- •Мазмұны
- •1.Төтенше жағдайлардағы ішкі істер органдары әрекеттерінің негіздері
- •2.Төтенше жағдайлардың әкімшілік құқықтық режимінде ішкі істер органдарын басқарудың ұйымдастырушылық негіздері
- •Төтенше жағдайлардағы ішкі істер органдары әрекеттерінің негіздері
- •1.1 Төтенше жағдайдың ұғымы, сипаты және жіктелуі
- •1.2 Төтенше ситуациялардағы ішкі істер органдары әректтерінің құқықтық аспектілері
- •Төтенше жағдайлардағы ішкі істер органдарын басқарудың қағидалары
- •Төтенше жағдайлардың әкімшілік құқықтық режимінде ішкі істер органдарын басқарудың ұйымдастырушылық негіздері
- •2.1 Төтенше жағдайларға ішкі істер органдарын ұйымдасқан түрде қамтамасыз ету
- •2.2 Төтенше жағдайлардағы басқару органдарының ұйымдастырушылық құрылымы, міндеттері мен қызметтері
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қорытынды
Қазіргі қоғам іштей қайшылыққа толы. Экономикалық, саяси, ұлттық және басқада мүдделердің ерекшелігі мен сәйкессіздігі шиеленістің, қайшылық пен әлеуметтік өзгерістің ошағының пайда болуына негіз болады. Оның үстіне, қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер заңды да шарсыз.
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына «Қазақстан 2030» Жолдауында – Қазақстандық қоғам үшін, командалықпен нарықтық экономикаға өтудегі ауыртпалық өткір, бізге белгізсіз кең ауқымдағы кедейлік пен жұмыссыздық проблемаларын туғызады, - деп атап көрсетті. Олар қылмыскерлер, нашаққорлар үшін құнарлы негіз жасауды қоғамдық депрессия туғызады және қоғамдық тұрақсыздықты өсіреді [2].
Ерекше шарттардың зардаптарыннан алдын алу, болдырмау мен жоюмен күрестің негізгі ауырпалығы ішкі істер органдарына түседі, бұл оларды басқару процесіне де, экстримальды шарттарда басқарудың құқықтық негіздерін жетілдіру процесінде де жоғары талап қояды.
Бұл процесте ең маңызды рөлді төтенше жағдайларда ішкі істер органдарының әрекеттерінің ұйымдастырылған негізін анықтайтын басқару принциптері алады. Осы принциптерді негізгі талап ретінде басшылыққа ала отырып басқару субъектілері барлық элементтердің басқару әрекеттерінің кейбір түрлерін қажетті интеграциялаумен олардың өзара келісімін және қойылған мақсатқа жетудегі ортақ бағытпен қамтамасыз етеді.
Полицияның практикалық әрекетінде басқару принциптерін әрекет пен ішкі істер органдарының бұрылымдық жасақтау принциптерінен бөліп алып қарасытыру мүмкін емес. Сонымен қатар, ішкі істер органдары ерекше жағдайларда басқару принциптері басқарудың жалпы принциптерінмен тығыз жағдайда басқарудың мақсатына негізделген. Мақсат бүкіл басқару жұмыстарының сапасын басты өлшем болып табылады, және ол қызметтерді іске асыратын, міндеттерді жүзеге асыратын және ішкі істер органдары жүйесінің барлық элементерінің өзара әрекеттесімін ұйымдастыратын біріктіруші бастау ретінде қолданылады. Мақсатқа жету, көбінесе ерекше жағдайлардағы жұмыстар үшін қажетті басқару жүйесін болжау, жоспарлау мен ұйымдастырылған жобалаумен қамтамсыз етіледі.
Ішкі істер органдарының ерекше жағдайлардағы әректі түсінігі ретінде – әлеуметтік, табиғи, техногендік және экологиялық штаттағы, адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін, қоршаған орта мен мемлекеттік институтттарды қалыпты жүргізу үшін ішкі істер органдарының арнайы ұйымдастырылған, құқықтық шараларды және оларды ресурстық қамтамасыз етуді талап ететін құбылыстардан туындаған жағдай түсініледі.
