Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЕҢБЕК ШПОРРРРРР.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
145 Кб
Скачать
☆

1.Бастауыш кластағы еңбекке баулудың мазмұны.

Мектеп оқушыларын еңбекке баулудың басты міндеттерінің бірі-балаларды негізінен еңбекке тәрбиелеу,  қоғам игілігі үшін еңбек жасату, оқушылардың еңбекке деген көзқарастарын шығармашылық қатынаста тәрбиелеу. Еңбекке баулу сабағында баланың ой-өрісінің  дамуына түсініктерінің кеңейюіне, ғылым мен техника туралы білімнің негіделуіне әсерін тигізу үшін біріншіден еңбекке баулу пәнінің мұғалімдерінің өзінің саяси сауаттылығымен бірге техникалық сауаттылығы қатар болып,  білім аясы терең әрі жан-жақты болуы  шарт. Екіншіден, өз бойындағы білімін мектептің бастауыш сатысында білім алып жатқан жас жеткіншектерге жеткізіп, асқан шеберлікпен меңгерте білу. Еңбекке баулу пәнінің міндеті-осы мақсаттарды шешуді көздейді.  Пәннің негізгі мақсаты, жалпы білім беретін орта мектептердегі оқу-тәрбие үрдісі барысында өтілетін еңбекке баулу сабағын оқытудың әдісі мен оқытудың әдіс-тәсілдерін ,формаларын игеру. Пәнге берілген жалпы сағат саны көп болмағанымен оқу материалының ауқымы көлемді. Жалпы білім беретін орта мектептерде өтілетін еңбекке баулу  сабағы жасөспірім оқушылардың еңбекке ынтасын, сабаққа ықыласын арттыруда, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда орасан зор негіз болып табылады.  Адамдардың ең бірінші өмірлік қажеттілігі-еңбек екені,  сол арқылы өз бойындағы еңбек қабілеттерін дамытып отыратыны, үлкейе келе өзінің бойындағы асыл қасиеттерінен өмірлік нәр алатындығын мектеп табалдырығын  аттаған жасөспірімдердің бойына  ерте бастан дарыта білу керек. Еңбек сабағы - мектеп оқушыларына жай ғана білім беріп қана қоймай, ең бастысы оқушыларды іздені паздылыққа, еңбекқорлыққа баулитын тәлім сабағы болып келеді. Еңбекке баулу сабақтары арқылы баланың бойында еңбек қабілеттері, дүниетанымдары кеңейе түсіп, олардың бәрін жинақтау қабілеттері, техникалық сауаттылықтары арта түседі.  Еңбек сабақтары арқылы баланың бойында еңбексүйгіштік қабілеттері дами түсіп адамгершілік қасиеттері қалыптасады және еңбек адамдары туралы түсініктері кеңейе түседі.

2.Қағаздың шығу технологиясы. Қағаздың түрлері мен қасиеттері.Қағаз — өсімдік талшықтарын белгілі бір тәсілмен өңдеу және бір-бірімен ұйыстыра байланыстыру арқылы жұқа парақ түрінде жасалатын материал. Италиянша bambagіa, яғни мақта деген ұғымды білдіреді; кейін осыдан барып қағаз сөзі өмірге келді.ТАРИХЫ: Қағаз тұңғыш рет ІІ ғасырда Қытайда жасалды, Еуропада ХІ-ХІІ ғасырларда пайда болды. Оған негізгі материал ретінде зығыр, мақта, кендір пайдаланылды. Қағаз өндіру кітап басу мүмкіндігі ашылғаннан кейін қауырт дамыды. ХVІІ-ХVІІІ ғасырлар аралығында Голландияда ұнтақтауыш жаңа аппараттың – роллдың жасалуы және француздық Николас Луи Робер ұсынған (1799) механикалық әдіспен үздіксіз қағаз құю әдісі шыққаннан бастап, машиналық өндіріс пайда болды. Шикізат есебінде ағаш, целлюлоза талшықтары қолданылды.ТҮРЛЕРІ:Қағаздың 600-ден астам түрі бар.

