- •Фонетика және оның ғылыми салалары
- •1.2. Дыбыс туралы түсінік. Артикуляциялық база. Тілдің дыбысталу мүшелері.
- •Әдебиеттер:
- •2.2 Түркітанушы орыс ғалымдарының еңбектері
- •2.3 Қазақ тілі фонетикасы мен фонологиясының зерттелуі
- •3.1 Дыбыс. Фонема. Фонология.
- •Әдебиеттер:
- •Дыбыс, фонема. Фонология.Фонемалардың жіктелуі. Дауысты фонемалар .
- •3.1. Дыбыс, фонема. Олардың арақатынасы. Фонеманың мәні, қызметі және аллофондар. Вариант пен вариация туралы. Әріп және әліпби.
- •3.2. Транцкрипция.Фонетикалық және фонематикалық транцкрипция.
- •3.2. Транцкрипция.Фонетикалық және фонематикалық транцкрипция.
- •Әдебиеттер:
- •Қазақ фонемаларының саны мен топтастырылу принциптері
- •4.1 Қазақ фонемаларының саны мен топтастырылу принциптері(жіктелуі).
- •Әдебиеттер:
- •Дауысты фонемалар (вокализм)
- •Дауыссыз фонемалар. Аффрикат дыбыстар.
- •6.1.Дауыссыз фонемалар (консонантизм). Дауыссыз фонемалар құрамы, олардың жасалу ерекшеліктері. Дауыссыз дыбыстар топтастырылуы. Дауыссыз дыбыстардың сөз ішінде қолданылуы. Аффрикат дыбыстар.
- •Әдебиеттер:
- •7.1 Буын (силлабизм). Буынға тән белгілер, оның дыбыстық құрамы, түрлері. Буын құрамының өзгеруі. Буын жігін ажырата білудің маңызы. Буын және тасымал.
- •7.1.Буын және оның дыбыстық құрамы
- •Әдебиеттер:
- •Екпін (акцентуация) және оның түрлері
- •8.1 Екпін (акцентуация) және оның түрлері. Қазақ тіліндегі екпіннің жайы туралы. Екпіннің сөз ішінде тұрақты, тұрақсыз қолданылатын түрлері.
- •8.1 Екпін (акцентуация) және оның түрлері
- •Әдебиеттер:
- •Дауыс ырғағы (интонация), оның бірліктері және қызметі
- •9.1 Дауыс ырғағы (интонация), оның бірліктері және қызметі
- •9.2 Бунақ–ритмикалық топ, ырғақ екпіні.
- •9.1 Дауыс ырғағы (интонация), оның бірліктері және қызметі
- •9.2 Бунақ–ритмикалық топ, ырғақ екпіні
- •Әдебиеттер:
- •Дыбыстар тіркесі
- •10.1 Дыбыстар тіркесі. Дыбыстардың сөз буыны ішінде, түбір, түбір мен қосымша, сөз бен сөз арасындағы тіркесуі туралы. Дауыссыз дыбыстар тіркесу ерекшеліктері. Дыбыстар тіркесі және орфография.
- •10.2 Алмасу туралы түсінік. Дыбыстар сәйкестігі .
- •10.1 Қазақ тіліндегі дыбыстар тіркесі туралы
- •Қатаң - ұяң тіркестер.
- •Қатаң – үнді тіркестер.
- •Үнді-үнді тіркестер
- •Әдебиеттер:
- •Дыбыс өзгерістері. Ықпал түрлері
- •Әдебиеттер:
- •12.1 Сөз басындағы дыбыстық құбылыстар
- •12.2 Сөз ортасындағы дыбыстық құбылыстар
- •12.3 Сөз соңындағы дыбыстық құбылыстар.
- •Әдебиеттер:
- •Сингармонизм заңы. Аккомадация. Ассимиляция.
- •13.1 Сингармонизм – фонологиялық категория
- •Әдебиеттер:
- •Ассимиляция– дауыссыз дыбыстардың өзара үйлесуі
- •14.1 Ассимиляция– дауыссыз дыбыстардың өзара үйлесуі. Дауыссыз дыбыстардың шеп түрленімі. Аккомадация және диссимиляция туралы түсінік
- •14.1 Ассимиляция– дауыссыз дыбыстардың өзара үйлесуі.
- •Әдебиеттер:
- •Графика, әріп және әліпби.
