- •Фонетика және оның ғылыми салалары
- •1.2. Дыбыс туралы түсінік. Артикуляциялық база. Тілдің дыбысталу мүшелері.
- •Әдебиеттер:
- •2.2 Түркітанушы орыс ғалымдарының еңбектері
- •2.3 Қазақ тілі фонетикасы мен фонологиясының зерттелуі
- •3.1 Дыбыс. Фонема. Фонология.
- •Әдебиеттер:
- •Дыбыс, фонема. Фонология.Фонемалардың жіктелуі. Дауысты фонемалар .
- •3.1. Дыбыс, фонема. Олардың арақатынасы. Фонеманың мәні, қызметі және аллофондар. Вариант пен вариация туралы. Әріп және әліпби.
- •3.2. Транцкрипция.Фонетикалық және фонематикалық транцкрипция.
- •3.2. Транцкрипция.Фонетикалық және фонематикалық транцкрипция.
- •Әдебиеттер:
- •Қазақ фонемаларының саны мен топтастырылу принциптері
- •4.1 Қазақ фонемаларының саны мен топтастырылу принциптері(жіктелуі).
- •Әдебиеттер:
- •Дауысты фонемалар (вокализм)
- •Дауыссыз фонемалар. Аффрикат дыбыстар.
- •6.1.Дауыссыз фонемалар (консонантизм). Дауыссыз фонемалар құрамы, олардың жасалу ерекшеліктері. Дауыссыз дыбыстар топтастырылуы. Дауыссыз дыбыстардың сөз ішінде қолданылуы. Аффрикат дыбыстар.
- •Әдебиеттер:
- •7.1 Буын (силлабизм). Буынға тән белгілер, оның дыбыстық құрамы, түрлері. Буын құрамының өзгеруі. Буын жігін ажырата білудің маңызы. Буын және тасымал.
- •7.1.Буын және оның дыбыстық құрамы
- •Әдебиеттер:
- •Екпін (акцентуация) және оның түрлері
- •8.1 Екпін (акцентуация) және оның түрлері. Қазақ тіліндегі екпіннің жайы туралы. Екпіннің сөз ішінде тұрақты, тұрақсыз қолданылатын түрлері.
- •8.1 Екпін (акцентуация) және оның түрлері
- •Әдебиеттер:
- •Дауыс ырғағы (интонация), оның бірліктері және қызметі
- •9.1 Дауыс ырғағы (интонация), оның бірліктері және қызметі
- •9.2 Бунақ–ритмикалық топ, ырғақ екпіні.
- •9.1 Дауыс ырғағы (интонация), оның бірліктері және қызметі
- •9.2 Бунақ–ритмикалық топ, ырғақ екпіні
- •Әдебиеттер:
- •Дыбыстар тіркесі
- •10.1 Дыбыстар тіркесі. Дыбыстардың сөз буыны ішінде, түбір, түбір мен қосымша, сөз бен сөз арасындағы тіркесуі туралы. Дауыссыз дыбыстар тіркесу ерекшеліктері. Дыбыстар тіркесі және орфография.
- •10.2 Алмасу туралы түсінік. Дыбыстар сәйкестігі .
- •10.1 Қазақ тіліндегі дыбыстар тіркесі туралы
- •Қатаң - ұяң тіркестер.
- •Қатаң – үнді тіркестер.
- •Үнді-үнді тіркестер
- •Әдебиеттер:
- •Дыбыс өзгерістері. Ықпал түрлері
- •Әдебиеттер:
- •12.1 Сөз басындағы дыбыстық құбылыстар
- •12.2 Сөз ортасындағы дыбыстық құбылыстар
- •12.3 Сөз соңындағы дыбыстық құбылыстар.
- •Әдебиеттер:
- •Сингармонизм заңы. Аккомадация. Ассимиляция.
- •13.1 Сингармонизм – фонологиялық категория
- •Әдебиеттер:
- •Ассимиляция– дауыссыз дыбыстардың өзара үйлесуі
- •14.1 Ассимиляция– дауыссыз дыбыстардың өзара үйлесуі. Дауыссыз дыбыстардың шеп түрленімі. Аккомадация және диссимиляция туралы түсінік
- •14.1 Ассимиляция– дауыссыз дыбыстардың өзара үйлесуі.
- •Әдебиеттер:
- •Графика, әріп және әліпби.
- •15.1 Қазақ тілінің орфоэпиясы туралы.
- •15.2 Графика, әріп және әліпби. Орфоэпия және орфография. Орфоэпия және сингармонизм. Орфоэпия және дыбыстар тіркесі. Орфография және оның принциптері. Қазақ орфографиясы мен орфоэпиясы туралы.
- •Әдебиеттер:
Әдебиеттер:
1.Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. – Алматы: Дәуір-Кітап, 2013. – 220 б.
2.Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. – Алматы: Арыс, 2009.-312 б.
3.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Мемлекет. тілді дамыту инст., 2010. – 608 б.
4. Байтұрсынов А.Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: «Абзал-ай» баспасы, 2013. – 640 б
5.Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2008. – 608 б.
6.Бектұров Ш.К. Қазақ тілі: лексика, фонетика, морфология, синтаксис. – Алматы: Атамұра, 2006. – 336 б.
7.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2002. – 664 б.
8.Садуақас Н.А. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы. Оқу құралы. - Ақтөбе: 2016. - 194 б
.
2-тақырып.
