құқық қорғау органдарына деген сенімсіздік тудырады, адамдардың басқа, әсіресе, әрекеттің қарсы тәсілдерін қолданылуына түрткі болады. 1996 жылы Алматы қаласында өткен жаппай тәртіпсіздік уақытында полиция қызметкерлерінің көптеген құқық бұзушылығы анықталды. Арнайы құралдарды заңсыз қолдану нәтижесінде бір әйелдің соққыға жығылды.Мұндай жағдайларда шиелініс, әдетте, бақылаудан шығып, ұлғаяды, сондықтан оның алдын алу үшін қосымша күштер талап етеді, соған сәйкес екі жақтан да зардап щегушілер саны артады.

Ішкі істер органдарының әрекеттерінде гуманизм принциптері де өте маңызды. Ол құқық қорғау органдарының жаппай тәртіпсіздік пен ерекше жағдайлардың еріксіз қатысушысы болғандармен де және қасақана бұзған тұлғалармен де қатынасын бейнеледі. Бұл принциптің негізгі мақсаты мынада, ол адамдардың қажетті құқық қорғалуы мен қамқорлықты қамтамасыз етуге, олрадың әлеуметтік тиімділігн, жасын, жынысын, денсаулығының жай-күйін және тағы басқа тіркеуді қамтамасыз етуге тиіс. Бұл принциптерді қолдану полиция қызметкерлерінің беделін нығайта түседі.

Адамдардың құқықтырын сыйлау принципі гуманизм принципімен тығыз байланысты. Сондай-ақ, олардың арасында ерекшеліктеріде бар. Сондай-ақ, олардың арасында ерекшеліктеріде бар. «Адам құқығы» гуманистік, имандылықты ғана емес, халықаралық-құқықтық формуласы өзіне тек гумаистік, имандылықты ғана емес, халықаралық-құқықтық аспектілерді де қабылдайды. Оның әлеуметтік және заңдылық табиғаты ең маңызды болып табылады. Бұл табиғатты сипаттайтын негізгі элемент құқық қорғау органдары қызметкерлерінің адам құқығын заңды, ақтаған және аталмыш экстималды ситуацияда қажетті белгіленген мөлшерде әр түрлі бұзу әрекеттері болып табылады. Олар азаматтық тұлғалар сияқты өз әрекетінің шегін және бұл шек бұзылған жағдайдағы жауапкершілікті нақты білу тиіс. Мұндай жағдайда полиция қызметкерлерінің әрекеті мен құқық қорғау органдарына бақылау жасайтын органдардың әрекеті бойынша сотқа шағым түсіру адам құқығын қорғаудың кепілі болып табылады.

Жариялық принциптерінің сипаты мен маңызын айта отырып, оның жалпы шолуда көрсетілген категорияларымен қатар экстимальды шарттарда, атап өту керек. Оқиғаларды шындықпен түсіндіру сыбыстардың алдын алады. Ішкі істер органдары әрекетінің жариялылығы – оларды бассыздық пен жазасыздықтан, жалған нәтижелерімен өзін-өзі алдаудан сақтайтын принцип. Бұл принцип басқару объектісі мен субъектісінің, құқық қорғау органдары мен халықтың арасындағы кері байланыс қызметін атқарады.

Бұқаралық ақпарат құралдары осы принципті жүзеге асыру құралы ретінде қолданылады. Түрлі фактілер мен оқиғалардың әділ бағынбауы, оларды жасыру немесе тікелей бұрмалау кері салдарға соқтыратын практика көрсетіп отыр.

Жариялылық принципін кең түрде қолдану полицияға еңбек ұжымдары мен халықпен өзара әректтесімін нығайтуға мүмкіндік береді. Мұндай өзара әрекеттесім ішкі істер органдары мен халық арасындағы кері байланысты нығайту үшін де халық үшін де пайдалы.

