- •Фонетика және оның ғылыми салалары
- •1.2. Дыбыс туралы түсінік. Артикуляциялық база. Тілдің дыбысталу мүшелері.
- •Әдебиеттер:
- •2.2 Түркітанушы орыс ғалымдарының еңбектері
- •2.3 Қазақ тілі фонетикасы мен фонологиясының зерттелуі
- •3.1 Дыбыс. Фонема. Фонология.
- •Әдебиеттер:
- •Дыбыс, фонема. Фонология.Фонемалардың жіктелуі. Дауысты фонемалар .
- •3.1. Дыбыс, фонема. Олардың арақатынасы. Фонеманың мәні, қызметі және аллофондар. Вариант пен вариация туралы. Әріп және әліпби.
- •3.2. Транцкрипция.Фонетикалық және фонематикалық транцкрипция.
- •3.2. Транцкрипция.Фонетикалық және фонематикалық транцкрипция.
- •Әдебиеттер:
- •Қазақ фонемаларының саны мен топтастырылу принциптері
- •4.1 Қазақ фонемаларының саны мен топтастырылу принциптері(жіктелуі).
- •Әдебиеттер:
- •Дауысты фонемалар (вокализм)
- •Дауыссыз фонемалар. Аффрикат дыбыстар.
- •6.1.Дауыссыз фонемалар (консонантизм). Дауыссыз фонемалар құрамы, олардың жасалу ерекшеліктері. Дауыссыз дыбыстар топтастырылуы. Дауыссыз дыбыстардың сөз ішінде қолданылуы. Аффрикат дыбыстар.
- •Әдебиеттер:
- •7.1 Буын (силлабизм). Буынға тән белгілер, оның дыбыстық құрамы, түрлері. Буын құрамының өзгеруі. Буын жігін ажырата білудің маңызы. Буын және тасымал.
- •7.1.Буын және оның дыбыстық құрамы
- •Әдебиеттер:
- •Екпін (акцентуация) және оның түрлері
- •8.1 Екпін (акцентуация) және оның түрлері. Қазақ тіліндегі екпіннің жайы туралы. Екпіннің сөз ішінде тұрақты, тұрақсыз қолданылатын түрлері.
- •8.1 Екпін (акцентуация) және оның түрлері
- •Әдебиеттер:
- •Дауыс ырғағы (интонация), оның бірліктері және қызметі
- •9.1 Дауыс ырғағы (интонация), оның бірліктері және қызметі
- •9.2 Бунақ–ритмикалық топ, ырғақ екпіні.
- •9.1 Дауыс ырғағы (интонация), оның бірліктері және қызметі
- •9.2 Бунақ–ритмикалық топ, ырғақ екпіні
- •Әдебиеттер:
- •Дыбыстар тіркесі
- •10.1 Дыбыстар тіркесі. Дыбыстардың сөз буыны ішінде, түбір, түбір мен қосымша, сөз бен сөз арасындағы тіркесуі туралы. Дауыссыз дыбыстар тіркесу ерекшеліктері. Дыбыстар тіркесі және орфография.
- •10.2 Алмасу туралы түсінік. Дыбыстар сәйкестігі .
- •10.1 Қазақ тіліндегі дыбыстар тіркесі туралы
- •Қатаң - ұяң тіркестер.
- •Қатаң – үнді тіркестер.
- •Үнді-үнді тіркестер
- •Әдебиеттер:
- •Дыбыс өзгерістері. Ықпал түрлері
- •Әдебиеттер:
- •12.1 Сөз басындағы дыбыстық құбылыстар
- •12.2 Сөз ортасындағы дыбыстық құбылыстар
- •12.3 Сөз соңындағы дыбыстық құбылыстар.
- •Әдебиеттер:
- •Сингармонизм заңы. Аккомадация. Ассимиляция.
- •13.1 Сингармонизм – фонологиялық категория
- •Әдебиеттер:
- •Ассимиляция– дауыссыз дыбыстардың өзара үйлесуі
- •14.1 Ассимиляция– дауыссыз дыбыстардың өзара үйлесуі. Дауыссыз дыбыстардың шеп түрленімі. Аккомадация және диссимиляция туралы түсінік
- •14.1 Ассимиляция– дауыссыз дыбыстардың өзара үйлесуі.
- •Әдебиеттер:
- •Графика, әріп және әліпби.
- •15.1 Қазақ тілінің орфоэпиясы туралы.
