- •1,Адам биологиясы пәнінің мақсаты, міндеттерін сипаттап жазыңыз
- •2,Адам биологиясы саласының даму кезеңдерін сипаттаңыз
- •3,Адам биологиясы пәнінің басқа ғылымдармен байланысын көрсетіңіз
- •4,Адам биологиясы пәнінің зерттеу әдістерін сипаттап жазыңыз
- •5, Антропология ілімі және антропогеннің кезеңдерін сипаттап жазыңыз
- •6,Приматтармен адамдардың жалпы морфофизиологиялық және экологиялық-географиялық сипаттамасына анықтама беріңіз, мысал келтіріңіз
- •7,Адам және эволюцияға анықтама беріңіз, мысал келтіріңіз
- •8,Антропогенез және адамның филогенетикалық дамуын атаңыз, сипаттап жазыңыз
- •10, Эволюциялық өзгерістің типтерін түсіндіріңіз
- •9,Нағыз» гоминидтердің эволюциясының кезеңдері : homo erectus типтері. Homo sapiens түрінің ерте дүние өкілдерінің түрлерін атап шығыңыз
- •11,Адам генетикасы және адам белгілерінің тұқым қуалауының классикалық типтерінің маңызын сипаттап жазыңыз
- •12,Адам геномын зерттеудегі тәсілдер мен зерттеулерді түсіндіріңіз, айырмашылығын көрсетіңіз
- •2,Иммунологиялық әдіс
- •3,Популяциялық-статистикалық әдіс
- •4,Биохимиялық әдіс
- •13,Мендель заңдарының маңызын атап көрсетіңіз
- •14,Гендердің өзара әсерін сипаттап көрсетіңіз
- •15,Жыныс пен тіркес тұқымқуалаушылықты ашып сипаттаңыз
- •16, Жыныс хромосамалары және гендердің қызметін сипаттаңы және салыстырыңыз
- •17 Жыныстардың сандық қатынастарын сипаттаңыз және түсіндіріңіз
- •19 Адам экологиясы және тұрғындардың денсаулығы олардың тіршілік ету
- •22 Мутациялық процестің механизмін сипаттаптүсіндіріңіз
- •23,Сана құрылымының және қызметінің алғашқы белгілерін түсіндіріңіз
- •24 Оң жақ және сол жақ шарлардың маңызын ашып көрсетіңіз
- •26 Жеке басқа тән ерекшеліктердің психологиясы және темпераменттің маңызын түсіндіріңіз
- •27 Алақан, саусақ, табанның бетіндегі эпидермальдық суреттері және жер бетіндегі дерматоглифті суреттердің таралуын түсіндіріңіз
- •28 Бастағы және денедегі шаш жабындысының құрылысы, пішіні, өсу дәрежесін түсіндіріңіз
- •29 Көздің түсі және пигментациясы және көздің құрылысының маңызын түсіндіріңіз
- •30 Денені өлшеудің жалпы тәсілдері және антропометрия көрсеткіштерідің маңызын түсіндіріңіз
- •31, Бас индекстерінің көрсеткіштері және бассауытының сыйымдылығы қарастырыңыз
- •32, Дене құрылысының типтері және өсу индексі анықтаңыз
- •33, Тіс, тіс формасы және оның ерекшеліктері, тістің құрылысы, тістің ерекшеліктерін анықтаңыз
- •34, Во жүйесі, қанның топтарға бөлінуі және қан құю кестесін анықтау зертханалық жұмыстарының жасалу барысын сипаттап қарастырыңыз.
- •35, Қандағы во жеографиялық таралуын анықтау зертханалық жұмысының әдістемесін қарастырыңыз
- •37, Адам конституциясы жөнінде түсінік. Психология және конституция зертханалық жұмысының маңызын ашып жазыңыз
- •38.Rh тобының географиялық таралуының зертханалық әдісінің барысын анықтап маңызын ашыңыз
- •40.Адам аурулары және конституциясын қарастырыңыз
- •41,.Дененің ұзындығын өлшеу әдістерін қарастырыңыз
- •42.Резус-фактор туралы түсінік және оны сипаттаңыз
- •43.Терінің құрылысының ерекшеліктерін қарастырыңыз
- •44.Кречмер жүйесі және Шелдон жүйесін тоқталыңыз
- •45, Виола жүйесінің жыныстық айырмашылығы туралы зерттеуді түсіндіріп, айқындаңыз.
