Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дипломдық жұмыс 408.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
149 Кб
Скачать
☆
  1. Төтенше жағдайлардың әкімшілік құқықтық режимінде ішкі істер органдарын басқарудың ұйымдастырушылық негіздері

2.1 Төтенше жағдайларға ішкі істер органдарын ұйымдасқан түрде қамтамасыз ету

Ішкі істер органдарының құралдары мен күштерін ерекше ахуалдарда басқару – нәтижесінде, түрлі ерекше ахуалдардың пайда болуынан туындайтын кері салдарларды бейтараптандыратын, (таратушылық және жою) күрделі оперативті жағдайларды қайта құруды қамстамасыз ететін әрекеттерінің төтенше түрлерінің бірі. Бұл басқарудың ерекшелігі әсер ету объектілерінің ерекшеліктерімен анықталады. Әсер ету объектісі – күрделі оперативті жағдай осы оперативті жағдайдың далеу кезеңінің мазмұнына тәуелді болады.

Күрделі опреативті жағдайдың дамуының жүйе ретінде, логикаға сәйкес бұл процестің үш кезеңі бар – пайда болуы, қалыптасуы, қайта құрылуы. Күрделі оперативті жағдайдың пайда болуына бастап оның қайта құрылуына дейін ішкі істер органдары ерекше жағдайлардың салдарын тараптау мен жою мақстында өзінің берілген және тартылған күштер мен құралдарды басқару бойынша шаралар бойынша кешенін жүзеге асырады. Осы стихияның кері салдарын бейтараптандыруға бағытталған күштер мен құралдарды тікелей басқару процесін екі кезеңге бөлуге болады. Біріншісі ақпаратты алған кезден бастап басталады және бірнеше минуттан бірнеше тәулікке дейінгі уақытша аралығында алуы мүмкін. Ол күрделі оперативті жағдайдың динамикасына оның пайда болу кезеңіне сәйкес келеді және ол бірінші кезекте төніп келе жатқан ерекше ахуалдар нәтижесінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауыпсіздікке қатер төнуімен сипатталады. Ішкі істер органдарының күштері мен құралдарын басқару процесіндегі екінші кезең күрделі оперативті жағдайдың даму, қалыптасу және қайта құрылу уақытына тура келеді.

Ерекше ахуалдардан туындаған күрделі оперативті жағдайларда ішкі істер министрлігі, ішкі істер басқарма күштері мен құралдарын басқаруды ұйымдастыруды аталған кезеңдерге сәйкес қарастырамыз.

1.Бірінші кезеңде басқару субъектілері – министр, ішкі істер басқармасының бастығы, соңғысының тапсыруымен оның орынбасарларының бірі, оперативті басқарма оргнадары, сондай-ақ, ішкі істер министрлігі, ішкі істер басқармаларының салалық қызметтері – қажетті ұйымдатыру шараларын жүзеге асырады, ол ерекше ахуалдардың барлық түрлері үшін ортақ болып табылады және қарастырылған жағдайлардағы олардың әрекеттерінің үлгісі ретінде қызмет етеді.

Министр, ішкі істер басқармасының бастығы немесе оның орынбасарларының бірі тиісті оперативті жетекші ретінде ретінде төмендегі ұйымдастыру шараларын жүзеге асырады:

  • арнайы жоспарды іске қосуды, дабыл бойынша жеке құрамды жинайды (қажет болғанда), оперативті жағдайдың деңгейі мен шаралары туралы тиісті заңды (өкілетті) және орындаушы органдарға хабар береді;

  • ең маңызды басқару шешімдерін орындаушы билікпен және төтенше жағдайлар комитетімен келіседі;

  • азаматтық қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік комитеті органдары, Қазақстан Республикасы министрлер кабинеті жанындағы гидрометеорология бойынша Бас басқарма, Қарулы күштер бөлімшелерінің және тағы басқа штабтары жетекшілерінің әрекеттерімен ұйымдастырылады;

  • Ішкі істер министрлігі, ішкі істер басқармасы аппараттарының, жергілікті ішкі істер органдары мен бөлімшелерінің, сондай-ақ берілген және тартылған күштерінің жеке құрамдарына негізгі міндеттер қояды;

  • қолда бар мәліметтер негізінде ішкі істер органдарының ішкі әскерлер және тағы басқа күштер және тағы басқа күштер мен құралдарды шоғырландырудың негізгі орындары мен күшейтудің басты бағыттарын анықтайды;

  • оперативті жағдайға қарай күштер мен құралдарды, олардың пайда болған ахуалдарда ең тиімді қолдану мақсатында басқарудың ұйымдастырылған құрлымы мен механизімін нақтылайды;

  • ішкі істер органдарының жеке құрамдарына олар шоғырланған орындарда материалдық-техникалық және медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады.