- •15.2 Графика, әріп және әліпби. Орфоэпия және орфография. Орфоэпия және сингармонизм. Орфоэпия және дыбыстар тіркесі. Орфография және оның принциптері. Қазақ орфографиясы мен орфоэпиясы туралы.
- •Әдебиеттер:
2.2 Түркітанушы орыс ғалымдарының еңбектері
Қазақ (түркі) тілдері жөніндегі алғашқы мәліметтерді, зерттеу пікірлерді ХІХ ғасырдың ІІ жартысында жарияланған орыс оқымыстыларының еңбектерінен кездестіруге болады.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесіне қатысты алғашқы деректерді Н.И.Ильминский (1822-1891) жазған «Материалы к изучению киргизского наречия» атты 162 беттік еңбектен табамыз. Бұл еңбек 1860 жылы Қазан қаласында басылып шықты. Н.И.Ильминскийдің аталған еңбегін алғашқы қазақша-орысша сөздік деп те бағалаймыз. Н.И.Ильминский қазақ тіліндегі дыбыстарды дауысты, дауыссыз дыбыстар деп екі топқа бөледі. Дауысты дыбыстардың 8 түрін (а-ә, о, ө, ұ, ү, ы, і, е), дауыссыз дыбыстардың 19 түрін (п, б, т, д, ш, ж, с, з, қ, к, ғ, г, н, ң, р, л, и, у, м), барлығы 27 дыбысты көрсеткен. Н.И.Ильминский қазақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасын, жалпы алғанда, дұрыс анықтаған деуге болады. Ол тіл алды ашық «ә» дауысты дыбысының дербес фонема екендігін ескермей, оны а дауысты дыбысының жіңішке варианты деп түсінеді. Дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық ерекшеліктері, олардың комбинаторлық алмасуы (б-м, н-ң, к-г т.б.) туралы да пікір айтқан. Кейбір сөздердің басында «ж» дыбысы түсіріліп, енді бір күрделі сөздер құрамында «й» дыбысымен алмасатын бара жатыр, сол жерде сияқты мысалдар арқылы берілген. Ғалым дауыссыз дыбыстардың құрамында дж, ч аффрикаттары мен «һ» спиранты кездеспейді деп көрсеткен. Шамасы, Н.И.Ильминский еңбегі батыс қазақтарының тіл материалы негізінде жазылса керек. В.В.Радловтың (1837-1918) 1882 жылы Лейпциг қаласында неміс тілінде жарияланған «Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы» атты еңбегінің маңызы зор. Әлі ғылыми маңызын жоймаған осы еңбегінде ғалым қазақ тілінде 9 дауысты дыбыс (а, ә, о, ө, ұ, ү, ы, і, е) бар екенін айтып, оларды ашық (а, ә, о, ө, е), қысаң (ы, і, ұ, ү), еріндік (о, ө, ұ, ү), езулік (а, ә, е, ы, і), жуан (а, о, ұ, ы), жіңішке (ә, е, ө, ү, і) деп топқа бөліп, қазіргі жіктеудің негізін салды. Ғалым 20 дауыссыз дыбысты көрсетіп, оларды 1) жуан дауыссыздар: а) қатаң (қ, к, т, п, с, ш), б) ұяң (ғ, г, д, б, з, ж), в) жартылай дауыссыздар (й, у), 2) сонор дауыссыздар (н, ң, м, р, л), 3) көмей дауыссызы (һ) деп топқа бөлген. Демек, қазақ әліпбиіне алғаш «һ» көмей дыбысын қосқан да В.Радлов деп білеміз. Ол дауыссыз дыбыстарды эксплозив, тональді, тональсіз, спирант, сонор дыбыстар деп те топтастырған. В.Радлов л дыбысын жуанды-жіңішкелі түрде айтылатын екі фонема деп қате пікір айтқан. Қазақ тілі сөздерінде уа, ау дифтонгтары бар деген екен. Ол дифтонгілерді ашық, қысаң, ерін дифтонгілері деп үш топқа бөліп көрсетеді. Сондай-ақ, әуес, сүйеу т.б. сөздерді мысалға алып, қазақ тілінде үш дауысты дыбыстар қатар келеді деп, трифтонг дыбыстар ретінде қарастырған. Бірақ ғалымның дифтонг, трифтонг дыбыстар туралы көзқарастары қазақ тіліне жат құбылыс екендігін кейінгі ғылым дамуы дәлелдеді. В.Радлов сингармонизм заңдылығын дауысты дыбыстар гармониясы деп қарастырды. Қазақ тілінде негізгі және көмекші екпін бар, дауыс екпіні орыс тіліндегіге қарағанда әлсіз болады, сондықтан да қазақ тіліндегі өлең ұйқасы буындарды реттеп орналастыруға байланысты деген сияқты т.б. пікір айтқан. В.Радлов зерттеулері жөнінде үш мәселе есте болуы қажет: оның бірі – екпін мәселесі, екінші мәселе – дыбыстардың дистрибуциясы, үшіншісі – түркі тілдерінің үндестік заңы .