Қолданылған шешімдердің ғылыми негізділік принципі ерекше шарттардағы жиеленістің өсу процесінің дамуының нақты заңдылықтарын тіркеумен ғана емес, сондай-ақ ішкі істер органдарының практикалық әрекетіндегі тиісті мәліметтерді қолдана отырып, осы процесстің дамуына ішкі істер органдарының әсер ету мүмкіндігін де қарастырады. Соңғы кездердегі аталмыш принципке ерекше көңіл бөлініп келеді, оның көмегімен ішкі істер органдарының өзін реформалау, жүзеге асырылуда, бұл органдарды басқарудың көптеген проблемеларын шешу берік ғылыми базаға айналып келеді, ғылымының көптеген салаларының ғылыми нәтижелерін білу мен кең қолдануға негізделген зерттеу сипаты қалыптасып келеді [11, 39-б.].

Әсіресе, қазіргі кезеңде ішкі істер органдарының саяси бейтараптық принципін, сақтау ерекше маңызды. Бұл бірінші кезекте, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Заңымен, «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының қатардағы және жетекші құрамының қызмет өткізуі туралы» Ережесінің талаптарымен тығыз байланысты. Осы ереженің 36-тармағында: «Ішкі істер органдары жүйесінде саяси мақсат көздейтін қоғамдық бірлестіктер құруға жол берілмейді. Қатардағы және жетекші тұлғалардың партияларға, кәсіподақтарға кірмеуі, қандайда болмасын саяси қолдап сөйлемеуі тиіс» [12 ,22-б.].

Екіншіден, ішкі істер органдарының қызметкелерінің барлық тұлғаларға қатысты, олардың қандай партияда болғанына қарамастан, адамдардың намысын қорғау мен сыйлауға, адам құқығын қорғау мен сыйлауға, адам құқығын қорғау мен сыйлауға, адам құқығын қорғау мен қолдауға міндетті болуы да ерекше маңызды.

Басқару жүйесін құру принциптеріне желілік, функцияналдық, аралас және мақсатты бағдарлама принциптерін (ұйымдасқан құрылым құру принципі) жатқызуға болады. Ішкі істер органдарының практикалық әрекетінде аралас принципі тән кемшіліктер бұл принципте белгілі мөлшерде аз кездеседі.

Алғашқы үш принцип анық функциональдық мамандану және полицияның алдында тұрған күнделікті мөлшерде шешу үшін қолданылады. Күтпеген штаттан тыс міндеттер туындаған жағдайда әдетте, басқарудың арнайы, уақытша, мақсатты бағдарламалы құрылымын құру қажеттілігі туындайды. Оперативті жағдай қалпына келген кезде бұл басқару құрылымдары өз әрекеттерін тоқтатады.

Құрудың аралас принципі қоғамдық тәртіпті қорғау мен экстремальды жағдайлардағы міндеттер бойынша ішкі істер органдары әрекеттерінің тиімділігін көрсету мақсатында оперативті штаб пен ерекше мақсаттағы полиция бөлімшелерін құру негізінде жасалған [13, 14-б.].

Ерекше жағдайларда қолданылатын ішкі істер органдарын басқару принциптерін қарастырғанда басқарудың бұрыннан бір жүйеге түскен жалпы принциптеріне назар аудару табиғи жағдай (Г.Г.Зуйковты, А.М.Поповты, А.П.Корневті және тағы басқаларын қараңыз) [14].

Сонымен бірге, ішкі істер органдары әрекет етуге тура келетін ерекше жағдайлардың басқару субъектілеріне де және олар қолданылатын шешімдерге де белгілі бір ерекшеліктер қалыптастыратынын есте ұстау керек. «Принциптер ерекше жағдайлардағы кез келген әрекеттерінің ерекшеліктерін, мақсатын міндеттердің және негізгі мазмұнның функциясын анықтайды» [15, 43-б.].

Принциптерді әлеуметтік-саяси және ұйымдастыру-технологиялық деп бөлудің мәні толық көлемде қамтылмайды [14].