баспалық қағаз (баспаханалық, офсеттік, иллюстрациялық, картографиялық, т.б.) – тегістігімен, түсінің ақтығымен ерекшеленеді, баспа бояуы жақсы

жұғылады. Тұсқағаздар мен газеттік қағаздар да осы топқа кіреді.Жазбалық қағаз (жазуға, конверттік, карточкалық, т.б. поштаға арналған қағаздар) – бетінің жылтырлығымен, жақсы желімделгіштігімен және сия сормайтындығымен ерекшеленеді.

Сызба және сурет салу қағазы (сурет салу, сызба сызу қағаздары, сызбалық мөлдір және калькалық), әдетте толтырғышсыз (немесе аздап қосылған) массадан жасалады. Мөлдір болу үшін кейбір сорттары көбірек суланып, жоғары қысыммен каландрленеді. Электр оқшаулағыш қағаздың (конденсаторлық, кабельдік, телефондық, оқшаулағыш-орамдық, т.б.) механикалық беріктігі жоғары әрі жақсы диэлектрлік қасиеттерімен сипатталады.

Сіңіргіш қағаз (сүзгілік, сорғыштық, т.б.) фибра, жарғақ, санитарлық-гигиеналық бұйымдар, т.б. өндіру үшін қолданылады. Бұлар кеуектеу келеді де, сұйықты жақсы сіңіреді.Аппараттық қағаз (таспалық, перфокарталық, т.б.) өте жоғары механикалық беріктігімен сипатталады. Жарық сезгіш қағаз фотографиялық және жарықпен көшіруге қажетті, т.б. қағаз жасауға пайдаланылады.Көшірмелік қағаз арнайы өңделіп дайындалады.Орамдық қағаз тағамдық және өнеркәсіптік бұйымдарды орауға, бууға, т.б. пайдаланылады. Бұлар берік талшықты материалдардан және өндіріс қалдықтарынан жасалады.Өнеркәсіптік-техникалық қағаз патрон, зімпара, диффузор жасауға, жіпке қосуға, дыбыс жазуға қолданылады. Қағаз массасын дайындау бірнеше сатыдан өтеді: талшықты материалдарды ұнтақтау, талшық түріне орай құрам дайындау, массаны бояу, желімдік ерітінді және үстемелер даярлау, т.б.

3. 3-сыныпта бойынша «Жөрмеп тігу» тақырыбын жоспарлау.

Сабақтың тақырыбы: Қол тігіс түрлері Мақсаты: а)білімділігі: оқушыларға қол тігіс түрлерімен таныстыру, тігуді үйрету, тігістің түрлерін тігуге жаттықтыру; ә)тәрбиелілігі: ұқыптылыққа, іскерлікке, шыдамдылыққа баулу; б) дамытушылығы: қол тігіс түрлерін тұрмыста қолдана білуге, тиімді пайдалануға үйрету, қызығушылықтарын дамыту. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, сарамандық жұмыс Сабақтың көрнекілігі: слайд, қол тігіс түрлерінің суреттері Сабақтың құрал-жабдықтары: ине, жіп, қайшы, мата Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі. а) Сәлемдесу ә) Сабаққа дайындық, оқушыларды түгендеу б) Оқушыларды топқа бөлу 2. Сабаққа дайындық. 3. Үй тапсырмасын тексеру 1. Маталардың қандай түрлерін білесіңдер? 2. Маталардың қасиеттері мен ерекшеліктері қандай? 3. Кез-келген бұйым тігу үшін матаны қалай таңдаймыз?

4. Жаңа сабақ Ой қозғау (жұмбақты шешу) Кірш – кірш етеді Ішіне кіріп кетеді (ине) Бір тышқанда екі құйрық (ине мен жіп) Кіріспе сөз. Көктеу, жөрмеу, тепшу Қиғаш сәндік Ілмек тігіс Таңдай тігіс, түйін тігі Қайып тігу, түгу тігіс тышқан із тігіс, шалық торлау.