П.М.Мелиоранский (1868-1906) «Краткая грамматика казах-киргизского языка» деп аталатын екі бөлімнен тұратын еңбегінің біріншісін фонетика мен морфологияға арнаған екен [8]. Бұл еңбекте қазақ тілі дыбыстары, оның орысша транскрипциясы, араб алфавиті, қазақ тілі дауыстылары мен дауыссыз дыбыстары, дауыстының түсіп қалуы, созылмалы дауысты, дауыстылар арасында келген дауыссыз дыбыстар, сингармонизм заңы, т.б. мәселелер қарастырылады. Ол қазақ тілінде тоғыз дауысты (а, ә, о, ө, е, ы, і, ұ, ү) дыбыс бар деп, оны ашық-қысаң, жуан-жіңішке деп жіктейді. Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстарды көрсеткен, бірақ оның қалған дауыстылар орыс тіліндегідей айтылады деген пікіріне келісуге болмайды.. Ғалым қазақ тілінде жиырма бір дауыссыз (б, п, м, т, д, н, ж, з, ш, с, р, л, к, г, қ, ғ, ң, й, дж) дыбыс бар екенін көрсетеді. П.М.Мелиоранский де өзінен бұрын жазылған В.Радлов еңбектерінің ізімен л дыбысын жуанды-жіңішкелі түрде айтылатын вариантын дербес фонема деп таныған. Сондай-ақ жергілікті ерекшелікке байланысты айтылатын дж аффрикатын қазақ тіліндегі негізгі дыбыстар қатарына қосқан. П.М.Мелиоранскийдің сөз құрамындағы дыбыстардың айтылуына, олардың позициялық ерекшеліктеріне назар аударады,. басқа тілден енген сөздер қазақ тілінің заңдылығына бағынатынын, сөз басында д дыбысы сирек қолданылатынын да байқаған. Қазақ тілінде еріндік дыбыстар алғашқы буында болып, кейінгі буындарда оның күші әлсірейтінін, о, ө, ұ дыбыстары кейінгі буындарда ы, і болып айтылады деген екен.
Л.З.Будагов (1812-1878) жазған «Сравнительный словарь турецко-татарских наречий» деп аталатын екі томдық сөздік еңбек болды. Бұл еңбекте қазақ тіліне қатысты сөздерді арабша, орысша әріптермен белгілеп, орфографиялық, орфоэпиялық ерекшеліктерін салыстыра қарауға талпыныс жасалған. Н.Сазонтов қазақ тілінде 13 дауысты дыбыс бар десе, И.Лаптев 14 дауысты бар деп қате пікір айтқан. Сондықтан бұл еңбектердің аты мен авторлары туралы ғана айтпақпыз. Бұл еңбектер қатарында М.А.Терентьев «Грамматика турецкая, персидская, киргизская и узбекская» (1875), А.В.Старчевский «Спутник русского человека в Средней Азий» (1878), Н.М.Пантусов «Материалы к изучению сартовского наречия тюркского языка» (1899), В.Катеринский «Грамматика кригизского языка» (1897), И.Лаптев «Материалы по казах-киргизскому языку» (1900), Н.Ф.Катанов «Опыт исследования урянхайского языка» (1903), Н.Сазонтов «Записки по грамматике киргизского языка» (1912), Г.В.Архангельский «Грамматика казахского языка» (1927) т.б. атап көрсетпекпіз.
Алғашқы зерттеуші ғалымдар арасында В.А.Богородицкийдің «Законы сингармонизма в тюркских языках» (1927), «Введение в тюркско-татарское языкознание» (1922) атты еңбектердің маңызы ерекше болды. Ғалым түркі тіліндегі ерін үндестігін, оның ерекшелігін көрсетуге талаптанған. Н.Ф.Катанов екпін түркі тілдерінде сөздің үнемі соңғы буынында болады деген пікір айтқан еді. Ф.Корш, Б.Я.Владимирцев сияқты ғалымдар дауыс екпіні алғашқыда сөздің бас буынында болды дегенді айтқан-ды.
