Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PKM wpor tolik EMES.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

44.Қысым қатысында құю үрдісін спаттаңыз:қалыптың болқымамаен толтырылуы

Қысыммен құю- полимерлерді өңдеудің басты бір әдісі болып табылады, термопласты және термореактивті материалдардан жасалған бұйымдарды өндірісте қолдану үшін осы әдіс кеңінен қолданылады. Қысыммен құю кезінде полимер алдымен балқиды, содан соң жоғары қысымда жабық формада шашырайды. Термопласты материалдан жасалған бұйымды құйған кезде, толтырылған форма суытылады және қатайтылады, ал содан кейін форма ашылады, сол кезде бұйым алынып тасталады. Егер термореактивті материалды құятын болсақ, формаға толтырылатын полимерді қатты болғанға дейін қыздырады, оны 1 сағат бойы ұстайды, яғни бұйымның толық қатты күйге келуі керек.

Осы себептен термопласты және термореактивті материалдарды қысыммен құйғанда, полимердің формаға толтырылуы және полимердің формамен жанасуы маңызды болып келеді, айырмашылығы тек дайын бұйымның формасының өзгешелігінде болады.

Қазіргі таңда қысыммен құю әдісімен әртүлі бұйымдар дайындалады, соның ішінде күнделікті тұрмыста қолданылатын заттардың қалдықтарынан машинаның және аппараттың бөлшектерін дайындайды.

Кез-келген құю машинасы келесі басты бөліктерден тұрады:

а) гранулирленген немесе ұнтақ тәрізді материалды балқытуға арналған құрылғы, әдетте оларды пластикаторлар деп атайды;

б) балқыманың формаға шашырауын қамтамасыз ететін құрылғы, әдетте оларды құю бастамасы деп атайды;

в) суыту немесе қыздыру формасы;

г) дайын өнімді формадан итеріп шығару үшін қолданылатын құрылғы;

д) гидравликалық, механикалық немесе т.б. типті тұйықталған пресс;

е) циклдың жеке параметрлерін (балқыма температурасы, пресс- форма температурасы, шашырату көлемі, цикл ұзақтығы т.б.) басқарып отыратын аппаратура;

з) жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қондырғы (электрлік жүйе және механикалық қамалану және т.б.).

Әдетте алғашқы екі құрылғы конструктивті толық бір блокка біріктіріледі, бұл алдағы пластикатордың немесе құю бастамасының жұмыс істеуіне көмектеседі.

  1. сурет. Құю машинасының конструктивті схемасы

1-форма; 2- бункер; 3- шашырау қысымын қадағалап отыратын монометр; 4- гидравликалық цилиндр; 5- сөндіргіштер; 6- құю плунжері; 7- циклдың жеке параметрлерін басқарып отыратын аппаратура; 8- қыздыру цилиндрі; 9- торпеда; 10- форсунка; 11- тұйықталған (замыкающий ) пресс.

Енді осы құю машинасынан материалды өткізгенде құю циклының басты параметрлерінің өзгеруін қарастырайық; температура, қысым және цикл ұзақтығы.

Бункерден құю бастамасына гранулалар әдетте бөлме температурасында түседі. Құю бастамасынан өткен гранулалар қыздырылады, содан кейін гомогенді балқыма түрінде шығады. Форсунка арқылы балқыма формаға келіп түседі. Форма ішінде суытылу және пластмассаның қатаю процесі жүреді. Балқыманың суытылуы, нақты айтқанда формаға толтыру кезінде басталады және қатты болғанша, белгілі бір формаға дейін қатайғанша жүргізіледі.

  1. сурет. Құю циклының диаграммасы

а- қайтымсыз клапанды форсунка; б- қайтымды клапанды форсунка.

0-1 аралығы- бұл форманы толтыру уақыты; 1-2 аймағы- шашырау жиілігі. Егер форма толтырылмаған болса, онда ондағы қысым шамасы үлкен болмайды. Егер форма толтырылса, онда қысым шамасы күрт артып, максимал мәнге жетеді (2-3 аралығы); 3-4 аймағы - бұл тығыздалу стадиясы болып келеді, бұл аймақта форманы толтыру аяқталады.

б- суретте қайтымды клапанды форсунка арқылы құю жүргізіледі, бұл кезде 3-4 аймағында қысым мен температура шамасы максималды болады, бұл тығыздалу стадиясы болып табылады, формаға толтырылу аяқталады. 2-3 аралығында қысым шамасы төмен болады, температура шамасы да аз болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]