- •Фонетика және оның ғылыми салалары
- •1.2. Дыбыс туралы түсінік. Артикуляциялық база. Тілдің дыбысталу мүшелері.
- •Әдебиеттер:
- •2.2 Түркітанушы орыс ғалымдарының еңбектері
- •2.3 Қазақ тілі фонетикасы мен фонологиясының зерттелуі
- •3.1 Дыбыс. Фонема. Фонология.
- •Әдебиеттер:
- •Дыбыс, фонема. Фонология.Фонемалардың жіктелуі. Дауысты фонемалар .
- •3.1. Дыбыс, фонема. Олардың арақатынасы. Фонеманың мәні, қызметі және аллофондар. Вариант пен вариация туралы. Әріп және әліпби.
- •3.2. Транцкрипция.Фонетикалық және фонематикалық транцкрипция.
- •3.2. Транцкрипция.Фонетикалық және фонематикалық транцкрипция.
- •Әдебиеттер:
- •Қазақ фонемаларының саны мен топтастырылу принциптері
- •4.1 Қазақ фонемаларының саны мен топтастырылу принциптері(жіктелуі).
- •Әдебиеттер:
- •Дауысты фонемалар (вокализм)
- •Дауыссыз фонемалар. Аффрикат дыбыстар.
- •6.1.Дауыссыз фонемалар (консонантизм). Дауыссыз фонемалар құрамы, олардың жасалу ерекшеліктері. Дауыссыз дыбыстар топтастырылуы. Дауыссыз дыбыстардың сөз ішінде қолданылуы. Аффрикат дыбыстар.
- •Әдебиеттер:
- •7.1 Буын (силлабизм). Буынға тән белгілер, оның дыбыстық құрамы, түрлері. Буын құрамының өзгеруі. Буын жігін ажырата білудің маңызы. Буын және тасымал.
- •7.1.Буын және оның дыбыстық құрамы
- •Әдебиеттер:
- •Екпін (акцентуация) және оның түрлері
- •8.1 Екпін (акцентуация) және оның түрлері. Қазақ тіліндегі екпіннің жайы туралы. Екпіннің сөз ішінде тұрақты, тұрақсыз қолданылатын түрлері.
- •8.1 Екпін (акцентуация) және оның түрлері
- •Әдебиеттер:
- •Дауыс ырғағы (интонация), оның бірліктері және қызметі
- •9.1 Дауыс ырғағы (интонация), оның бірліктері және қызметі
- •9.2 Бунақ–ритмикалық топ, ырғақ екпіні.
- •9.1 Дауыс ырғағы (интонация), оның бірліктері және қызметі
- •9.2 Бунақ–ритмикалық топ, ырғақ екпіні
- •Әдебиеттер:
- •Дыбыстар тіркесі
- •10.1 Дыбыстар тіркесі. Дыбыстардың сөз буыны ішінде, түбір, түбір мен қосымша, сөз бен сөз арасындағы тіркесуі туралы. Дауыссыз дыбыстар тіркесу ерекшеліктері. Дыбыстар тіркесі және орфография.
- •10.2 Алмасу туралы түсінік. Дыбыстар сәйкестігі .
- •10.1 Қазақ тіліндегі дыбыстар тіркесі туралы
- •Қатаң - ұяң тіркестер.
- •Қатаң – үнді тіркестер.
- •Үнді-үнді тіркестер
- •Әдебиеттер:
- •Дыбыс өзгерістері. Ықпал түрлері
- •Әдебиеттер:
- •12.1 Сөз басындағы дыбыстық құбылыстар
- •12.2 Сөз ортасындағы дыбыстық құбылыстар
- •12.3 Сөз соңындағы дыбыстық құбылыстар.
- •Әдебиеттер:
- •Сингармонизм заңы. Аккомадация. Ассимиляция.
- •13.1 Сингармонизм – фонологиялық категория
- •Әдебиеттер:
- •Ассимиляция– дауыссыз дыбыстардың өзара үйлесуі
- •14.1 Ассимиляция– дауыссыз дыбыстардың өзара үйлесуі. Дауыссыз дыбыстардың шеп түрленімі. Аккомадация және диссимиляция туралы түсінік
- •14.1 Ассимиляция– дауыссыз дыбыстардың өзара үйлесуі.
- •Әдебиеттер:
- •Графика, әріп және әліпби.
- •15.1 Қазақ тілінің орфоэпиясы туралы.
