Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PKM wpor tolik EMES.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

8.Пкм қолданылатын термопласты байланыстырушылардың негізгі түрлерін ата және сипаттамаларын бер.

Полимерлі композитті материалдар екі фазадан тұрады: матрица – байланыстырушыдан және толтырғыштан. Байланыстырушы әрқашан полимер болады. Ал байланыстырушылар өз алдына термореактивті және термопластты болып екіге бөлінеді.

Реактопласттарда ПКМ қалыптасқан жағдайда қатаю процесі жүреді. Бұл реактопласт құрамындағы реакцияға қабілетті функционалдық топтардың өзара әсерлесу нәтижесінде тігілген торлы құрылымның пайда болу процесі.

Термопласттар-қыздырған кезде, суытқанда қасиеттерін өзгертпейді. Құрамында реакцияға қабілеттіфункционалдық топтар жоқ.

Термопластты байланыстырушыларға:

1. полиолефиндер – этилен, пропилен, бутен, гексен және т,б, қанықпаған қосылыстар қатарының полимерленуі және сополимерленуі арқылы алынатын полимерлі материалдар тобы. Осы полимерлер классының негізгілері полиэтилен мен полипропилен. Полиэтилен-этилен полимеризациясының жоғарымолекулалық өнімі (-CH2-CH2-)n. Көптеген маңызды қасиеттер кешеніне ие – жоғары беріктілік, радиацияға және агрессивті әрекеттерге тұрақты, температуралардың кең интервалында жұмыс істей алады. Алу әдістеріне байланысты: төменгі және жоғары тығыздықты полиэтилен. Полипропилен 800С температурада, төмен және орташа қысымда, арнайы Циглер-Натта катализаторы қатысында пропиленнің(CH2=CH-CH3) полимерленуі арқылы алынатын жоғарымолекулалық өнім. Ол полиэтиленге қарағанда қатты және балқу температурасы жоғары, сондықтан полипропиленнен жасалатын заттарды стерилизациялауға болады.

2. Поливинилхлорид (-CH2-CHCl)n массада, суспензияда немесе эмульсияда винилхлоридтің радикалды полимерленуі арқылы алынатын термопластты материал. Екі түрлі материал үшін қолданады: қатты ПВХ (винилпласт) және эластикалық ПВХ (пластикат).

3. Полистиролды пластиктер –[CH2-CH(C6H5)]n – бұл жалпы термопласттар тобына стирол полимерлері, оның басқа мономерлермен сополимерлері және т.б. жатады.

4.Полиметилметакрилат [CH2-CH3(COCH3)]n метилметакрилаттың полимерленуі немесе оның басқа акрил қатарды мономерлермен сополимерленуі арқылы алынатын материал. Көп органикалық шыны алуда қолданады.

5. Полиамидтер негізгі тізбекте қайталанатын амидті топтары(-CO-NH-) бар гетеротізбекті полимерлер. Бұдан жасалатын заттар электротехникада, машина құрылысында, прибор құрылысында және т.б. жерлерде қолданады. Өндірісте келесі жолдармен алады:

Аминоқышқылдардың лактамдарын полимерлеу

Диаминдердің дикарбонқышқылдарымен немесе олардың дихлорангидридтерімен поликонденсациясы

6. Полиформальдегидтер-формальдегидтің немесе триоксанның катиондық полимерлену өнімі. Өнеркәсіпте алынатын полиформальдегид талшыққа ұқсас, ақтүсті мөлдір емес полимер. Жоғары беріктік және қаттылық қасиеттеріне орай оны инженерлік пластик алу үшін қажет етеді. Полиформальдегид пластиктері тоңазытқыш және автомобиль, кемелер жасауда қолданылады. Полиформальдегидтен жасалған бұйымдар өте әдемі, қатты және ұзаққа төзімді келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]