- •1. Полимерлі композициялық материалдар (пкм) туралы түсінік. Мысалдар келтіріңіз (толтырылған, армирленген полимерлер, қоспалар).
- •2.Полимерлі композициялық материалдарға арналған талшықты толықтырғыштардың (шыны, органикалық,көміртекті және басқа да талшықтар) қасиеттерін сипаттаңыз.
- •3. Полимерлі композициялық материалдардың түрлерін сипаттаңыз және олардың классификациясынтүсіндіріңіз.
- •4.Пкм үшін арналған дисперсті толтырғыштардың түрлерін ата және сипаттамаларын бер.
- •5.Пкм алу үшін арналған дисперсті толтырғыштардың (бейорганикалық, полимерлі және т.Б) қасиеттерін түсіндіріңіз. Мысалдар келтіріңіз.
- •6. Пкм алу үшін арналған байланыстырғыштардың қасиеттерін сипаттап, мысалдар келтіріңіз.
- •7. Пкм құруда полимерлі матрица ретінде қолданылатын термореактивті байланыстырушылардың қасиеттерін түсіндіріңіз. Термореактивті полимерлердің негізгі түрлеріне мысалдар келтіріңіз.
- •8.Пкм қолданылатын термопласты байланыстырушылардың негізгі түрлерін ата және сипаттамаларын бер.
- •10. Полимерлердің механикалық беріктігі мен ұзақтығын сипаттаңыз.
- •9. Композитті материалдардың механикалық қасиеттеріне толтырғыштардың әсерін түсіндіріңіз.
- •12. Пкм қасиеттері мен құрылымының ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •13.Пкм үшін байланыстырушылардың реологиялық және технологиялық қасиеттерін сипаттап беріңдер.
- •14. Полимерлі композициялық материалдардың даму тарихындағы кезеңдердің адамзат өркениетіне әсерінсипаттаңыз.
- •15.Пкм үшін арналған армирлеуші базальтталшықты және керамикаталшықты элементтердің негізгі сипаттамалары және қолдануына мысал келтір.
- •16. Пкм үшін арналған армирлеуші шыныталшық және көмірталшық.
- •17. Армирлеуші органоталшықты және борталшықты элементтердің негізгі сипаттамалары мен олардың негізіндегі пкм қасиеттерінің арасындағы байланысты көрсетіңіз.
- •18. Дисперсті толтырғыштардың пкм қасиеттеріне әсерін түсіндіріңіз.
- •19.Талшықты толтырғыштардың пкм қасиеттеріне әсерін түсіндір.
- •20. Армирленген пкм құрылымы мен қасиеттерін сипаттап, қолданылуына мысал келтіріңіз.
- •21. Толықтырғыш – матрица бөліну шекарасында жүретін үрдістерді түсіндіріңіз.
- •22.Пкм алудағы адгезия мен жұғудың ролін түсіндіріңіз.
- •23. Полимерлердің құрылымдық модификациялау әдісі ретінде пластификацияны түсіндіріңіз.
- •24. Полимерлердің шынылану және ағу температураларына пластификаторлардың әсерін сипаттаңыз.
- •27. Полимерлердің араласу технологиясын сипаттаңыз, полимерлерді араластыру құрылғыларына мысалдар келтіріңіз
- •28. Полимердің көбіктену үрдісін түсіндіріңіз
- •29 Пкм алу үшін араласу үрдісінің теориясын түсіндіріңіз.
- •30.Пкм құрылымы мен қасиеттерінің арасындағы байланысын көрсет.
- •31. Полимерлер және полимерлі материалдардың механикалық қасиеттері мен қолданылатын толтырғыштардың арасындағы байланысты көрсет
- •32. Қағаз негізіндегі қатпарлы пластиктерді зертханада алу технологиясын көрсетіңіз.
- •33. Пластификация. Пкм үшін қолданылатын пластификаторлар мен механикалық қасиеттерінің арасындағы байланысты көрсетіңіз.
- •34.Эпоксидті шайырды қатайту үшін аминді қосылыстарды қолдан. Реакция теңдеуін жаз.
- •35.Эпоксидті шайыр мен n-метоксиметилденген найлон-6,6 үшін ең тиімді қатайтқышты тап.
- •36. Эпоксидті шайырды қатайту үшін дикарбон қышқылының бір өкілін қолдан. Реакция теңдеуін жазыңыз.
- •37.Эпоксидті шайырды қатайту үшін фенолды олигомерді қолдан . Реакция теңдеуін жазыңыз.
- •38.Фенол-формальдегид негізіндегі новолак шайырының түзілу реакциясын жазыңыз. Реагентердің қатынасы мен новалактың реакциялық қабілеті арасындағы байланысты көрсет:
- •39. Көбіктендіру әдісімен алынған пкм қасиеттері мен олардың қолдану салалары арасындағы байланысты көрсетіңіз.
- •40.Пластификаторлардың полимерлердің шынылану және ағу температурасына әсері
- •43.Полимерді араластыру механизмі мен ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •44.Қысым қатысында құю үрдісін спаттаңыз:қалыптың болқымамаен толтырылуы
- •45.Экструзия. Экструдердің құрылғысы және экструзиялық үрдістерінің негізгі сатыларын тұжырымдап бер.