Ішкі істер министрлігі, ішкі істер басқарма күштері мен құралдарын басқаруды ұйымдастыруда, осы кезеңде, жолымен қатар ерекшелік те бар, ол табиғаттың болжанған ерекше ахуалының әрбір түрлерінің уақытша, кеңістік және басқа да парламенттеріне негізделеді. Бұл ерекшелік төтенше ахуалдардың кез келген түрі барысында ішкі істер министрлігі, ішкі істер басқарма жетекшілерінің, оперативті басқару органдарының және көптеген салалық қызметтердің әрекеттерінде көрініс табады.

2.Күштер мен құралдарды басқару бойынша ішкі істер министрлігі, ішкі істер басқарма әрекеттерінің ерекше ахуалдар пайда болуынан бастау алып оның зардаптарын жоюға дейін созылатын екінші кезеңінде, бірінші кезеңмен салыстырғанда, оперативті жағдайлардың күрделенуі біршама көп болады. Бұл уақытты жүргізілетін шаралар бірінші кезекте, адамдар мен мүліктерді құтқаруға кері зардаптарды тараптауға, бейтараптандыру мен жоюға бағытталған.

Ереже бойынша, оперативті басқару органы мұндай ахуалдарда төмендегідей ұйымдастыру шаралары кешенін жүргізеді:

  • төтенше ахуалдар аймағы опретаивті жағдай туралы ақпаратты жинау мен талдауды, оның ағымды және болжамдағы деңгейін бағалауды, сондай-ақ басқару шешімдерінің жобасын жасауды жүзеге асырады;

  • жағдайдың ерекшелігін ескере отырып ішкі істер министрлігі, ішкі істер басқармаларының (типтік) жоспаларына өзгерістер енгізеді;

  • басқару шешеімдерін төтенше ахуаладар бойынша комиссияға, тиісті ішкі істер органдарына, министрге ішкі істер басқармасының бастығына және анықталған кемшіліктерді жоюға шаралар қолданылады;

  • жетекші оперативті бастықтың оперативті жиындар, нұсқаулар өткізуін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

  • ішкі істер министрлігі, ішкі істер басқармаларының салалық қызметтеріне жергілікті ішкі істер органдарына арнайы жоспардың тиісті бөлімдерін және іс жүзіндегі және болжамдағы оперативті жағдайға сәйкес Азаматтық қорғаныс пен аудандық ішкі істер органдары басқарамларының арнайы жоспарларын тұтас өзгертуге көмек көрсетеді.

Қарастырылып отырған кезеңде ауқымды жұмыс ішкі істер министрлігі, ішкі істер басқармасының оперативті жағдайдың өзгеруіне шапшаң назар аударуын қамтамасыз етуге бағытталған кезекші бөлімдер қызметіне жүктеледі. Бұған – оперативті ақпараттардың нақты жұмыс істеу жүйесін ұйымдастыру; мәліметтер мен аймақтағы пайда болған ахуалды бағалауды өз уақытында өңдеу, соның негізінде өзінде басқару шешімдерін (өз құзыреті шегінде) қабылдау және олардың орындалуын ұйымдастыру; ішкі істер министрлігі, ішкі істер басқармасы, штаб және салалық қызмет жетекшілеріне аудандағы жағдайдың дәрежесі жөніндегі ақпараттарды тез дайындау; кезекші бөлімдер мен ішкі істер органдарының әрекеттерін оперативті бақылауды жүзеге асыру және оларға дер кезінде көмек көрсету жолдары арқылы қол жеткізіледі.

Оперативті ақпараттардың нақты жұмыс істеу жүйесін ұйымдастыруға пайда болған ерекше ахуал туралы, олардың заттары, күштері мен құралдарды күшейтуге арналған басқару шешімдерін қабылдау туралы мәліметтерді дер кезінде алу тәуелді[16].

Тұрақты көздерден, әсіресе, төтенше ахуалдар аймағында орналасқан Азаматтық қорғаныс, аудандық ішкі істер басқармасы кезекші бөлімдерінен оперативті (шұғыл) ақпараттарды дер кезінде жүйелі алу үшін оның болу уақыты мен негізгі позициясының тізімін анықтап алған орынды. Пайда болған ахуалдардағы оперативті жағдайлардың жоғары динамикалығын ескере отырып, біздің ойымызша, ішкі істер министрлігі, ішкі істер басқармасы кезекші бөлімдеріне белгіленіп қалыптасқан позиция бойынша қалалық, аудандық органдардан тәулігіне 2-3 рет ақпарат алу керек.