11,Адам генетикасы және адам белгілерінің тұқым қуалауының классикалық типтерінің маңызын сипаттап жазыңыз
Адам генетикасы. Адамның тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиетін зерттейтін генетика ғылымының бір саласын антропогенетика деп атайды. Адамның биологиялық пісіп-жетілуі, мінез-құлық қасиеттері тұқым қуалайтын гендердің бақылауында болады. Адамның денесі 500 триллиондай жасушадан тұратын болса, оның әрбір дене жасушасы 46 хромосомадан, ал жыныс жасушаларында 23 хромосома болады. ҰHYPERLINK "/wiki/%D2%B0%D1%80%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D0%BD%D1%83"рықтану кезінде жыныс жасушалHYPERLINK "/wiki/%D0%96%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D1%81_%D0%B6%D0%B0%D1%81%D1%83%D1%88%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80%D1%8B"ары (гаметалар) қосылады, соның нәтижесінде жасушада хромосомалардың толық, жиынтығы қалпына келеді. Қазір ғалымдардың болжауы бойынша, адамның генотипінде 26 мыңнан 40 мыңға дейін ген бар. Олардың керінуі сыртқы ортаға, әлеуметтік жағдайға және тәрбиеге тығыз байланысты. Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтары барлық тірі организмдерде, оның ішінде адам үшін де бірдей. Адамның көптеген белгілерінің тұқым қуалауы Мендель зандылықтарына сәйкес беріледі. Адамда да басқа организмдер сияқты доминантты және рецессивті белгілер бар.Адам генетикасының ерекшеліктері
Генетика ғылымы қарастыратын тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің барлық заңдылықтары адамға да тән болып есептеледі. Себебі ол да тіршіліктің бір түріне (Homo Sapіens) жатады. Тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі жағынан адамның басқа жануарлардан айтарлықтай өзгешелігі жоқ. Бәрінде де тұқым қуалайтын қасиет ұрпақтан-ұрпаққа хромосома құрамында болатын гендер арқылы беріліп отырады. Адамның жануарлардан айырмашылығы оның саналылығы мен екінші сигналдық жүйесінің (системасының) болатындығында, соған байланысты оның сыртқы ортаға бейімделу мүмкіндігі де мол болып келеді. Жалпы адамзат қоғамда өмір сүретіндіктен оның эволюциялық дамуында әлеуметтік факторлардың да рөлі бар. Бірақ, біз тек биологиялық жағын қарастырамыз. Адамның генетикалық объект ретіндегі ерекшелігі — оның генетикасын зерттеуді қиындататын көптеген қайшылықтар бар. Олар: жыныстық жағынан кеш-пісіп жетілетіндігі; әр отбасынан тарайтын ұрпақ санының аздығы; барлық ұрпақтың тіршілік ортасын теңестірудің мүмкін еместігі, хромосома санының көп болатындығы, адамға тәжірибе жасауға болмайтындығы және басты бір қайшылық — адамның кейбір тұқым қуалайтын қасиеттерінің мысалы, қабілеті мен мінез-құлқының дамып қалыптасуына кедергі келтіретін ұлтшылдық, нәсілшілдік сияқты әлеуметтік теңсіздіктің болатындығы. Осы аталған қиыншылықтарға қарамастан, кейінгі кездерде адам генетикасы жедел қарқынмен дамуда. Ең соңғы жаңалықтардың бірі — ХХІ ғасырдың басында адамның генетикалық кодының шешілуі.Адамда белгілердің тұқым қуалауын зерттеу — өте күрделі процесс. Өйткені адамның генетикасын зерттеуде еркін шағылыстырудың мүмкін еместігі, жыныстық жағынан кеш пісіп-жетілуі, ұрпақ санының аз болуы және хромосомалар санының көп болуы елеулі қиындықтар тудырады. Адамның тұқым қуалайтын ауруларының 4 мыңға жуық түрі анықталды. Олардың көпшілігі психикалық ауытқулармен сипатталады. Бұл аурулар адам генетикасындағыхромосомалардың санының, құрамының өзгеруіне және гендердіңмутациясынабайланысты. Қазір жаңа туған балалардың 5%-ы тұқым қуалайтын аурумен ауырады немесе соған бейімделіп туады. Көрсетілген қиындықтарға қарамастан, адам генетикасын зерттеу жұмыстары генеалогиялық, цитогенетикалық, егіздік және биохимиялық әдістерді қолдану барысында үлкен табыстарға жетті.