Берілген түсінік аталған шарттардың өзіндік ерекшеліктерін, яғни мұндай жағдайда ішкі істер органдарының әрекетіне тән ерекгшеліктерді бейнелейді. Бұл ерекше құқықтық режим – уақытшат ұйымдастырылған штаттық құрылымдар жасақтау, қосымша күштер мен құралдар тарту, сондай-ақ, басқару мен байланыстың жаңа жүйесін құру, арнайы шарттағы кейбір шараларды жүргізу.
Ішкі істер органдарының қалыпты жағдайда қалыптан тыс-ерекше жағдайларда да білікті әрекет етуге міндеттілігі белгілі. Ішкі істер органдарын ерекше шарттарда басқару жалпы міндеттерді орындаған, қоғамдық қауыпсіздікті қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті нақты нығайтуға, құқық бұзушылармен күресуге, азаматтардың құқығы мен мүдделерін қорғауға, меншікті күзетуге негізделген.
Қызметті талдау – ішкі істер органдарының ерекше шарттар кезіндегі міндетті, нормативтік және басқада құжаттрады зерттеу осы әрекетінің мазмұнындағы көптеген принциптік ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік берді, олар келесі ситуациялардан көрінеді.
Ішкі істер органдарының әрекеті төтенше болып табылды, өйткені күнделікті ұйымдастырылған жұмыс формасында мақсатқа жетудің тиімділік және құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмыстылықпен күрес, осы кезеңде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауыпсіздікті қорғау – міндеттерің шешеуді қамтамасыз етет алмайды. Ол басты мақсатқа бағындырылған – ерекше шарттардың зардаптарын тараптау мен жою қалыпты жағдайға қарағанда жедел және өте шиеленісті өтеді және қарастырылған төтенше жағдайлардағы кері құбылыстарда жою қимылдар өткізу жүзеге асырылды.
Бұл әрекеттің мазмұны шараларды іске асырудың формалары мен тәсілдерінің әр түрлі кең кешенін құрайды. Ол күрделі оперативті жағдайдағы міндеттердің орындалуын тек жиынтық күйінде ғана қамтамасыз ете алады.
Ішкі істер органдарының ерекше шарттардағы әректі – күштер мен құралдардың едәуір мөлшерін бастырмалата қолдану, олар тек бір тұтас және бір басшалақта болған жағдайда ғана оперативті жағдайлардың кері даму тенденциясын тоқтату, әрекеттік әсерін тигізе алады. Бұл әрекет шартты түрде алынған уақыттан және кеңістік шекте өтеді, оның көлемі стихияның күшінің ауқымы мен түріне, олар келтірілген кері зардаптардың көлемімен байланысты болады.
Ішкі істер органдарының ерекше жағдайдағы әрекеттерінің ең маңызды элементі – олардың басқа органдар мен ұйымдармен өзара әрекеттесімі болып табылатынын атап өту керек. Аталмы өзара әрекеттесімінің негізгі формаларын мыналар жатады: тұрақты өзара ақпарат алмасу, әректінің, шараларды жоспарлаудың өзекті мәселелерін бірлесіп қарау мен талқылау; арнайы шараларды өткізу барысында күштер мен құралдарды келісе отырып бөлу, сондай-ақ қабылданған шешімдердің орындалу барысын берлесіп бақылау мен бірлескен жұмыстың қорытындысын шығару.
Ішкі істер органдарының ерекше шарттардағы әрекет тәжірибесі осы әрекеттің тиімділігн қамтамасыз ететін факторлардың шешуші мәнге ие болатынын толық көрсетті:
басқару органдары мен қызметтердің төтенше жағдайлар мен төтенше ситуацияларда жұмыс істеуіне дайындық деңгейі;
Ішкі істер органдарның түрлі құрылымдарының, сондай-ақ солардың және басқа да мемлекттік билік органдарының, тартылған күштерінің арасындағы өтелген өзара әректтесім;
жеке құрамның ерекше жағдайларда жұмыс істеуге психологиялық дайындығы.
