- •1.Еңбекке баулу мен тәрбиелеудегі кластан тыс жұмыстардың мақсаты,түрі,мазмұны
- •2.Ұлттық өрнек ою өнері.Өрнектің класиффикациясы
- •3.4 Сынып бойынша «Ағаштан көрсеткіш жасау»тақырыбын талдаңыз
- •1.Бастауыш кластардағы оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысының мақсаты мен түрлері
- •2. Бастауыш клас оқушыларың еңбек затымен таныстыру жолдары.
- •1.Бастауыш кластағы еңбекке баулудың мазмұны.
- •1. Бастауыш кластағы еңбек сабағындағы технологиялық операциялардың түрлері. Бүктеу және кесу операциялары.
- •2.Техникалық еңбектің мазмұны.
- •3. 2 Сыныпта «Адамдар үйдің маңына қандай өсімдіктер отырғызады» тақырыбын талдау
- •1.Тоқымашылықтың түрлері (полотоноша, атласша, диагональша, сәтінше).
- •2.Бүктеу және кесу операциялары
- •1.Бастауыш клас оқушыларың еңбектегі адам қызметімен таныстыру.
- •1.Бастауыш клас оқушыларың еңбектегі адам қызметімен таныстыру.
- •2.Қөркем еңбектің мазмұны.
- •1.Сабаққа қойылатын талаптар.
- •3. «Қатырма қағаздан қорап жасау» тақырыбы бойынша сабак жоспарын жазу.
- •1.Бастауыш клас оқушыларың еңбектегі адам қызметімен таныстыру.
1.Бастауыш кластардағы оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысының мақсаты мен түрлері
Еңбекке баулу кәсіптік бағдар міндетін сапалы шешудің міндеті болып саналады. Оқушының еңбек сабағында нақты бір іске араласуы, сол арқылы ол толып жатқан жұмысшы кәсібімен танысуы, кәсіп туралы, өндіріс озаттарының өмірі мен творчествосы туралы мұғалімнің әңгімесі, техникалық үйірмелеріндегі, кластан тыс жұмыстар, мектепте өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету орындары еңбеккерлерінің жетістіктерін көрсететін стенділер, көрмелер ұйымдастыру, оқушының кәсіби мүддесінің қалыптасуына белсенді ықпал етеді. Еңбекке баулудың әрбір кезеңінде /бастауыш кластарда/ кәсіптік бағдар мүмкіндігі оқушының жас ерекшелігіне, оқыту мазмұнына, қолданылатын жұмыстың ұйымдастыру формалары мен әдістеріне байланысты. Практикалық тапсырмалары бар еңбек сабақтары, қоғамға пайдалы, өнімді еңбек, еңбекке баулуда ерекше орын алатын өндірістік экскурсиялар мектеп оқушыларының кәсіптік бағдары мен политехникалық даярлығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл даярлықтың өзі кәсіби іске, нақты мамандыққа деген ықыласын қалыптастырумен қоса, техникалық ойлауын, творчестволық қабілетін, жеке басының коллектившілдік сапасын да қалыптастыруды көздейді. Сабақ кезінде мұғалім кәсіпке деген ынта туғызады, экскурсияға ықыласын тексереді, өйткені тек экскурсия оқушы санасында терең із қалдырып, жұмысшы еңбегін құрметтеу сезімін нығайтады.Жұмыс орнындағы кәсіптік бағдар экскурсиясы – бұл әрбір кәсіпті жеке таныстыратын, жұмыс орнында маманның жұмысымен танысуға мүмкіндік беретін және қалаған сұраққа жауап алатын экскурсия. Экскурсиялар кәсіптің психологиялық үйлесімділігін тексеруге мүмкіндік береді.
Егер еңбекке баулудың мазмұны кәсіппен терең танысуға бағытталса, онда еңбекке баулудың тәрбиелік мүмкіндігі мен оның саналы түрде кәсіп таңдауға әзірлігінің ролі едәуір артады. Ол үшін оқушы жасаған өнімге, оның мақсатына, құрылысына, оны жасау әдісіне ерекше көңіл бөлу керек.Оқушыларды қызмет көрсету саласындағы кәсіпке бейімдегенде бірінші кезекке қойылатын мақсат олардың кәсіби жарамдылығын анықау емес, олардың кәсіп таңдаудағы қоғамға құнды дұрыс көзқарасын, кадрлардың халық шаруашылығына қажеттілігіне негізделген белгілі бір бағытын, ал кәсіп таңдаған соң жастардың оған жаттығып, бейімделуін қалыптастыру болып табылады, яғни оқушыларды қызмет көрсететін сала мамандықтарына бейімдеу – негізінен тәрбиелік мәні бар проблема. Еңбек пәнінен сабақ беру процесінде кәсіптік бағдардың тиімділігін арттырудың қажетті шарты оқытудың басты формасы ретінде сабақты жақсарту болып саналады. Мұны жүзеге асыру үшін еңбек пәнінің мұғалімі, өзінің жалпы білімін, психологиялық және педагогикалық және методикалық даярлығын ұдайы жетілдіріп отыру қажет. Еңбек пәні мұғалімінің өзін-өзі жетілдіріп отыруының маңызды құралы - өзінің және басқа мұғалімдердің сабағына талдау жасау. Талдау жасағанда тақырыпты және сабақ мақсатын дәл айқындап, сабақ типін белгілеп алуы тиіс. Сабақты ұйымдастыруда мұғалім оқушылардың сабаққа әзірлігін, жұмыс орнының жай - күйін, қажетті оқу құралдары мен аспаптардың, формалы киімдердің болуы, т.б. атауы сабақ құрылымын белгілеп, еңбек кезеңдерін айыру, сабақта уақытты тиімді пайдалауға ерекше көңіл бөлуі кезеңдерін айқындығы мен аяқталуын, басты нәрселерді айыруы, сабақ құрылымының, оқу материалдарының мақсаты мен мазмұнына сәйкестігін, сабақтың оқу материалдарымен және практикалық жұмыс түрлерімен байытылған, еңбек қарқынын қадағалауы тиіс.