Біріншіден, ұйымдастыру-технологиялық принцип әлеуметтік принципттің бір бөлігі болып табылады, сондықтан ондай жіктеу тек ұғымдарды шатастырады. Екіншіден, принциптерді демек ішкі істер органдарының әрекеттерін де саясиландыруға жол берілмейді, полиция қызметкерлерінің әрекеті саяси міндеттердің шешіміне бағынбауы тиіс.

Басқару принциптерінің ашылған мәні ретінде олрадың келесі концепциалары қолайлы.Біріншіден, басқарудың жалпы прицптерін анықтау қажет, яғни, ішкі істер органдарын басқару процесінің өзіне әсер етеді және ол үшін негіз, база болып табылады. Екіншіден, жоғарыда атап өткеніміздей, басқарудың ерекше жағдайлардағы полиция әрекетін анықтайтын және ең маңызды болып табылатын арнайы принциптерінің бар екенін есте ұстау керек.

Басқарудың жалпы принциптеріне оперативтілік пен маневрлік, үздіксіздік пен цикілділік, жоспарлық пен орындылық, нәтижелілік, дара басшылық, кешенділік пен жүйелілік принциптері жатады. Арнайы принциптерге – жеткіліктілік немесе негізгі звеню әрекетінің «құны», бас қарудың оралымдылығы, кері байланыстың болуы, ақпараттардың бірлігі мен өзара байланыстылығы жатады.

Оперативтілік пен маневрлілік принциптері ішкі істер органдарының қалыпты жағдайлардағы әрекеттері үшін бар маңыздылғын сақтай отырып, ерекше жағдайларға даралыққа ие болады. Олардың көмегімен болып жатқан оқиғаларға өз уақытында назар аударуды, жағдайға алдын ала әсер етуді, уақыт тапшалығы жағдайында күш пен құралдарды басқару тиімділігін қамтамасыз етеді. Бұл, біздің ойымызша, басқарудың негізігі принциптері болып табылады, өйткені олар шиелініскен жағдайлар, үдемелі және өткінші оқиғалар шарттында басқа принциптердің орындалуына себепші болады және қамтамасыз етеді.

Басқарудың үздіксіздік пен циклділік принциптері, біріншіден, бүкіл ерекше жағдайлардың кезеңінде басқару нысанына тұрақты басқарушылық әсерін қамтиды. Екіншіден, мақсатын, міндетін анықтаудан бастап қол жеткізілген нәтижелерді талдамен аяқталатын бүкіл басқару процесін қамтитын цикілдерді есепке алу қажеттілігін қамтиды.

Өкінішке орай, ішкі істер органдарының жетекшілері мен оперативті штаттар практика әрекетінде бұны әрдайым есте ұстай бермейді.

Басқарудың мақсаты шығынды ғана емес, сонымен қатар, тәсіл мен әрекеттің сипатында анықтайды. Басқару субъектісінің тура назарында тұрып, дәл мақсат басқару жұмыстарының сапасына өлшем болып табылады. Ол, сонысымен функцияны жүзеге асыруға, жүйенің барлық элементерін өзара әрекеттесімін іске асыруға, бүкіл әрекет процесіндегі олардың рөлін анықтауға қатысты біріктіруші бастау болып табылады. Мақсатқа жету көп жағдайда жоспарлаудың көмегімен қамтамасыз етіледі. Ол басқару процесінде оның барлық субъектілерінің қатысу пропорциональдығын қамтамасыз етеді, басқарудың демократиялық формасында да, биліктік формасында да орнықты байланысқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мақсаттылық пен жоспарлылық ерекше жағдаларда басқа принциптердің жүзеге асырылуын едәуір дәрежеде қамтамасыз етеді.

Жоспарлылық пен мақсаттылық принциптері алдын ала анық келінген және нақты орындалатын мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыратын басқару әрекетіне бағынады, оның сипаты қоғамдық қауыптілік дәрежесімен анықталады. Басқару әрекетінің қызметінің мазмұнын құрайтын және күш пен құралдардың заңдылық бойынша әр қырлы үлкен мөлшерін қолдауды талап ететін шаралардың көп қырылығы мен қауіптілігі қатаң түрде жоспарлы басталатын басқару қажеттілігін белгілейді. Бұл принцип бүкіл басқаруды тұтас, яғни, нақты жеке міндеттерді шешуге дейін өтеді.