- •15.1 Қазақ тілінің орфоэпиясы туралы.
- •15.2 Графика, әріп және әліпби. Орфоэпия және орфография. Орфоэпия және сингармонизм. Орфоэпия және дыбыстар тіркесі. Орфография және оның принциптері. Қазақ орфографиясы мен орфоэпиясы туралы.
- •Әдебиеттер:
Әдебиеттер:
1.Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. – Алматы: Дәуір-Кітап, 2013. – 220 б.
2.Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. – Алматы: Арыс, 2009.-312 б.
3.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Мемлекет. тілді дамыту инст., 2010. – 608 б.
4. Байтұрсынов А.Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: «Абзал-ай» баспасы, 2013. – 640 б
5.Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2008. – 608 б.
6.Бектұров Ш.К. Қазақ тілі: лексика, фонетика, морфология, синтаксис. – Алматы: Атамұра, 2006. – 336 б.
7.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2002. – 664 б.
8.Садуақас Н.А. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы. Оқу құралы. - Ақтөбе: 2016. - 194 б
5-тақырып.
Дауысты фонемалар (вокализм)
Жоспары:
5.1 Дауысты фонемалар (вкализм). Дауысты фонемалар құрамы, олардың жасалу ерекшеліктері. Дауысты дыбыстар топтастырылуы. Орыс тілінен енген сөздердегі дауыстылар. Дауыстылардың сөз ішінде қолданылуы. Дифтонг, дифтонгоид дыбыстар.
Қазақ тілі дауысты дыбыстары жөнінде зерттелген еңбектер де көп болғанымен, тіліміз табиғатына сай соны пікір айтылғаны соңғы кезеңдегі зерттеулер еншісіне тиеді. Көптеген еңбектерде дауысты дыбыстардың фонетикалық ерекшеліктері бірін-бірі қайталап, бір жақты талданып келді.
Ғалым Ә.Жүнісбек зерттеулеріне дейін қазақ тілі дыбыс жүйесінде барлығы он бір, яғни тоғыз жалаң (монофтонг) дауысты және екі құранды (дифтонг) дауысты бар деген көзқарас қалыптасқан еді. Жалаң дауыстылар (а, ә, о, ө, ұ, ү, ы, і, е) байырғы қазақ тілінде ертеден келе жатыр деп түсіндіріледі. М.А.Черкасский түркі тілінде «Орхон» дәуірінде сегіз дауысты (классическая восмерка) дыбыс болғанын атап көрсетеді.
Дауысты дыбыстардың айтылым-жасалым ерекшелігіне қарай жіктелуі төмендегідей болады:
А - тіл таңдайдың артқы шеніне қарай жиырылуынан жасалатын, жуан, ашық-төмен, тіл арты, езу, жалаң фонема. А фонемасы сөздің барлық шенінде жиі ұшырайды: ана, бала, адмдар, т.б. Қазақ тіліндегі ашық фонемалар а- жуан, тілдің кейін шегінуінен , ә- жіңішке, тілдің ілгері жылжуынан жасалады.
Ә- тіл таңдайдың алғы шеніне жуықтаудан жасалатын, жіңішке, ашық-төмен, тіл ортасы, езу, жалаң фонема. Ә фонемасын айтқанда тіл ілгері созылып, иек төмен түседі, ауыз қуысында үлкен резонатор жасалады. Ә фонемасы қазақ тілінде сөздің бірінші буынында, ал кейбір сөзде екінші буында да кездесіп қалады : әдемі, әйел, әке, әже, дүдәмал, күмән, мүшәйра, іңкәр әзәзіл, бісміллә т.б. Қазақ тілінде өзге дауысты фонемаларға қарағанда, ә-нің қолданылуы мөлшерлі, көбіне шығыс тілдерден енген сөздерде ғана кездеседі.