Кезекші бөлім мәліметтер мен төтенше аудандардағы қалыптасқан жағдайлардың бағасын оперативті өңдеу көбінесе, ақпараттық – талдау тобы арқылы жүзеге асырады. Олардың жұмыстарының нәтижесінде кезекшілер өздерінің құзіреті шегіндегі басқару шешімдерін қабылдайды.

Ішкі істер министрлігі, ішкі істер басқармасы аппараттарын жер-жерге немесе жақын аудандарға орналастыру барысында кезекші бөлім өзі атқаратын шұғыл шаралар кешені ретінде негізгі назарды төмендегі шараларды ұйымдастыруға бөледі: ерекше маңызды нысандарды, сондай-ақ уақытша ұстау қапастарында орналасқан тұлғаларды күзету немесе оларды алдын ала белгілеген орындарға көшіру (болжаған аса қауіпті табиғи құбылыстар кезінде, егер ол дайындық кезеңінде орындалмаған болса); бақытсыздық орнына апаттық қалпына келтіру, құтқару және медицина қызметтерін жеткізу, оларға көмек және адамдар мен материалдық құндылықтарды құтқаруға жәрдем көрсету.

Төтенше ахуалдардың пайда болу кезеңінде олардың зардаптарын дер кезінде тараптау мен жоюдағы жетістік ішкі істер министрлігі, ішкі істер басқармаларының жетекші қызметтерінің тиімді ұйымдастырылған жұмыстарына тәуелді болады. Оларды күшейту бұл кезде оперативті жағдайдың ерекшілігінің күшіне байланысты ішкі істер органдарының алдына қойылатын арнайы басты міндеттердің дамуына топтастырылуы тиіс.

Ең әуелі патрульді-постының қызметкердің, қоғамдық тәртіпті қорғау бөлімінің (басқармасының) күштерін пайдалана отырып ішкі істер министрлігі, ішкі істер басқармасы осы кезеңде, келесі арнайы міндеттердің орындалуын ұйымдастырады. Азаматтық қорғаныс жасақтарына, құтқару мен апаттық-қалпына келтіру отрядтарына зардап шеккендерді үйіндінің орындардан іздеу мен жәрдем беру; меншіктің барлық формаларындағы заттарды патрульдік-посттық қызмет нарядтарының бағыттары мен постыларына жақындау арқылы күзету; халық арасында үрей мен жалған ақпарлардың таралуының алдын алу мен жолын кесуі; бақытсыздық аймағына апаратын жолдарға қойылған оперативті тосқауылдау, бақылау өткізу пунктерінде, ал қажет болған жағадайда құтқару мен апаттық қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін участоктарды қоршау қызметтерін жүргізу; тұрақты мекені жоқ, қаңғыбастық пен қайыршылықпен айналысатын тұлғаларды анықтау, ұстау және тексеру бойынша басқа қызметтермен бірлесе отырып сүзгіш топтар жасақтау; иесіз мүліктерді, сондай-ақ, стихиясын бақытсыздық нәтижесінде қайтыс болған азаматтардың мүліктерін жинау; уақытша ұстау қапастары, СИЗО және басқа да арнайы мекемелердің күштерімен бірлесе отырып, өзара отырған тұлғадарды күзету және белгіленген орындарға айдап апару; аса маңызды нысандарды күзетуге көмек көрсету және тағы басқа.

Төтенше ахуалдар жайында статистикалық және халықтың жеке есебі, олардың орналасуын реттеу, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қорғау мен қылмыстылықпен күресу үшін төлқұжаттың режимінің мәні арта түседі. Бұл міндеттерді шешеу үшін ішкі істер министрлігі, ішкі істер басқармасы, бірінші кезекте, төлқұжаттық және визвлық жұмыстарды жүргізу үшін бақытсыздық аймағын жердегі ішкі істер органдары қызметкерлерінің іс сапарға жіберу арқылы төлқұжаттық қызметті күшейту тиімді. Шығыс Қазақстан, Семей облыстарындағы, сондай-ақ Ашхабад, Ташкенттегі жер сілкінісі мен кейбір басқа да стихиялық бақытсыздықтардың зардаптарды жою кезіндегі аталмыш қызмет әрекетінің тәжірибесі аталған ұйымдастырушылық формасының ең тиімді екенін көрсетті, өйткені ол бақытсыздық нәтижесінде туындайтын аса ауқымды төлқұжаттық жұмыстарды өте тез және сапалы орындауға мүмкіндік береді.