Тиімділікті басқару сипаттарының бірі ретінде қарастыра отырып, оны нәтижелілік ұғымымен арақатынастыру қажет. Басқарудың тиімділігі нақты әрекеттермен, мақсатқа жетудің және солар үшін қолданылатын құралдардың мүмкінділігі мен анықталады.

Нәтижелік принципі қойылған мақсаттарға жету міндеттілігін қамтиды. Қорытындысында ол бірнеше негізгі тиімді басқаруды анықтайды.

Ерекше шарттардағы басқарудың тиімділігін арттыру, ең кем дегенде, екі факторға бағынышты болады. Біріншіден, мақсаттары мен әрекет тәсілдері, құқықтық шектері, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі және тағы басқа нақты көрсетілген әрекеттің негізделген және анық жасалған жоспарының болуы, екіншіден, жағдайдың кез келген өзгеру барысында мақсатқа жетуге кепілдік беретін күштер мен құралдарды орынды басқару. Тиімділік – әрекеттің жоғары сапасы, ол экстримальды жағдайлардағы күштер мен құралдарды басқарудың маңызды сипатын құрайды.

Күрделілік, ішкі істер органдарын басқарудың принципі ретінде, қабылданатын шешімдерді ұжымдық талқылауды, күтпеген қалыптан тыс әрекеттер қолдану мүмкіндігін қамтиды, ол басқару тиімділігін сөзсіз арттырады. Дара басшылық ерекше шарттарда басқарудың негізгі принциптерінің бірі ретінде қабылданатын шешімдердің нәтижелері үшін жетекшілердің жауапкершілігімен тікелей байланысты және көрсетілген жағдайлардағы басқарудың негізгі субъектісі ретінде өзінің биліктік өкілдігін кең қолданылуын белгілейді.

Басқарудың кешенділігі мен жүйелілігі принциптері ішкі істер органдарының алдына қойылған басқарудың нысандар мен субъектілерінің әр түрлі факторлары мен ерекшеліктері мен, олар әрекет етуге тура келетін шарттармен байланысты міндеттерді шешуді қарастырады. Сонымен қатар, басқару, біріншіден, бұқаралық тәртіпсіздіктің алдын алу мен жоюға қатысатын күш пен құралдардың бірлескен негізде (жүйелілік принцип) әрекет етуін талап етеді.Бұл әдеттегі үйлесімділік емес, келісілген жоспарлар негізінде де емес, ол – барлық бөлімшелердің бірлескен әрекетін қамтамасыз ететін өзара тығыз байланысты және өзара бағынышты элементтер ретінде қолданылатын тұтас орынды бағдарламалардағы жоспарлы байланысы.

Төтенше жағдайды енгiзуге негiз болған мән-жайларды жою жөнiндегi мәселелердi шұғыл шешу және iс-шараларды жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Президентi мемлекеттiк басқарудың төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi арнайы органдарын құруы мүмкiн, оларға:

1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк комиссия;

2) жергiлiкт жердiң комендатурасы жатады.

Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттік комиссия (бұдан әрi - Мемлекеттік комиссия) төтенше жағдайды енгiзу үшiн негiз болған мән–жайлар Қазақстан Республикасының екi және одан да көп әкiмшiлiк–аумақтық бiрлiктерiнiң аумағында туындаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актісімен құрылады. Комендатураның қызметі Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен үлгі ереже негізінде жүзеге асырылады [9].

Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның және басқа да мемлекеттiк органдардың күштерi мен құралдары пайдаланылады.

