Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АБ шпор.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
111 Кб
Скачать
☆

9,Нағыз» гоминидтердің эволюциясының кезеңдері : homo erectus типтері. Homo sapiens түрінің ерте дүние өкілдерінің түрлерін атап шығыңыз

Гоминоидтар. Гоминоид –(Hominoidea) приматтардың негізгі бір бұтағы. Қазіргі заман гоминоидтарын 3 топқа бөледі: гиббондар, адам тәрізді маймылдар және адам (қазіргі гиббондарды жеке тұқымдасқа –Hilobatidea бөлді). Қазіргі қалыптасқан жүйе бойынша адамды, адам тәрізді маймылды екі тұқымдасқа Hominoidea және Pongidea жатқыза-ды.

Адам тәрізді маймылдардың плиоценда, бәлкім миоценнің соңын-да антропоид линиясы бөлініп шыққан. Ол екі туыстан тұрған Austra-lopithecus және Homo. Барлық австралопитектер плейстоценнің соңы-на дейін өліп біткен. Homo-туысы басқа линияға жатады, оның негізгі ерекшелігі миы үлкен. Үш түрге бөлінеді H. һabilis, H.erectus, H.Saniens. Барлығы Африкада пленстоценде тіршілік еткен. H. Һabilis, Homе туысының ежелгі өкілі, Australopithecus пен Homo арасындағы өтпелі форма. Аталған үш түр бірінен соң бірі түр тізбегін түзеді.

10, Эволюциялық өзгерістің типтерін түсіндіріңіз

Академиктер Алексей Николаевич Северцов пен Иван Иванович Щмальгаузен эволюцияның биологиялық прогреске әкелетін 3 бағытын анықтады: 1. Ароморфоз (морфофизиологиялық прогресс немесе арогенез). 2. Идиоадаптация (аллогенез). 3. Дегенерация (катагенез).

1. Ароморфоз (грекше "аіrо" — көтеру, "тоrрһа" — пішіні), оны кейде арогенез деп те атайды. Бұл кезде организмдердің құрылысында күрделі өзгерістер байқалады. Арогенез кезінде — даралардың құрылым деңгейі күрделеніп тіршілік етуге бейімділігі арта түседі. Мысалы, эволюция процесінің нәтижесінде 2 қабатты жануарлардан пайда болған жалпақ құрттарда үшінші мезодерма қабаты пайда болды. Оған буылтық құрттардағы қан айналым жүйесінің пайда болуы, хордалыларда ішкі қаңқаның жетілуі, омыртқалы жануарларда жүрек құрылысының және т.б. мүшелерінің күрделенуі жатады. Ароморфоз — тұқым қуалайтын өзгергіштік пен табиғи сұрыпталудың негізінде қалыптасады. Жануарлардың белсенді қозғалысы, тыныс алу мүшелеріндегі күрделі өзгерістер (желбезек, өкпенің пайда болуы), балықтардан бастап құстар мен сүтқоректілерде жүрек құрылысының күрделенуімен қатар жеке веналық қан тамырлар мен артериялық қан тамырларға бөлінуі, т.б. Мұның бәрі де жануарлардың белсенді тіршілік етіп, сыртқы орта жағдайларына бейімделуін арттырады. Ароморфоз — эволюция барысында ұзақ уакыт сақталып макроэволюцияда жаңа ірі жүйелік топтардың (тип, класс, отряд) пайда болуына әсерін тигізеді. Ароморфоз биологиялық прогреске жетудің негізгі жолы болып саналады. Өсімдіктердегі күрделі ароморфоздық өзгеріске — спора арқылы көбеюден тұқыммен көбеюге көшуін (ауысуын), гүлдің, жемістің пайда болуын мысал ретінде атауға болады. Ароморфоздың эволюцияның ең негізгі жолына: бір жасушалылардан көп жасушалыларға; екі қабатты организмнен үш қабаттыға; төменгі сатыдағы хордалылардан жоғары сатыдағы хордалыларға дейін дамуын атауға болады.

2. Идиоадаптация (грекше "idios" — ерекшелігі, латынша "adaptatio" — бейімделушілік). Идиоадаптация (аллогенез) — биологиялық құрылым деңгейін күрделендірмей өзгертпей тіршілік үшін күресте организмдердің өзіне пайдалы белгілі бір орта жағдайына бейімделушілігі. Әрбір түр белгілі бір ортада тіршілік ететіндіктен дәл осы ортаға тән пайдалы бейімделушілік калыптасады. Мұндай бейімделушілік кезінде организмдердің жалпы құрылыс деңгейлері күрделенбей-ақ прогрессивті дамуына мүмкіндік туады.

Қорыта айтқанда, идиоадаптадиялық бейімделу арқылы микроэволюциялық процестер жүзеге асады

3. Дегенерация (катагенез; грекше "kata" — қарапайымдану, кері кету,) эволюциялық дамуында қарапайымдала түсу деген ұғымды білдіреді. Оны дегенерация немесе морфофизиологиялық регресс деп те атайды. Эволюциядағы қарапайымдану жалпы регресс және жеке регресс деп бөлінеді. Жалпы регресс — организмнің барлық құрылымының қарапайымдануынан, ал жеке регресс жеке мүшелерін жоғалтуынан айқын байқалады. Бұл кезде организмдердің тіршілік ету ортасына пайдасыз мүшелері регреске ұшырап жойылады, оның орнына бейімделу ыңғайына қарай жаңа мүшелер пайда болады. Дегенерация (катагенез) кезінде организмдердің жалпы құрылым деңгейі қарапайымдала келе орта жағдайына бейімделеді. Катагенез (морфофизиологиялық регресс:) паразитті тіршілік етуге көшкен организмдерде, бір орынға бекініп тіршілік ететін жануарларда, жер астында және үңгірлерде тіршілік ететін жануарлардың жеке мүшелерінен айқын байқалады. Паразитті тіршілік етуге көшкен организмдердегі катагенез мысалдарына: паразитті тіршілік ететін жануарларда (жалпақ құрттарда) сезім, ас қорыту мүшелерінің жойылып, жүйке жүйесі құрылысының қарапайымдануын атауға болады. Жойылған мүшелерінің орнына өздеріне пайдалы, иесінің ішектеріне жабысып бекіну үшін ауыз айналасында сорғыштар мен бекінгіш өHYPERLINK "/w/index.php?title=%D0%91%D0%B5%D0%BA%D1%96%D0%BD%D0%B3%D1%96%D1%88_%D3%A9%D1%81%D0%BA%D1%96%D0%BD%D0%B4%D0%B5%D1%80&action=edit&redlink=1"скіндер дамиды. Адамның асқазанында болатын сиыр таспақұрты 18 — 20 жыл өмірінде 11 млрд-қа жуық жұмыртқа салады. Олардың жұмыртқаларын иесінің денесі қорғайтындықтан өте қарқынды көбейіп, кең таралуына мүмкіндік туады. Өсімдіктердегі катагенез — олардың паразиттік тіршілік етуімен тығыз байланысты.