СӨЙЛЕУ ДЫБЫСТАРЫН ҚАРАСТЫРУ АСПЕКТІСІ
Жоспары:
2.1. Сөйлеу дыбыстарын қарастыру аспектісі.Дыбыстардың акустикалық (физикалық) сипаттамасы. Дыбыстардың артикуляциялық (физиологиялық) сипаттамасы. Дыбыстардың лингвистикалық (функционалдық) сипаттамасы (фонология).
2.2 Түркітанушы орыс ғалымдарының еңбектері.
2.3 Қазақ тілі фонетикасы мен фонологиясының зерттелуі
2.1 Тіл дыбыстарын қарастыру аспекттері.
Фонетика тілдің дыбыс жүйесін, оның жүйелі заңдылықтарын тексереді дедік. Тіл дыбыстарына толық мінездеме беріп, жан-жақты тану үшін тілдің дыбыстау мүшелерінің қызметін біліп, дыбыстың ырғағы, күші мен әуенін анықтап, сөз жасауға қабілетті дыбыстардың сөйлеу кезеңіндегі ерекшеліктеріне көңіл аудару қажет. Демек, тіл дыбыстары үш қырынан тексеріледі, яғни үш түрлі аспектіде қарастырады:
1). Тілдің дыбыстау мүшелерінің қызметі. Адам организмінде сөйлеу үшін арнайы жаратылған дыбыстау мүшелері жоқ. Адамзат өзінің талай ғасырға созылған дамуында бойындағы тіршілік етуге жаратылған кейбір мүшелерін тіл дыбыстарын жасауға бейімдеп, сөйлеуге қызмет еткізе білген. Дыбысты жасауға өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмей, тілшік, тіл, ауыз қуысы, тіс, тіл, таңдай, ерін, жақ, мұрын қуысы, тамақ қуысы т.б. мүше қатысады. Бұл мүшелер – тілдің дыбыстау (сөйлеу) аппараты. Негізінен бұлар физиологиялық қызмет атқаратын органдар болғандықтан адам тілі биологиялық құбылыс болып табылады. Сондықтан тіл дыбыстарын ең алдымен анатомия-физиологиялық аспект тұрғысынан қарастырамыз.
2). Тіл дыбыстарының дыбысталуы. Табиғаттағы кез-келген бір заттың қозғалуынан дыбыс пайда болатыны сияқты тіл дыбыстары да физикалық құбылысқа жатады. Дыбысталу ерекшеліктерін, оның жалпы заңдылықтарын физиканың акустика саласы қарастырады. Акустика дыбыстың ырғағы, күші, әуені, созылыңқылығы т.б. мәселелер туралы мәлімет береді. Ауа тербелісінен дыбыстың ырғағы пайда болады да, тербеліс жиі болса, солғұрлым дауыс ырғағы да жоғары болады. Тербеліс қарқыны көбейген сайын дыбыс күші де арта түседі. Ал дыбыс әуені негізгі тон мен көмекші тонға байланысты. Негізгі тон дауыс шымылдығының дірілінен, ал тамақ, ауыз қуысының резонаторлық қызметінен көмекші тон (обертон) пайда болады. Бір дыбыстың екіншісінен өзгеше болуы да осы көмекші тонға, яғни дыбыс әуеніне байланысты болады. Дауысты дыбыстар тонмен байланысты болса, дауыссыз дыбыстар салдырға тәуелді. Дыбыс шығарудағы ауаның тербелісін кимограф, осциллограф, интонограф сияқты т.б. техникалық аспаптарға түсіріп, әр түрлі толқынды ирек сызықтар түріндегі суретін де көруге болады. Сонымен тіл дыбыстарының айтылуын, яғни физикалық қасиетін акустикалық аспект тұрғысынан қарастырамыз.
3). Тіл дыбыстарының әлеуметтік қызметі. Тіл – қоғамдық құбылыс. Сондықтан тілдің басты қасиеті – қарым-қатынас құралы, ойлаудың, ойды жарыққа шығару құралы болуы. Демек, қарым-қатынас құралы болған тілдің дыбыс жүйесінің, әсіресе, сөз жасаушы дыбыстардың қызметін білудің маңызы ерекше. Тіл дыбыстары – сөздер мен грамматикалық тәсілдердің өмір сүруінің формасы. Тіліміздегі лексика-грамматикалық құбылыстар тідің дыбыс жүйесімен байланысты болады. Сондықтан тіл дыбыстарының сөз, сөйлем ішіндегі, яғни сойлеу процесіндегі, адамдардың қарым-қатынас құралы ретіндегі функциясын анықтаудың әлеуметтік мәні бар. Бұл – тіл дыбыстарының лингвистикалық қызметін арнайы зерттеу нысанына алатын лингвистикалық (функционалдық) аспектінің міндеті. Мұны фонемалардың қызметін зерттейтіндіктен фонология (дыбыс туралы ілім) деп атайды.
Қазіргі таңда қазақ тілі дыбыс жүйесін зерттеу бағыттары мен әдістері теориялық жағынан дамып, әлем лингвистикасы жетістіктерімен байланыста қарастырылып келеді. Қазақ ғалымдары Ә.Жүнісбеков, Ж.Әбуов, М.Жүсіпұлы т.б. ізденістері түркі және жалпы тіл білімі деңгейіндегі салмақты зерттеу еңбектер деп білеміз. Қазақ фонетикасы мен фонологиясы теориялық жағынан қазіргі ғылым жетістіктері тұрғысынан терең қарастырылып келеді.
