- •1. Полимерлі композициялық материалдар (пкм) туралы түсінік. Мысалдар келтіріңіз (толтырылған, армирленген полимерлер, қоспалар).
- •2.Полимерлі композициялық материалдарға арналған талшықты толықтырғыштардың (шыны, органикалық,көміртекті және басқа да талшықтар) қасиеттерін сипаттаңыз.
- •3. Полимерлі композициялық материалдардың түрлерін сипаттаңыз және олардың классификациясынтүсіндіріңіз.
- •4.Пкм үшін арналған дисперсті толтырғыштардың түрлерін ата және сипаттамаларын бер.
- •5.Пкм алу үшін арналған дисперсті толтырғыштардың (бейорганикалық, полимерлі және т.Б) қасиеттерін түсіндіріңіз. Мысалдар келтіріңіз.
- •6. Пкм алу үшін арналған байланыстырғыштардың қасиеттерін сипаттап, мысалдар келтіріңіз.
- •7. Пкм құруда полимерлі матрица ретінде қолданылатын термореактивті байланыстырушылардың қасиеттерін түсіндіріңіз. Термореактивті полимерлердің негізгі түрлеріне мысалдар келтіріңіз.
- •8.Пкм қолданылатын термопласты байланыстырушылардың негізгі түрлерін ата және сипаттамаларын бер.
- •10. Полимерлердің механикалық беріктігі мен ұзақтығын сипаттаңыз.
- •9. Композитті материалдардың механикалық қасиеттеріне толтырғыштардың әсерін түсіндіріңіз.
- •12. Пкм қасиеттері мен құрылымының ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •13.Пкм үшін байланыстырушылардың реологиялық және технологиялық қасиеттерін сипаттап беріңдер.
- •14. Полимерлі композициялық материалдардың даму тарихындағы кезеңдердің адамзат өркениетіне әсерінсипаттаңыз.
- •15.Пкм үшін арналған армирлеуші базальтталшықты және керамикаталшықты элементтердің негізгі сипаттамалары және қолдануына мысал келтір.
- •16. Пкм үшін арналған армирлеуші шыныталшық және көмірталшық.
- •17. Армирлеуші органоталшықты және борталшықты элементтердің негізгі сипаттамалары мен олардың негізіндегі пкм қасиеттерінің арасындағы байланысты көрсетіңіз.
- •18. Дисперсті толтырғыштардың пкм қасиеттеріне әсерін түсіндіріңіз.
- •19.Талшықты толтырғыштардың пкм қасиеттеріне әсерін түсіндір.
- •20. Армирленген пкм құрылымы мен қасиеттерін сипаттап, қолданылуына мысал келтіріңіз.
- •21. Толықтырғыш – матрица бөліну шекарасында жүретін үрдістерді түсіндіріңіз.
- •22.Пкм алудағы адгезия мен жұғудың ролін түсіндіріңіз.
- •23. Полимерлердің құрылымдық модификациялау әдісі ретінде пластификацияны түсіндіріңіз.
- •24. Полимерлердің шынылану және ағу температураларына пластификаторлардың әсерін сипаттаңыз.
- •27. Полимерлердің араласу технологиясын сипаттаңыз, полимерлерді араластыру құрылғыларына мысалдар келтіріңіз
- •28. Полимердің көбіктену үрдісін түсіндіріңіз
- •29 Пкм алу үшін араласу үрдісінің теориясын түсіндіріңіз.
- •30.Пкм құрылымы мен қасиеттерінің арасындағы байланысын көрсет.
- •31. Полимерлер және полимерлі материалдардың механикалық қасиеттері мен қолданылатын толтырғыштардың арасындағы байланысты көрсет
- •32. Қағаз негізіндегі қатпарлы пластиктерді зертханада алу технологиясын көрсетіңіз.
- •33. Пластификация. Пкм үшін қолданылатын пластификаторлар мен механикалық қасиеттерінің арасындағы байланысты көрсетіңіз.
