- •1.Еңбекке баулу мен тәрбиелеудегі кластан тыс жұмыстардың мақсаты,түрі,мазмұны
- •2.Ұлттық өрнек ою өнері.Өрнектің класиффикациясы
- •3.4 Сынып бойынша «Ағаштан көрсеткіш жасау»тақырыбын талдаңыз
- •1.Бастауыш кластардағы оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысының мақсаты мен түрлері
- •2. Бастауыш клас оқушыларың еңбек затымен таныстыру жолдары.
- •1.Бастауыш кластағы еңбекке баулудың мазмұны.
- •1. Бастауыш кластағы еңбек сабағындағы технологиялық операциялардың түрлері. Бүктеу және кесу операциялары.
- •2.Техникалық еңбектің мазмұны.
- •3. 2 Сыныпта «Адамдар үйдің маңына қандай өсімдіктер отырғызады» тақырыбын талдау
- •1.Тоқымашылықтың түрлері (полотоноша, атласша, диагональша, сәтінше).
- •2.Бүктеу және кесу операциялары
- •1.Бастауыш клас оқушыларың еңбектегі адам қызметімен таныстыру.
- •1.Бастауыш клас оқушыларың еңбектегі адам қызметімен таныстыру.
- •2.Қөркем еңбектің мазмұны.
- •1.Сабаққа қойылатын талаптар.
- •3. «Қатырма қағаздан қорап жасау» тақырыбы бойынша сабак жоспарын жазу.
- •1.Бастауыш клас оқушыларың еңбектегі адам қызметімен таныстыру.
2.Бүктеу және кесу операциялары
Жалпы еңбек сабағының табиғаты көрнекі құралдарға толы болып келеді. Сабақта балаларға еңбек тәрбиесі беріледі. Педагогикалық тұрғыдан алғанда, еңбек тәрбиесі балаларға белгілі бір құралдардың, үлгілердің көмегімен берілетіні бәрімізге мәлім. Себебі, еңбек тәрбиесі ауызбен айтылып, қағаз бетіне түсіріліп қана қоятын тәрбие түрі емес, баланы еңбекке тәрбиелеу барысында айтылып-түсіндірілетін нәрселер міндетті түрде үлкендердің, ата-аналардың іс әрекеті арқылы үлгі ретінде көрсетілуі керек. Сәби кішкене кезінде ата-аналарының іс-әрекетіне аса назар аударады да, ойын барысында сол әрекеттерді қайталайды. Сол сияқты еңбек сабағының арнайы құралдары – кез-келген бұйымды жасауға қажетті құрал-жабдықтар (ине, жіп, қайшы, қағаз, балта, шеге және .б.) болса, қосалқы құралдары болып – бұйымды жасау үшін үлгі ретінде, балалардың зейін, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында қолданылатын құралдар, яғни көрнекі құралдар (бұйымның қалай жасалатыны сатылай көрсетілген сызба, кесте, плакаттар) табылады. Арнайы құралдарды көбінесе жабдықтар деп атайды. Қағаз бен қатырма қағаз жұмыстарында диаметрлері әр түрлі дөңгелектер қолданылады. Олар циркуль орнына пайдаланылады. Осындай үлгілер әр түрлі мөлшерде болады. Қарындаштың да дұрыс ұшталып, үшкірленуінің үлкен маңызы бар. Әр техникалық операция арнаулы құралдарды қажет етеді. Қағаз, қатырма қағаз жұмыстарына пайдаланылатын пышақтар ұзындығы 5 – 6 см.-ге дейін қысқартылады. Ол өткір болуы керек. Қағаз бен қатырма қағазды кесу бірінші сыныпта жүздерінің ұзындығы 7 см. қайшылар пайдаланылады. Балалар өздерін жарақаттап алмауы үшін қайшы, пышақ ұштары өткір болмауы керек. Олар үшкір болып келсе, шарықпен доғалануы керек. Қағаз, қатырма қағазды пышақпен кесу үшін саңылаулы сызғыш пайдаланылады. Бұл кеңсе сызғышына ұқсас. Мұның өзгешелігі – бір жағының ұзын бойына жіңішке етіп жапсырылған темір пластикасы бар. Осы сызғыш түптеу жұмыстарында кітаптың сыртқы қатты беттерін кітаптың ішкі беттерінен артық етіп кесуге қолданылады. Балалар пышақты сызғыш бойымен тура кесуге әдеттендіріледі. Сызғышты пайдалана отырып, техникалық операцияларды дұрыс орындауға үйренеді.Оригами (жапонша 折り紙, – “бүктелген қағаз”) – ежелден келе жатқан қағаздан әр түрлі пішіндер жасау өнері. Бұл қолөнер түрі қағаздың алғашқы отаны, қағаздың алғаш шыққан жері- Қытай мемлекетінен бастау алады. Алғашында бұл өнер діни бағытта көп қолднылып келді. Кейінірек көбіне тек жоғарғы мансапты бай-ауқаттылар ғана қол жеткізген болатын. Екінші дүниежүзілік соғысынан кейін оригами Шығыс, Еуропа және Америкаға дейін тарала бастады. Оригамидің ең қарапайым түрі шаршы пішінді қағаздан жасалады. Кез келген қиын, я оңай пшіндерді жинау үшін белгілі бір заңдылықтары бар. Сол жинақтау заңдылықтары тек ХХ ғасырда ғана ене бастады. Оның енуіне септігін тигізген жапондық шебер Акира Есидзаве(1911-2005). Классикалық оригами ешқандайда көмекші құралдарсыз(қайшы, желім т.с.с) бір қағазды неше түрлі пішінде жинау. Алайда көп жағдайда қағазға нақты бір пішін беру үшін қағазды құрамында арнайы метилцеллюлозы бар желіммен майлам шығады. Модульді оригами- шаршы қағаздан жасалған бірнеше кіші бөліктердің бір-біріне кигізіліп, үлкен көлемді зат жасау техникасы. Онда көбіне: гүлдер, шар пішінді заттар жасалады.Қарапайым оригамиБритандық Джон Смит есімді оригами жасау шеберінің ойлап тапқан бағыты. Мұнда тек оригами бүктеудің екі жолы сақталып, қолмен жұмыс істеуге қабілеті төмен, немесе оригами өнеріне енді ғана келген адамдарға оңай жол табуда үлкен көмек берген. Алайда, бұл оңай жолдармен де көптеген дүниелер жасауға болады.Паттерн бойынша бүктеуПаттерн (ағыл. crease pattern;-жайма)- бұл жаңа оригами пішіндерін ойлап табуда қолданылатын түрі. Көбіне ол қағазға жай қаламмен алдын ала сызылып қойған сызбалар бойынша фигураға пішін беріп, оны жинақтау.Сулы қағаздарды бүктеуБұны ойлап тапқан Акира Есидзава. Бұл техниканы көбіне гүлдерді, я болмаса жанураларды жинаудақолданады. Сулы қағаздарды бүктеу арқылы олар жануардың, өсімдіктің шынайы түрін сақтап, жеткізуге арналған.
3.4- сыныпта «Дастарқан мәзірі. Дастарқанды безендіру» тақырыбы бойынша сабақ жоспарын құрып, сабақ үлгісін көрсетіңіз.
Билет № 17
