Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_fizika.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
273 Кб
Скачать
☆

1.Жарықтың поляризациясы. Жарықтың қосарлана сыну құбылысы.Николь призмасы.

Жарықтың полярлануы, жарық поляризациясы — жарық толқынының электр және магнит өрістері кернеуліктері векторларының (Е және Н) жарық сәулесі жазықтығынаперпендикуляр жазықтықта бағдарлануының реттелуі. Электр өрісі кернеулігі (Е) мен жарық сәулесі жататын жазықтық полярлану жазықтығы деп аталады. Жарықтың полярлынуы сызықтық жарықтың полярлынуы (Е өзінің тұрақты бағытын сақтайды), эллипстік Жарықтың полярлынуы (Е-нің ұшы жарық сәулесіне перпендикуляр жазықтықта эллипс сызады) жәнедөңгелек жарықтың полярлынуы (Е-нің ұшы шеңбер сызады) болып ажыратылады. Жарықтың полярлануын полярланған приборлар, поляроидтар, т.б. арқылы алуға болады. Жарықтың полярлануы зат құрылысының кейбір ерекшеліктерін түсіндіруге мүмкіндік береді. “Жарықтың полярлануы” ұғымын И.Ньютон енгізген.

Табиғатта және техникада өзіне түскен жарық сәулелерін қосарландырп көрсететін кристалдар кездеседі.Егер осындай кристалдар арқылы биз затты көретін болсақ, онда оның қосарланған кескінін байқауға болады. Бұл құбылысты 1-ші рет 1647 жылы дат ғалымы Э.Бартолин (1625-1698жж) исланд шпатын зерттеудің нәтижесінде ашқан болатын. Сондықтан мұндай құбылысты жарық сәулелерінің қосарланып сынуы д.а. да осындай қасиеттері бар кристалдар қосарландырып сындырушы дейді. Сәуленің қосарланып сынуын зерттеу үшін исланд шпатын қолданады. Ол жұмсақ, мөлдір минерал. Осы айтылған құбылыстарды пайдаланып табиғи жарықты жазықта поляризацияланған жарыққа айналдыру үшін поляроид, яғни Николь призмасын қолданады. Поляроид туралы жарық исланд шпаты кристалданып сынғанда пайда болатын кәдімгі және өзгеше сәулелердің әр қайсысы толық поляризацияланған сәулелер болғандықтан исланд шпатының кристалын әрі поляризатор, әрі анализатор ретінде пайдалануға болады. Осындай призмалардың бір түі Николь призмасы д.а. Николь призмасының 1 артықшылығы ішіне түскен жарықтың түсі өзгермейді.Бірақ 2 призма жабыстырылған канада бальзамының ультракүлгін сәулелер өте алмайды, сондықтан Николь призмасы тек толық поляризацияланған көрінетін жарық алу үшін ғана пайдаланылады. Егер Николь призмасының көмегімен поляризацияланған жарық алатын болсақ, ол поляризатор, ал поляризацияланған жарық электр векторының тербеліс бағытын анықтайтын болса ол анализатор қызметін атқарды.

2.Сызықтық және бұрыштық үдеулер арасындағы байланыс.

Механикада бұрылу бұрышын радианмен өлшеу келісілген. Радиан — ɭ доғасының щындығы R радиусына тең болатын φ центрлік бұрыш. Бұрылу бұрышының уақыт өтуімен өзгеруін бұрыштық жылдамдық арқылы сипаттайды.

Бұрыштық жылдамдық деп дененің бұрылу бұрышының осы бұрылуға кеткен уақытқа қатынасымен өлшенетін шаманы айтады. Бұрылу бұрышы φ әрпімен белгіленеді.

Дененің шеңбер бойымен қозғалысын қарастырғанда, дененің түзусызықты қозғалысын сипаттайтын жылдамдық та колданыла береді. Бірақ дененің шеңбер бойымен қозғалысыжағдайында оны сызықтық жылдамдық деп атау келісілген.  

Бұрыштық жылдамдық пен сызықтық жылдамдықтың жоғарыда алынған формулалары есеп шығару кезінде жиі колданылады.

9-билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]