Ы - тіл таңдайдың артқы шеніне қарай жиырылуынан жасалатын , жуан, көтеріңкі – қысаң, тіл арты, езу фонема. Ы фонемасы сөздің барлық шенінде келе береді: ыстық, жылы,ынталы, ырым, т.б. Ы қысаңы л, р сонорынан бұрын және сөздің екпінсіз позициясында редукцияға бейім келеді: қрық, қзыл, қзық, пшақ, қтық, қсыр, шбық, т.б. Кейде сөздің екінші екпінсіз буынында (р мен н-ның, у мен з-ның, р мен к-ның, й мен н-ның аралығында) ы дыбысы фонетикалық нольге айналады: орын-ы – орны, қарын-ым – қарным.т.б. Кейде көп буынды сөздерде көмескі естіледі: қат` нас, аң` зақ, жұд` рық; Сөздің лексикалық мағынасына нұқсан келмесе, сөз басында л, р дыбыстарының алдында келген ы дыбысы жазылмайды: лақ, лас,лайық, рақмет,рас, рақат;
І – тіл таңдайдың орта шеніне жуықтаудан жасалатын, жіңішке, қысаң-көтеріңкі, келте, тіл ортасы, езу, жалаң фонема.Сөз ішінде і қысаңы р, л сонорынан бұрын келгенде және сөздің екпінсіз позициясында редукцияға бейім келеді: блек, тлек, трі, блім, ксен, шгіт, пшен, ткен, глем, греу, т.б. Ал сөздің екпінсіз екінші буынында (р мен к, н-нің аралығында) і дыбысы фонетикалық нольге айналады: ерін+і=ерні, ерлік+і=еркі, бөрік+і=бөркі т.б. Сондай-ақ аышқ дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда і қысаңы сан-сапа жағынан толық редукцияланады: екі+еу=екеу, жеті+еу=жетеу т.б. І фонемасы қосымшада ы фонемасымен комбинаторлы түрде алмасады: өт-і, от-ы. Сөздің лексикалық мағынасына нұқсан келмесе, сөз басында л, р дыбыстарының алдында келген і дыбысы жазылмайды: леген, лес, лекер, рең, реті, рәсімі;
Ұ – тіл таңдайдың артқы шеніне қарай жиырылуынан жасалатын, жуан, қысаң- көтеріңкі, тіл арты, ерін, жалаң фонема. Қазақ тілінде ұ фонемасы байырғы сөздердің бас буынында қолданылады: ұран, құрдас, бұрым, ұста, т.б. Сөздің бас позициясында о, ұ дыбыстарының біреуі келгенде ауызекі тілде сөздің екінші буынында ұ-ның айтылуы байқалады:құлұн(құлын), жұлұн (жұлын), қозұ(қозы)т.б. Жазуда бірінші буында келген о, ұ еріндіктерінен кейін келген ұ дыбысының орнына ы әрпі жазылады: оқы, орын, құлын, осы,қозы, ұры;
Ү – тіл таңдайдың алдыңғы шеніне жуықтаудан жасалатын, жіңішке, қысаң-көтеріңкі, тіл ортасы, ерін, жалаң фонема. Ү фонемасы көбіне сөздің бас буынында қолданылады:үйрек,үлкен, күн, түн, бүгін, т.б. Сөздің бас позициясында ө, ү дыбыстарының біреуі келгенде ауызекі тілде сөздің екінші буынында ү-нің айтылуы байқалады:көлү(көлі),күнү(күні) т.б. Жазуда бірінші буында келген ө, ү еріндіктерінен кейін келген ү дыбысының орнына і әрпі жазылады: көңіл, көрік, бүркіт өріс;
О – тіл таңдайдың артқы шеніне қарай жиырылуынан жасалатын, жуан, қысаң- көтеріңкі, тіл арты, ерін, құранды фонема. О фонемасы сөздің бас буынында ғана айтылады және жазылады: отан, орман, ораза, т.б. Сөздің анлаут позициясында о фонемасы үнемі ашық еріндік дифтонг сапасында келеді: уот (от), уороқ (орақ), уон (он), уоқ (оқ)т.б.
Ө – тіл таңдайдың алғы шеніне жуықтаудан жасалатын, жіңішке, қысаң- көтеріңкі, тіл ортасы, ерін, құранды фонема. Ө фонемасы көбіне сөздің бас шенінде айтылады: өзбек, көйлек, төркін, т.б. Сөздің анлаут позициясында ө фонемасы е, о дауыстылары сияқты, үнемі ашық дифтонг вариантында қолданылады: өш (өш), үөт (өт), уөмір (өмір), уөз (өз), т.б.