- •34.Эпоксидті шайырды қатайту үшін аминді қосылыстарды қолдан. Реакция теңдеуін жаз.
- •35.Эпоксидті шайыр мен n-метоксиметилденген найлон-6,6 үшін ең тиімді қатайтқышты тап.
- •36. Эпоксидті шайырды қатайту үшін дикарбон қышқылының бір өкілін қолдан. Реакция теңдеуін жазыңыз.
- •37.Эпоксидті шайырды қатайту үшін фенолды олигомерді қолдан . Реакция теңдеуін жазыңыз.
- •38.Фенол-формальдегид негізіндегі новолак шайырының түзілу реакциясын жазыңыз. Реагентердің қатынасы мен новалактың реакциялық қабілеті арасындағы байланысты көрсет:
- •39. Көбіктендіру әдісімен алынған пкм қасиеттері мен олардың қолдану салалары арасындағы байланысты көрсетіңіз.
- •40.Пластификаторлардың полимерлердің шынылану және ағу температурасына әсері
- •43.Полимерді араластыру механизмі мен ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •44.Қысым қатысында құю үрдісін спаттаңыз:қалыптың болқымамаен толтырылуы
- •45.Экструзия. Экструдердің құрылғысы және экструзиялық үрдістерінің негізгі сатыларын тұжырымдап бер.
- •46. Каландрлеу. Каландрлеу үрдісінің негізгі сатыларын тұжырымдап бер:
- •47. Бір сатыда және екі сатыда текстолитті алу кезінде пайда болатын қасиеттердегі айырмашылықтарды түсіндіріп беріңіз.
- •48. Фенол-формальдегидті шайырлар алыну реакциясын жазыңыз. Реакция нәтижесінде алынған резол мен новолакты салыстырыңыз.
- •50.Полипропиленнің асқын тотықты қосылыстармен тігілу реакциясына мысал келтіріңіз.
- •51. Реактопластар мен термопластар негізіндегі пкМның қатаю механизмін салыстырыңыз.
- •52. Поликонденсациялау мен полимерлеудегі қатаю барысын сын бағалаңыз.
- •53.Қатайтқыш жүйелер: қатайтқыштар, қатаюдың катализаторлары, инициаторларды қолдануды сын бағала.
- •54. Қысым қатысында құю әдісімен полимерлер өңдеудің негізгі ерекшеліктерін тұжырымдаңыз.
- •55.Сызықты және торлы құрылымды (тігілген) аморфты полимерлердің термомеханикалық қисықтарының негізгі айырмашылықтарын тұжырымдап бер.
- •57. Көбікті полиуретанның негізіндегі пкм алу технологиясының принципиалды сызба нұсқасын құрастырыңыз
- •58.Реактопластардың негізінде престі пкм алу технологиясының принципиалды сызба нұсқасын құрастыр.
- •59.Пластифицирленген және пластифицирленбеген аморфты полимердің термомеханикалық қисығындағы
2.Полимерлі композициялық материалдарға арналған талшықты толықтырғыштардың (шыны, органикалық,көміртекті және басқа да талшықтар) қасиеттерін сипаттаңыз.
Талшық, жіп, ширатпа, бүтін және кесілген ширатпалардың беріктілігі жоғары, жоғары модульді армирленген полимерлік материалдарды құру үшін қолданады.
Талшықты толтырғыштарды негізгі материалдар класынан алады: металдар, керамика, полимерлер. Кеңінен қолданылатыны - шыны, көміртек, бор, базальт және полимерлік талшықтар.
Жаңа талшықтар қасиеттерінің әртүрлілігі және бірегейлік қолданысы, әртүрлі суперпластиктер алуға мүмкіндік береді.
