Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АБ шпор.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
111 Кб
Скачать
☆

3,Адам биологиясы пәнінің басқа ғылымдармен байланысын көрсетіңіз

Адам биологиясы» - жан-жақты дамыған, басқа да пәндердің жиынтығының қалыптасқан оның ішіндегі адамның эволюциялық шығу тегін, жер бетінен географиялық таралуын (антропогенез), уақытқа байланысты кеңістіктегі адам популяциясының құрылымы (нәсіл танушылық), ағзаларының жеке дамуы мен оның морфологиялық өзгергіштігін (антропометрия), генетикалық тегін, физиологиялық және экологиялық жақтарын зерттеуші ғылыми пән.

Адам және оны қоршаған әлем туралы жүйелі түсініктің күшеюімен, ғылым мен ғылыми бағыттардың өсуімен, адамның рухани - адамгершілік дамуы мен жалпы адамзаттық құндылықтарды танып - білуге байланысты бізге жаңа адами - ғылыми әдіснама қажеттігі қазіргі уақытта қатты байқалуда. Бұндай әдіснама философия, педагогика және психология ғылымдарының ықпалдастығынан туындаған

4,Адам биологиясы пәнінің зерттеу әдістерін сипаттап жазыңыз

«Адам биологиясы» - жан-жақты дамыған, басқа да пәндердің жиынтығының қалыптасқан оның ішіндегі адамның эволюциялық шығу тегін, жер бетінен географиялық таралуын (антропогенез), уақытқа байланысты кеңістіктегі адам популяциясының құрылымы (нәсіл танушылық), ағзаларының жеке дамуы мен оның морфологиялық өзгергіштігін (антропометрия), генетикалық тегін, физиологиялық және экологиялық жақтарын зерттеуші ғылыми пән.

Егіздік әдіс

Егіздер деп бір мезгілде екі немесе екіден көп туған балаларды айтады. Егіздердің пайда болуына қарай екі топқа бөледі. Бір жұмыртқалы егіздер (БЕ) және әр түрлі жұмыртқалы егіздер (ӘЕ). Бір жұмыртқалы егіздер бір сперматозоид ұрықтандырған жұмыртқа жасушасының (бластуланың) теңдей екі бөлікке бөлінуінен дамиды. Әр түрлі жұмыртқалы егіздер бір уакытта пісіп-жетілген екі жұмыртқа жасушасының екі спермато

Популяциялық-статистикалық әдіс

Жеке адамның генотипі емес, популяциядағы қандай да бір аллельді тасымалдап жеткізушінің мөлшерін және әр алуан генотиптердің пайыздық арақатынасын айқындауды зерттейді. Яғни тектік қорының құрылымын анықтайды. Тектік қор (генофонд) - генотиптердің белгілі жиілігін сипаттайтын барлық гендер популяциясының жиынтығы.зоидтен ұрықтануынан пайда болады.

Иммунологиялық әдіс

Ол қан тобы мен резус-фактордың тұқым қуалауын зерттеу негізде пайда болды. Алайда қазіргі кезде бұл әдістер ағза иммунды реакцияларының тұқым қуалау типтерін зерттеуге қолданылады. Осы бағыттың арқасында зерттеуді отбасын жоспарлап, резус-шиеленістің пайда болуы кезінде ұрықты өлуден сақтап қалуға мүмкіндік туады. Бұл бағыт пен оның әдісі мүшелер мен ұлпаларды ауыстырып салуға (трансплантация) донорларды генетикалық таңдау кезінде қолданылады.

Биохимиялық әдіс

Бұл әдіс арқылы кейбіртұқым қуалайтын аурулардың зат алмасу процесінің бұзылуынан болатынын анықтайды. Мысалы, қант диабеті алкантонурия (оксидоза ферментінің жетіспеуі) фенилкетонурия (кемақыл), альбинизм (меланин түзілмейді), т.б. Осы әдісті қолдану нәтижесінде 500 аурудың түрі анықталды.

Модельдеу әдісі. Адам генетикасында модельдеу әдісінің екі түрі болады: биологиялық және математикалық. Тұқым қуалайтын ауруларды биологиялық модельдеу Н.И. Вавиловтың тұқым қуалаудағы өзгергіштіктің гомологтік қатарлар заңына негізделген.