Е- тіл таңдайдың орта шеніне жуықтаудан жасалатын, жіңішке, қысаң- көтеріңкі, тіл ортасы, езу, құранды фонема. Е фонемасы сөздің барлық шенінде келе береді: ерекше, мереке т.б. Е фонемасы сөздің анлаут позициясында ашық дифтонг сапасында айтылады: йэрте (ерте), йэр (ер), йэртек (ертек), йэреже (ереже) т.б.
И мен У - орыс тіліндегі сөздер құрамында келген дауысты дыбыс, қазақ тіліне кірме дыбыстар. Қазақ тілінің төл сөздерінің құрамында дауысты и, у дыбысы жоқ.Бұл дыбыстар орыс тілінен енген университет, институт сияқты сөздер құрамында ғана дауысты болады, ал қазақтың су, бу, тиын, киін деген сөздерінде дауысты бола алмайды. Сол сияқты ё, э, ю, я орыс тілінен енген сөздерде фонема болғанымен, қазақ сөздерінде қос дыбысты(ё = и+о , ю = и+у, я = и+а)таңбалайтын кірме әріптер деп атаймыз. Ал э фонемасын қазактың ә немесе е дыбысымен айта беруімізге болады. Қазіргі лексикамызда өзгеріссіз қолданылып жүрген өзге тілден енген сөздердің құрамындағы и, у, ё, э, ю, я кірме дыбыстардеп танимыз.
Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың құрамын анықтауда ғылым дамуы барысында ұстанған көзқарастарда бір жүйелілік жоқ екендігін байқаймыз. Себебі дыбыстар құрамын анықтап, оларға сипаттама беруде фонетикалық және үндесім ерекшеліктерін араластырып, бір-бірінен бөлінбеген күйінде қарастырылып келеді. Бұл мәселенің шешімі Ә.Жүнісбек зерттеулерінде бір жүйеге түсірілді. Қазақ тілі дыбыс жүйесіндегі дауыстылар саны жөніндегі пікір алшақтығы да бір арнаға тоғысты. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды ғалым Ә.Жүнісбек зерттеуі нәтижесінде бұрынғы қалыптасқан көзқарастан басқаша қарастыруға тура келді. Ол қазақ тілінде алты жалаң дауысты және үш құранды дауысты бар деген тұжырым жасады. Қазақ тілі дауысты дыбыстары жасалымы тілдің көлбеу бағыты бойынша бұрынғы зерттеулерде, мысалы Ж.Аралбаев еңбегінде, тіл алды (ә, е, ө, ү, і), тіл ортасы (ы), тіл арты (а, о, ұ) деп үш топқа бөлініп жіктелген еді. Ал Ә.Жүнісбек «Қазақ грамматикасында» жасалу орнына қарай дауыстыларды тіл ортасы (ә, е, ө, ү, і), тіл арты (а, ы, ұ, о) деп екі топқа жіктеген. Ә.Жүнісбек о, ө, е дауыстыларын ашыққа да, қысаңға да қоспай, өз алдына дифтонг дыбыстар деп бөлек қарайды. Осы дифтонг дыбыстардың бірінші сыңары үнді и, у, екінші сыңары жалаң қысаңдар і, ұ, ү екенін айтады. Дифтонг-2 дауысты деген мағынаны (dils)-екі, қосарланған),pҺtonos дауыс дыбыс). Осы дыбыстардың құранды дауыстылар екендігі Ж.Әбуов зерттеуінде де дәлелденді. Ол қазақ тілі дауыстыларын орыс тіліндегіше тілдің көлбеу бағыттағы қозғалысына қарай тіл алды (е), тіл ортасы (ә, ө, і, ү), тіл арты (а, о, ұ) және араласқан (ы), ал тілдің тік бағыты бойынша жоғары көтерілуі (е,ы, і, ұ, ү) және төменгі (а, ә, о, ө), еріннің қатысына қарай езулік (а, ә, е, ы, і) және еріндік (о, ө, ұ, ү) деп бөледі. Демек, е дыбысының артикуляциясы бұрынғы зерттеулерден өзгеше көрсетілген. Спектралды талдау нәтижесінде Ж.Әбуов дауыстыларды тіл алды /і, е, ә, ү/, тіл ортасы /ө, ы, ұ/ және тіл арты /а, о/ деп жіктейді. Қ.