- •15.2 Графика, әріп және әліпби. Орфоэпия және орфография. Орфоэпия және сингармонизм. Орфоэпия және дыбыстар тіркесі. Орфография және оның принциптері. Қазақ орфографиясы мен орфоэпиясы туралы.
- •Әдебиеттер:
2.3 Қазақ тілі фонетикасы мен фонологиясының зерттелуі
Қазақ тілі дыбыс жүйесінің зерттелуі барысында жарияланған оқу құралдарын да атап кеткен жөн. Ең алғашқы оқулықтар А.Байтұрсыновтың «Тіл құралы», Қ.Жұбановтың «Қазақ грамматикасының» фонетика бөлімі болды. Бұл еңбектерді мектеп оқулықтары деңгейінде деп бағалаушылар да кездеседі. Шындығында, А.Байтұрсынов зерттеулерінің астарындағы сингармофонологиялық танымдар сыры М.Жүсіпұлы зерттеуінде анықталып, А.Байтұрсыновтің әлемдік деңгейдегі жаңалықтары жария етілді. Қ.Жұбановтың қазақ тілі фонетикасының ғылыми курсын жасаушы ретіндегі еңбегі де белгілі ғалымдар тарапынан дәлелденді. Ал І.Кеңесбаев «Фонетикасы» (1954 ж.) бұрынғы жетістіктерді қамтып, А.Байтұрсынов пен Қ.Жұбанов зерттеулерін толықтыра түскен академиялық деңгейдегі еңбек болды.Алғашқы қазақ оқымыстылары Т.Шонанұлының мектепке арналған «Қазақ тілінің оқу құралы» (1933 ж.), «Қазақ тілі грамматика мен емле» (1934) оқулықтарында, Е.Омаров, Қ.Кемеңгерұлының ғылыми мақалаларында да қазақ тілінің дыбыс жүйесіне қатысты мәселелер баяндалды.
Ахмет Байтұрсыновтың 1912 жылы шыққан «Оқу құралы» деп аталатын алғашқы оқулығы қазақ балаларының тұңғыш рет өз ана тілінде әріп танып, жазуға үйренуіне жол көрсетті. Бұл еңбек қазақтың ұлттық жазуын қалыптастырудағы алғашқы табысы болды. 1914 жылы шыққан «Тіл - құрал» еңбегі тіл заңдылығын үйрету құралы, яғни қазақ тілінің теориялық мәселелерін танытатын алғашқы еңбек болса, 1920 жылы тілді дұрыс қолдана білу тәртібін үйрететін «Тіл жұмсар» еңбегін, одан кейін тілді оқыту, сауат аштыру әдістемесі жөнінде «Баяншы», «Әліпби астары» деген оқулықтар жазған.А.Байтұрсынов - араб алфавитін тұңғыш реформалаушы және соған сәйкестендіріп, емле ережелерін құрастырушы, қазақ жазуы мен әліпбиінің тағдырын шешкен ғалым. Ол қазақ тілінде 24 түрлі дыбыс бар, оның бесеуі дауысты, он жетісі дауыссыз, екеуі жарты дауысты дыбыстар екенін айтып: «бұл дыбыстардың ішінде «қ» һәм «ғ» ылғи жуан айтылады, «к», «г» һәм «е» ылғи жіңішке айтылады. Өзге 19 дыбыстардың һәр қайсысы бірде жуан, бірде жіңішке айтылады. Егерде бұл 19 дыбыстың жуан айтылуы үшін бір белгі, жіңішке айтылуы үшін бір белгі керек десек, … онда 19 дыбысқа 38 белгі керек болар еді. Бұған дайым жуан айтылатын «қ» мен «ғ» –ны қосқанда, дайым жіңішке айтылатын «к», «г», «е» - лерді қосқанда, бәріне 43 белгі керек»,- дейді. Қазақ тіліндегі сөйлесімінің барлық қасиеттерін жазылым процесінде толық қамту үшін осы 43 түрлі дыбысты дәйекшіні қосқанда 25 белгімен жазу техникасын ойлап тауып, фонема статусына ие болған және фонема статусына ие болмаған дыбыстарды нақты ажырата қарап, жеке әріппен тек сингармофонемаларды, яғни сөз мағынасын өзгертетін фонологиялық единицаларды белгілеген.«Айтылуына қарай жіктегенде қазақ тіліндегі дыбыстар дауысты, дауыссыз болып екі айрылады», - дейді де, дауысты дыбыстар қатарына 12 дыбыс: а, о, ұ, ы, е, и, у, р, л, м, н, ң; дауыссыздарға 12 дыбысты жатқызған: б, п, т, ж, д, з, с, ш, ғ, қ, к, г . Дауыстыларды өз ішінде 1/ толық дауыстылар (а, е, о, ұ, ы); 2/ шала дауыстылар (р, л, м, н, ң, у, й) деп жіктейді.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесіне қатысты кейбір мәселелер Х.Досмұхамедұлының 1922 жылы «Шолпан» журналында жарияланған «Қазақ – қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы» деген мақаласында баяндалған. Фонетист ғалым М.Жүсіпұлы сөзімен айтқанда, «Х.Досмұхамедұлы тіл білімінің тарихында бірінші болып сингормонизмді дауыстылар үндестігі емес, сөз құрамындағы барлық дыбыстың үндестігі деді. Бұл ғылыми тұжырым сингармонизмді фонологиялық деңгейге көтеріп, түркі тілінің дыбыс жүйесін зерттеу болашағына әрі үлкен, әрі жаңашыл, әрі ғылыми болжамы мол жол ашып берді».
