- •1.Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар арасындағы байланыс.
- •2.Гидродинамика. Үзіліссіздік теориясы.
- •1.Жарықтың поляризациясы. Малюс заңы.
- •2. Ньютонның I және II заңдары. Масса.
- •1.Электр өрісінің күш сызықтары. Электр өрісінің кернеулігі.
- •2.Жарықтың дифракциясы. Дифракциялық тор.
- •1.Механикалық энергия және оның сақталу заңы. Жұмыс және қуат. Өлшем бірлігі.
- •2.Жылулық сәулелену.Абсолют қара дене және оның заңдары.Планк постулаты
- •1.Электростатикалық өрістің кернеулігі.Күш сызықтары. Қабаттасу принципі.
- •1.Гармоникалық тербелістер.Математикалық және физикалық маятниктердің дифференциалдық теңдеуі.
- •2. Жарықтың интерференциясы.Ньютон сақинасы.
- •1.Айнымалы ток үшін Ом заңы.Индуктивтілік ,сиымдылық және активті кедергілер.
- •2.Ядроның байланыс энергиясы.Масса ақауы.
- •1.Жарықтың поляризациясы. Жарықтың қосарлана сыну құбылысы.Николь призмасы.
- •1.Электр өрісінің потенциалдық энергиясы және потенциалы. Электр өрісінің кернеулігі мен потенциалы арасындағы байланыс.
- •2.Изопроцестер. Идеал газ заңдары.
- •1.Идеал газдың молекула-кинетикалы теориясының негізгі теңдеуі.
- •2. Магнит өрісінің индукция векторы,оның бағыты және күш сызықтары
- •11Билет
- •1.Табиғи жарық және поляризацияланған жарық.Малюс және Брюстер заңы.
- •2. Тасымалдау құбылысы. Диффузия. Жылу өткізгіштік.Меншікті жылу сиымдылығы.
- •12Билет
- •1.Электростатикалық өріс. Кулон заңы және ортаның электр өтімділігі.
- •2 Фотоэффект.Эйнштейн теңдеуі.Фотоэффекттің заңдары.
- •1.Сызықтық және бұрыштық үдеулердің арасындағы байланыс.
- •2.Магнит өрісінің энергиясы.
- •15Билет
- •2.Қатты денелердің деформациясы.Гук заңы. Серпімді және серпімсіз деформация.
- •16Билет
- •1.Жарықтың толқындық сипаттамалары.Гюйгенс принципі.
- •2.Кинетикалық және потенциалдық энергия. Энергияның сақталу заңы.
- •1.Қатты дененің айналмалы қозғалысының динамикасы.Күш моменті. Инерция моменті.
- •2.Ядро құрылысы.Масса ақауы.
- •1.Радиоактивтілік және оның заңдары.
- •2.Фотоэффект құбылысы.Сыртқы фотоэффект үшін Эйнштейн теңдеуі.
- •1.Электромагниттік тербелістер,тербелмелі контур және оның периоды.
- •2.Радиоактивтілік.Радиоактивтіліктің ыдырау заңы.Жартылай ыдырау периоды.
- •1.Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі.
- •2.Сұйықтың негізгі қасиеті. Үзіліссіздік теңдеуі.
- •1.Активті,индуктивті және сиымдылық кедергілері бар айналмалы ток тізбегі.
- •1.Еркіндік дәрежелерінің саны.Ішкі энергия.
- •2.Тұрақты электр тогы.Ом заңы.
- •23 Билет
- •1.Атом құрылысы.Резерфорд тәжірибесі.Бор постулаттары.
- •2.Тогы бар өткізгіштердің әсерлесуі.Ампер күші.Сол қол ережесі.
- •24Билет
- •1.Идеал газдың молекулалық-кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі.
- •2.Еркін гармоникалық тербеліс.Тербелістің кинематикасы.
- •25Билет
- •1.Ом заңы. Өткізгіштің кедергісі.
- •2.Жарықтың поляризациясы.Малюс заңы.Поляризацияланған жарықты медицинада қолдану.
- •1.Айналмалы қозғалыс және оны сипаттайтын шамалар.
- •27 Билет
- •1.Конденсаторлар және оның сиымдылықтары.
- •2.Ядролық күштер және оның ерекшеліктері.
- •28 Билет
- •1.Электромагниттік тербелістер,тербелмелі контур және оның периоды.
- •2.Радиоактивтілік.Радиоактивтіліктің ыдырау заңы.Жартылай ыдырау периоды.
- •1.Атом құрылысы.Резерфорд тәжірибесі.
- •2.Магнит өрісінің қозғалыстағы заядқа әсері.Лоренц күші және оның бағытын анықтау.