Стихияның зардаптарын тараптау мен жою кезінде төлқұжаттық қызмет пен визалық жұмыстарды көрсетуі бойынша төмендегі жұмыстарды атқаруы тиіс. Қылмыстық іздестіру қызметін және әскери комерссанттармен, қалыпты жағдаймен салыстырғанда ең тығыз әрекеттесімді жүзеге асыру, төлқұжаттарды тексеру операцияларын өткізу ең тиімді уақытта ұйымдастыру, бұл төлқұжаттық режимді өз деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік береді [17, 36-б.].

Ерекше зардаптардың салдарын тараптау мен жою кезеңінде қылмыстық іздестіру апппатары қылмыстылықпен күресуді қалыптасақан оперативті жағдайдың еркшеліктері есекре отырып ұйымдастырады. Оларды соңынан орналастыруда туындаған қиыншылықтар, сондай-ақ щаруашылық нысандардың, үйдің бұзылуы мен талқандалуы меншіктің кез келген формасындағы мүліктерді сақтауға әлеуметтік бақылау қызметін әлсіретеді. Екіншіден, бұл қызметтің әрекеті эвакуация нәтижесінің жекеленген, сондай-ақ кейде халықтың кейбір бөлігінің қаза табуынан жеке тұлғалар арасындағы қалыпты қылмыстың бұзылуынан да әлсірейді. Аталағн барлық кейбір өзгерістер меншіктің түрлі формасындағы мүліктерді ұрлау, тонау, қарақшылық шабуыл, алаяқтық алып сатарлық сияқты қылмыстардың өсуіне мүмкіндік береді.

Жоғарыда айтылған жағдайларды ескере отырып ішкі істер министрлігі, ішкі істер басқармасы қылмыстық іздеу аппараты, ең әуелі, күшті қылмыстың алдын алуға бағыттайды.

Қылмыстың жалпы алдын алу үшін аталмыш аппарат қарастырылып отырған жағдайда төмендегілерді ұйымдастырады: қылмыстың себептері мен олардың жасалуына мүмкіндік беретін шарттарды зерттеуі олар туралы жергілікті өкілеттілік және орындаушы органдарға хабарлау.

Стихиялық бақытсыздықтың кейбір түрлерінің пайда болуы барысында ішкі істер министрлігі, ішкі істер басқармасы әрекеттерін ұйымдастырудың ең басты ерекшеліктері осындай. Оларды анықтау мен жұмыс барысында ескеру министрлік пен ішкі істер басқармасының тиісті қызметкеріне экстримальды ахуалдарда күштер мен құралдарды тиімді басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Төтенше жағдай – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысын қорғау мүдделерінде ғана қолданылатын және мемлекеттік органдар, ұйымдар қызметіне, азаматтардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына жекелеген шекетулер белгілеуге жол беретін және оларға қосымша міндеттер жүктейтін, ерекше құқықтық режим болып табылатын уақытша шара. Бұл режим азаматтардың қауіпсіздігі мен конституциялық құрылымды қамтамасыз ету үшін ғана ерекше жағдайда жарияланады. Төтенше жағдайға байланысты жасалынатын құқықтық тәртіп, заңдылық пен құқықтық тәртіпті, төтенше жағдайды қалпына келтіруге қауіп төндіретін факторларды жою үшін мүмкіндік береді.

Төтенше жағдайды енгізудің мақсаты жағдайды енгізуге себеп болған мән-жайларды жою, тұлға мен азаматтардың қауіпсіздігін, құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Төтенше жағдайдың құқықтық негізін Қазақстан Республикасының 44- бабының 16-тармағы және «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының Конституциясының 2003 жылғы 8 ақпандағы № 387 Заңы және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері төтенше жағдайды енгізудің құқықтық негізі болып табылады.

«Төтенше жағдай туралы» заңы әлеуметтік және табиғи-техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар үшін біркелкі құықтық режим концепциясын жүзеге асырып отыр.

Төтеше жағдай Қазақстан Республикасының демократиялық институттарына, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, оның азаматтарының қауіпсіздігіне елеулі және тікелей қауіп төнген және мемлекеттің конституциялық органдарының қалыпты жұмыс істеуі бұзылған жағдайда енгізіледі.