Т. Шонанұлы авторлығымен жазылған «Жаңалық (әліппе)» (Қызылорда, 1930), «Қазақ тілінің оқу құралы» (Алматы, 1993), «Тіл дамыту» (Қызылорда, 1931, 1939), «Жаңа әліппе» (1929ж), «Қазақ тілі грамматике мен емле» (Қызылорда, 1934ж) т.б. оқулықтар бірнеше рет қайталап басылған екен. М. Жолдыбайұлымен бірігіп «Әліппе» (Қызылорда, 1935, 1936 ж), Г. Бегалиұлы, С.Жиенбайұлы, Т.Шонанұлының біріккен авторлығымен «Бастауыш мектептегі қазақ тілінің әдісі» (Қызылорда, 1935ж) атты оқулықтары жарияланған. Т. Шонанұлы қазақ тілінде 9 дауысты (а, ә,о, ө, ұ, ү, ы, і, е) дыбыс, 20 дауыссыз (б, ш, ж, д, г, һ, и, л, м, н, ң, п, қ, к, р, с, т, у, з, ғ) дыбыстары бар деп көрсеткен.
Қ. Жұбанов қазақ тілінің дыбыс жүйесін ғылыми тұрғыдан зерттеу мәселесін алғашқылардың бірі болып қолға алып, пән ретінде қазақ тілі фонетикасының ғылыми курсын жасады. Қ. Жұбановтың 1936 жылы баспадан шыққан «Қазақ тілінің грамматикасы» оқулығының І бөліміндегі фонетикаға қатысты тарауы, «Қазақ тілінің ғылыми курсы жөнінен лекциялар» атты еңбегінің «Қазақ тілінің фонетикасы» деп аталатын бөлімі, «Буын жігін қалай табуға болады?» , «К постановке исследования истории фонетики казахского языка» атты еңбектері және қазақ тілінің алфавиті, орфографиясы мәселелеріне арнаған мақалалары қазақ тілі фонетикасының ғылым ретінде іргесі қаланып, теориялық тұрғыдан зерттеліп, қалыптасуына игі жағдай туғызды. Қ.Жұбанов «Қазақ тілі грамматикасының» фонетика бөлімінде дыбыс, дыбыстың саны мен сапасы, дауысты-дауыссыз дыбыстар, олардың артикуляциясы мен акустикасы, дыбыстау аппараты, буын, сингармонизм, екпін туралы жүйелі баяндалды. Қ.Жұбанов бір буынның құрамында дауысты, дауыссыз, сонор дыбыстардың қайсысы бар-жоғына, қайсысы қай орында тұруына қарай қазақ тіліндегі буынды алты түрге бөледі:
1/ жалаң буын (дауысты буын);
2/ Ашық буын (дауыссыз не сонор + дауысты);
3/ Жеңіл тұйық буын (дауысты + дауыссыз не сонор);
4/ жеңіл бітеу буын (дауыссыз не сонор + дауысты + дауыссыз не сонор)
5/ Ауыр тұйық буын (дауысты + сонор + дауыссыз);
6/ Ауыр бітеу буын (дауыссыз не сонор + дауысты + сонор + дауыссыз). Қ.Жұбановтың буын типологиясы туралы көзқарастары қазір де ғылыми маңыздылығымен құнды. Ол қазақ фонетикасында буынның жылысуы мен кірігуі, буынның жуаны мен жіңішкесі туралы мәселелерді де алғашқы болып сөз етті. Қ.Жұбанов дыбыс пен фонема туралы көзқарасын былай жеткізеді: «Қайыр-хайыр дегендегі қ мен х екі дыбыс болғанмен бір фонема. Файзолла мен Пайзолла да солай, п мен ф бір сөзді екінші сөзден айыру үшін тұрмағандықтан оларды дербес фонема демейміз». Ғалымның «Ор деген сөз бен өр деген сөздің екеуінің дыбыстары бірдей» деген сөзінен оның қазақ тілі фонологиясын терең танығанын және өз зерттеулерін фонологиялық тұрғыда жүргізгенін айғақтайды.