2. Ньютонның I және II заңдары. Масса.
“Егер денеге сырттан күш әсер етпесе, онда ол тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстағы күйін сақтайды”. Біздің дәуірімізге дейінгі 4-ғасырдан бастап, жиырма ғасырға созылған уақыт бойы гректің ұлы ойшылы Аристотельдің және оның жолын қуушылардың идеясы үстемдік етті. Олардың көзқарасы бойынша дене тұрақты жылдамдықпен қозғалу үшін, оған үнемі басқа дене әрекет ету керек деп есептелінді: дененің табиғи күйі тыныштық деп саналды. Алғаш рет итальян ғалымы Галилео Галилей (1564-1642) ғасырлар бойы қалыптасқан бұл қағидадан бас тартты. Ол өзінің жүргізген тәжірбиелері негізінде Аристотель мен оның жолын қуушылар ілімінің жалған екендігін дәлелдей білді. Егер денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілген болса, онда дене не тыныштықтағы күйін сақтайды, немесе түзу сызықты және бір қалыпты қозғалысын жалғастырады деген қорытындыға келген болатын. Бұл өздеріне танысинерция заңы. И.Ньютон инерция заңын механика негізіне енгізді, сондықтан бұл заңды Ньютонның бірінші заңы деп атайды.
“Дененің қозғалыс мөлшерінің өзгеруі түсірілген күшке пропорционал және ол күшпен бағыттас болады”. Қарапайым бақылаулар, егер әр түрлі денелерге бірдей күшпен әрекет жасаса, олардың түрліше үдеу алатының көрсетеді. Ньютонның екінші заңы төмендегіше тұжырымдалады: Денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал, ал оның массасына кері пропорциянал: a=F/m Ньютонның екінші заңының формуласы
F=ma
Масса бүкіләлемдік тартылыс заңына сәйкес басқа денелермен әсерлесу қабілеттілігін де сипаттайды. Мұндай жағдайда масса гравитацияның өолшемі болып табылатындықтан оны гравитациялық масса д.а. өлшем бірлігі кг. Масса скалярлық шама.
3-билет
1.Электр өрісінің күш сызықтары. Электр өрісінің кернеулігі.
Электр
өрісі кернеулігін сызықтармен
кескіндейді. Ол сызықтардың әр
нүктесіндегі жанамалар, сол нүктедегі
өріс кернеулігі (Е→)
векторымен дәл келетін болу керек.
Мұндай сызықтар өрістің күш сызықтары
немесе кернеулік сызықтары д.а. Электр
өрісі- электр зарядтары өзара әсерлесетін
материяның түрі. Электр өрісін заряд
туғызады. Электр өрісін өлшеуіш
құралдармен байқауға болады. Осы сыншы
зарядты электр өрісіне қойған кезде
оң зарядтардың кеңістіктегі орнына
және мәніне ешбір өзгеріс енгізбеу
керек. Осыған қандай да бір Ғ күші әсер
етеді. Осы күштің сынақ зарядқа
қатынасының векторлық шамасы электр
өрісінің кернеулігі д.а. E=
- бұл векторлық шаманы берілген нүктедегі
электр өрісінің кернеулігі д.а. өлшем
бірлігі (Н/Кл)
2.Жарықтың дифракциясы. Дифракциялық тор.
Толқындардың жолдарында кездесетін кедергілер мен бөгеттерді орап, айналып өту құбылысы дифракция д.а. Кең мағынада дифракция деп- жарықтың түзу сызықты жолдан бұрылу құбылысы айтылады. Яғни толқынның түзу сызықты таралуынан геометриялық оптиканың заңдарынан ауытқуы дифракция д.а. Дифракцияны Гюйгенс принципі түсіндіреді- екінші ретті толқындар 1-ші ретті толқындардың алдындағы кедергілер мен бөгеттерден бұралып айналып өтеді.
Айқын да анық дифракциялық суретті алу және бақылау үшін дифракциялық торды пайдаланады. Дифракциялық тoр дегеніміз — жарық дифракциясы байқалатын тосқауылдар және саңылаулардың жиынтығы.Дифракциялық торды реттелген дифракциялық тop және реттелмеген дифракциялық тop деп бөледі. Реттелген тор деп саңылаулары белгілі бір қатаң тәртіп бойынша орналаскан торларды, ал реттелмеген деп саңылаулары тәртіпсіз орналасқан торларды айтады. Геометриялық құрылысына қарай торларды жазық және кеңістіктік торлар деп те бөледі. Кеңістіктік реттелмеген торларға, мысалы, тұмандағы ауа тамшылары немесе мұз қиыршықтарының жиынтығы, көз кірпіктері жатады.
4-билет