Төтенше жағдай енгізудің негізі болып мыналар табылады:

1) шекаралас мемлекеттер аумақтарынан Мемлекеттік шекара арқылы жаппай өту; Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуе ұмтылу; лаңкестік актілер; Қазақстан Республикасының Конституциясын бұза отырып , билікті күштеп ұстап тұруға бағытталған іс-әрекетер; қарулы қақтығыстарға тарту мақсатында басқа мемлекттер тарапынан болатын арандатушылық іс-әрекеттер; Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзу; жаппай тәртіпсіздіктер, ұлтаралық және конфессияаралық қақтығыстар; экстремистік топтардың жекелеген жерлерді, аса маңызды нысандарды қоршап алуы немесе басып алуы; заңсыз әскери құрамдар құру және олардың қызметі;

2)дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және тағы басқалары), дағдарысты экологиялық жағдайлар, табиғи өрттер, эпидемиялар мен індеттер, ауыл шаруашылығы өсімдіктері мен орамандардың ауруларымен және зиянкестермен зақымдалуы, өнеркәсіптік, көліктік және басқа авариялар, өрттер (жарылыстар), күшті әсер ететін улы , радиобелсенді және биологиялық қауіпті заттар ауаға жайылатын ( жайылу қаупі бар) авариялар, үйлер мен ғимараттардың кенеттен құлауы, су бөгеттерінің бұзылуы, тыныс-тіршілік қамтамасыз ететін электр энергетикалық және коммуникациялық жүйедегі, тазарту құрылғыларындағы авария себеп болған және жағдайды дереу тұрқтандыруды, құқықтық тәртібін қамтамасыз етуді , қажетті құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін жағдайды жасауды талап ететін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жатады.

Дүлей зілзаланың немесе кең көлемді аварияның (апаттың) нақты қаупі де төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның ұсынуы негізінде төтенше жағдай енгізуге негіз болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының бүкіл аумағындғы немесе оның жекелеген жерлеріндегі төтенше жағдайды Қазақстан Республикасының Примьер-Министрімен және Парламент палаталарының төрағыларымен ресми консультациялардан кейін Қазақстан Республикасының Парламентіне дереу хабарланады.

Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында енгізілетін төтенше жағдайдың күшінде болу мерзімі 30 тәуліктен, ал оның жекелеген жерлерінде 60 тәулікткен аспауыға тиіс.

Төтенше жағдай енгізілген мерзім өткеннен кейін төтенше жағдай тоқтатылады деп есептелінеді.

Төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайлар жойылмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті тиісті акт шығару арқылы белгіленген мерзімдер ішінде оның қолданысын ұзартуға құқылы.

Төтенше жағдай қалыптасқан жағдайды өзге шаралар қолданумен реттеу мүмкін болмаған жағдайда енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше жағдайды енгізу туралы Жарлығы Қазақстан Республикасының заңдарында дереу жариялануға тиіс және барлық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа жеткізіледі.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайды енгізу туралы Жарлығы Қазақстан Республикасы Президенті белгілеген мерзімде қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің Төтенше жағдайды енгізу туралы Жарлығында:

  1. төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайлар;

  2. төтенше жағдайды енгізу қажеттігінің негіздемесі;

  3. төтенше жағдай енгізілетін жерлердің шекаралары;

  4. төтенше жағдай режимін қамтамасыз ететін күштер мен құралдар;

  5. енгізілетін шараладың және жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың құқықтарын уақытша шектеулердің, сондай-ақ оларға қосымша жүктелетін міндеттердің тізбесі;

  6. төтенше жағдайды енгізу кезеңінде құралатын мемлекеттік басқарудың арнайы органдары және олардың өкілеттігі;

  7. төтенше жағдайды режимі кезінде қолданылатын іс-шараларды жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік органдар ( лауазымды тұлғалар);

  8. төтенше жағдайды енгізу уақыты және оның қолдану мерзімі қамтылады.

Төтенше жағдай енгізу туралы Жарлықты заңмен регламенттеу, біріншіден, ол «қайталама норма шығармашылық» актісі бола отырып, Төтенше жағдай туралы заңның нормаларын нақтылау арқылы құқық қолданушылық функцияны орындайды, екіншіден, Қазақстан Респуликасы Парламентінің Төтенше жағдай енгізу туралы Жарлықтың заңнамада белгілеген заңдық өлшедерге сәйкестілігінің сақталғанын бағалау үшін қажет.

Дегенмен, бір актіде жоғарыда көрсетілген сұрақтарды егжей-тегжейлі тәріптеу мүмкін емес, Төтенше жағдай енгізуге негіз болған мән-жайларды жою жөніндегі мәселелерді шұғыл түрде шешу және іс-шараларды жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекттік басқарудың төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі арнайы органдарын құруы мүмкін, оларға:

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия;

  2. жергілікті жердің комендатурасы жатады.

