- •1.Еңбекке баулу мен тәрбиелеудегі кластан тыс жұмыстардың мақсаты,түрі,мазмұны
- •2.Ұлттық өрнек ою өнері.Өрнектің класиффикациясы
- •3.4 Сынып бойынша «Ағаштан көрсеткіш жасау»тақырыбын талдаңыз
- •1.Бастауыш кластардағы оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысының мақсаты мен түрлері
- •2. Бастауыш клас оқушыларың еңбек затымен таныстыру жолдары.
- •1.Бастауыш кластағы еңбекке баулудың мазмұны.
- •1. Бастауыш кластағы еңбек сабағындағы технологиялық операциялардың түрлері. Бүктеу және кесу операциялары.
- •2.Техникалық еңбектің мазмұны.
- •3. 2 Сыныпта «Адамдар үйдің маңына қандай өсімдіктер отырғызады» тақырыбын талдау
- •1.Тоқымашылықтың түрлері (полотоноша, атласша, диагональша, сәтінше).
- •2.Бүктеу және кесу операциялары
- •1.Бастауыш клас оқушыларың еңбектегі адам қызметімен таныстыру.
- •1.Бастауыш клас оқушыларың еңбектегі адам қызметімен таныстыру.
- •2.Қөркем еңбектің мазмұны.
- •1.Сабаққа қойылатын талаптар.
- •3. «Қатырма қағаздан қорап жасау» тақырыбы бойынша сабак жоспарын жазу.
- •1.Бастауыш клас оқушыларың еңбектегі адам қызметімен таныстыру.
1. Бастауыш кластағы еңбек сабағындағы технологиялық операциялардың түрлері. Бүктеу және кесу операциялары.
Еңбекке баулу сабақтарында оқушыларды қағаз бен қатырма қағаз жөніндегі осындай деректермен таныстырудан соң қарапайым операцияларды пайдаланып, бұйымдар әзірлеу, үлгі бойынша белгілеу, бүктеп-қаттау және көрсетілген сызық бойымен кесу жұмыстары жүргізіледі. Сызбадағы кесілетін сызық, бүктейтін жер және көмекші сызықтарда таба білумен таныстырудың да мәні зор.
Өңдеу кезінде бүктеу және қаттау операциялары кеңінен пайдаланылады.
Модель айқындау кезінде қатырма қағазды көбірек бүктеуге тура келеді. Қатырма қағаз бірден тура бүктелмейді, сондықтан да бүктелетін жерін алдымен сыртынан тіліп, із салады. Пышақ ізі қатырма қағаз қалыңдығының жартысындай болып түсуі қажет. Сонан соң қатырма қағазды ол тіліктің қарсы жағына қарай бүктейді. Бүктесін сызық әдетте үздік сызықшалармен белгіленеді. Қатырма қағаз мықты болуы үшін тілінген жерге қағаз желімденеді. Механикалық өңдеуде ең көп тараған әдіс – кесу. Өңдірісте кесудің екі жолы бар: жаңқасыз кесу және жаңқалап кесу. Бірінші түріне қағазды кесу, екіншісіне – ағашты пышақпен жоңу жатады. Мұғалім оқушыларға кесу операцияларын кеңінен көрсету мақсатында, мектеп шеберханасына топ-серуен жасайды. Оқушылар слесарьлық шеберханада металды түрлі аспаптармен: қайшымен, арамен, егеумен т.б. кесумен танысады, өңдеу шеберханасында ағашты арамен, сүргімен, қашаумен өңдеуге болатынын көреді. Механикалық шеберханада ағашты сүргілейтінін, тесіктерді станоктармен тесетінін, металды бұрғылау станогында бұрғылап, токарь станогында кесіп, өңдейтінің көреді.Бірінші сыныпта техникалық модельдеуге пайдаланатын негізгі кесуші аспаптар: пышақ, қайшы. Қайшы, қағаз, қатырма қағаз және жұқа қаңылтырды кесуге пайдаланылады. Қайшының қолданылу орындарына қарай, құрылыстары да түрліше болады. Тігін жұмыстарында қолданылатын қайшының жүздері ұзын, тұтқалары қысқа келеді. Онымен қағаз, қатырма қағаз және жұқа қаңылтырды кеседі. Қалыңдығы 0,5мм-ден 2 мм-ге дейін қаңылдтырды арнаулы қайшымен кеседі. Қайшының тұтқасы ұзын болған сайын, күш аз жұмсалады. Жұмысты дұрыс орындау үшін қайшының ақаусыз, жүздері өткір, дұрыс қайшыласуын қадағалау қажет. Қайшыны пайдаланып, түзу сызық бойымен кескенде қайшы ұшына қарап, сызықтың бойымен туралап отыру, қисық сызық бойымен кескіндеу, қайшыны қозғалтпай, сол қолға ұстаған затты ыңғайына қарай айналдырып отыру керек. Осы айтылған екі жағдайда да қайшыны алғашқы бағытта ұстаған дұрыс. Бұл әдістер қаңылтыр кесуде де қолданылады. Модель дайындауда қағазды, қатырма қағазды және ағашты пышақпен кеседі. Жүздерінің құрылысына қарай, пышақтардың атқаратын қызметтері де түрліше. Модель және скальпель пышақтардың ұштары доғал, жүзінің екі жағы да қайралған болады. Картонаж және етікші пышақтары қысқа, түзу, үшкір, бір жағы ғана қайралған болады. Қағазды, қатырма қағазды түзу кесу үшін пышақ қолданылады. Мұндайда қайшыдан гөрі пышақпен кескен түзу болып шығады, жұмыс тез орындалады. Қағазды бүктелген жерінен кеседі. Ал ағашты сол қолмен пышақтың сырт жағынан ұстап кеседі. Жіңішке кесу аспаптарымен жұмыс істеуден бұрын жаттығулар жүргізіледі: материалды ұстап тұру, әперу, өңдеудегі жұмыс қалпының дұрыстығы; кескіш аспаптарды қайрау және жөндеу кезінде оларды дұрыс ұстау т.б. алғашында оқушылар екі қолға түсетін салмақты дұрыс бөле алмайды. Қайшымен кескенде салмақтың бәрі оң қолға түседі. Соның нәтижесінде кесу сызығы тура болып шықпайды. Пышақпен кесуде де салмақ оң қолға түсіп, сол қол пайдаланылмайды. Кескен кезде сызғыш байқаусызда жылжып кетіп, қажетті сызық шықпайды. Ол үшін оқушыларды екі қолмен бірдей жұмыс істеуге жаттықтыру қажет. Олар жаттығу нәтижесінде оң қолға түсірілетін күшті сол қолға да түсіре білуге үйренеді.