- •46. Каландрлеу. Каландрлеу үрдісінің негізгі сатыларын тұжырымдап бер:
- •47. Бір сатыда және екі сатыда текстолитті алу кезінде пайда болатын қасиеттердегі айырмашылықтарды түсіндіріп беріңіз.
- •48. Фенол-формальдегидті шайырлар алыну реакциясын жазыңыз. Реакция нәтижесінде алынған резол мен новолакты салыстырыңыз.
- •50.Полипропиленнің асқын тотықты қосылыстармен тігілу реакциясына мысал келтіріңіз.
- •51. Реактопластар мен термопластар негізіндегі пкМның қатаю механизмін салыстырыңыз.
- •52. Поликонденсациялау мен полимерлеудегі қатаю барысын сын бағалаңыз.
- •53.Қатайтқыш жүйелер: қатайтқыштар, қатаюдың катализаторлары, инициаторларды қолдануды сын бағала.
- •54. Қысым қатысында құю әдісімен полимерлер өңдеудің негізгі ерекшеліктерін тұжырымдаңыз.
- •55.Сызықты және торлы құрылымды (тігілген) аморфты полимерлердің термомеханикалық қисықтарының негізгі айырмашылықтарын тұжырымдап бер.
- •57. Көбікті полиуретанның негізіндегі пкм алу технологиясының принципиалды сызба нұсқасын құрастырыңыз
- •58.Реактопластардың негізінде престі пкм алу технологиясының принципиалды сызба нұсқасын құрастыр.
- •59.Пластифицирленген және пластифицирленбеген аморфты полимердің термомеханикалық қисығындағы
12. Пкм қасиеттері мен құрылымының ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Полимерлі материалдардың ерекше қасиеттері:
Тығыздығы төмен, беріктілік көрсеткіштері жоғары материал. агрессиялық ортаға, атмосфералық және радиациялық әсерлерге төзімді; радио- және электротехникалық касиеттері жоғары, сонымен бipre диэлектрлік көрсеткіштері температура мен электр өрісінің жиілігіне аз тәуелді; арнайы оптикалық қасиеттерге ие: толқын ұзындықтарының кең аймағында жарық, сонымен бipгe ультракүлгін сәулесін өткізу қасиеті (Мысалы, полиметилметакрилат 70% пайыз өткізетін болса, силикат шынысы небәрі 1-3% өткізеді). физика-механикалық қасиеттерінің кеңдігі (каттыдан серпімді резеңке тектес материалдарға дейін) және 6ip материалда карама-қарсы касиеттерді біріктіру, мысалы қаттылық пе н иілгіштік («брондалған» полимерлер).
Композиттердің физико-механикалық қасиеттері көбінесе компоненттердің мөлшеріне және көлемдік үлесіне байланысты болады. Талшықты компоненттердің көлемдік үлесін есептеу үшін талшықтың, байланыстырғыштың және композит тығыздығын білу қажет. Талшықтың максималды көлемдік үлесі 90% болуы керек, көп жағдайда бұл шама 65-83% құрайды.
Талшықтардың теориялық үлесінде диаметрлері ескерілмейді, ал тәжірибелік есептеулерде үлкен роль атқарады. Көміртектік талшықтардың диаметрлері шыны және органикалық талшықтар диаметрлерінен екі есе кіші, сондықтан олардың үлесі 65% құрайды. Органикалық талшықтарды қолданған кезде үлесі 90-95% болатын жоғары армирленген органопластиктерді ала аламыз.
ПКМ ерекшелігі – механикалық қасиеттері өзгертілетін гибридті және градиентті армирленген пластиктерді (ГАП) алу. Оларды алуда екі немесе одан да көп талшықтар – шыны, органикалық, көміртектік, борлы – қолданылады. ГАП механикалық қасиетіне әсер ететін фактор – материалға қолданылатын талшықтардың шекті деформациясы. Деформациялық қасиеттері жақын талшықтардан жасалған ГАП-ке органошыны пластиктер және көміртекборлы пластиктер жатады. Бұл талшықтар өте берік келеді.
Ал деформациялық қасиеттері әртүрлі талшықтар қолданылса, ГАП қасиеттерінде басқа заңдылық байқалады. Көміртекшыны-, көміртекоргано-, боршыны- және борорганопластиктерді созған кезде талшықтардың үзілуі бір уақытта жүрмейді. Бұл жағдайда композиттің шекті деформациясы көлемдік үлесі көбірек талшықтың шекті деформациясымен анықталады.
Шыны және органикалық талшықтарды қатар қолданғанда, органопластикпен салыстырғанда беріктілігі жоғары, шыныпластикпен салыстырғанда созылуға тұрақты материал ала аламыз. Шыны және көміртекті талшықтарды қолданғанда, шыныпластикпен салыстырғанда серпімдірек материал пайда болады, оларды сындыру үшін көп күш қажет болады. Шыны пластиктерге бор талшықтарын енгізсе, олардың серпімділік модулі едәуі артады, беріктілігі өзгермейді немесе артады.
Гибридті және градиентті армирленген пластиктердің бір түрі – градиентті ПКМ. Олардың құрылымы мен қасиеттері кеңістікте әртекті болады. Бұл ПКМ-нің серпімділік-беріктілік қасиеттерін өзгерту арқасында ПКМ-ге түсетін күштің біркелкі таралуын қамтамасыз етуге болады.