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекетік комиссия (бұдан әрі – мемлекеттік комиссия) төтенше жағдайды енгізу үшін негіз болған мән-жайлар Қазақстан Республикасының екі және одан да көп әкімшілік-аумақтық бірліктерінің аумағында туындаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Президенті актісімен құралады.

Мемлекеттік комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

  1. төтенше жағдайды енгізу үшін негіз болған мән-жайларды жою жөнінде шаралар әзірлеу;

  2. төтенше жағдай енгізілген аумақтың қызметін басқару мен қамтамасыз ету жөнінде жедел іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;

  3. төтенше жағдайды енгізу үшін негіз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларды уақытша тұруға арналған тұрғын үй-жайларға орналастыруды, оларға қажетті көмек көрсетуді ұйымдастыру;

  4. орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың , төтенше жағдай енгізілген жергілікті жерлердің комендатураларының төтенше жағдайды енгізу үшін негіз болған мән-жайларды жою жөніндегі қызметін үйлестіру;

  5. төтенше жағдай кезеңінде жүргізілетін іс-шаралардың орындалуын бақылау.

Төтенше жағдай енгізілген жергілікті жердің комендатурасы өзінің төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, жүзеге асырады.

Жергілікті жердің комендатурасы Қазақстан Республикаксының Президенті тағайындайтын комендат және жергілікті жер комендатурасының аппараты құрайды, оның құрамы төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайлар негізге алына отырып айқындалады.

Комендант – Қазақстан Республикасы Президентіне, ал Мемлекеттік құрылған кезде Қазақстан Республикасы Преезиденті мен Мемлекеттік комиссия төрағасына бағынады.

Төтенше жағдай енгізілген жердің комендаты:

  1. өз өкілеттілігі шегінде төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде барлық жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ ішкі істер органдары, төтенше жағдай уәкілетті органдардың бөлімшелері, төтенше жағдай енгізілген жергілікті жерде орналасқан (дислокацияланған) және төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін қосымша тартылатын қосымша құрылымдар бастықтарының (командирлерінің) тиісті аумақта орындалуына міндетті бұйрықтар мен өкімдер шығарады;

  2. жеке тұлғалардың белгіленген мерзімде белгілі бір жерден кетіп қалуына шектеулер енгізіледі, сол жердің тұрғындары болып табылмайтын, қоғамдық тәртіпті бұзған адамдарды олардың өз есебінен тұрақты тұратын жерлеріне немесе төтенше жағдай енгізілген жерде заңдылық пен құқытық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қолданылады;

  3. өз міндеттерін, комендаттың бұйрықтары мен өкімдеріе тиісінше орындамауына байланысты ұйымдардың басшысыларын төтенше жағдайдың күшінде болу кезеңінде қызметтен шеттетеді;

  4. Қазақстан Республикасы Президентіне төтенше жағдай енгізілген жерде осы Заңда көзделген қосымша шаралар мен уақытша шектеулер қолдану қажеттілігі туралы ұсыныс жасайды және бұл шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;

  5. тиісті жердің тұрғындарын төтенше жағдай кезінде қолданылатын енгізілген шаралар мен уақытша шаралар мен уақытша шектеулерді орындау қажеттілігі туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етіледі;

  6. жергілікті өкілді және атқарушы органдардың барлық отырыстарына қатысуға және өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы;

  7. төтенше жағдай енгізілген жер комендатурасының жанында журналистерді аккредитациялауды жүзеге асырады.

Төтенше жағдай енгізілген жердің комендатурасын құру аталған аумақта жұмыс істейтін жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың қызметін тоқтатпайды [18,52-б.].

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін:

- ішкі істер органдарының;

- ұлтық қауіпсіздік органдарының;

- төтенше жағдай саласындағы уәкілетті органның және басқада мемлекеттік органдардың күштері мен құралдары пайдаланылады.

Қажет болған жағдайларда Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығы негізінде төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мынандай міндеттері орындауға:

  1. төтенше жағдай енгізілген жерге кірудің және одан шығудың ерекше режимін сақтауға;

  2. ерекше режимді, режимді және ерекше қорғалатын нысандарды, халықтың тыныс-тіршілігін және көліктің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін нысандарды, адамдардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға үлкен қауіп төндіреті нысандарды күзетуге;

  3. арнайы құралдарды, қаруды қолдану, сондай-ақ әскери және басқа да техниканы пайдалану арқылы күш көрсету әрекеттері орын алған жанжалдарға қатысқан тайталасушы тараптарды айыруға;

  4. заңсыз қарулы құрылымдар қызметінің жолын кесу ісіне қатысуға;

  5. табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардағы жоюға және адам өмірін құтқару ісіне қатысуға тартылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасын қорғау мақсатында ғана төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге тартылады.