Ә.Жүнісбек сингармонизм заңдылығын жете зерттеп, оны түркі (қазақ) тілінде негізгі просодиялық доминант ретінде тану керектігін, орыс тілінде екпін қандай қызмет атқарса, қазақ тілінде сингармонизм де сол қызметті атқаратынын дәлелдеді. Ә.Жүнісбектің түркі (қазақ) тілі дыбыс жүйесін сингармофонологиялық бағытта жүргізген зерттеуі жалпы тіл білімі деңгейіндегі үлкен жаңалық болды. Түркі (қазақ) тілдерінде сөз екпінінің жоқ екендігін, тілімізде сингармонизмнің фонологиялық қызмет атқаратындығын дәлелдеуі бүкіл түркі тілдерін жаңа бағытта зерттеуге жол ашты. Ал бір тілді екінші тілмен салыстырмалы – салғастырмалы түрде қарастыру осы екі тілдің де теориялық мәселелерін дәл, дұрыс, терең қалыптастыруға мүмкіндік береді. Естілім (перцепция) фонетикасы тілді табиғи қалпында, яғни сөйлеушінің таза естуі мен қабылдауына негіздеп, қазақ сөз қабылданымының сингармотеориялық негіздерін айқындап берген танымдық маңызы зор елеулі еңбек ретінде Ж.Әбуовтың зерттеуін атап көрсетпекпіз.
М.Жүсіпұлы зерттеуінде анықталғандай, А.Байтұрсынов мұрасының басты жетістіктері мен жаңалықтары төмендегідей деп білеміз: А.Байтұрсынов тіл білімі тарихында фонология ғылымының жаңа (сингармофонология) саласының негізін қалады, лингвистикада бірінші рет жасалған сингармофонологиялық алфавит пен сингармофонологиялық орфографияның авторы болды. А.Байтұрсынов лингвистикада бірінші болып, фонологиядағы позициялық принцип, фонема – дыбыстар қоры концепциясының тұңғыш зерттеушісі, негізін қалаушысы атанды. А.Байтұрсынов дүниеге әкелген қазіргі тіл біліміндегі тұңғыш сингармоалфавит пен сингармоорфография өз жалғасын тауып, бертін келе басқа сингармоиялық тілдердің алфавитін жасауға негіз болды. Қазақ тілін зерттеу сегментті фонетика аясында қалып қоймай, суперсегментті фонетика тұрғысынан З.М.Базарбаева зерттеулері нәтижесінде жеке сала ретінде қалыптасып, қазақ тілінің интонациясы, оның варианттары анықталып, сөйлемдегі интонеманың орны, сөйлемді ажырату қызметі т.б. мәселелер жан-жақты қарастырылады.
Тақырып бойынша сұрақтар.
1.Сөйлеу дыбыстарын қарастыру аспектісі.
2.Дыбыстардың акустикалық (физикалық) сипаттамасы.
3.Дыбыстардың артикуляциялық (физиологиялық) сипаттамасы.
4.Дыбыстардың лингвистикалық (функционалдық) сипаттамасы (фонология).
5.Алғашқы зерттеу деректері
6.А.Байтұрсынұлының зерттеулері
7.Профессор Қ.Жұбановтың зерттеулері
8. Ә.Жүнісбектің сингармофонологиялық зерттеулері.
9. Ж.Әбуовтің естілім және сөз қабылданым фонетика заңдылықтары туралы еңбектері.
10. М.Жүсіпұлы, Ж.Назбиев, Б.Қалиұлының зерттеулері туралы
11. З.М.Базарбаеваның интонация мәселелері туралы зерттеулері