Жұбанов ерін дауыстыларына о/ө, ұ/ү; езу дауыстыларына а/ә, ы/і, е дыбыстарын жатқызады: “Ерін дауыстыларын шығарғанда, ерін сүйіріліп ілгері ұмтылады да, езу жиылады; Езу дыбыстарын айтқанда езу жиылмайды, ерін сүйримейді”, - дейді. В.Радлов түркі тілдерінде сингармонизмнің екі түрі бар екенін атап (палаталды - езу, лабиалды - ерін), ерін үндестігі әлсізденіп бара жатыр деп қорытынды жасаған болатын. Ол дауысты дыбыстарды денто-гортанные (а, ы),губно-гортанные (о, ұ), денто-палатальные (і, е, ә), губно-палатальные (ө, ү) деп, ауыз-көмей резонаторларының алдыңғы және артқы жақтарымен айтылуына қарай төртке бөлген. Қазақ тілі дауыстыларын жіктеген кезде А.Байтұрсынов аңғал (а, е, ы) және қымқырулы (о, ұ) деп бөліп, аңғалы орын талғамайтынын, ауа ауыз арқылы еркін өтетінін, ал қымқырулы немесе қымқырынды бас буыннан басқасын сүймейтінін, оны айтқанда ерін қымқырылатынын айтқан болатын. Еріндік, езулік деп оппозициялық екі топқа бөлуіміз сингармонизм заңдылықтарын түсінуге көмектеседі десек, артикуляциялық жағымен қатар, дауыстыларды өзіндік ішкі ерекшелігіне қарай бұлайша топтастырылуы түркі тілдері үшін, әсіресе, қазақ тілі үшін сингармонизмнің маңыздылығын терең сезіне білуден туындаса керек. Себебі сингармонизм түркі тілдерінде фонологиялық қызмет атқарады. “Дәл ашық пен қысаң тәрізді қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың ерін мен езулік, жуан мен жіңішке болып қарама-қарсы қойылуының фонематикалық мәні бар”, - дей келіп, Ж.Аралбаев екі-екіден жұптасып келген үш жақты классификация дауыстылардың динамикасы үшін үлкен мәні бар екенін айтқан. Еріндік дауыстыларды айтқан кезде ерін дөңгеленіп сүйірленсе, езуліктерді айтқанымызда еріндеріміз екі жағына қарай тартылып, езу жиырылады. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың Ә.Жүнісбек еңбегіндегі жіктелім сипаттамасы төмендегідей: 1) жақтың қатысына қарай (ашық, қысың): 2) Еріннің қатысына қарай (еріндік, езулік): 3) жасалу орнына қарай (тіл ортасы, тіл арты):
Дауысты дыбыстар арасындағы ашық-қысаң айырым белгісі үндесім белгіге жатпайтын болғандықтан, үндесім дауыстылар өзара бір ортақ, бір айырым белгі арқылы, немесе ортақ белгісі жоқ, екі айырым белгісі арқылы танылады екен. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың фонетикалық және үндесім табиғатына сай олардың жасалым, айтылым, естілім ерекшелігі тұрғысынан сипаттамасы жасалды. Дауысты дыбыстар саны мен дыбыстың сапасы жөнінде жүйелі, бірізді көзқарас қалыптасты. Сондықтан Ә.Жүнісбек дауысты дыбстарға қатысты теориялық ұстанымдарды дамытып, нақты заңдылығын қалыптастыруға ерекше еңбек сіңірді.
Дауысты дыбыстар кестесі
Ерін қатысына қарай
|
жақтың қатысына қарай |
Тілдің қатысына қарай |
||||
Еріндік |
Езулік
|
Ашық |
Қысаң |
Жуан |
Жіңішке |
|
о ө ұ ү у |
а ә е ы і и |
а ә о ө е |
ы і и ұ ү у |
а о ы ұ у |
ә ө е і ү и |
|
Дәріс бойынша сұрақтар.
1. Қазақ тілі дыбыстарының саны
2. Қазақ тілі дыбыстарының айтылым-жасалым жіктелімі
3. Фонема туралы түсінік.
4. Фонеманың варианты және вариациясы.
5. Фонология, сингармофонология.
6. Дауысты дыбыстардың фонетикалық ерекшелігі.
7. Дауысты дыбыстардың айтылым-жасалым жіктелімі.
8. Ә.Жүнісбек зерттеулеріндегі дауысты дыбыстардың үндесім түрленімі.
6-тақырып.