1-4 көрсетілген міндеттерді Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп орындайды. Бұл орайда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне «Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының дене күші, арнайы құралдарды, қызметтік иттерді, қаруды қолдану, әскери техниканы пайдалану шарттарына, тәртібіне және шектеріне қатысты бөлігіндегі ережелері қолданылады.

Төтенше жағдай енгізілген кезде оның күшінде болу кезеңіне мынадай негізгі шаралар мен уақытша шектеулер:

  1. қоғамдық тәртіптің сақталуын, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық нысандардың, сондай-ақ халықтың тыныс тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін нысандардың күзетілуін күшейту;

  2. төтенше жағдай енгізілген жерде жүріп-тұру еркіндігін, оның ішінде көлік құралдары қозғалысының еркіндігін шектеу;

  3. жеке тұлғалрдың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды жеке тексеру, олардың жанындағы заттарын, көлік құралдарын тексеру;

  4. төтенше жағдай енгізілген жерге немесе Қазақстан Республикасының аумағына кіруге, сондай-ақ олардан шығуға шектеу белгілеу;

  5. жиналыстарға, митингілер мен демеонстрацияларға, шерулер мен тосқауылдарға тұруға, сондай-ақ ойын-сауық, спорттық және басқада бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салу немесе шек қою;

  6. ереуілдерге және заңда тұлғалар қызметін тоқтата тұрудың немесе тоқтатудың өзгеде әдістеріне тыйым салу;

  7. жарылғыш, радиоактивті, сондай-ақ химиялық және биологиялық қауіпті заттарды пайдаланатын заңды тұлғалар қызыметін тоқта тұру;

  8. егер төтенше мән- жайларға байланысты материалдық және мәдени құндылықтардың жойлуының, ұрлауының немесе бүлінуінің нақты қаупі болса, оларды қауіпсіз аудандарға көшіру;

  9. төтенше жағдай енгізілген жерде ол күшінде болатын бүкіл кезеңі ішінде сайлаулар мен республикалық референдумдар өткізуге тыйым салу көзделеді.

«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 1-тармақшасында көзделген мән-жайлар болған кезде төтенше жағдай енгізілген жағдайда, төтенше жағдай енгізілген жерде мынадай қосымша шаралар мен шектеулер:

  1. коменданттық сағат енгізу;

  2. баспа басылымдарының міндетті даналары мен радио және телехабарларының материалдарын сұратып алу арқылы бұқаралық ақпарат құраладарын бақылауды жүзеге асыру;

  3. төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайларды жоюға кедергі келтіретін саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызыметін Қазақстан Республикасы Заңдарында белгіленген тәртіппен тоқтата тұру немесе тоқтату;

  4. көшіру-көбейту техникасын, радио және телехабарларын беру аппаратурасын, дыбыс және бейнежазба техникасын пайдалануға шек қою немесе тыйым салу, сондай-ақ дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды уақытша алып қою;

  5. азық-түлік пен бірінші кезекте қажетті заттарды сатудың, сатып алудың бөлудің ерекше тәртібін орнату;

  6. тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің және қаржының қолдан-қолға өтуін қоса алғанда, жеке және заңды тұлғалардың қаржы-экономикалық қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыруына шек қою;

  7. қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, арнаулы құралдар, улы заттарға шек қою немесе тыйым салу, дәрі-дәрмектің, есірткі заттардың, психотропты заттардың, прекурсорлардың, сондай-ақ этил спиртінің, алкоголь өнімдерінің айналымына ерекше режим белгіліеу;

  8. жеке тұлғалардан қару мен оқ-дәріні, улы заттарды уақытша алып қою, ал заңды тұлғалардан қаруға, оқ-дәріге және улы заттарға қоса әскери және улы заттарға қоса әскери және жауынгерлік оқу техникасын, жарылғыш және радиобелсенді заттарды уақытша алып қою көзделеді.