Қазіргі кезде қолмен іс тігетін тігіншілерді өте сирек кездестіреміз. Өйткені олардың орнын тігін машиналары алмастырады. Алайда бұйымның бөлшектерін уақытша біріктіруге және әшекейлеп, көркемдеу үшін, сондай-ақ тігін машинасымен орындалуы қиын жағдайлар болған кезде қол тігістерді қолданылады. Қол мен іс тігушінің негізгі құралдарына ине, жіп, қайшы, оймақ жатады. Кез келген бұйым тігу үшін матаның қалыңдығына қарай қол инесі мен жіпті дұрыс таңдау қажет. Қиғаш сәндік. Бөлшектерді уақытша бекіту үшін қолданады. Тігіс солдан оңға қарай орындалады. Айқас тігіс. Ине матаның теріс бетінен тік, ал оң бетінен қиғаш шаншылады, ине шаншымның арақашықтықтары 1 мм шамасында болады. Тігіс солдан оңға қарай, келесі тігіс солдан оңға қарай айқасады. Ілмек тігіс матаның шеті сетінемес үшін және түймелікті торлау үшін қолданады. Тігісті солдан оңға, оңнан солға қарай да орындауға болады. Тігістің арақашықтығы мен биіктігі матаның қалыңдығына байланысты. Бұл тігістің ине шаншымдары тігінен түседі.

5. Сарамандық жұмыс. Қауіпсіздік ережесі. Инемен жұмыс жасағанда, инені аузыңа салма. Ине жерге түсіп кеткенде мұғалімге ескертіп, мұғалімнің көмегімен ал. Қайшыны досыңа сілкілемей бер. Тігіс түрлерін матаға орындап, альбомға желімдеу.

6. Сергіту сәті 7. Жаңа сабақты бекіту. «Бақытты сәт» ойыны 1-гейм. «Бой сергіту» топтарға 3 сұрақтан беріліп оларды талдауға 3 минут бөлінеді. Топтардың бір өкілі жауап береді. Тапсырма: 1. Қазіргі кездегі қолмен іс тігетін тігіншілер туралы айту?

2. Қол іс тігушінің негізгі құралдарына нелер жатады? 3. Кез-келген бұйымды тігу үшін нені дұрыс таңдай білу қажет? 4. Тігістің түрлерін ата? 5. Матаның шеті сетінеп кетпес үшін қандай тігіс қолданылады?(ілмек) 6. Бөлшектерді уақытша бекіту үшін қолданылатын тігіс? (қиғаш тігіс) 2-гейм. «Сандықтан шыққан бас қатырғырлар» топ мүшелері сандықтан нөмірлері конфет алып шығады. Мұғалім әр нөмірге жұмбақ немесе сұрақ оқиды. Өз ішінде талқылаған соң, топ капитандары жауап береді. Тапсырма: 2-нөмір. Жұмбақ. Қылыштасты ағайынды екі батыр Кескілесті екеуі шатыр-шұтыр Аағайынды екеуінің кескілесі Тігіншіге пайдасын тигізіп жатыр. (қайшы) 4-нөмір. Жұмбақ Жүрген сайын жүйрігім Қысқартады құйрығын (ине) 3-нөмір. Мазмұнына қарай мақал-мәтелді жалғастыру. 1. Жіп жіңішке (жерінен) үзіледі 2. Жіптің ұзыны жақсы Сөздің (қысқасы) жақсы 5-нөмір. Мазмұнына қарай мақал-мәтелді жалғастыру 1. Тігінші кем істейді (Үтік) тегістейді 2. үйренгенің (өзіңе) құт Істегенің еліңе құт 3-гейм. «Көсемдікке ұмтылу» сұрақтарына барлық ойыншылар жауап береді. Ең көп дұрыс жауап берген топ ұтады. 1. Қандай тігіс түрлерін білесің? 2. Іс тігу үшін қандай құралдар қажет? 3. Ине не үшін қажет? 4. Мата түрлерін ата? 5. Қиғаш тігіс қалай орындалады? 8. Үйге тапсырма беру. Тігіс түрлерін жаттау. Қол тігіс түрлерін тігіп қолдарын жаттықтыру. 9. Бағалау Сабаққа белсене араласып отырған оқушыларды бағалау.

Билет № 15

1. Бастауыш кластағы еңбек сабағындағы технологиялық операциялардың түрлері. Бүктеу және кесу операциялары.

2.Техникалық еңбектің мазмұны.

3. 2 сыныпта «Адамдар үйдің маңына қандай өсімдіктер отырғызады» тақырыбын талдау