Қажет болған жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының негiзiнде төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілмей Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi мынадай мiндеттердi орындау күшін:

1) төтенше жағдай енгiзiлген жерге кiрудiң және одан шығудың ерекше режимiн сақтауға;

2) ерекше режимдi, режимдi және ерекше қорғалатын объектiлердi, халықтың тыныс-тiршiлiгiн және көлiктiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн объектiлердi, адамдардың өмiрi мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға үлкен қауiп төндiретiн объектiлердi күзетуге;

3) арнайы құралдарды, қаруды қолдану, сондай-ақ әскери және басқа да техниканы пайдалану арқылы күш көрсету әрекеттерi орын алған жанжалдарға қатысқан тайталасушы тараптарды айыруға;

4) заңсыз қарулы құралымдар қызметiнiң жолын кесу iсiне қатысуға;

5) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және адамдар өмiрiн құтқару iсiне қатысуға қолданылуы мүмкiн.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қорғау мақсатында ғана төтенше жағдай режимiн қамтамасыз етуге тартылады.

«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы заңының 14 бабың 2-тармағының 1)–4) тармақшаларында көрсетiлген мiндеттердi Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, iшкi iстер және ұлттық қауiпсiздiк органдарымен бiрлесiп орындайды. Бұл орайда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери қызметшiлерiне «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының дене күшiн, арнайы құралдарды, қызметтiк иттердi, қаруды қолдану, әскери техниканы пайдалану шарттарына, тәртібіне және шектерiне қатысты бөлiгіндегі ережелерi қолданылады.

Төтенше жағдай енгiзiлген кезде оның күшiнде болу кезеңiне мынадай негiзгi шаралар мен уақытша шектеулер:

1) қоғамдық тәртiптiң сақталуын, аса маңызды мемлекеттiк және стратегиялық объектiлердiң, сондай–ақ халықтың тыныс-тiршiлiгiн және көлiк қызметiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн объектiлердiң күзетілуін күшейту;

2) төтенше жағдай енгiзiлген жерде жүрiп-тұру еркiндiгiн, оның iшiнде көлiк құралдары қозғалысының еркiндiгiн шектеу;

3) жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды жеке тексеру, олардың жанындағы заттарын, көлiк құралдарын тексеру;

4) төтенше жағдай енгiзiлген жерге немесе Қазақстан Республикасының аумағына кiруге, сондай-ақ олардан шығуға шектеу белгiлеу;

5) жиналыстарды, митингiлер мен демонстрацияларды, шерулер мен тосқауылдарға тұруды, ойын -сауық, спорттық және басқа да бұқаралық iс-шараларды, сондай-ақ туумен, үйлену тойымен, қайтыс болумен байланысты отбасылық салт-жоралғыларды өткізуге тыйым салу немесе шек қою;

6) ереуiлдерге және заңды тұлғалардың қызметiн тоқтата тұрудың немесе тоқтатудың өзге де әдiстерiне тыйым салу;

7) жарылғыш, радиоактивтi, сондай-ақ химиялық және биологиялық қауiптi заттарды пайдаланатын заңды тұлғалардың қызметiн тоқтата тұру;

8) егер төтенше мән-жайларға байланысты материалдық және мәдени құндылықтардың жойылуының, ұрлануының немесе бүлiнуiнiң нақты қаупi болса, оларды қауiпсiз аудандарға көшiру;

9) төтенше жағдай енгiзiлген жергілікті жерде ол қолданылатын бүкiл кезең iшiнде сайлау және республикалық референдумдар өткiзуге тыйым салу ;

10) үкiметтiк байланысты қоспағанда, байланыс желiлері мен құралдарының қызметін тоқтата тұру көзделеді [9].

Қорытындылай келе, төтенше жағдай кезінде ішкі істер органдарының атқаратын қызметі ол қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті, және адам өмірін, бостандықтарын және құқықтарын қорғау болып табылады. Төтенше жағдай кезінде ішкі істер органдарын басқарудың мақсаты шығынды ғана емес, сонымен қатар тәсілмен әрекеттің сипатында анықтайды. Және солардың тиімділігін қадағалау болып табылады.