«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 4-бабы 2-тармағының 2-тармақшасында көзделген мән-жайлар орын алған кезде төтенше жағдай енгізілген жерде мынадай қосымша шаралар мен уақытша шектеулер:

  1. тұрғындарды оларға міндетті түрде уақытша тұрғын үй-жайлар бере отырып, қауіпсіз аудандарға уақытша көшіру ;

  2. карантин енгізу, санитарлық-эпидемияға қарсы және індетке қарсы іс-шаралар жүргізу;

  3. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік материалдық резервті пайдалану, заңды тұлғалар ресурстарын тарту, олардың жұмыс режимін өзгерту және төтенше жағдай кезінде қажетті өнімдер шығаруға қайта бағдарлау;

  4. авариялық құтқару және басқада шұғыл жұмыстарды жүргізу, қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты жағдайларда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарын міндетті түрде сақтай отырып, еңбекке жарамды тұрғындарды және жеке тұлғалардың көлік құралдарын аталған жұмыстарды жүргізуге тарту көзделеді.

Төтенше жағдай кезінде қолданылатын шаралар және жеке тұлғаладың құқықтары мен бостандақтарын, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарын шектеу, оларға қосымша міндеттер жүктеу төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайлар туындатқан шектерде жүзеге асырылуға тиіс.

Төтенше жағдай кезінде қолданылатын шаралар мен шектеулер тұлға құқықтары саласында Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық Төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға тұрғын үй-жайлар беріледі, материалдық зиянның орны толтырылады, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және шекте қажетті көмек беріледі.

Төтенше жағдай енгізуге негіз болған мән-жайларды жою қажеттіліктері үшін мүліктері мен ресурстары пайдаланылған жеке және заңды тұлғаларға материалдық залалды сонымен бірдей өтеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ететін органдар қызметкерлерлері мен әскери қызметшілерінің дене күшін, арнайы құралдарды, қызметтік иттерді, қаруды қолдануының, әскери техниканы пайдалануының Қазақстан Республикасының заңдарында белгілеген шарттар мен шектері төтенше жағдай кезінде өзгертілмеуге тиіс.

Коменданттық сағат ережелерін бұзған жеке тұлғаларды ішкі істер органдарының қызметкерлері (полиция) немесе әскери патрульдер коменданттық сағат аяқталғанға дейін, ал жеке басын куәландыратын құжаттары өзімен бірге болмағандары жеке басын анықтағанға дейін, бірақ ішкі істер органы бастығының немесе оның орынбасарының шешімі бойынша 48 сағаттан аспайтын уақытқа ұстайды. Ұсталған адамдар және олардың өздерімен бірге болған заттар мен көлік құралдарының тексерілуі мүмкін.

Ішкі істер органы бастығының немесе оның орынбасарының ұстау туралы шешімі жөнінде жоғары тұрған лауазымды тұлғаға, прокурорға немесе сотқа шағым берілуі мүмкін.

Төтенше жағдай енгізілген жерде адамдар мен жануарлардың қауіпті жұқпалы ауруларының таралу қаупінің туындауы салдарынан карантин енгізілген жағдайда, төтенше жағдай режимін бұзған, көрсетілмейтін жерлерде тұрмайтын және басқа да жағдайларда бұл аумақтың шегімен міндетті түрде шығарылуға тиіс жеке тұлғалар оларды байқауға алудың денсаулық сақтау органдары белгілеген мерзім аяқталғанға дейін жалпы негізде ұсталып, кідіртіледі.

Ұсталып кідіртілген адамдарды ұстау тәртібі Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңымен белгіленеді.

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған және жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтырын уақытша шектеуге байланысты нормативтік құқықтық актілер төтенше жағдай енгізілген мерзім ішінде ғана қолданылады және төтенше жағдайдың тоқтатылуымен бір мезгілде ол туралы арнайы хабарландырусыз-ақ күшін жояды.

Төтенше жағдай режимін бұзу әкімшілік іс жүргізудің тоқтатылуына негіз болады.

Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ лауазымды тұлғалар төтенше жағдай режимінің талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жауапты болады.

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге қатысушы органның қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің дене күшін, арнайы құралдарды, қызметтік иттерді, қаруды заңсыз қолдануы және әскери техниканы заңсыз пайдалануы, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың қызыметтік өкілеттігін асыра пайдалануы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады [19,25-б.].

Қорытындылай келе, төтенше жағдай кезінде ішкі істер органдары қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті толық қамтамасыз ете алуы үшін көптеген құралдар мен күштер қажет. Оларға төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге қатысушы органның қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің дене күшін, арнайы құралдарды, қызметтік иттерді, қарулар және әскери техникана, сондай-ақ лауазымды тұлғалар және т.б. жатады. Оларды дұрыс басқаруға тиімді әдіс-тәсілдер мен құралдарды пайдалана білу қажет.