Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЕҢБЕК ШПОРРРРРР.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
145 Кб
Скачать
☆

2.Техникалық еңбектің мазмұны.

Техникалық еңбекке баулу. Мұнда қағаз және қатырма қағазбен істелетін жұмыстар мен құрастыру жұмыстары қамтылған. Бағдарламада қағаз және қатырма қағазбен жұмыс істеуге көбірек сағат бөлінеді. Әр түрлі бұйымдар, құралдар, ойынға қажетті жабдықтар, тұрмыстық заттар жасауға үйретіледі.

Қатырма қағаз- қағазға қарағанда қалың әрі тығыз материал. Қатырма қағаздың қалыңдығы әр түрлі. Қатырма қағаздың ағаш ұнтағынан істелген ақ және қоңыр түстілері, сабанан, ескі шүберектен дайындалған мықты түрлері болады.

Балаларға қағаздың шығу тарихы және қағаз жасайтын машина жайлы қосымша түсінік берілуі керек. Қағаздың көп қажет болуына байланысты қағаз өнділісі дамыды. Біздің өмірімізде қағаз пайдаланылмайтын сала жоқ. Қағазды басқа материалдармен ауыстыруға болмайды. Себебі, оның берік, жұқа, жоғары диэлектрлік сияқты т.б. қасиеттері бар. Еңбекке баулу сабақтарында оқушыларды қағаз бен қатырма қағаз жөніндегі осындай деректермен таныстырудан соң қарапайым операцияларды пайдаланып, бұйымдар әзірлеу, үлгі бойынша әзірлеу, бүктеп – қаттау және көрсетілген сызық бойымен кесу жұмыстары жүргізіледі. Сызбадағы кесілетін сызық, бүктейтін жер және көмекші сызықтарды таба білумен таныстырудың да мәні зор. 

3. 2 Сыныпта «Адамдар үйдің маңына қандай өсімдіктер отырғызады» тақырыбын талдау

Қазіргі кезде өсімдіктерді қабырғаға іліп қоятын гүл өсіргіштерде, журнал немесе жұмыс столына бекітілетін ағаш не пластмасса жәшіктерде өсіру кең тараған. Өсімдіктерді шоғырлан өсіру аз орын алады, оларды баптап, күту қолайлы. Сонымен бірге шоғырланып отырғызылатын өсімдіктердің түр-түсінің сәйкес келуін де ескеру керек. Гүлдердің түстері әр түрлі болуы тиіс. Өсімдіктердің мұндай шоғырына әсем жапырақты өсімдіктерді қосса тіпті жақсы. Әр түрлі өсімдіктер тобы әр түрлі топырақты қажет етеді. Бөлмеде гүл өсіргенде қорда, қарашірік, шымтезек, шым және құм араласқан топырақ пайдаланылады. Қорда топырағын өсімдіктердің қалдығынан: шөптен, қурай түскен жапырақтардан т. б. дайындайды. Оларды бір жерге үйіп не шұңқырға салып, үстіне жуынды, сабынды су, көң бөкпесін құнды. Тез шіруі үшін қордалы күрекпен әлсін-әлсін (3—5 рет) араластырып отырады. 2—3 жылдан кейін қорданы пайдалануға болады. Әдетте оны құнарсыз топырақтық құнарлылығын арттыру үшін қосады. Әдетте үй өсімдіктерін өсірушілер өсімдікке суды көп құнды, соның салдарынан өсімдіктің тамыры шіриді. Өсімдікке құятын судың температурасы бөлме температурасына шамалас немесе одан 5—70 жоғары болуы керек. Ол үшін өзен, жаңбыр, қар, тоған немесе құбыр суын пайдалануға болады. Құбыр суын хлорынан тазарту үшін алдын-ала ыдысқа құйыл, тұндырып қояды. Өсімдікке су құйғанда топырақтың түйіршіктері жібіп, су ыдыстың түбінен ағуы тиіс. Тығыз топыраққа отырғызылған өсімдіктің аңқай суын сол бойда, ал жеңіл топырақтық артық суын 30 минуттай немесе 1 сағаттап кейін төгіп тастайды.Егер топырақ өте қурап, кеуіп кетсе, онда өсімдіктің топырағы жібіп, судың бетіне шыққан көбік басылғанша ыдысымен суға салып қояды. Өсімдікке су құйғанда су құйғыштың шүмегі гүл тостағанының ернеуіне тиіп, тұруы қажет.(осылардың барлығын мұғалім барынша түсіндіруі керек)

Билет № 16

1. Тоқымашылықтың түрлері (полотоноша, атласша, диагональша, сәтінше).

2.Бүктеу және кесу операциялары

3. 4- сыныпта «Дастарқан мәзірі. Дастарқанды безендіру» тақырыбы бойынша сабақ жоспарын құрып, сабақ үлгісін көрсетіңіз.