Пластикте талшықтардың тиімділігі, олардың ұзындығының өсуімен артады. Талшықтардың критикалық ұзындығы lкр деген ұғым бар. Талшықтың пластикте күштенуі сол мәнге дейін өседі және l = lкр болғанда, талшықтың беріктілігіне теңеледі. l lкр болатын талшықтармен толтырылған пластиктер бүлінгенде, полимерлік матрицадан қысқа талшықтардың жұлынуы байқалады, яғни пластик талшық - полимер шекарасында бүлінеді. l lкр болатын талшықтар өздері бүлінеді және полимерлік матрицада өздерінің беріктілігін толық жұмсайды. l l кр талшықтармен толтырылған полимерлердің беріктілігі l lкр талшықтыға қарағанда жоғары.
Талшықтың lкр көрсеткіші мына формуламен есептеледі:
мұндағы d – талшықтың диаметрі; - талшық - полимер шекарасындағы ығысу күші; н – полимердегі талшықтың мөлшері; ЕВ – талшықтың серпімділік модулі; Т; GM – сәйкес аққыштық шегі және матрицаның қозғалу модулі.
Полимерлік композиттік материалдарда матрицамен қатар толықтырғыштар да негізгі элемент болып саналады. Толықтырғыштың соған байланысты атқаратын қызметі де сан алуан. Бұйымның механикалық қасиеттерінің комплексін қалыптастырудан оған арнайы спецификалық қасиеттер, фрикциондық, электрлік, магниттік және т.б. беруге дейін ұштасады. Сондықтан да полимерлі композит материалдарға толықтырушы элемент ретінде әртүрлі қосылыстағы заттар мен материалдар қолданылады. Осы мақсатта біз толықтырғыштарды әрбір нақты материалда атқаратын функцияларына қарай екі топқа бөлеміз.
Бірінші топ – полимерлі композит материал қасиеттерінің комплексін сипаттайтын шектеулі өлшемге ие бөлшектер. Олар қалдық ішкі кернеулікті жоюға, шытынауға төзімділігін арттыруға өз ықпалын тигізеді.
Екінші топ – армирлеуші элементтер. Бұл толықтырғыштар полимерлі композиттердің механикалық сипаттамаларына елеулі шешеуші әсер етеді. Армирлеуші элементтер – полимерлі композитті материалдарға түсірілген жүктемені немесе күшті қабылдайтын едәуір үлкен сызықты өлшемдегі талшықты материалдар.
Толықтырғыштар химиялық құрылымына, пішіні мен өлшемдеріне, сонымен қатар агрегаттық күйіне байланысты классификацияланады. Табиғатына қарай толықтырғыштар органикалық және бейорганикалық; агрегаттық күйіне байлансыты – қатты, сұйық, газ тәрізді; композицияға әсер ету дәрежесіне байланысты – күшейткіш диперсті немесе армирлеуші; бөлшек пішініне қарай – дисперсті, дәндік, талшықты, қабаттық болып бөлінеді.
Талшықты толықтырғыштар механикалық қасиеттерін, яғни қаттылығын, беріктігі мен соғуға төзімділігін арттырады.
Полимерлер әдетте табиғаты жағынан диэлектриктер болып келеді. Осы полимерлерге ток тасымалдаушы бөлшектерді толықтырғыш ретінде енгізу жартылай өткізгішті полимерлі композиттік материалдар жасауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда толықтырғыш ретінде металл ұнтақтары, графит, техникалық көміртегі пайдаланылады. Металдық толықтырғыштар: күміс, никель және басқа да металдар полимерлерді химиялық бұзылудан сақтап, қышқылдануын төмендетеді. Толықтырылған жүйенің электр өткізгіштік механизмі тунельдікке жақын. Тунельдік кедергі полимер қабатының қалыңдығына сәйкестеледі, ол өз кезегінде толықтырғыш мөлшері мен өлшеміне тәуелді. Қалыңдық жұқарған сайын тунелдьдік кедергі де төмендейді. Аталған шама сонымен қатар толықтырғыш бөлшектерді бөліп тұрған полимер материалдың диэлектрлік өтімділігіне де байланысты: диэлектрлік өтімділік азайса кедергі де кемиді. Әлсіз өріс аудандарында кезінде кедергі кернеуге тәуелсіз түрде өзгереді, ал жоғары кернеу кезінде азаяды.
